Салауатты өмір
салты - заман
талабы
Құрметті
әріптестер!
Қазіргі кезде білім беру
мекемелерінің алдында тұрған міндеттердің бірі – жас ұрпақтың
салауатты өмір сүруге көзқарасын қалыптастыру, олардың денсаулығын
сақтауға, қоршаған ортасын таза ұстауға және жоғары, сапалы білім
алып, сол білімді келешектегі өмірінде пайдалана білуге тәрбиелеу.
Салауатты өмір салтын насихаттауда, салауатты өмір сүру мәдениетін
қалыптастыру мәселелерін жетілдіретін, осы саладағы басымдылықтарды
анықтайтын ғылым да, өскелең ұрпақты оқыту, тәрбиелеу формалары мен
жаңа әдістерді ұстанатын білім де қажет. Мектеп оқушыларының
салауатты өмір сүру мәдениетін қалыптастыру,біріншіден, жеке
тұлғаның өзін қоршаған жансыз және жанды табиғи ортамен жан – жақты
үйлесім тауып, өз ғұмырын Отаны, елі, отбасы және өзі үшін барынша
пайдалы өткізу дағдысын қалыптастыру. Сонымен қатар салауатты
өмір салты – ол денсаулықтың үйлесімді дамып, сақталуы мен орнығуын
қамтамасыз ету мақсатында денсаулықты нығайтуға бағытталған іс –
шараларды жүргізу.
Мектептегі оқушы денсаулығын сақтау мен
қалыптастырудың басты мақсаты тұлғаның психологиялық, дене – қимыл
әрекеттерінің мүмкіндіктері мен жас ерекшеліктерін ескеріп,
гигиеналық ұғымдарды, салауатты өмір салтының уәждамаларын, жеке
бас тазалығын жете түсіндіру. Олардың мінез – құлқында белгілі
гигиеналық тұрақтылықты қалыптастыру, өзіне - өзі қызмет ету,
денсаулығын сақтау, нығайту, мәдени – гигиеналық мінез – құлық
дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Салауатты өмір салтын
қалыптастыру үшін қандай жағдайларға назар аудару керек және өмір
салты дегеніміз не деген сұрақтар туындауы мүмкін.
Бұл жеке адамның тіршілік етуге бағытталған мүмкіндіктерін
қалыптастыру. біздіңше, адамның әлеуметтік – психологиялық және
биологиялық жақтан салауатты өмір салтын қалыптастыруға мына
жағдайлар негіз бола алады:
- белсенді қозғалыс нәтижесінде организмді шынықтыру дене тәрбиесі
немесе спортпен шұғылдану;
физикалық еңбектің гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- жеке және әлеуметтік гигиеналық талаптарын жүзеге асыру;
- қарым – қатынас және экологиялық мәдениетке жету;
- дұрыс жыныстық тәрбие алу;
- зиянды әдеттерден аулақ болу.
Салауатты өмір салтының бүгінгі маңызды мәселелерінің бірі –
жасөспірімдер арасындағы ішімдікке салыну десек, қазіргі
зерттеулерге қарағанда, оған салынудың әлеуметтік – патологиялық
дамуы мына себептерге байланысты екені белгілі болып отыр:
- әлеуметтік – экономикалық жағдай;
- отбасындағы психологиялық орта;
- жұмыссыздық, мақсатсыздық немесе шектен тыс бос уақыт, т.б.
Сондықтан балаларды жасынан салауатты өмір салтына қалыптастыруға
күш салып, зиянды әдеттерден сақтандыруымыз керек. Денсаулық
тәрбиесі – ортақ мәселе. Өзімнің тәжірибемде интернат
тәрбиеденушілері арасында салауатты өмір салтын насихаттау
бағытында бірнеше сынып сағаттары өткізілген болатын.Соның ішінде
қыз балалардың жеке бас гигиенасы,шаш күтімін, киім күтүмін сақтау
жөнінде тәрбие сағаттары өткізілді.
Сонымен қатар интернат
тәрбиеленушілері арасында да көптеген спорттық шаралар өткізілді.
Атап айтсам: «Кім шапшаң?», «Көңілді ойындар!», «Мен чемпион!»,
шахмат-шашка сияқты спорттық ойындар өткізілді. Сонымен қатар
қазақтың ұлттық ойындары мен қозғалмалы ойындарын, тоғызқұмалақ,
арқан тартыс, аударыспақ сынды ойын түрлері өткізіліп,балалар бұл
шараларға белсене қатысты. Осындай жұмыстарды жүргізу нәтижесінде
оқушылардың белсенділігі артып, спортқа деген бейімділігі
қалыптасады. Оқушылардың танымдық қабілеттері артып, салауатты өмір
сүру, адам денсаулығы осы спортқа байланысты екендігін түсінеді.
Нәтижесінде, балалардың қызығушылықтары артады, оқушы
шығармашылығы, өзін-өзі басқаруы, құрметі, эстетикалық талғамы
артады.
Облыстық есту қабілеті
бұзылған
балаларға арналған арнайы
мектеп-интернаты
«Салауатты
өмір
салты-заман талабы»
(Баяндама)
Дайындаған: Сакабаева
Г.К.
2020-2021 оқу
жылы
Рухани
тәрбие — құндылық мәні.
Құрметті әріптестер!
