Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Білім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім беру жүйесінде интерактивті тақтаны пайдаланудың тиімді жолдары
Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен
байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет.
Н.Ә.Назарбаев
Әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін, білім берудің мақсатын, мазмұны мен технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8 - бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір оқушының алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс – тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа технологияны меңгеру. Ал білім беру жүйесінің алдындағы жаңа міндеттердің бірі инновациялық оқыту технологияларын пайдаланып білім сапасын арттыру. Осы сауалға жауапты Елбасымыздың Қазақстан халқына жолдауынан табуға болады. ХХІ ғасырда ақпараттық қоғам қажеттілігін қанағаттандыру үшін білім беру саласында төмендегі міндеттерді шешу керектігін атап өтті: компьютерлік техниканы, интернет, коммуникациялық желі, электрондық және телекоммуникациялық құралдарды, мультимедиялық электронды оқулықтарды оқу үрдісінде тиімді пайдалану арқылы білім сапасын көтеру. Жаңа технологияны меңгеру оқушының интеллектуальдық, рухани азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді.
Ақпараттық – коммуникациялық технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті құралдарды қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді. Сондықтан, бүгінгі компьютерлендірілген ғасырда есептеу техникасының өте жылдам дамып, оны ғылымның кез-келген салаларына қолданып, одан нақтылы нәтижелер алуымызға байланысты ғылым мен білімді одан әрі терең меңгеруде ақпарттық технологияларды қолданғанымыз аса маңызды.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттық кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивті тақтаны қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен студенттің қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визулды қор депте атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды DVD, CD-ROM және Интернет ресурстарын қолдана алады. CD-ROM, Web – түйін мазмұнын қарастыру, ақпарт сақтау, белгі жасау тышқанды ауыстыратын арнайы қалам арқылы жазулар жазу және т.б әрекеттерді жеңіл орындай алады.
Интерактивті тақтамен жұмыс істеу жолдары
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет» - деп, Ел басы атап көрсеткендей жас ұрпаққа білім беру жолында ақпараттық технологияны яғни компьютерді оқу үрдісінде оңтайландыру мен тиімділігін арттырудың маңызы зор.
Ақпараттық технологияны оқыту үрдісінде екпінді түрде енгізу бағытына қолданылатын жаңа түрдегі құрал - интерактивті тақта болып табылады.
Интерактивті сөз і - inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін - бір толықтыратын, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Интерактивті тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі және де дәріс берушіге немесе баяндамашыға екі түрлі құралдарды біріктіретін: ақпараттың кескіні мен қарапайым маркер тақтасын біріктіретін құрал. Әр мұғалім сабақ өткізген кезде оқушыларға сапалы білім беру үшін жаңа технологияларды пайдалана отырып, сонымен қатар компьютерді, интерактивті тақтаны қолдану арқылы білім берсе, оқушылардың қызығушылығы арта түсері анық. Мысалы жаңа технологиялардың кейбір элементтерін көрсетіп кеткенді жөн көрдім:
-
Интернетпен жұмыс.
-
Түрлі ойындар арқылы оқушыларды қызықтыру.
-
Мәлімет береді, хабар таратады, байланыстырады.
Ал интерактивті технологияны меңгерудегі мұғалімнің шеберлігі және шығармашылық үлгісі:
-
Интерактивті технологияны оқып үйрену;
-
Интерактивті технологияны меңгеру;
-
Интерактивті технологияны тәжірбиеде қолдану;
-
Интерактивті технологияны дамыту және нәтижесін тексеру.
Білім берудегі интерактивті тақтаны қолданудың үш кілттік бағытының артықшылығын қарастырайық.
-
Презентациялар, демонстрациялар, модельдеуді сабақтарда қолдану.
Интерактивті тақта – визуалды ресурс. Сабаққа қажетті кез келген суреттер, сызбалар, кесте, диаграммаларды қолдануға мүмкіндік береді. Интернет желісіне қосылып ақпарат алуға, оқу материалын қозғалмалы күйге келтіру, абстрактілі ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілерді ойлау мен түсінуді моделдеуге, обьектілер арсындағы байланыс орнатуға болады.
