Материалдар / Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану

Материал туралы қысқаша түсінік
Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Желтоқсан 2018
397
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру жүйесіндегі инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану

Кошерова Айғаным Есқазықызы

Ақтау қаласы, «Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі», информатика пәні оқытушысы

Жас ұрпақ-ел тірегі ертеңіміздің кепілі. «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп білім қызметкерлерінің бірінші құрылтайында сөйлеген сөзінде Елбасы айтқандай ұстаздарды өз Отанын шексіз сүйетін, еліміздің болашығына, оның гүлденуіне аянбай үлес қосатын білімді жеткеншектерді даярлау міндеттері күтіп тұр.Қазіргі танда біздің Республикада білім берудің жаңа жүйесі дайындалып, әлемдік білім беру кеңістігінде енуге батыл қадамдар жасалынуда. Білім берудің мазмұны жаңарып, оларды технологиялық-педагогикалық тұрғыдан жетілдіру қажеттігі туындауда. Білім беру деңгейіндегі озық технологияларды пайдаланудың мақсатүйрете жүріп, үйрену.Жаңа педагогикалық технологиялардың негізгі мәні пассивті оқыту түрінен активті оқытуға көшу оқу танымын ұйымдастырудағы бастамашылдығына жағдай туғызу. Жаңа технологияны меңгеруде мұғалімнің жан – жақтылығы, білімі қажет. Жаңа педагогикалық технологияның басты ерекшеліктері өсіп келе жатқан жеке тұлғаны жан – жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу, жаңа педагогикалық идеалар мен жаңалықтарды өмірге әкелу.Бұрынғы оқуды тек тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы өздігінен білім іздейтін жеке тұлға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңында»: «Білім беру жүйесінің негізгі міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық, ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп көрсетілген. Бұл міндеттерді жүзеге асыру барысында білім ордаларында жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың негізгі мақсатын айқындап алуда, яғни «берілген үлгі бойынша өнім алу», оқытудың тиімділігін, сапасын көтеру.Яғни, көрсетілген міндеттерді орындай отырып, біз инновациялық оқытуды тәжірибемізге енгізіп, ойлау қабілеті дамыған,  өз бетінше шешім қабылдай білетін, басқалармен пікір бөлісетін білімді ұрпақты тәрбиелейміз.Жаңа педагогикалық технологиялар педагогика ғылымының жаңа саласы. Инновациялық үрдістің негізі-жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай жасайды. Оны «жаңалық», «жаңа әдіс», «өзгеріс», «жаңашылдық» яғни «жаңа әдістеме құралы» деп атауға болады. Инновацияны қолдану арқылы мұғалім өзіс- тәжірибесін байытып, еңбегін жеңілдетіп, белгілі бір нәтижеге жету-педагогиканың ең асыл заты негізгі ойды түсіну болып табылады. Негізгі ойды түсініп шығармашылық көзқараспен қараған мұғалім технология бойынша жұмыс атқара алады.Сонымен, «Инновация» термині – ол тамыры тереңде жатқан термин,  ғылымға ХІХ ғасырда енді. ХХ ғасырдың екінші жартысында инновация әлеуметтік өзгерістердің жалпы үрдістерінің сатысы ретінде қаралып, латын тілінінен аударғанда «жаңару», «өзгеру», ал ағылшын тілінен аударғанда «жаңашылдық», «жаңашыл», «бағалаушылар» деген ұғымды білдіреді. Алайда, «Инновация » ұғымына ғалымдардың көбі әр түрлі анықтамалар берген. Мәселен, Э.Раджерс инновацияны былайша түсіндіреді: «Инновация нақтылы бір адамға жаңа болып табылатын идея». Майлс «Инновация – арнайы жаңа өзгеріс. Біз одан жүйелі міндеттеріміздің жүзеге асуын, шешімдерін күтеміз» - дейді. Ал Қазақстанда ең алғаш «Инновация» ұғымына қазақ тілінде анықтама беріп өткен ғалым Немербай Нұрахметов. Ол «Инновация, инновациялық үдеріс деп отырғанымыз – білім беру мекемелер – білім беру мекемелернің жаңалықтарды жасау, меңгеру, қолдану және таратуға байланысты бір бөлек қызметі» деген анықтама берген. Н.Нұрахметов «Инновация» білімнің мазмұнында, технологияда, оқу тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, білім беру жүйесін басқаруда көрніс табады деп қарастырып, өзінің жіктемесінде инновацияны, қайта жаңарту кеңістігін бірнеше түрге бөледі: жеке түрі (жеке – дара, бір-бірімен байланыспаған); модульдік түрі - (жеке – дара, бір-бірімен байланыcқан); жүйелі түрі -(мектепті толық қамтитын).  Білім жалпы, кәсіби, техникалық, арнайы білім болып бөлініп кәсіппен ұштасады. Ал кәсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кәсіп, тәжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-әрекетті меңгеру қажет. Іс-әрекет әрекеттен, операция, қимыл-қозғалыстан тұрады. Барлық үрдіс байланыса орындалғаннан соң нәтиже көрсеткіші пайда болады. