Материалдар / Баяндама:ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Баяндама:ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері аталған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Қараша 2020
1275
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ЕРЕКШЕ БІЛІМ БЕРУГЕ ҚАЖЕТТІЛІГІ БАР БАЛАЛАРДЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ӘЛЕУМЕТТЕНДІРУ


Қалтаева Фатима Тансыкбаевна

Тараз қаласы №38 орта мектебінің оқу тәрбие ісі жөніндегі

орынбасары

Білім беруді дамыту саласындағы мемлекеттің басым міндеттерінің бірі әрбір балаға сапалы білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда балалардың құқықтары Қазақстан Республикасының Конституциясымен, "Білім туралы", "Бала құқықтары туралы" және т. б. Қазақстан Республикасының заңдарымен бекітілген. Балалар үшін арнайы жағдайлар жасауда оқу үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу маңызды рөл атқарады. Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу балаларды қиын уақытта қолдаудың ерекше түрі ретінде қарастырылады. Облыстық ғылыми-практикалық конференция инклюзивті білім беруді дамытудың өзекті мәселелеріне, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау мен дамытудың қазіргі заманғы технологияларын енгізуге, сондай-ақ білім беру жүйесінде кедергісіз ортасын құруға арналған.

Қазіргі таңда инклюзивті білім берудің нормативтік-құқықтық, ұйымдастырушылық, ғылыми- әдістемелік дамуына көп көңіл бөлінуде.Инклюзивтік білім берудегі педагогтік құзіреттілік оқыту мен тәрбие үрдісінде балаға қайтіп, қалай көмек беру жолдарын білу. Инклюзивтік білім беруде балаға деген педагогикалық ықпалдың позитивтік мүмкіндігі, ол дер кезінде жоғарыда айтылған эмоциялық дағдарыстағы баланы байқап, көру болып табылады. Қазіргі демократиялық қоғамда әр адамның өзін өзі дамытуға, осы қоғамда айқындалуына, қабілетін шыңдауға, шығармашылықпен айналысуға таңдау бостандығы бар, өмірін толыққанды етуге, былайша айтқанда өз тағдырына қатысты субъект болып, өмірін мағыналы етуге құқылы. Еліміздегі экологиялық тепе-теңдіктің бұзылуынанқазіргі таңда туа біткен,тұқым қуалаған, жүре пайда болған аурулар салдарыынан қаршадай бастарынан қасірет дертке шалдыққан мүмкіндігі шектеулі балалар саны жылдан жылға артуда.Әрбір елде ерекше білімді қажет ететін балалар кездеседі, олар тәрбиелеудің және білім берудің ерекше түрлерін қажет ететін жандар.Осындай балаларға арнайы көмек көрсету қазіргі таңда біздің елде өзекті мәселелердің бірі.

Инклюзив — сөзі латын тілінен аударғанда «өзімді қосқанда» ал, ағылшын тілінен аударғанда «араластырамын» деген мағынаны білдіреді. Инклюзивті білім берудің мақсаты: Даму мүмкіндігі шектеулі балаларды қалыпты балалармен бірге білім беру. Яғни адамның жынысына , дініне, шығу тегіне қарамастан тең құқылы жеке тұлға ретінде білім беру жүйесі болып табылады. Инклюзивті білім беру- мүмкіндігі шектеулі балаларды оқытыпүйретудің бір формасы.Бұл арнаулы білім беу жүйесінде дәстүрлі түрде қалыптасқан және даму үстіндегі формаларды ығыстырмайды.

Нағыз инклюзивті білім берудің 2 жүйесін жалпы және арнаулы жүйелерді бір-біріне жақындастырады. Жалпы білім беретін мектепте мүмкіндігі шектеулі оқушыларды бірлесіп (интеграциялы түрде) оқуын ұйымдастыру боп табылады.

Қазақстан Инклюзивті оқыту- даму мүмкіндігі шектеулі балалардың қалыпты дамыған балалармен бірге әлеуметтендіру және интеграция процестерін жеңілдету мақсатындағы жеңілдетілген оқыту жүйесі. Инклюзивті оқыту біріктірілген (оқушы қалыпты балалар сыныбында –тобында оқиды және дефектолог мұғалімнің жүйелі көмегін алады) , жартылай ( жеке балалар күннің жарты бөлігі арнайы топтарда, ал екінші бөлігі) қарапайым топтарда өткізіледі. Уақытша арнайы топтардағы бала бірлескен серуендерді, мерекелерді, сайыстарды, жеке істерді, өткізу үшін біріктіріледі. Инклюзивті оқыту негізінде балалардың қандай да бір дискриминациясын жоққа шығару, барлық адамдарға деген теңдік қатынасын қамтамасыз ету, сонымен қатар оқытудың ерекше қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастырудың идеологиясы жатыр.

Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым - қатынасына қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқытудың негізгі принциптері:

1. Адам құндылығы оның мүмкіндігіне қарай қабілеттілігімен, жеткен жетістіктерімен анықталады.

2. Әрбір адам сезуге және ойлауға қабілетті.

3. Әрбір адам қарым - қатынасқа құқылы.

4. Барлық адам бір - біріне қажет.

5. Білім шынайы қарым - қатынас шеңберінде жүзеге асады.

6. Барлық адамдар құрбы - құрдастарының қолдауы мен достығын қажет етеді.

7. Әрбір оқушы үшін жетістікке жету - өзінің мүмкіндігіне қарай орындай алатын әрекетін жүзеге асыру.

8. Жан - жақтылық адам өмірінің даму аясын кеңейтеді.

«Мүмкіндігі шектеулі жандарға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуы тиіс. Ондай жандарға қамқорлық көрсетілуі керек-бұл біздің қоғам алдындағы үлкен парызымыз. Бүкіл әлем осымен айналысады»,-делінген Елбасы Н. Назарбаевтың жолдауында. Ерекше білімді қажет ететін балаларға арналған білім беру қызметтерін Қазақстан Республикасының білім беру қызметкерлерінің ҚР білім беру заңында белгіленген тәртіппен арнаулы ұйымдар психологиялық педагогикалық түзету кабинеттері қызмет көрсетеді.

Инклюзивті білім беру инновациялық жолдармен, қажетті жаңа технологияларды қолдануда болашақта мүмкіндігі шектеулі балаларға білім алуда еш кедергі келтірмеуіміз керек. Инклюзивті білім берудің маңызды міндеттерінің бірі болып оқушылардың оқудағы қажеттіліктерін ескере отырып оқу процесін нәтижелі ұйымдастыру, білім алу жағдайларын жасау табылады. Ерекше назарды инклюзивті сыныптарда оқыту процесін қамтитын оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына аудару керек. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы мектептерде оқытуды қолдайтын, қалыпты сыныптардың мұғалімдерінің ойынша балаларға, оқу бағдарламасын меңгеруде қойылатын талаптарды жеңілдету керек. Олар, балалардың танымдық процестеріне сүйене отырып көмек беру қажеттілігін түсінгенімен, инклюзия жағдайында оқу процесін ұйымдастырумен байланысты арнайы білімдерді меңгермеген. Тәжірибеде оқу үлгермеушілігі мәселесі пайда болады, өйткені даму ауытқушылығы жағдайында оқу материалын меңгертуге мүмкіндік беретін әдіс-тәсілдер дұрыс пайдаланылмайды. Мұғалімдер оқу тапсырмаларының мазмұнын жеңілдету мен ата-аналардың көмегіне жүгінгенді дұрыс көреді. Нәтижелердің жоқтығы түсінбестікке әкеледі, мұғалімде мүмкіндігі шектеулі бала оқуға қабілетсіз деген пікір қалыптасады, осылай бала өзін жайсыз, шеттетілген және «қажетсіз» деп сезінеді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына жасалатын жағдайлар,даму бұзылыстарын түзету мен әлеуметтік бейімдеу жолдары қарастырылған Стандарт бойынша инклюзивті мектептерде оқу процесі іске асырылады.

Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері.

Білім беру мекемелеріндегі жеке сүйемелдеудің негізгі кезеңдері



Shape1

Бірінші кезең

Бала туралы ақпаратты жинақтау


бShape4 ірінші кезеңі

Екінші кезең

Алған ақпаратты талдау


Shape5


Үшінші кезең

Бала, педагог, ата-аналар, мамандар үшін ұсыныстарды бірлесе түзу; әрбір «қиын» білім алушы, тәрбиеленуші үшін кешенді көмектің жоспарын түзу


Shape6


Төртінші кезең

Сүйемелдеуге қатысушылардың барлығына бала қиыншылықтарын шешудегі жолдар мен амалдар туралы кеңес беру


Shape7


Бесінші кезең

Қиыншылықтарды шешу, яғни сүйемелдеудің әрбір қатысышуысымен ұсыныстардың орындалуы

Shape8



Алтыншы кезең

Орындалған ұсыныстардың сүйемелдеудің барлық қатысушыларымен талдануы (Неге қол жеткізілді? Неге қол жеткізілмеді? Не себептен?)


Shape9


Бала дамуын талдауды жалғастыру (Келешектер не істейміз?)

Жетінші кезең

Shape10


Бұл шарттың барлығы шартты, өйткені әрбір баланың өз қиыншылықтары бар және оны шешуде жеке бір көзқарас қажет болады. Мысалы, аталған 6-сынып оқушылармен жүргізілген тренинг жұмысына тоқталып өтейік:

Қар жауып тұр. Бетіміз су болды. Бетіміздегі суды сүртеміз. Бетімізге массаж жасаймыз.Енді үстіміздегі қарды түсіреміз, қағамыз. Аяғымыздағы қарды қағамыз. Топ-Топ.Жерден қарды аламыз, домалатамыз. Енді алысқа оң қолмен лақтырамыз. Қайта жерден қарды аламыз, қолмен домалатамыз. Енді алысқа лақтырамыз.

