Баяндама
тақырыбы: «Білім берудегі жаңа
тәсілдерді сабақта тиімді пайдалану
жолдары»
Аты-жөні: Ишимбаева Куляш
Жузбаеана
Мекеменің аты: Ә.Молдағұлова
атындағы №173 орта мектебі
Білім берудегі жаңа тәсілдерді сабақта тиімді
пайдалану жолдары.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев
халыққа жолдауында атап өткендей, адам капиталының сапалы өсуі
білім жүйесіне тиесілі. Яғни, оқыту үдерісіне заманауи әдістеме мен
технологияны енгізу қажет. Білім тек білім беріп қана қоймай, сондай-ақ
алған білімін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалануға икемделуі
керек. Бұл тұрғыда мектептің атқарар
рөлі ауқымды. Жүсіпбек Аймауытов: «Мектеп – баланың келешекте
жетілуіне мықты негіз салады» деп тектен тек атап айтпаған. Өйткені
мектеп – өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі шешуші буын. Ал егер
де ондағы мамандар өзінің оқыту процесіне жаңаша тәсілдерді қосып,
оны тиімді пайдалана білсе, нұр үстіне нұр болар
еді.
Оқу процесіне жаңа тәсілдерді
пайдалану – қазіргі заман талабы. Бүгінгі оқушыны қазір еш нәрсемен
таң қалдырып, қызықтыра алмайсың. Оның әрдайым ізденісте болып,
пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін педагог сабаққа үлкен
дайындықпен келуі тиіс. Бұл тұрғыда оның сабақ барысында жаңа
технологиялардың пайдалануы оң әсерін тигізеді. Яғни, оқушылардың
интеллектін, шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен
белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын
дамытпақ.
Дегенмен, өзінің оқыту
жоспарына жаңа тәсілдерді енгізу барысында ұстаздың біліктілігі
әсер етеді. Оны жайдан жай алып қоса салмай, оқушыға түсінікті етіп
жеткізу, сабақ сапасын арттыру, шәкіртке пәннің қажеттілігін
түсіндіру, алған тәлімін өмірде қолдана білу. Міне, қандай
жаупкершілік мұғалім бойында! Осының барлығы ұстазды алаңдатуы
тиіс. Осындай талапқа сай қызмет етуі үшін мұғалім өзінің теориялық
және әдістемелік білімін үнемі толықтырып, үздіксіз ізденуі, өз
мамандығын барынша жетілдіруі және осы саладағы жаңалықтар мен озық
тәжірибені үнемі пайдалануы шарт. Оқушы білімінің сапалы болуы
ұстаздың дәріс беру шеберлігі мен жаңа технологияларды тиімді
пайдалана білуіне, яғни кәсіби құзыреттілігіне тікелей байланысты.
Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында білікті маман даярлау
қажеттігін анық айқындаған еді. Кадрлар әлеуетін жақсарту ХХІ ғасыр
талабы. Осыған байланысты қазіргі таңда нақты жұмыстар жасалып
жатыр. Көптеген бағдарламалар бастау алды. Әсіресе педагогика
саласына аса мән беріліп келеді. Жоғарғы білім беру ордаларының
студенттері бүгінгі күні оқу практикасын шет елдерде өткізуге
мүмкіндік алып отыр. Бұл жайлы әлі айта кетермін, нақты тақырыпқа
ден салсақ.
Мен технология пәнінен дәріс
беремін. Оқушы қыздар сабақтың 40 минутын менімен өткізеді.
Сондықтан маған берілген уақытты тиімді әрі қызықты өткізуге
тырысамын. Технология пәнін оқыту процесіндегі жаңа тәсілдердің
қолданылуына бейжай қарауға болмайды. Өйткені ол бойжеткендерді
еңбекке деген ынта-ықыласын нығайтып, кәсіби қызығушылығын оятып,
мамандықты саналы түрде таңдай білуге даярлайды. Яғни, сөзден –іске
көшу.