Болашақта ел тұтқасын ұстар азаматтардың өнегелі
тәрбиесі – бүгінгі күн тәртібінде тұрған маңызды мәселенің
бірі. Олардың отансүйгіштік сезімін, білім мен
біліктілігін, дағдысы мен шеберлігін, асқақ адамшылық және
адамгершілік қадір-қасиеттерін, жаңа дүниетанымдық көзқарастарын,
салауаттылық дағдыларын, ұнамды мінез-құлық нормаларын
рухани-адамгершілік құндылықтар арқылы қалыптастыру – үлкен
қажеттілік .
Рухани-адамгершілік тәрбиесі қоғамның
барлық сатысында зерттеу нысаны болып отырғаны баршаға белгілі.
Рухани-адамгершілік құндылықтар мәні, тәрбиелік маңызы туралы қазақ
ғұламаларының, қоғам қайраткерлері мен ағартушы-педагогтарының
ой-пікірлері мен көзқарастары бар. Бүгінгі таңда сұраныс қоғамдағы
ізгілікке, руханилыққа бет бұрғызып, оқу-тәрбие жұмысын
рухани-адамгершілік тәрбие негізінде ұйымдастырып, оқушыларды
рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру қажеттілігін
айқындап отыр.
Адамгершілік – адам бойындағы ең асыл
қасиет және адамзат баласының ең жоғарғы мақсатына бағытталады. Бұл
қасиет адамды мейірімділікке, Отанын, елін, отбасын сүюге үйретеді.
Рухани тәрбие – өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке
тұлғаның әдеп ұстанымын, оның қоғам өмірінің нормалары мен
дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін қалыптастыруды
көздейді..
Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу,
болашағына жол сілтеу кезек күттірмес мәселе. Негізгі міндет –
балалардың жақсы әдет, мінез-құлқын қалыптастыру. Баланың сезіміне
әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның
рухани-адамгершілік қасиеттері
қалыптасады.
«Адамгершілікке тәрбиелеу құралы – еңбек
пен ата-ана үлгісі» – деп Ы.Алтынсарин атамыз айтқандай, құнды
қасиеттерге ие болу, рухани бай адамды қалыптастыру баланың
туғанынан басталуы керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет
кезінде көмектесуге болады, ал, үлкен ағаш болғанда оны түзете
алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан, баланың бойына
жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік
құнды қасиеттерді сіңіріп, өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы
мен педагогтар шешуші роль атқарады.
Осы мақсатта интернат тәрбиеленушілерінде
адамгершілік сана-сезімін оятып, жағымды мінез-құлқын
қалыптастыруда X-жатын бөлмесі қыздары
арасында «Әдептілік-әдеміліктің белгісі» тақырыбында ашық тәрбие
сағатын өткіздім. Сонымен қатар, балалардың ойлау
қабілетін,шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Күз
байлықтары»атты тіл дамыту сағаты шебер сынып
өткіздім..
Халқымыз «баланы ойын өсіреді» деген сөзі
тегін айтылмаса керек. Бала ойнап жүріп, ойланады, жүйкесі
тынығады, ойы сергиді, денесі шымырланады. Өздерінің
құрбы-құрдастарымен жақсы араласуды үйренеді. Сан алуан ойындар
баланың дене тәрбиесін дамытып, жас жеткіншектің бойына
адамгершілік, сүйіспеншілік, кішіге көмек, үлкенге құрмет көрсете
білуге, қиыншылықтан қорықпауға, мақсатқа жетуде төзімділікті
ұлғайтуға тәрбиелеуде ерекше мәні бар. Ең бастысы, ойын баланы
жан-жақты, тез ойланып шешім қабылдауға, ойын шыншыл ойнауға
кешірімді, жанашырлыққа тәрбиелейтіні
анық.Осы орайда да интернат тәрбиеленушілері арасында түрлі
спорттық ойындар, ұлттық ойындар өткізіліп
тұрады.
Рухани-адамгершілік білім беру – жас
ұрпақтың бойына өмірдің мәні, сүйіспеншілік, бақыт, сыйластық,
татулық, бірлік, төзімділік сынды құндылықтарды дарыту арқылы
адамның қоғамда өз орнын табуына, қабілет-дарынының ашыла түсуіне,
ақыл-парасатын дамытуына, яғни сәнді де мәнді өмір сүруіне қызмет
етеді. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші бала тәрбиелеудегі
осындай міндеттерді іске асырушылар – мектеп пен отбасы. Осы екі
арнада жүргізілетін тәлім-тәрбие сабақтаса, ұштаса өткізілгенде
ғана көздеген мақсат нәтижелі болары сөзсіз. Бүгінгі жаңа қоғам
мүддесіне лайықты, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана, ұлттық
психология қалыптасқан ертеңгі қоғам иегері боларлық парасатты
азамат тәрбиелеп өсіру – отбасының, мектептің, барша халықтың
міндеті.
Адамгершілік тәрбиенің, адам бойында осы
жақсы қасиеттердің болуы, жанұяға, өскен ортасына байланысты. Бала
ісінің дұрыс екенін қоштап, оң бағыт беріп, теріс жерін дереу
жөндеп, демеп жіберу ата-ана мен оқытушыға жүктелер міндет. «Адам
бойында жақсы қасиеттер көп болса, оған бақ та, бақыт та қонады»
деген сөзге сүйенсек, жағымсыз қылықтар болса одан арылту
қажет.
Облыстық есту қабілеті
бұзылған
балаларға арналған арнайы
мектеп-интернаты
«Рухани тәрбие –
құндылық
мәні»
(Баяндама)
Дайындаған: Сакабаева
Г.К.