Тақырыбы: Білім беруде
В.Ф.Шаталов әдісін пайдаланудың
тиімділігі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт
Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің адами капиталды дамыту
мәселесіне арналған үшінші отырысында білім беру саласындағы
реформаларға тоқталып, "Жаңа ахуал білім беру және ғылым жүйесін
түбегейлі реформалауды талап етіп отыр.
Енді бұл саланың маңызы арта түсетіні анық»,
деген еді. Осының бәрі — ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас
ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын, оны өзгеге
таныта алатын білімді, жан — жақты қалыптасқан, әлемдік
өркениетке қол соза алатын, бәсекеге қабілетті дербес тұлға
тәрбиелеу қажеттілігінен туындайды. Бүгінгі таңда біздің алдымызда
тұрған келесі әрі жауапкершілігі мол міндеттердің бірі студентке
сапалы білім беру.
Қазіргі кезде біздің
Республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім
беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие
үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр, білім беру
парадигмасы өзгерді, білім берудің жаңа мазмұны пайда болуда. Бұл
бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға
және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар.
Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен
студенттердің жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап,
тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Педагогикалық әдістемелік
процестерде В. Ф. Шаталов әдісі деген атпен енген
тірек — сызба технологиясын сабақта қолдану оқытушылардың
көпшілігінен үлкен қолдау тауып отыр, оқыту процесінде кеңінен
қолданылуда.
В. Ф. Шаталов технологиясының
ерекшелігі төмендегілерден
тұрады:
Бірінші
ерекшелігі — нақты дәл есептелген оқу процесін
құра білу. В. Ф. Шаталов бұл құрылымды былай түсіндірді
«Тірек сигналдары дегеніміз — ойынның элементі, уақыт
үнемділігі және бала психологиясын қызықты құбылысқа бағыттау.
Бірақ ең басты мақсат — берілген тақырыпты логикалық
байланыстар негізінде оқушының түсінуі мен ұзақ уақыт есте
сақтауы».
Екінші ерекшелігі — уақыт үнемділігі. Мысалы, белгілі бір
тақырыпты түсіндіру барысында бірнеше тақырыпты жинақтап, ықшамдап
бір-екі тірек сигналына сыйдыруға болады.
Бұл әдістеме қазіргі күнге
дейін құндылығын жойған жоқ. Тірек сызба белгілер сабақтың негізгі құрам
бөлігі ретінде қолданылады. Мұнда негізінен мына мәселелерге назар
аударған жөн:
-
Тірек — сызба белгілерін
пәнді жүргізудің басынан бастаған жөн;
-
Мүмкіндігінше оқытушы барлық
сабақтард пайдалану керек;
-
Сызбанұсқаға студенттермен
бірге талдау жүргізіп отыру;
-
Студенттердің белгілі
тақырыпқа сай сызба белгі даярлауға негізделген өзіндік жұмыс
жасауына мүмкіндік беру;
-
Студенттің топпен, жұппен,
және жеке жұмыс жасауына мүмкіндік беру.
Сонымен бірге тірек сызбаның артықшылықтары
мынада:
студентке оқу материалы жинақы, қысқаша
беріледі;
студент оқу материалының ішінен ең негізгісін
таңдай білуді үйренеді;
студент таңдап алған танымдылық — білімдік
түсініктерін бір — бірімен байланыстырып, қарапайым жүйе
жасауды үйренеді;
студент оқулықпен және қосымша әдебиеттермен
жұмыс жасауға дағдыланады;
студент өзінің танымдық деңгейін
біледі;
өзін — өзі бағалауды
үйренеді.
Тірек сигналдары арқылы оқыту
өзінің нәтижесін берері сөзсіз. Атап айтсақ:
Педагог :
- студенттің білімін тексеруде дидактикалық құрал
ретінде пайдаланады;
- мағыналық, логикалық
белгілерді нақты, қысқа түсіндіреді;
- баға қоры молаяды;
- студенттің білімі әділ
бағаланады.
Студент:
-
берік білім негізі қаланады;
-сөйлеу қабілеті дамиды;
- тұжырымдап, топшылау дағдылары
қалыптасады;
-
танымдық процесі нығаяды;
- қарым — қатынас қажеттілігі
қанағаттандырылады;
- пәнге деген қызығушылығы
артады;
- шығармашылығы
шыңдалады.
Нәтижесінде педагогтың да, студенттің де
жасампаздығы артып, жаңашылдыққа бет бұрады. Студент материалдарды
сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген
қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді. Немесе өмірде
пайдалана алады.
Жалпы айтсақ,
В. Ф. Шаталовтың педагогикалық жүйесінің мәні ерекше
жағдайда студент
өз білімін
ойына түсіре алуын, түсіне алуын, есінде сақтауын
білдіреді.
Жақсы нәтижелерге қарамастан,
қазіргі білім беру жүйесі жаңғыртуды қажет
етеді. Еліміздегі
бүгінгі бала, ертеңгі маман ХХІ ғасыр жағдайында табысты және
бәсекеге қабілетті болу үшін, ол еңбек нарығында талап етілуге
тиіс. Қазіргі білім беру жүйесі түлекке тек күнделікті мәселелерді
шешуге мүмкіндік береді. Неғұрлым күрделі мәселелерді шешу үшін
классикалық білімнен өзге, сыни ойлау, шығармашылық ойлау,
қарым-қатынас жасай білу, командада жұмыс істей білу дағдыларын
дамыту қажет. Жастардың бойында әуестікті, бастамашылдықты,
табандылықты, көшбасшылық қасиеттерді, әлеуметтік және мәдени
байлықты жетілдіру керек.
«Қанша білсең, ізден тағы, тағы да, білікті
адам жетер тілек,
бағына» деген ғұлама
Баласағұнның ілімін негізге ала отырып, әр бір педагог күнделікті
сабағына өмір талабына сай дайындалып жаңа педагогикалық
технологияларды кеңінен пайдалануы тиіс. Ол заман
талабы.
Пайдаланылған
әдебиеттер:
-
Шаталов В. Ф. Педагогическая
проза. М., Просвещение, 1980.
-
Шаталов В. Ф. Точка опоры. М.,
Педагогика, 1987.
-
Шаталов В. Ф. Эксперимент
продолжается. М., Педагогика, 1989.
-
Щуркова Н. В. Педагогическая
технология как учебная дисциплина //Педагогика,
1993-№ 2. — С. 66–70. Основные
термины.