Технология пәні – мұғалімнің
оқушыларға техникалық, технологиялық білім мен білік беретін, оқу
мен еңбек үрдісін ұйымдастыратын, балаларды перспективалық
технологиямен таныстырып, олардың перспективалық көзқарасын
қалыптастыратын оқу үлгісі. Технологиялық еңбек сабақтарын
жоспарлау оқу үрдісін ұйымдастырудағы нақтылықты, бағдарламада
қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға,шеберханаларды ұтымды
пайдалануға, сапсы жоғары өнім дайындауды қамтамасыз етеді.
Оқушылар сабақта еңбекке қатысты нақты білім мен білікті
игереді.
Еңбек тәрбиесі – барлық
тәрбиенің қайнар көзі. Еңбек тәрбиесі арқылы киімді пішіп тігу,
көркемдеу, қол өнер шеберлігін меңгерту арқылы жас ұрпақты
адамгершілік рухында тәрбиелеуді басшылыққа ала отырып жұмысты
жүргіземіз. Сондай-ақ, еңбек сабағында оқушы тек мұғалімнің
үйретуімен бұйым түрлерін жасаумен шектеліп қана қоймай, оған
талдау жасап, тігілу, өңделу технологиясына өз ой пікірі мен
ұсыныстарын айтуға дағдылануы қажет. Оқушылар әртүрлі тігілген
бұйымдарды зерттей отырып, баға берумен келешек кәсіби ісіне
қажетті эстетикалық, ұлттық, этикалық және тағы басқа бағалы
қасиеттерді өз бойына қалыптастырады. Сондай-ақ тігу өнері арқылы
оқушылардың сән үлгісіне деген қызығушылығын, эстетикалық сезімін
арттырып, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа, уақытты үнемдей білуге,
іскерлікке тәрбиелейді.
Қазіргі кезде сабаққа
дайындалу барысында мұғалім сабақ мазмұны оқушылар үшін танымдылығы
жағынан қызықты әрі жаңаша өтуі үшін өзінің бағалы уақытын қажетті
материалды іздеу мен жүйелеуге жұмсайды. Ал жекелеген курс бойынша
мәселелік – бағдарлы оқу бағдарламалары пакетінің болуы мұғалімге «
мұғалім – оқушы » жүйесінде ақпаратты беруді, өңдеуді және
қайталауды жаңаша ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Бірақ , мұның
барлығы жүзеге асуы үшін мұғалім компьютерлік оқыту технологиясы
бойынша білімдер мен іскерліктерді игеруі қажет. Бұл дайындық
диференциалды болуы тиіс. Себебі, әрбір пән мұғалімдері үшін
компьютерді оқыту үрдісінде пайдалану әр түрлі сипатқа
ие.
XXI ғасыр – ақпарат ғасыры
болғандықтан адамзатқа компьютерлік сауаттылық қажет. Бүгінгі таңда
мектеп пәндерін компьютер, интерактивті
құралдардың көмегімен оқыту нәтижелерін
зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алады.
Оқушыларды компьютер, сән журналдары мен әртүрлі оқулықтарды
пайдалана отырып, қабілеттін өз бетінше шығармашылық тұрғыда
дамытуға, көрсете білуге бағыттап отырамын. Жаңа заман талабына сай
технология пәніне де компьтерленген көрнекі құралдар қолдану әдісін
ұсынығым келеді. Мәселен, проэктор немесе
интерактивті тақта. Интерактивтік тақтада бір
уақытта бірнеше материалдарды қолдануға болады: бейне, таблица,
дыбыс, сурет, мәтін, және т.б. Аталмыш ақпарат түрлері технология
пәнінде кең қолданылады. Киімнің эскизін сызуда, пішу барысында,
тігін машинасы сияқты құралдардың мехнаизмін түсіндіру кезінде, не
болмаса тағам әзірлемек бұрын оның сыр-сипатын түсіну үшін, тоқыма
сабақтарында да берер көмегі мол. Сондықтан мен осы мәселені алға
тартып отырмын. Бұл жаңа ақпараттық технологияның 3 түрлі бағытта
тиімді қолдану керек:
1.
