Белсенді оқытудың тиімді әдістері

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Белсенді оқытудың тиімді әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытудың белсенді әдістері туралы
Материалдың қысқаша нұсқасы

Белсенді оқытудың тиімді әдістері


Әдіс – оқу-тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдер. Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері танымға қызығушылық туғызып, оқушының ақыл-ойын дамытады, ізденуге, жаңа білімді түсінуге ықпал етеді.

Оқытудың белсенді әдістері – оқу материалын игеру үдерісінде оқушыларды белсенді ойлау және практикалық әрекетке итермелейтін әдістер. Белсенді оқыту мұғалімнің дайын білімдерді баяндауында, оларды есте сақтауы мен қайта жаңғыртуында емес, оқушылардың белсенді ойлау және прктикалық әрекет үдерісінде өз бетінше білімдер мен біліктерді меңгеруіне бағытталған әдістер жүйесін пайдалануды білдіреді.

Белсенді оқыту әдістерінің ерекшеліктері – практикалық және ойлау әдістерін ояту.Онсыз білімдерді игеруде алға жылжушылық болмайды. Оқытудың белсенді әдістерінің пайда болуы және дамуы танымдық қызығушылықтар мен қабілеттердің, шығармашылық ойлаудың, өз бетінше ақыл-ой еңбегінің қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ету секілді жаңа міндеттер қойылуымен байланысты. Жаңа міндеттердің пайда болуы ақпараттың қарқынды дамуына тәуелді. Егер бұрын мектепте, оқу орындарында алынған білімдері адамға ұзақ уақыт қызмет ете алса, қазіргі ақпараттық заманда оларды үнемі жаңартып отыру қажет.Бұл өз бетінше білім алу жолымен жұзеге асуы мүмкін, ал адамнан танымдық белсенділікті және өзіндікті талап етеді.

Әрбір мұғалімнің басты міндеті – оқушыларға белгілі бір білімдер жиынтығын беру ғана емес, сонымен қатар оларда оқуға деген қызы, қызығушылықты дамыту, оқи білуге үйрету. Жақсы ойластырылған оқыту әдістерінің көмегінсіз оқу материалының игерілуін ұйымдастыру қиын.

Мектете қолданылатын тиімді белсенді әдістерге:

  • Дәстүрлі сабақтың дәстүрлі емес басталуы;

  • Проблемалық сұрақтар қою және шешу, проблемалық жағдаяттар құру;

  • Релаксацияны және қорытынды шығаруды ұйымдастыру;

  • Оқу материалының тұсаукесері;

  • Индуктивті және дедуктивті логикалық сызбаларды пайдалану;

  • Интербелсенді оқыту формаларын немесе олардыі элементтерін пайдалану.




Селеубаева Р.Ж.



Тараз қаласы

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
01.12.2020
318
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі