Материалдар / «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық»

Материал туралы қысқаша түсінік
1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік салтанатты жиын. "Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық " тақырыбы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2022
794
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

1 Қыркүйек - Білім күніне және балалар жылына арналған алғашқы қоңырау сценарий

Мақсаты: Білім күні үлкен мереке екенін балаларға жеткізе білу, сезіну білімге деген құштарлығын арттыру, еліміздің білімді, тәрбиелі азаматын елжандылыққа тәрбиелеу.

1-жүргізуші:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар мен қадірменді ата – аналар, мектеп оқушылары мен балауса балдырғандар!
Баршамыз сағынышпен күткен «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы білім күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.


2-жүргізуші:
Шуақты қыркүйек айының алғашқы күні барша оқушы қауым алтын ұя мектебіне қайта оралып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған балдырғандар мен бірге сыңғырлаған қоңырау үнімен табысқалы отыр.
Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата - аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі

сағынышқа, шаттыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз баршаларыңызға құтты болсын!


1-жүргізуші:

Мазмұнына өрнегі жарасқан, Тәуелсіздіктің қасиетті туы мәңгі желбіресін,- дей отырып, салтанатты жиынымызға мемлекеттік туымызды ендіреміз.

Назар аударыңыздар! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы енгізілсін.


Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұранын орындалады.

2- жүргізуші:

Бүгін біздің қуанышымызға ортақтасу үшін мерекемізге келген құрметті қонақтармен таныс болыңыздар:
1. Жаңақоныс ауылдық округінің әкімі Каюпов Манас Серікбайұлы
2. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Қалықбаев Нұрдәулет Мұхамбеткерімұлы 3. Аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Джуманов Сұлтан Ерімбетұлы

4. Ардагер ұстазымыз Талмақов Сұлтанби


1-жүргізуші:

Бүгін қандай шаттық тола күн еді,
Бүкіл әлем ерекше бір түледі.
Балдырған жетектеген ата - ана,
Қуаныштан жарылардай жүрегі,
Білім көзін ашатынын біледі, — деп балаларын мектепке алғаш жетектеп келіп отырған ата - аналарға қадамдарыңызға гүл бітсін, армандарыңызға нұр бітсін демекпіз.


2-жүргізуші:

Жан шуағы, күн шуағы арай ма,
Ұстаз деген әулиедей талайға
Басын иіп өткен жоқ па біз түгіл,
Әл - Фараби, Омар Хаям, Абай да.
алғашқы қоңырау мерекесін салтанатты түрде ашу үшін алғашқы сөз кезегі мектеп директоры Данабеков Ғазиз Нағыметоллаұлына береміз.

1-жүргізуші:
Құшақ жая қай жерде де қарсы алар,
Абзал жан бар, биік тұлға байсалды.
Қуаныш пен салтанатты шақтарда
Қонақтар да ақ тілегін ақтарар. Сөз кезегі ауылымыздың әкімі Каюпов Манас Серікбайұлына береміз.

Келесі сөз кезегін аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Джуманов Сұлтан Ерімбетұлына береміз.

Ендігі сөз кезегі ардагер ұстазымыз Талмақов Сұлтанби ағайға беріледі.
( қонақтарға сөз беріледі)

2-жүргізуші:

Сіздердің құрметтеріңізге, ақ тілектеріңізге арнап 8-сынып оқушысы Беркінбай Назымның орындауында « Ұстазым» әнін қабыл алыңыздар.


1-жүргізуші: 2022-2023 оқу жылына арналған мектеп басшысының бұйрығын таныстыру үшін сөз оқу ісінің орынбасары Балымбет Жарасқан Беркінбайұлына сөз беріледі.

2-жүргізуші:

Мектеп деген білім күні, жыр күні
Мектеп деген ғылымның ең үлкені
Мектеп деген тәрбиеші адамға
Мектеп деген даналардың мекені

Ән: «Мектебім, аяулы мектебім» орындайтын 6-сынып оқушысы Таңжарық Аслан Мұратұлы. Қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші:

Айқара ашқан есігін
Қайнары білім нұрының
Мектебің – алтын бесігің
Жылы ұяң, міне сыныбың
Қаламсап алып қолыңа,
Достасарсың да әріппен
Шуағын себер жолыңа,
Жан серігің - әліппең – дей келе, бүгінгі мектеп табалдырығын аттағалы отырған 1 – сынып оқушыларына сәтті қадам, таудай талап тілейміз.


2-жүргізуші:

Аттанып өмір төріне,

Ойынын тастап бақшаның.

Мектептегі білім төріне,

Табалдырық аттадың.

Көңілге шырақ жандырған

Болашақ бір-бір үмітсің

Қош келіпсіңдер балдырған

Қадамдарыңа гүл бітсін

Балғын балалықпен қоштасып, мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндерімізді қошеметпен алғашқы ұстазымен бірге ортаға шақырамыз.

Сынып жетекшісі - Төлегенова Жаңажан Мұқанбетсапақызы

Жас ұрпаққа білім беріп, алғаш қалам ұстатуда өз уақытын аямаған, бала бақытын аялаған ізденімпаз мұғалім (1 - сынып оқушыларының өлеңдері тыңдалады, өнерлері тамашаланады)

Ән: «Ұстаз- ана» орындайтын Таңжарық Айтолқын Мұратқызы

1-жүргізуші:

Жақсы шәкірт азамат атанады,

Халқынан, ата-анадан бата алады.

Ұрпағына айтсын деп ақ тілегін

Сөз берейік құрметті ата-анаға

Құттықтау сөз кезегі 1- сынып ата-аналары атынан Задагүл апаға беріледі.


2-жүргізуші:

Соғылсын қоңырау, соғылсын,

Сыңғырла, мәңгілік сыңғырла.

Толқыған жүректер тоғысын

Толтырып бір арна, бір жырға,

Шаттықтың үніндей мәңгілік

Соғылсын қоңырау, соғылсын! – алғашқы қоңырауды күмбірлете соғу үшін ортаға мектеп табалдырығын алғаш аттағалы отырған оқушыны ұстазымен ортаға шақырамыз.
(Бірінші сынып оқушысы қоңырау соғады)


1-жүргізуші:

Мектеп маңы толыпты жарасымға,
Ізгілік те, мейірім - бәрі осында.
Білімге қанат қақты жас өрендер,
Асыл арман гүл атып санасында.

Ән: «Ұстаз бен шәкірт» орындайтын 5- сынып оқушысы Өтесін Инабат

2-жүргізуші:

Назар аударыңыз! Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы шығарылсын.



1-жүргізуші:

Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,
Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.
Білімнің көзін аша білсең тереңнен,
Жетелейді армандарға бұл мектеп.


2-жүргізуші:

Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

Білім теңізіндегі үлкен сапарларыңызда талмай ізденіп, « Мектеп» атты кеменің желкенін биік те, нық ұстаңыздар.


1-жүргізуші:

Сапарларыңыз сәтті болсын!

Еңселі еліміздің ертеңі жас ұрпақтың қолында!

«Мәңгілік ел» болу мақсатында ерінбей еңбек етіп, бейбітшілік, келісім, бірлікте өмір сүрейік ағайын!


2-жүргізуші:

2022-2023 оқу жылының « Білім күні» мерекесі «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы білім беру сабағымен жалғасады.

1-жүргізуші: Осымен 1 - қыркүйек білім күніне арналған «Білімге ұмтылу, еңбексүйгіштік және отаншылдық» тақырыбындағы алғашқы қоңырау мерекесі өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!