Презентация, демонстрация және моделді интерактивтік тақтамен
сабақтың өтілу барысын арттыру үшін;
2. Оқушылардың сабақта
белсенділігін арттыру;
3. Интерактивті тақта қолдану барысында сабақ темпін
арттыру;
Қайбір киім тігіп шығаратын
өнеркәсіп орны дайын дүниені қолға алмас бұрын, ең бірінші
электронды түрде түпнұсқасы дайындайды. Әшекей бұйымдар, тағам
түрлеріне келсек те дәл осындай. Өйткені бұл нарық заманының
талабы. Осыған орай мен шәкірттеріме толық ақпараттандырылған
жан-жақты білім беруге ұмтыламын. Неліктен ақпараттандырылған?
Ақпараттық қоғам – оқушыларға логикалық-құрылымдық ойлау
қабілеттерін дамытады, технологияны өзіндік даму мен оны іске асыру
құралы ретінде пайдалану дағдыларын қалыптастырады, ақпараттық
қоғамға бейімделеді. Осы жылы қыркүйектің 5-ші жұлдызында Елбасымыз
барша отандастарына оқыған онлайн-дәрісінде осы мәселені алға
тартқан еді.
Интерактивтік тақтаны сонымен
қатар оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде
мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын
тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор деп те атауға
болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып,
алдыңғы сабақта өтілген материалды ашып, өткен сабақты қайталай
алады. Мұндай әдістеме сабақта екпінді түрде өткізуге мүмкіндік
береді. Тақтада жұмыс істеген мұғалім мен оқушының орындаған
іс-әрекеттерін есте сақтап келесі сабақта қолдануға
болады.
Бұл «ақылды» құралды сабаққа
пайдаланғанда дидактикалық бірнеше мәселелерді шешуге
көмектеседі:
-Пән бойынша базалық білімді меңгеру ;
- Алған білімді жүйелеу ;
- Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
- Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру
- Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде
әдістемелік көмек беру.
Оқушылардың көпшілігі
естігенінің 5 % және көргенін 20 % есте сақтайтыны белгілі. Аудио –
және видеоақпаратты бір мезгілде қолдану есте сақтауды 40-50 %
дейін арттырады.
Ғылым ғасырының табалдырығынан аттағалы тұрған қазіргі таңда
компьютер өмірдің барлық саласына кеңінен енуде.
Елбасы атап көрсеткендей «Қазіргі заманда жастарға ақпараттық
технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім
беру өте – мөте қажет» - жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық
технологияны оқу үрдісіне оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың
маңызы зор.
Білім берудің ақпараттандыру процесі пән мұғалімдеріне жаңа
ақпараттық технологияны жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап
қояды.
Іс тәжірибемде интерактивті құрылғылардың барлық мүмкіндіктерін
пайдалана отырып, оқушылардың шығармашылық даралығын қалыптастыру
үшін сабақта төмендегі іс–шаралардың қолданудың маңызының зор
екенін байқадым:
- Оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және қабылдау жылдамдығын
ескеру арқылы жаңа материалдарды меңгеруге байланысты оқытуды
ұйымдастыру және оқыту процесіне интерактивті құрылғылардың
мүмкіндіктерін пайдалану
- Оқытудың жаңа әдістері мен формаларын сабақта жиі қолдану.
- Жаңа ақпараттық технология құралдарын пайдалану арқылы оқу
процесінің материалдық – техникалық базасын
жетілдіру.
Жалпы білім беретін саладағы
технология пәнінің бір міндеті – оқушылардың табиғатқа және табиғи
байлыққа күтіммен қарай білуін, яғни, оқу – еңбек қызметінде
белсенді экологиялық бағыт ұстануын тәрбиелеу. Технология сабағында
оқушылардың эстетикалық талғамдарын арттыру басты орын алады. Неге
десеңіз, әрбір жасалған бұйым сапасы жағымен қоса эстетикасы
жағынан да тартымды болуы тиіс. Оқушылар бұйымды дайындауға үлкен
құлшыныспен кірісуі тиіс.
Оқушыларды еңбекке баулудың
жолы сан алуан. Соның бірі – оқушыларға экономикалық тұрғыдан білім
беру. Экономикалық білім берудің бастауы – үнем мен ұқыптылық.
