Сын тұрғысынан ойлауға үйрету арқылы
оқушылардың
функционалдық сааттылықтарын
арттыру
Болашақта өркениетті
дамыған елдер қатарына ену үшін заман талабына сай білім
қажет. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанды дамыған
бәсекеге қабілетті елу елдің қатарында, терезесін тең ететін –
білім. Сондықтан қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына
оқу үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Мектеп өміріне
еніп отырған жаңа технологиялардың ерекшелігі өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан –жақты дамыту.
Аталған
технологияның әдіс-тәсілдеріне қызығушылығым ауып, өз жұмысыма
кіріктіре бастағанда бұл әдіс-тәсілдердің оқушыларға ұнайтынын
байқадым. Бұл тақырыпты басшылыққа алмас бұрын әдістемелік кітаптар
оқып, ақпараттарды жан-жақты жинақтай бастадым.
Ең бастысы – оқушылардың
сабаққа деген қызығушылығы артып, олардың бір — бірімен пікір
таластырып ашық сөйлеу, еркін сөйлеу дағдылары қалыптаса бастады.
Өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын
аз да болса жүйелеп, еркін айта
бастады.
Бұрын шығарма, мазмұндама жұмыстарында
оқушылар өз ойын білдіруге, әңгіме құрауда көптеген қиындықтарға
кездесетін.
Қазір күнде өтілген әңгімеден соң оқушылар ой
— толғанысын жасап өз ойын жазбаша білдіреді, кейде мәтіндегі ойға
байланысты мақал да кірістіріп
жазады.Сонымен 2015-2016 оқу жылынан
бастап әдістемелік тақырыбым келесі тақырыпта болды: «Қазақ тілі
сабақтарында сын тұрғысынан ойлауға үйрету-құзіреттілікті
қалыптастырудың бір құралы».
Сыни тұрғыдан ойлау — бұл
саналы мағынаны іздеу: өзінің
көзқарасының қандай болуымен, басқалардың да пікірін
ескеріп, қандай да бір объективті ойлау және қисыны бар өзіндік
қате сенімінен бас тарта білу. Сыни тұрғыдан ойлау жаңа
идеяларды ұсынуға және жаңа мүмкіндіктерді көруге қабілетті,
мәселелерді шешу кезінде маңызы
зор.
Мен не білемін?
- Мен жаңаша
нені білдім?
Мен нені білгім
келеді?
Менің білімім
қалай өзгерді?
Мен осы
біліммен не істей аламын?
XXІ ғасырда
білім берудің мақсаттары мен міндеттері өзгереді, өйткені келешекте
мәліметтердің жинақталуы жүктеменің оқушылардың шамасынан тыс
болуына әкеледі және оқытушының міндеті білімді көбейту емес, осы
білімдерін өз бетімен алуға мүмкіндік беретіндей
құралмен қамтамасыз ету.
Сын тұрғысынан ойлаудың
оқушыға берері:
- ақпаратты қабылдау әсері ұлғаяды;
- өтіп жатқан материалға,пәнге
деген қызығушылығы артады;
- сыни тұрғыдан ойлай білетін болады;
- өз біліміне,болашағына жауапкершілікпен қарауға үйренеді;
- басқа да оқушылармен әріптестік қарым –қатынас сақтай ауға
үйренеді;
- оқушының білім сапасы артады;
- үздіксіз оқуға дайын, адам болуға ынталы адам бола
алады;
Сын тұрғысынан ойлауды оқытудың мұғалімге
берері:
-
сыныпта ашық және
жауапкершілікті әріптестік жасай білу дағдысын жасай біледі;
- оқу процесінде сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін және өз бетімен
жұмыс жасай білу жүйесі жобаларын қолдана білу мүмкіндігін
алады;
- өз қызметін саналы түрде сараптай алатын, өзіне сын көзбен қарай
алатын тәжірибе адамы бола алады;
- басқа әріптестері үшін бағалы кәсіби ақпараттың көзі бола
алады.
Өз сабақтарымда көбірек қолданатын
стратегиялар тізімі:
1. Негізгі ойды
суреттеу
2.
Топтастыру
3. Бес жол
өлең
4.Эссе
жазу
5.Болжам
кестесі
6.Галереяға
саяхат
7.Венн
диаграммасы
8.Кубизм
9.Автор
орындығы
10.Жуан,жіңішке
сұрақтар
11.Авторға
сұрақ қою
12.Ой
қозғау
Бұл бағдарламаның мақсаты –
барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген
мазмұнды түсінікке сыни тұрғыдан қарап, ең керекті пікір, ұйғарым
таңдауға, шешім қабылдауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге,
шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға
жетелеу.
