Материалдар / Білім жүйесіндегі көптілділіктің маңызы.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Білім жүйесіндегі көптілділіктің маңызы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көптілді білім беруге әдістемелік көмек көрсету.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Мамыр 2021
294
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Ы.Алтынсарин атындағы

1 мектеп-гимназиясының

ағылшын тілі пән мұғалімі

Шораева Мөлдір Мұратқызы

(Кентау,Қазақстан)

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында көптілді білім беруге әдістемелік көмек көрсету.



Білім жүйесіндегі көптілділіктің маңызы.

«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» демекші өскелең ұрпаққа саналы,мағыналы өнегелі тәрбие мен өркениетті білім беру қазіргі таңның талабы.

Тіл-қай ұлтта қай елде болсада қастерлі,құдыретті.Тіл-ұлттың жаны,адамзаттың өміріндегі шешуші рөль атқаратын құрал.Қазіргі таңда тіл адамзаттың баға жетпес құндылығы болып табылады.Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек қана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын.Мемлекеттік тіл –мемлекеттің бүкіл аумағында,қоғамдық қатынастардың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс-қағаздармен құжаттар мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашанда білікті де,саналы ұрпақпен кеңеймек.

Адамның өз ана тілінде толық меңгеріп білуімен қатар өзге бір ұлттың тілін жетік игеріп,сол ұлтпен тіл табыса білуі жоғары біліктіліктің белгісі деуге болады «Біл тіл білсең --бір адамсың, екі тіл білсең --екі адамсың»демекші өзге ұлттың тілін меңгерген адам сол халықтың ішкі жан дүниесін түсініп,күллі мәдени құндылықтарымен танысу арқылы өз жан дүниесін кеңейтіп кең өріске,тың өмірге жол бастамақ. Қазіргі таңда тез қарқынмен қарыштап алға басқан заманға ілесу үшін көп тілді білу қажеттілікке айналып отыр. «Көптілділік» мәселесі елімізде көкейкесті кең ауқымды мәселелердің бірі болып табылады.Көптілділік –тек Қазақстан үшін ғана емес бүкіл әлемнің алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі,себебі жаһандандыру мен киберкеңістікке шыққан заман тілдерді білуді талап етеді.«Көптілділік»термині (ағылшын тілінен –multilingualism) орыс тілінен шыққан, қоғамда әртүрлі тілдердің таралуы,жеке тұлғалардың бірнеше тілдік құралдар арқылы сөйлесу мүмкіндігі ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі таңда қызметтің барлық салаларында жаһандану үрдісі тез қарыштап дамығандықтан білім беру жүйесінде қайта қарастырулар мен өзгерістер қаралып енгізілуде.Сондықтан ақпаратық-коммуникативтік құзырлықпен қатар,полимәдениеттілік бүгінде әлемдік білім беру қоғамдастығының кеңістігін қалыптастыратын білім беру құзырлығының басты бағыттарының бірі ретінде анықталды. « Жаңа онжылдық-жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасы –білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру ,білім мазмұнын түбегейлі жаңғырта отырып,білім саласында кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге бағыталған. Қашанда игі істің басы –тіл демекші Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына арналған «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауында «Тілдердің үштұғырлылығы » мәдени жобасын жүзеге асыруды ұсынып «Қазақстан халқы әлемде үш тілді қатар қолданатын, яғни, қазақ тілі –мемелекеттік тіл, орыс тілі халықаралық тіл, ағылшын тілі –әлемдік экономиканың жетістікті интеграциясы ретінде,жоғары білімді елдер қатарында қабылдануы тиіс» екенін ерекше атап көрсетті. Қазақстан Республикасы қоғамының әлеуметтік –экономикалық рухани қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі-мектепте көптілді білім беруді жолға қою болып табылады. Мектептегі білім берудегі міндеттерінің негізгісі-оқушыны шынайы әлем жағдайындағы өмірге бейімдеу.