Мектеппен қоса отбасында да экономикалық білім беру баланы еңбекке
саналы түрде қарауға, еңбекті тиімді түрде ұйымдастыра білуге,
табыс пен пайданы анықтай алуға үйретеді. Оқушыларға тапқан табысты
кәдеге жаратуды, қоғамдық тұтыну қорларын пайдалануды үйрету керек.
Сондай –ақ оқушыларға өмір сүру үшін табыстың қайдан келетінін
түсіндіру шарт.
Мектепте еңбекке үйрету
апталығын өткізуге болады. Бұл іс – шара сыныптан тыс жұмыстың
маңызын арттырып, оқушыларды
ынталандырады.
Халық педагогикасы еңбекті
бүкіл тәрбие жүйесінің күре тамыры деп қарастырылады. Баланың еңбек
тәрбиесі ежелден-ақ ата парызы, бүкіл халық міндеті болады. Жас
ұрпақты халқымыз еңбек сүйгіштікке тәрбиелей отырып, «он саусағынан
өнер тамған» нақты кәсіп иесі болуын көздеген. Еңбек дағдысын
меңгертуде зор жігерліктің қажет екенін жақсы түсіне білді.
Мектептегі еңбек тәрбиесін тиімді әдістермен оқытып үйрету қазақ
халқының төл педагогикасының негізгі такырыбы. Мектеп табалдырығын
енді аттаған бүлдіршіндерге, адамға ең бірінші өмірлік қажеті еңбек
екенін, адам өз бойындағы асыл қасиеттері мен қабілеттерін еңбек
арқылы көрсетіп, оның рахатына бөленетінін, жеңістерге жетіп,
қуаныштарына куә болу. Ерікті , ынталы еңбек арқылы баланың денесі
ширап, көз-қарасы, эстетикалық және ақыл-ой деңгейі дамып
жетіледі.
Біз ұлтымыздың болашақ тірегі болатын, сұлу да сымбатты, қайырымды
да инабатты, он саусағынан өнері тамған қазақ қыздарын
тәрбиелеуіміз қажет. Осы бағытта мен шәкірттеріммен «Жас
дизайыншы», «Болашақ аспаз», «Қолөнер шебері» сынды өзім дайындаған
бағдарлама бойынша жұмыс жасадым. Дәстүрлі қалалық және облыстық
көрмелерде біздің оқушылар үнемі өздерінің туындыларын ұсынып,
жүлделі орындарды иеленіп жүр. Үздік деп танылған жұмыстар бұдан
бөлек интернет-байқауларға да жіберілді. Бұл біріншіден, қыз
балалардың пәнге деген қызығушылығын арттырса, екіншіден, болашақта
білікті де білімді, бәсекеге қабілетті маман болуына ықпал
етеді.
Ендігі кезекте оқушыларды
ұлттық қолөнерге үйрету барысына жаңа тәсілдерді қолданып көрелік.
Ертеде қолөнер рухани қажаттіліктен туындағандықтан кәсіпкерлікке
айналған. Көркем өнер турлерімен әжелеріміз бен аналарымыз түрлі
тұрмысқа қажет бұйымдар жасап, қыз балаларға үйретіп үлгі-өнеге
болған. Адал еңбек пен мол ықыласымен жасалған әр бұйымды үлгі
етіп, еліктеген.
Осы бағытты мақсат ете отырып көп ізденуге кірістім. Ұстаз – айна.
Заман талабына сай еңбек пәнінің мұғалімі білімді, білікті,
мәдениетті, жаңашыл болу керектігін әр сабаққа іздену барысында
сезінесің. Мәселен, ұлттық ою-өрнектерді қазіргі заман киім
үлгілерімен үйлестірейік. Нақты бір өрнек эскизін қағаз бетіне
түсіреміз. Ол бізге бұрыннан белгілі, таныс ұлттық ою-өрнегіміздің
бірі болуы мүмкін. Не болмаса оқушы өзі жаңадан ойлап шығарған
туындысы болар. Қажетті үлгіні әзірлеген соң, оны Corel Draw(Корел
Дро) немесе т.с.с. бағдарламасы бойынша компьютерге енгіземіз.