Сын тұрғысынан
ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең
бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге
ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын
сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор.
Жаңа білімді
қабылдау, бекіту, іскерлік пен дағдыны тәрбиелеу барысында жұмыс
жүйесін, оқушылардың дербес белсенді әрекетін дамытуда, өздік
жұмысының тиімділігін арттыруда «Сын тұрғысынан ойлау» барысындағы
стратегияларды білімді меңгертудің әр түрлі кезеңінде қолдануға
болатынын тәжірибе көрсетті.
Әдістеменің тиімділігі – сабақтан тысқары
қалатын оқушы болмайды, оқыған мәтінді түсіну, оны түсінікті етіп
айтып беру, оған қатысты ойын, пікірін білдіру арқылы оқушының тілі
дамиды. Осылайша ұйымдастырылған оқу сабақтары арқылы сауатты
оқырман қалыптастыру мүмкіндігі
туады.
Еркін жазу. Бұл әдісті
сын тұрғысынан ойлау жобасындағы сабақтың үшінші ой толғаныс
кезеңінде пайдалану тиімді. Мұғалім сабақ бойына қарастырылған жаңа
ақпарат жайлы, одан алған әсерін, не үйренгенін, нені әлі де біле
түсу керек екенін т.б. жайлы өз пікірін қағаз бетіне түсіруді
тапсырады. Жазуға уақыт береді. Уақыт аяқталған кезде оқушылар өз
жазғандарымен топ мүшелерін таныстырады. Ең жақсы деп танылған
жұмысты ұжымда оқуға болады. Оқушыларды алған білімдерін қорытуға,
оған сын көзбен қарап, ойын түйіндеуге үйрететін бұл әдісті кез
келген сабақта қолдануға болады.
Венн диаграммасы.
Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін
объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерге екеуіне
ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы
диаграммаға салып, оқушылар қызыға толтырады, яғни салыстыру сияқты
күрделі ойлау операциясын
меңгереді.
Аталмыш тақырыпта жұмыс
жасауды бастаған мұғалімдер бұл сабақтар баланың танымдық
белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын
қалыптастыруға ықпал ететіндігін атап өтсе, оқушылар оқудың
(сабақтардың) қызықты, жеңіл өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс
жасауға үйрететіндігін, білімнің тереңдігі, әрі тиянақтылығы
артатындығын баяндайды. Бүгінгі қоғамға, мектепке керегі де
осылар.
Оқытудың осындай жаңа
педагогикалық технологияларын сабаққа ендіру бүгінгі таңда әрбір
ұстаздың басты мақсаты болуы керек. Себебі, елімізге заман талабына
сай қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл шешімдер қабылдай білетін,
белсенді, шығармашыл азаматтар қажет. Сабақта тек білімділік
мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін,
қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастыруда дәстүрлі оқыту мен
дамыта оқытудың айырмашылығын салыстыру кестесі арқылы көрсетуге
болады. Мұғалім бұл жүйемен жұмыс жасағанда, үнемі оқушы санасында
болып жатқан өзгерістерді бақылап, оның дамуын жан-жақты зерттей
отырып, өз сабақтарын соған сай өзгертіп отыруы тиіс. Әйтпесе, жаңа
жүйенің құны болмайды.
Қорыта келе, сабақта жаңа
технология элементтерін тиімді пайдалану оқушылардың танымдық
әрекеттерін, белсенділігін дамытып, оларды шығармашылыққа
жетелейді. Ізденушілігін арттырып өз ісіне сенімін
нығайтады.Сабаққа қызығушылығын арттырып, белсенділігі күшейеді.
Егер де жаңа технология элементтерің сабақта өз дәрежесінде
ұйымдастыра білсек, өз нәтижесін
береді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
1. "Мектеп" журналы
/2012ж,2011ж/
2. Нұсқаулық / ІІІ деңгей
базалық/
3. З.У. Имжарова,
А.У.Ахметова, Ж.И.Имжарова,
А.С.Кушкимбаева
"Сын тұрғысынан ойлау-
білім алу үдерісінде" /Оқу әдістемелік көмек
2012ж/
4.Оқытудың инновациялық
әдіс-тәсілдері арқылы табысты оқытуға қол
жеткізу
А.А. Давлетляровна /
Шымкент 2014ж / Тәрбие.орг сайтынан БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА СЫН
ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА
ҚАЛЫПТАСТЫРУ