Көптілді оқыту-заман талабы сонымен қатар мәдениетті тұлғаны қалыптастырып білім кеңістігіне талмай қанат қағып еркін самғауына жол ашатын, өз қабілетін еркін танытуына мүмкіншілік беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттіліктердің бірі.Әр адамның рухани байлығын арттыру үшін қазіргі таңда тоқтаусыз өзгеріп жатқан дүниеде өмір сүріп,еңбек ету үшін,өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізе білетін,ынталы, сенімді , сандық технологияларда құзырлылық танытатын жан-жақты болуы керек. Шетел тілін меңгеру кез келген ортада өзін еркін ұстап, жаңа заманауи ақпараттар легіне немесе жалпы ақпараттық ортаға бейімделу муүмкіндігіне ие болады.Әр тұлғаның түрлі әлеуметтік қызмет салаларында жеткен жетістіктері мен нәтижелеріде түрлі болмақ, сондықтан шетел тілін оқытудың басты мақсаты тек нақты білім іскерліктерін білумен ғана шектелмей,тілдік тұлғаны қалыптастыру.Бұл халықаралық тұрғыда тұлғаны тәрбиелеуде тікелей өзекті құрал болып табылады,яғни өзін өркниетті және тарихи субьект ретінде тани алатын даму кезеңінде өз елінің және аадамзат тарихын қабылдай алатын өзі мен елі үшін адамзат келешегі үшін жауапкешіліктің жүгін қаймықпай көтере алатын,өркениеттің ғаламдық мәселелерін шешуде мәдениаралық қатынастың қажеттілігін жете түсінетін тұлғаны дайындау қазыргі заман мұғалімдерінің алдына қойылған ең басты заман талабы,міндеті деп түсінуіміз қажет.

Көптілділік заман талабына айналып отырған кезде тілімізді ардақтай отырып,өзге тілдерді меңгергенңміз әлемдік өркениетке,білім кеңістігінде еркін самғап,келешекте алдыңғы қатардағы бәсекеге қабілеттідамыған 50 елдің қатарына еніп халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып елімізді өркениетті елдер қатарына қосу.Ал, білімді ұрпақ жаһандану үрдісінде бәсекелестікке төтеп беруге мүмкіншілігімізді арттырады.

Мемелекеттік тіліміз қазақ тілінің мәртебесі әрқашан биік болуы керек,сонда ғана өсіп келе жатқан өскелең ұрпақ тіліміз арқылы ұлттық сана,салт-дәстүр және құндылығымызбен сусындап тереңге тамыр жаяды. «Өзге тілдің бәрін біл,өз тіліңді құрметте !» демекші өз тіліміздің қадір-қасиетін түсініп мәртебесін көтеру арқылы заман талабына айналған көптілді білу жоғарғы деңгейде іске асады.

Көптілді мемелекеттер арасында әлеуметтік-мәдени қарым қатынас жасай алатын,түрлі елдердің мәдениеті, тарихымен терең танысып ,керек кезінде қажетіне пайдалана отырып өзге елдің мәдениетіне сіңіп кетпей өз елінің мәдениетімен басқаларға мақтанышпен таныта алатын, санатты да саналы ,қазіргі заманғы өмір ағымына ілесе алатын тұлғаны қалыптастыру өмір талабы мен басты қажеттілік екені сөзсіз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1.Н.Ә.Назарбаевтың «Жаңа онжылдық –жаңа экономикалық өрлеу –Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » Жолдауы -14.12.2012ж

2.Республикалық әдістемелік-педагогикалық журнал «Мектептегі шет тілі » №5 (47)

3.Б.Хасанұлы. «Ана тілі»-Ата мұра 1992-272б









Аннотация

Много сказано и написано о обучении иностранных языков. Бурное развитие информационных технологией в 21 века побудило к рассмотрению новых возможностей в преподовании и изучении иностранных языков.Значение иностранных языков в современном мире настолько велико,что его знание не являеся привелегией и роскошью и является своеобразном окном в мир .





Preface

Much has been said and written about the importance of paing due attention to the role of studying a foreign language.Rapid development of information technologies in the early 21st century prompted the consideration of the new opportinuties I teaching and learning foreign languages.Learning languages other than one’s own mother or herritage language provides wide ranging benefits to the learner,as well as the school’s overall intrdisciplinary curriulum

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!