Аталмыш бағдарлама көмегімен сондай-ақ, койлек пішінін сызып алуға
болады. Сөтіп электронды түрде киімге өрнекті орналастырамыз. Толық
дайын материал дайын болған соң, сол нұсқа бойынша киім лекалын
дайындаймыз. Аталған тәсіл бойынша, біз біріншіден уақыт пен еңбек
құралдарын үнемдедік (барлығын сызып, кесіп жатпай), екіншіден,
балаға жан-жақты білім беру арқылы оның қабілетін арттырамыз.
Үйрету барысында өнердің қажеттілігі, қолданылатын орны, түс
үйлесімділігі әңгімеленеді. Содан соң жұмысты балалардың өздеріне
бағалату жөн.
Иландыру – талаптануға, мақсатына жетуге
жетелейді. Оңай істен бастап үйреніп, күрделі жұмыс түрлеріне өз
ынтасымен, еркімен бастауға талпыныс жасату.
Сарамандық жұмыс барысында көркем өнерге қабілетті балалар
танылады. Олардың еңбек құралдарын жинақы ұстауы, саусақ
икемділігі, шапшаңдығы, төзімділігі. Баланың барлық жағынан
икемділігін тануға болады. Әр сабақта
пайдаланатын әдісім оқушының қабілетіне, ынтасына қарай топпен,
деңгейлеп тапсырмалар беріп жеке оқушылармен жұмыстар
ұйымдастыру.Сапалы білім берумен қатар ұлттық қолөнерге баулу,
үйрету аса қажет. Олардың өнерлі болуы келешекке үлкен
әсерін тигізеді. Шығармашылық қабілеті жоғары оқушы әр істе сол
қабілетін іс жүзінде көрсете алады. Мұндай оқытудың түрлі әдістерін пайдалана отырып жеке тапсырмалар,
шығармашылық жұмыстар жасауға өз көмегімді қосып
отырамын.
Жоғарыда айтылған барлық
оқыту, тәрбиелеу жолдары мектеп мұғалімдерінің жоспарына кіруі
қажет. Өйткені мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесіндегі
шешуші буын. Сондықтан қазақ мектептері оқу – тәрбие үрдісін ұлттық
ерекшеліктерге сай ұйымдастыратындай, білім мазмұнының деңгейі
халықаралық деңгейден кем болмайтындай, білім берудің әдіс –
тәсілдері мен технологиялары өскелең өмір талабына сай болуы тиіс.
Тәуелсіз қазақ мемлекетінің жаңаша даму үрдісінің өскелең сұранысы
тұрғысынан саралай қарасақ, сол міндеттердің ішінен жас ұрпаққа
берілетін білім мазмұнын жаңарту және оны игеру мәселесі ерекше
орын алады. Әсіресе, жалпы білім беретін орта мектептерде
игерілетін білім мазмұны уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға
алу мемлекеттік мәні зор мәселеге айналды.
Білімді игерудегі мектептің
негізгі міндеті – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,
ізденістерін дамыту. Осы мақсатпен білімнің қандай да бір саласында
қорытындыға және олардың негізінде жаңа ерекше бұйымдарды,
жобаларды, таға басқаларды жасауға байланысты шығармашылық
сипаттағы жұмыстардың сан алуан түрлері қолданылады. Оқушылардың
танымдық қызығуын қалыптастыруда шығармашылық жұмыстарды
ұйымдастырудың маңызы зор. Шығармашылық жұмыстар арқылы оқушының
бойында еңбекқорлық, шыншылдық, қанағаттылық, өзара қамқорлық,
жамандыққа жирене қарап, аулақ болу және әдептілік пен сыпайылықты
бейнелеуі көрінеді.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты
бағыты Қазақстан
Республикасының Президентінің Жолдауы 2012
жыл.
-
«Қазақстан мектебі»
журналы.
-
«Мектептегі
технология» журналы .
-
Тәжімұратов, Шебердің
қолы ортақ.
-
Жұмабаев М. Педагогика Алматы,
Рауан.