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру процесіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды оқу үдерісінде қабылдап, өңдеп, нәтижелі пайдалана білу – әрбір оқытушының міндеті болып табылады. Қазіргі жаһандануға байланысты еліміздің білім беру жүйесіндегі басты мәселенің бірі – инновацияландыру, ал оқыту процесінде технологияларды пайдалану. Білім беру үдерісінде инновациялық технологияларды пайдалану заман талабы атты баяндамам арқылы оқытушылар үшін технологияның тиімді жақтарын, оқушыларымыздың теориялық білімін қалыптастыру және практикалық мақсатта іске асыру жолдарын іздестіру,  интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық технологиялар шығармашылық қабілеттерін арттыруға, белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық әдіс-тәсілдермен анықтауға, сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына өз үлесін қосады.Жаңа технологияны енгізу барысында оқытушылардың зияткерлігі мен парасаттылығы, белсенділігі, шығармашылық ізденісі, шәкірттерінің білімін бағалауы шешуші роль атқарады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тәжірибені жұмылдыру қажет. Бұл өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілі іскерлік қасиеті бар адамды қажет ететін жұмыс. Шындығында да әрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады және өзін-өзі қалыптастырады. Қай елде болмасын, балаға білім беру ісі  орын алып, онымен арнайы шұғылданатын мамандарды ізденіске итермелеп отырған. Білім беру жүйесі қоғаммен бірге дамып үнемі өзгеріс үстінде болады. Заман өзгерген сайын білім беру жүйесінде қойылатын талап, ондағы оқыту және тәрбиелеу әдіс тәсілдері де өзгереді. Қазіргі таңда білім беру үдерісінде кеңінен қолданылып жүрген бірнеше инновациялық технологияларды атап көрсетуге болады:•         проблемалық оқыту;•          дамыта оқыту;•          деңгейлеп оқыту;•          дәстүрлі оқыту;•          кейс-стади;•          сұрақ-жауап ойындары;•         цифрлық білім беру ресурстары.Проблемалық оқыту - ғылыми таным нәтижелерін, білімджер жүйесін ғана меңгеріп қоймай,сонымен бірге нәтижелерге жету жолдарын, баланың таным дербестігін қалыптастырып, оның шығармашылық қабілеттерін дамыту. Проблемалық оқыту-ойлау операциялары логикасы мен мектеп жасына дейінгі балалардың ізденіс әрекетінің заңдылықтарын ескере отырып жасаған оқу мен оқытудың бұрыннан мәлім тілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі.Дамыта оқыту - мектеп жасына дейінгі балада білім, білік дағдының қалыптастыруын жоққа шығармайды, бірақ оқыту мен тәрбиелеу баланың дамуын қамтамасыз ететін жағдай болу керек. Дамыта оқыту технологиясыұйымдастырылған оқу іс әрекетінде балаларға тәрбиешінің қарапайм ізденгіштік, зерттеушілік іс әрекетін қалыптастыру тән.Дәстүрлі оқыту - балалардың таным қабілеттері және жас мөлшері шамамен бір деңгейді құрайды. Оқыту барысында жоспарланған тақырып кеңінен түсіндіріледі, балалар сол тақырып бойынша білімш, білік дағдыларын игеру мақсатында  жұмыс істейді.Цифрлық білім беру контентін электрондық оқулықтар, компьютерлік ойындар, виртуалды жаттығу әдістері, ғылыми-әдістемелік  зерттеулер құрайды.Цифрлық білім беру міндеті:Оқытушының сабаққа дайындығына көмек.Оқытушының сабақ өткізу үрдісінде көмек.Оқушының үй тапсырмасын орындауда көмек.Цифрлық білім беру түрлері:Демонстрациялық – оқушы тек бақылаушы ролінде болады.Интербелсенді (ақпараттық-іс-әрекеттік) – оқушы тек бақылап ғана қоймай, сабақ барысында ресурс сұрақтарына жауап іздеу, ресурс көмегімен практикалық және лабораториялық тапсырмаларды орындау, электронды анықтамалардан керегін іздеу, интербелсенді оқыту ойындарын ойнау, топтық жұмыс (мини-жобалар) орындау, ресурстың бағалау мүмкіндігіне ие болады.Қазіргі оқыту үрдісіне жаңа педагогикалық технологиялар кеңінен енуде. Оқушыны пәнге қызықтырумен қатар, саналы ойлауға тәрбиелейтін, қоғамдық көзқарастарын қалыптастыра алатын, өзіндік пікірі бар, қоғамдағы болып жатқан түрлі қарама-қайшылықтарды түсіне білетін, еркін  сөйлеп, өз пікірін ашық айта алатын ойлы ұрпақ тәрбиелеуде сабақтың  маңызы зор. Сол сабақ атты театрдағы басты кейіпкеріміз – оқушы болса, онда барлығымыздың бағытымыз бір, бағдарымыз байсалды болмақ. Әр мұғалім оқушыға көпқырлы сабақ беретін болған соң, қазіргі жаhандану саясатына сәйкес жаңа технологияны өз ыңғайына, пәніне лайықтап пайдалануы тиіс.Мұғалім шеберлігі – ізденіс нәтижесі. Сондықтан, орыстың  ұлы педагог-ғалымы К.Д.Ушинскийдің “Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз  көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімдігі де жойылады” – деген. Бұл  “Ұстаз” атты ұлы сүрлеуге соқпағын  салып жол тартқан көкірегі ояу, көзі ашық әрбір адамға берілген елеулі ескерту.  Сабақты тартымды өткізіп, оқушылардың қызығушылығын арттыру үшін әр сабағымызды түрлендіріп отыру шарт. Ол үшін тек бір технологиямен шектеліп қалмай, әртүрлі технологияның элементтерін пайдалану қажет.



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
  • «Қазақстан-2050» даму стратегиясы
  • М.Валиева «Жаңа педагогикалық технологиялар» Əдістемелік нұсқау, 2002 жыл
  • Ізденіс және даму перспективалары. Әдістемелік оқу құралы. Алматы, 2016 жыл.
  • 4.Білім. Таным. Тәрбие. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал. №1, 2016 жыл.




Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