Нұрсұлтанова Бибигүл
Тлепбергеновна
Орал қаласы
Ұлы мақсат қойған адам ұлылыққа
жетеді.
Ұстаз еңбегінің шарапаты шәкірттеріне тиеді,
шәкірт біліммен озған кезде ұстаз жаны елжіреп, марқаяды, мәртебесі
тасиды. Бұл – талай ұйқысыз түндердің демалыстан гөрі қалжырап
шаршауы көбірек мұғалім еңбегінің тамаша тұсы.
Алайда, «заманына сай - адамы» дегендей, өткен
күн мен бүгінгі күннің мүғалімі де, білім алушы шәкірті де бөлек.
Бүгінгі күнде адамзатқа күллі әлем ашық. Ғаламтор мен жаңа
технологиялар арқасына тұлға қандай ақпаратқа болсын оңай қол
жеткізе алады. Бастысы, қалыс қалмау, ұмтылыс. Уақыт өткен сайын,
заман өзгереді, ал заман өзгерген сайын жаңалықтар пайда болады. Ал
оқушыға жаңаға, жаңашылдыққа құмар. 21-ғасыр оқушысы қандай? Ол
берілген тапсырманы ғана орындағанға қанағаттанбайды, жаңа
технологияларды игегендіктен жаңа бағытпен, технологияны қолдана
отырып білімді меңгергенді қалайды. Тек күнделікті ережелер ғана
емес, инновациялық ашылулар мен ғылыми тереңдікке ұмтылады және
осыны оқытушыдан үйретуін талап етеді. Олай болса, осы талапқа сай
оқытушы да бағдарлама құрап, оқушыға ілесе, меңгерте білуіміз
керек.
Еліміздің ертеңгі болашағы жас ұрпақ
болғандықтан оларға терең де, сапалы білім
берудің жаңа әдіс-тәсілдерін құрастыру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі болып отыр. Елімізде орта білім беру мазмұнын
жаңарту шеңберінде білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына
өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас
ұрпақтың жаңаша ойлау қабілетін, белсенділігін арттыру,
білімге деген құштарлығын ояту, өмірінде оны қолдана
білу, отансүйгіштік қасиетін одан әрі дамытуға бағыттау –
ұстаздың басты міндеті деп білемін.
Бүгінгі таңда мемлекеттік тілді меңгеру заман
талабы. Өсіп келе жатқан өскелең ұрпақты қазақ тілінде сауатты
сөйлету - ұстаздардың міндеті. 21-ғасыр – инновациялық
технологиялар заманы десек, осы кезеңге сай білікті де білімді,
бағдарлы да бәсекеге қабілетті шәкірт дайындау – ұстаз міндеті. Ол
үшін күнделікті берілетін сабақты дәстүрлі түрде ғана өткізбей,
топтық жұмысты қалыптастыра отырып, өз ойын қазақша еркін
жеткізетін қабілетті тұлға дайындау. Яғни технологиялар мен
жаңарған кезеңде жаңа нәрсеге ұмтылу, соны оқу, оқылған, игерілген
нәрсені жаза білу, бағалай білу, тыңдау және сөйлей білу, яғни өз
ойын еркін жеткізе білу. Топ болып жұмыс жасауға үйрету, және осы
тәсілді пайдаланса, мақсатқа жету оңай екенін түсіндіру. Біздің
міндетіміз, оқушыны осы қасиетке, жаңашылдыққа баулу.
Қазір топтық
жұмыс тәжірибемізден түспейтін әдіс- тәсіл болып
табылады. Бүкіл әлемдік тәжірибеде білім беру
саласында білімнің де дағдының да маңыздылығы кең.
Заманауи тәсілдің басты ерекшелігі- білімді алып қана қоймай
, оны орынды жерде қолдану. Осы ғасырда талап етілетін дағдылардың
мәні осында . Топтық жұмыс барысында оқушының бойында
оқушылық кезеңіне ғана емес, кейін де пайдасын тигізетін
әлеуметтік өзара әрекет ету дағдысы, қарым- қатынас дағдысы,
проблемаларды шешу дағдысы қалыптасады. Қазір осы мәселе
төңірегінде әріптестеріммен іс- тәжірибе алмасып, оқушылармен
жұмыс жүргізіп жатырмын. Оқу үдерісінде топпен жұмыс жүргізуге
оқушылар қалыптасып, дағдыланып қалды. Тапсырма топқа беріледі.
Тапсырма орындау барысында топтың әрбір мүшесінің жеке үлесі
ескеріледі. Топпен жұмыста күшті оқитын оқушы әлсіз оқушыға
көмектеседі де, басқаларды тыңдағанда ол білімін арттыра түседі,
бір сөзбен айтқанда ынталанады.
Мектептегі сабақ беру әдістемесіндегі диалогтік оқытудың да
маңызы үлкен. Диалогты оқытуды–баланың сөйлеу тіліне көп
көңіл бөлу және баланы сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің бірден-бір
тиімді тәсілі деп ойлаймын. Бұрынғы дәстүрлі әдістерде диалог
көбіне мұғалім мен оқушы арасында өтіледі және бірнеше ғана оқушы
арасында диалог өтілетін, онда да диалогқа оқушыларды таңдап
шығарылатын, сондықтан оқушылар ашылып ойындағысын нақты
сұрай алмай, тұйықталып қалатын. Ал курстан кейін сабақтарымда жұптық жұмыс ретінде
алынған диалог топ ішіндегі барлық оқушы мен оқушы арасында өтіп,
оны топ ішінде талқылап отыру оқушының ойын кеңейтіп, тілін дамытып
отырды. Сонымен қатар сыни тұрғыда еркін ойлау
қабілетін кеңейте отырып, еркін сөйлеуге ықпал етеді.
Жаңа
бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке
көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды
енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре
түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары
болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берген
білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы
белсенділік арқылы жүзеге асады.
Оқушы – қыран
құс деп қарасақ, мұғалім сол қыран құсқа шыңның биіктігін көрсету,
соған ұмтылуға бағыттау, өзі де жетіле отырып, ескілік қағидасын
артқа тастап, жаңалықтарға, жаңашылдыққа ұмтылу. Оқушы білімді
оңайынан қиынға ауыса отырып, төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге
дейін, аздан көпке бойлай отырып алады. Осыған сай айта кетсек,
дәстүрлі оқытылуда берілген тапсырманы орындау оңай әрі тиімді
дерміз, тапсырмалары жеңіл, оқушыға да, оқытушыға да қиындық
туғызбайды дерміз, алайда өсу қарқыны жоқ. Осыған сай, оқушы
білімін сатыға теңесек, ол тек берілген саты кезеңдерін ғана өтті,
болды, осымен шектелді. Ал 21-ғасыр бағдарламасы жаңашылдыққа
ұмтылдыра отырып, сатыны өз қалауыңызша одан әрі жоғарылатуға,
немесе сол сатыны қайта бойлап өтуіңізге мүмкіндік береді. Яғни
шәкірт тек берілген біліммен ғана шектелмей, инновациялық
технологияларды пайдалана отырып өз білімін одан әрі тереңдетеді.
Жаңа білімді меңгере отырып, одан әрі өзін дамыта отырып, бәсекеге
қабілетті тұлға бола алатындығын түсіндіру.
Бүгінгі таңда заман талабына сай егемен ел
ұрпағына білім беру – басты міндет. Білім – өмірдің шырағы Толассыз
жаңалықтардың заманында уақыт ағымына ілесе отырып, келешектің
тұтқасын шыңға жетелеп, табыс биіктерін бағындыру – баршамызға
ұстаздық қағида. «Ұстаз білімді болса – пәні қадірлі» дегендей,
заманымыздың жақсылығы жолында үштілділікті қатар меңгеріп,
инновациялық теінологияларды оңай қолданса, бәсекеге қабілетті
ұрпақ болып қалыптасса– бүгінгі , 21-ғасыр ұстаз мерейі осы болмақ.
Технология заманында өз тілінің мерейін үстей отырып, өзге тілдерді
де еркін меңгерсе, саналы шәкірт боп өсіп, сапалы білім алса –
бүгінгі күн ұстазының мақсаты осы деп ойлаймын. Әрине, ұлы мақсат
қойған адам ұлылыққа жетеді.