ҚАЗАҚСТАН
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ
МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ
ОБЛЫСЫ
«ҚАЙНАЗАР
АУЫЛЫНДАҒЫ №1 ОРТА МЕКТЕБІ» КММ
АВТОРЫ: ЖАЙЛАУБЕКОВ.Е
ДЕНЕ
ШЫНЫҚТЫРУ ПӘНІ МҰҒАЛІМІ
ТАҚЫРЫБЫ: «ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ САБАҒЫНДА ҚАЗАҚТЫҢ ҰЛТТЫҚ
ОЙЫНДАРЫН ПАЙДАЛАНУ МАҢЫЗЫ»
БАҒЫТЫ:
«ӘР ТҮРЛІ САБАҚТАР, БІРАҚ ӘРҚАЙСЫНДА ШЕБЕРДІҢ
ҚОЛЫ»
ҚОЛДАНБАЛЫ
ЦИКЛ
Қайназар ауылы
2019
жыл
Мақсаты:
Дене тәрбиесі пәнін жаңа
технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне,
денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды, спорттық ойын
түрлерін, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып,
пайдалану.
Өзектілігі:
Қазақтың
ұлттық ойындары – баланың зерек те ақылды, шымыр да ширақ боп
өсуінің басты құралы. Оны оқыту процесінде қолдану – тиімді
әдіс.
Күтілетін нәтиже:
Бастауыш
сынып оқушыларының ұлттық ойындар арқылы денсаулығы нығаяды,
ағзаның қызметтік міндеттері, негізгі физикалық, жеке қасиеттері,
тұлғаның коммуникативтік қарым-қатынасы
дамиды.
Аннотация
Қазақтың
ұлттық ойындары - атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып
жалғасып келе жатқан асыл қазына. Ұлттық ойындар қазақ халқының
ежелгі мәдениеті мен өнерінің ешкімнен кем болмағанын байқатады.
Қазақтың ұлттық ойындарының қоғамдық және әлеуметтік маңызы аса
зор. Ата-бабаларымыз ұлттық ойындар арқылы ұрпақтың мықты әрі
жігерлі болып өсуіне ықпал етіп, олардың береке-бірлігі мен
ынтымағын жарастырып отырған. Ұлттық ойындар баланың дене тәрбиесі
пәнінде бір-бірімен қарым-қатынасы мен ойлау қабілеттерін арттырады
және баланы шымыр, епті, зерек, алғыр, шапшаң болуға
тәрбиелейді.
Аннотация
Казахские
народные игры – являются ценным богатством, которые передаются от
поколение к поколению. Народные игры казахского народа ничем не
уступают популярным играм разных народов. Казахские народные игры
занимают большое значение в общественной и социальной культурной
жизни. Каждое поколение через нацинальные игры воспитывало молодежь
вести здоровый образ жизни. Национальные игры способствовали
развитию физических качеств, логического мышления, смекалки и
находчивости развитию коммуникативных навыков, лидерских качеств.
Национальные игры на уроках физической культуры и внеклассных
мероприятиях являются одним из стимулов ведения здорового образа
жизни.
Summary
Kazakh folk games are valuable
wealth that are conveyed from generation to generation. Kazakh folk
games are not inferior to the popular games of other nations.
Kazakh folk games are of great importance in the public, social and
cultural life. Each generation has taught the youth to lead a
healthy lifestyle through Kazakh national games. Kazakh folk games
contributed to the development of physical abilities, logical
thinking, wit, resourcefulness, communication skills, and skills of
a leader. National games organized during physical education
lessons as well as events outside of classes are one of the stimuli
of leading a healthy way of life.
Кіріспе
«Өзге
халықтар сияқты қазақтың да
ертеден қалыптасқан,
атадан-балаға
мұра болып жалғасып келе жатқан
ұлттық ойын-сауық түрлері
бар. Зер
салып байқап отырсақ, ол ойын-сауықтар қазақтың
ұлттық ерекшелігіне,
күнделікті тұрмыс-тіршілігіне тығыз
байланысты туған екен және
адамға жастайынан дене тәрбиесін
беруге, оны
батылдыққа,
ептіліккке,
тапқырлыққа,
күштілікке,
төзімділікке т.б.