-
Сабақ барысында оқушылардың белсенділігінің артуы.
Интерактивті тақтамен жаңа сабақ өткізу кезінде тиімді қолдануға болады. Әр пәннің өз ерекшелігімен қатар, өзіндік күрделігі де болады. Сондықтан ұстаздың міндеті осы күрделікті дұрыс құрастырып, сабақтың әр сағатын тиімді өткізу. Жалпы интерактивті тақтаны пайдалана отырып білімін жетілдіру барысында іскерлігін дамыту, тапсырмаларды орындау барысында теориялық білімдерін тиімді пайдалана білу, белсенділік танытып тапсырмаларды ұқыпты орындаған оқушылардың ой - өрісін жан - жақты жетілдіруіне, шығармашылық қабілетін арттыруына, белсенділігін дамытуына ықпалы зор.
-
Уақыт ұтымдығы.
Егер сізде интерактивті тақта болса, сізге күтуге тура келмейді. Мысалы, жаңа тақырыпты, үй тапсырмасын жазып уақыт алмаймыз. Алдын ала дайындалған материалдарды қолдану арқылы тіпті қиын тақырыпты оқушыларға меңгеруге оңай болады. Қолданылған материалдарды сақтап қоюға болады. Тіпті шетелдік оқыту әдісінде сабаққа келмей қалған оқушыға дайын материалды беріп жіберіп, меңгеріп алуын қамтамассыз етеді екен.
Интерактивті тақтаны кез келген елде, кез келген білім беру саласында кез келген пәнді оқыту үшін қолдануға болады.
Интерактивті тақтаны қолданудың негізгі әдістері:
-
Экранда көрсетілетін сурет туралы ақпаратты жоғары жаққа жазу;
-
Интернеттен алынатын ақпаратты тікелей оқушылармен бірге іздеу;
-
Топпен тығыз жұмыс жасау;
-
Конференциялар өткізу үшін басқа мектептермен байланыс орнату;
-
Интерактивті тақтаны компютердің көмегінсіз басқару;
-
Қолданылған материалды кейін пайдалану үшін файл түрінде сақтап отыру;
-
Видеороликтер көрсету, электронды оқулықтар пайдалану;
-
Сабақ кезінде сақталған файлды оқушыларға беру.
Іс - тәжірибе кезінде интерактивтік тақтамен жұмысым (интерактивті тақтада көрсетемін):
ActivInspire бағдарламасы арқылы іс - тәжірибе кезінде үш тәсілмен оқушылармен сабағымды өткіздім. Олар:
-
Сиқырлы сандықша;
-
Контейнер;
-
Сиқирлы таяқшы.
Қорытынды:
Интербелсенді тақта арқылы сабақ жүргізген өте тиімді. Ең бір тиімдісі оқушыларға ұсынылатын материал теория жүзінде кітаппен түсіндіргеннен қарағанда интербелсенді тақта арқылы слайд, электронды оқулықпен түсіндірсек оқушы тез қабылдайды және пәнге деген қызығушылықтары артады. Интербелсенді тақта арқылы оқушылар бір мезгілде екі оқушы бірден жаза алады, тапсырманы орындай алады. Интербелсенді тақтадан түсіндірілген сабақта оқушы көзбен көру қабілеті, тақтаны пайдалану дағдысы қалыптасып, берілген тапсырманы тез орындай алады. Оқылған теорияны практика жүзінде оқушыларға көрсету мүмкіндігі туындайды, көрсеткен нәрсені оқушы бірден қабылап қайталап орындау арқылы оқуға деген қызығушылықтары артады.
Ақпараттық – интерактивті технологияны оқу тәрбие үрдісіндегі қолдану оқытушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық шабытын шыңдап, ғылыми көзқарасын қалыптастырып, мамандық сапасын арттырып, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілетті мамандар даярлаудағы үлесі мол.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» жолдауы.
-
Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2012
-
Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – А.: Білім, 2013.