/мұндағы мақсат: беттегі нүктелерге әсер ету, оң қол, сол қолды ажыратуға үйрету,  саусақтың, буынның қимылдарын қатайту/.

Девиантты мінез-құлық танытуға бейім балалармен жұмыс жүргізгенде мамандар қызметіндегі келесі бағыттарға назар аудару қажет:

1. Сынып жетекшілері: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген іс-шаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарын жүргізуі қажет.








2. Әлеуметтік педагог: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізуі; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізу; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген ісшаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарына қатысуы қажет.









3. Педагог-психолог: девиантты мінез танытуға бейім балаларды анықтау бойынша жұмыс жүргізеді; девинатты мінез танытудағы мүмкін себептердің алғашқы диагностикасын жүргізуге қатысады; түзету жұмысының жоспарын түзуге қатысып, іс-шараларда өз бөлігін іске асыруы; алдын алу кеңесі мен психологиялық-педагогикалық консилиумының мүшелерін өткізілген ісшаралардың нәтижелілігі туралы хабардар етуі; алдын алу жұмыстарын жүргізеді.








4. Пән оқытушылары: девиантты мінез танытатын балаларды анықтауға қатысады; сынып жетекшілерін девиантты мінез танытқан оқушылармен байланысты оқиғалар туралы хабардар етеді; білім алушылардың девиантты мінез танытуының алдын алу және болдырмау шараларын іске асыруға ат салысады; білім алушылармен сыныптан тыс жұмыс жүргізеді (спорттық секциялар, факультативтер, клубтар).









Қазіргі күні инклюзитвті білім беру жаһандық қоғамдық үрдіс болып отыр, ол барлық дамыған елдерде орын алып келеді. Инклюзивті білім беру көп қырлы үдеріс, ол білім беру жүйесіндегі барлық құрамдастардың қосылуын талап етеді. Өзгеріске,жаңалыққа толы бүгінгі заман талабы мұғалімге алдында отырған бірі шапшаң,бірі баяу,енді біреулері төмен қабылдайтын зейіні,қабылдауы,есте сақтауы,ойлауы әр қилы шәкірттердің жүрегіне жол таба білетін білім біліктілігі жоғары,жаңашыл,ізденімпаз ерен қасиет иесі болуды міндеттейді. Әлемдік оқу үрдісінің өзегі - жаңа технологиялар екені мәлім. Әрбір технология өзіндік жаңа әдіс-тәсілдермен ерекшеленеді.Әдіс-тәсілдерді мұғалім ізденісі арқылы оқушы қабілетіне, қабылдау деңгейіне қарай іріктеп қолданады интерактивті модульдік технология қағидаларын іске асыру барысында оқушылардың танымдық белсенділіктерін, білім сапасын жоғарлатуға көмектеседі. Биік жетістіктерге жету үшін, мұғалім баланың мінез-құлқын, сана-сезімінің жетілу дәрежесін таным үрдістерінің(түйсігі, қабылдауы, ес, ойлау, сөйлеу, зейінінің) дұрыс бағытта қалыптасып, дамуын қадағалап әрі дамытып отыру керек.Сонымен қатар ерекше білімді қажет ететін балаларды оқытудағы ақпараттық–коммуникациялық технологияларды қолдану: біріншіден, оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден, балалардың сабаққа деген қызығушылығын, белсенділігін арттырып, білім сапасын көтеру болып табылады.

Қорыта айтқанда бала-ата-ана-педагог,отбасы және білім мекемесі арасындағы сабақтастықтың ойдағыдай жүзеге асуы тұлғаның әлеуметтік бейімделуінің алғы шарттарының бірі болмақ және қоғамымыз қолдау көрсеткен ортада алынбайтын қамал жоқ деп ойлаймын.


Қолданылған әдебиеттер тізімі

1. Электронды ресурс - http://wikipedia.org.

2. Теория социальной работы / под общ. ред. И. Г. Кузиной. – Владивосток: Изд-во ДВГТУ, 2006. – 232 с.

3. Осухова Н.Г. Психологическая помощь в трудных и экстремальных ситуациях. М.: Академия, - 2005. - 288 с. (Высшее профессиональное образование) 2006

4. Концептуальные подходы к развитию инклюзивного образования в Республике Казахстан. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан Республики Казахстан.01.06.2015 г. № 348

5. «Бала құқықтары туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 08.08.2002 ж. № 345- II

6. «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 114-IV Заңы

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!