әдемі адамгершілік қасиеттерге баулуға
бағытталған екен».
Ахмет Жүнісов
Дене шынықтыру сабағында
қазақтың ұлттық ойындарын пайдалану.
Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру –қазіргі міндеттердің бірі. Қазақтың ұлттық ойындарынын оқу және тәрбие үрдісінде оқушыларға сабақ беру кезінде пайдалану бүгінгі күнде өзекті мәселе болып табылады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени мұрасының салт –дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән қонақжайлылық, мейірімділік т.б. сияқты қасиеттер халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой- өрісін жетілдірумен бірге өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.
Халықтық педагогиканың адам отбасы өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу туралы арман-мақсаттарын ұсыныстарын қамтып көрсететін педагогикалық идеялар мен салт-дәстүрлері өткен мен қазіргінің арасындағы байланысты көрсетеді. Ол тарихи даму барысындағы әлеуметтік мәні бар ақпаратта (білім, білік) т.б. жиналып ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады.
Халықтық педагогиканың ең бір көне тиімді құралдарының біріне ойын жатады. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше зерделейді.Сөйтіп өзінің өмірден байқағандарын іске асырып қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Соның нәтижесінде өзі көрген жағдайларды отбасылық тұрмыс пен қызмет түрлерін жаңғыртады. Мәселен қазақтың ұлттық ойындары «Бәйге», «Көкпар», «Қыз қуу», «Асық ату», «Алтын сақа», «Хан талапай», «Тоғызқұмалақ»
т.б. балалардың еңбекке деген қарым-қатынасы мен қабілеттерін арттырады.
Ойын дегеніміз - адамның ақыл –ойын дамытатын, қызықтыра отырып ойдан –ойға жетелейтін, тынысы кең, қиял мен қанат бітіретін ғажайып нәрсе.
Ұлы
педагог В.И.Сухомлинский: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз творчествосыз, фантазиясыз толық мәніндегі ақыл –ой тәрбиесі болмайды». Демек шәкірттің ақыл-ойы, парасаты, ұлттық сананы сіңіру арқылы байи түседі.
Оқу
үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта түседі. Оқушыларды әсіресе «Көкпар», «Асық», «Теңге алу» секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды. Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге, сөз әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді.
Қазақтың ұлттық ойындарын дене
тәрбиесі сабағында жоспарға енгізу арқылы өткізу жас
буынды тәрбиелеуде теңдесі жоқ
құрал. Әр сабақ сайын ұлттық ойынның үш-төрт түрін алып, солардың ойнау тәсілін үйрете отырып, жетілдіре, қайталау арқылы пысықтап, әрбір бала
жадында сақтайды да, оны ойнай біледі. Ұлттық ойындар ережесін түсіндіру, қызықтыру арқылы меңгерте отырып, мен неше
түрлі қызықты көрнекі құралдар мен
атрибуттарды сабағымда қолданамын. Осы атрибуттарды сабақта қолдануыма ата-аналар көптеп көмек көрсетуде. Мысалы: қазақтың ұлттық ойыны «Бәйге», «Қыз қуу», «Теңге алу», «Көкпар» ойындарына ағаш
аттың макетін, көмбеге киіз
үйдің макетін жасап сабақтарды қызықты өткізуіме атсалысты.
Ұлттық ойындарды мектептегі
дене тәрбиесі сабағында қолданудың заманға сай әдістерін ойлап табу
әрине қиын. Әрбір баланың санасына ойынды сіңістіріп енгізу үшін біз қызықты да дұрыс әдістерді қолдануымыз керек. Ұлттық ойындар өзінің табиғатында, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді өз бойына дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан жақты тәрбиелік қасиетін шыңдай түседі. Ұлт ойындары өте күрделі дүние, ол адам баласының табиғи әрекеті. Сабақтың барысында сол табиғилығын сақтай отырып, оның элементтерін ретті пайдалану сабақтың әр кезеңінде оқушылардың көңіл-күйіне психологиялық жағынан барлау жасай отырып, білгірлікке әрекет жасауды талап етеді.
Бала ойын
арқылы ойлап, ойын арқылы қиялдайды. Көңіл а