400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Баяндама: "Қимыл-қозғалыс ойындары"

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама мұғалімдерге, тәрбиешілерге өте көп көмегін тигізеді
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қимыл-қозғалыс ойындары


Аса күрделі емес, алдын ала арнайы жаттығуды қажет етпейтін қарапайым қимылдармен орындалатын ойындарды қимыл-қозғалыс ойындар деп атайды. Бала ағзасы қимыл-қозғалыссыз тұра алмайтынын ескере отырып, күннің екінші жартысында қимылды ойындар көп ойналады.

Ойын дегеніміз – жаттығу, ол арқылы бала өмірге әзірленеді, ойын - бала табиғатымен егіз.

Ойын мүмкіндігі шектеулі баланың есте сақтауын, зейінін, қабілетін, ауызекі сөйлеу мәдениетін дамытуға арналған, адамгершілік сезімін оятуға, адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға, басқа балалармен достық сезімін тәрбиелеуге үйретеді. Мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын тәрбиешілер үшін талап та жоғары.


Тәрбиешінің басшылыққа алатын негізгі ұстанымдары:

  1. Тәрбиеленуші мен тәрбиеші арасындағы педагогикалық әдеп пен ынтымақтастықтың сақталуы.

  2. Тәлім-тәрбие, ұсынылған ойындарды меңгерту, оның бала зердесіне әсер етуі, қабылдауы, есте сақтауы.

  3. Балаларға берілген тапсырманың шектен тыс ауыр болмауы.

  4. Тәрбие жұмыстары баланың денсаулығын нығайтуға әсер ететіндей болуы шарт.

  5. Ойын тәсілдерінің тиімділігі іс-әрекеті жүйелі, мазмұн сабақтастығын сақтай отырып бірнеше компоненттерін құру.

  6. Балалардың міндетті және мүмкіндік деңгейлерін ескеру.


Ойын барысында балалардың өзара қарым-қатынастарының дамуын, көп жақтылығын және өзара байланысын анықтайды. Әсіресе, рөлдік ойындар баланың тұлғалық қасиеттерін дамытады.

Ойындар мынадай түрлерге бөлінеді: дидактикалық, тіл дамыту, сюжеттік, дамытушылық, қозғалыс ойындары.





Дидактикалық ойындар үш топқа бөлінеді:

  1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады.

  2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар – «Лото», «Домино», «пазл», «мозайка» және т.б.

  3. Сөздік дидактикалық ойындар.


Дидактикалық ойындардың негізгі бағыты – балаларға білім-білік, іскерлік, әдет-дағдыларды игерту мен оны бекітуге, ақыл-ой қабілеттерінің дамуына ықпал етеді. Дидактикалық ойындардағы негізгі міндеті – балалардың ақыл-ойын дамыту, білімін байыту. Дидактикалық ойын балалардың қоршаған тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор.


Жалпы ойындар жеті түрге бөлінеді:

Дидактикалық

ойын

Үстел үстіндегі ойын




Қимылды

ойын


Ойын түрлері

Мазмұнды-рөлдік ойын




Аз қимылды

ойын

Ұлттық

ойын

Спорттық

ойын







  1. Қимылды ойын – бұл ойында балалардың барлығы бірдей қимыл-қозғалыста болады. Мысалы: «Жалау алу», «Қойға қасқыр шапты», т.б.

  2. Аз қимылды ойын – бұл ойында көп баланың ішінен бір-екі бала таңдап алынады. Балалардың қимыл-қозғалысқа деген икемділігін арттырып, шығармашылық қабілетін кеңейтеді. Мысалы: «Мысық пен тышқан», «Ұшты-ұшты», «Сақина салу», «Иықпен қағу», т.б.

  3. Дидактикалық ойын – бұл ойын балалардың таным процесін, ойланымпаздық қасиетін, есте сақтау қабілетін дамытады. Мысалы: «Сөз ойла», «Жемісі жапырағы», «Не өзгерді?», «Кім жылдам?», т.б.

  4. Ұлттық ойын – қазақ халқының дәстүрі мен әдет-ғұрпын жоғалтпай, оны әрі қара дамытуға өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелейді. Ұлттық ойындар балалардың денсаулығын нығайтып, дененің шынығу деңгейін көтереді. Бұл ақыл-ойдың, мидың қабылдау процесіне де әсер етеді. Мысалы: «Асық ату», «Ханталапай», «Арқан тартыс», «Қыз қуу», т.б.

  5. Мазмұнды-рөлдік ойын – балаларға тән, ең сипатты ойындар болып табылады. Ол балалар өмірінде елеулі орын алады. Сюжетті-рөлді ойындардың ерекшелігі сол, оны балалардың өздері жасайды. Ойынның дербес әрекеті айқын, өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады. Мысалы: «Отбасы», «Дүкен», «Дәрігерде», т.б.

  6. Үстел үстіндегі ойын. «Қағазбен ойнау», «Шахмат», «Дойбы», «Тоғызқұмалақ» сияқты ойындарды балалар өз қызығушылығымен ойнайды. Бұл ойындар кім ұтады, кім ұтылады, соны әділ шешетін ойындар.

  7. Спорттық ойындар - нышандары бар қимыл-қозғалыс ойындарына қарағанда балалардың жинақтылықты, ұйымшылдықты, бақылағыштықты, айқын қолайлы қимыл техникасын ұшқыр қимыл сезімін көбірек талап етеді. Мысалы, «Ақ серек, көк серек», «Соқыр теке», «Жаяу жарыс», «Арқан тарту» спорттық ойындар нышандары бар ойындар қатарына жатады. Оқушылардың денсаулық жағдайын, дене бітімінің дамуы мен қозғалыс әрекетін ескере отырып, оларға жеке көңіл бөлінеді.


Ойындарды өткізу мынадай кезеңдерден тұрады:

Ойынды ұйымдастыру



Өткізілген ойынды талдау, қортыу

Ойынды өткізу

Жаңа ойынды баяндау










Жалпы алғанда, Тәуелсіз елімізге білімді, саналы, парасатты адамды тәрбиелеу үшін ұшқыр ойлы, тәні таза, денсаулығы мықты, адал да терең білімді шәкірт тәрбиелеу басты міндет болып саналады.




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
12 ақпан
1652
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі