Материалдар / Биология және химия пәні сабағында критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Биология және химия пәні сабағында критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықта ры мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінуінде, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Осы мақсатта біздің Ғафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің жаратылыстану пәні бірлестігі мұғалімдері қалалық семинар өткізді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2021
862
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Муканова Г.М.

Жоғары санатты, педагог-зерттеуші

Биология пәні мұғалімі

Қостанай қаласындағы Ғ.Қайырбеков атындағы №9орта мектебі

Қостанай қ.

Қазақстан Республикасы

Биология және химия пәні сабағында критериалды бағалау жүйесін қолданудың тиімділігі.

"Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ,

ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“

А. Байтұрсынов

Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі -  әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана қоймай, сонымен қатар оны жүзеге асыруға, жақсартуға игі ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар – шығармашылық, белсенділік, жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін оқушы білімін бағалауда мүлдем жаңа бағытта жұмыс істеу қажеттілігі туындайды. Осы қажеттілікті шешу жолдарының бірден-бір жолы оқушы білімін критериалды бағалау  жүйесінің тиімділігі.

Критериалды бағалау жүйесінде ең маңызды нәрсе – оқу процесінің өзі, сол арқылы оқушы өзін-өзі бағалауды үйреніп, өз білімінің артықшылықта ры мен кемшіліктерін көріп, әрі қарай қалай даму керектігін түсінуінде, яғни бұл жүйеде оқушының қалай жұмыс жасағаны, қалай ойланғаны бағаланады. Бағалауды өткізу үшін, оқушылардың нені білетіндігін және не істей алатындығын анықтау қажет. Осы мақсатта біздің Ғафу Қайырбеков атындағы №9 орта мектебінің жаратылыстану пәні бірлестігі мұғалімдері қалалық семинар өткізді.

Критериалды бағалау - бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу- танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі.

Мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігі,оқушылардың функционалды сауаттылығы ұғымдары жеткіншек ұрпақтың бәсекеге қабылеттілігін арттыруда адами капиталды дамытуда сапалы білімнің қолжетімділігімен сабақтасып жатады. Оқушылардың білім сапасы пән мұғалімдерінің өз пәнін терең білуі, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын іздену жұмыстары, жаңа технологияны қолдануы, интерактивті құрылғыларды пайдалануы, әр түрлі деңгейдегі деңгейлік тапсырмаларды оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкестендіріп дайындауына байланысты. Күнделікті сабаққа сапалы ақпараттық технологияны пайдалануы оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілген әдіс-амалдарын қолдануы және оқытудың педагогикалық -психологиялық негізінен хабардар болуы да маңызды. Сондай-ақ, оқушылармен қарым-қатынаста әрбір жағдаят үстінде ерекше білім деңгейін көрсетуді және шығармашыл шешім қабылдай алуын талап етіп отыр. Жаңартылған бағдарлама – білім берудің негізгі мақсаты –білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолданудың тиімділігін арттыруды көздейді.

Жаңа тәсіл бойынша оқушылар арасындағы байланысты арттыру мақсатында топқа бөлу әдісінің көптеген түрлерін қолданып келеміз. Әсіресе топқа бөлуде үй тапсырмасына немесе жаңа сабаққа қатысты етіп аламыз. Мысалы: «металдар мен бейметалдар», «Сілтілік металдар, сілтілік жер металдары, радиоактивті металдар», «галогендер, халькогендер, инертті газдар», «оксидтер, қышқылдар, негіздер, тұздар». Сабақ соңында топтар арасындағы бәсекелестік емес, достық қарым-қатынас пен жақсы көңіл-күй байқалады. Топқа бөлу әдісінде оқушылар шығармашылыққа, рөлдік ойындарды ойнауға, сыни тұрғысынан ойлауға үйренеді. Үй тапсырмасын сұрау кезінде оқушыларды қызықтыру, сыни ойлауға жетелеу мақсатында түрлі әдістерді «стикердегі диалог», «сұрақты ұстап ал», «серпілген сауал», «өрмекші торы», «карта ойыны», «ыстық орындық» т.б. тиімді қолданамыз.

Жаңа сабақты меңгертуде біз үшін өзгерістің бірі – жаңа тақырыпты айқындап, мақсатын оқушылармен бірге ашуға арналған тұсаукесер бөлімі. Бұл бөлімде оқушыларға арнайы тапсырма беру арқылы оқушыларға сұрақтар беріп, оларға толық емес жартылай жауап алу арқылы оқушылардың көмегімен жаңа тақырыпты айқындап, «оқушылар тағы да нені білгілерің келеді?» деген сауалды қоя отырып сабақтың мақсатын ашып алу қалыптасқан. Бұл әдістер (9 ромб, стоп кадр, бұл не?,  құпия зат?, автобус аялдамасы, карусель, 10 сұрақ, сұрақты тап, т.б.) оқушыларға көп көмегін тигізді, себебі оқушылар сол мақсатқа жетсем екен деп талпынады. Жаңа сабақты меңгертуде бағыт-бағдар беріп отырамыз. Мысалы: «Маршруттық карта» мен «Блум таксономиясы», «Өкіл», «Джиксо», «Аквариумдегі балықтар», т.б. әдістері.Сонымен, белсенді оқыту әдістері: «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі бойынша топпен жұмыс, деңгейлік тапсырмалар бойынша жұптық жұмыс, зерттеу әдісі, Постер құрастыру, сәйкестендіру,семантикалық карта, термин сөздерге анықтама беру т.б

Бағалау – одан арғы оқу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметтерді бақылау үшін қолданылатын термин. [1:56 бeт] Жалпы, жаңа бұрын-соңды біз қолданбаған жаңа тәсілдердің бірі – формативті бағалау. Сабақ барысында оқушылардың арасында өзара, жұптық, топтық әдістерді бағалау үшін «Смайликтер», «Бағдаршам», «Кардината», «Мадақтау сэндвичі», «Басбармақ», «2 жұлдыз, 1тілек», «критериалды бағалау» әдістерін тиімді қолданып келеміз. Бұндай бағалау арқылы оқушыларды әңгімеге тартып, ойларын жинақтап, бір-бірін сынамай, сындарлы дос ретінде, ынталандыру мақсатында  ұсыныс айтуға үйренді. Бағалау оқушы көрсеткіші ғана емес, ол тәрбиелік мәні зор құрал болып табылады. Сыныптастарын бағалауы, жұптық, топтық бағалау арқылы ойын жинақтап, өзін-өзі реттеп, өзін және сыныптастарын тани алады. Мектептегі биология, химияның әр сабағын өткізу барысында  оқушылар үшін де, мұғалім үшін де бағалаудың критериалды болуы тиімді болатыны түсінікті. «Оқушының функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы шығармашылығы»

Picture 3 Picture 4 Picture 2 Рисунок 5 Рисунок 6

Сабақ соңында оқушы жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін талдап, өз-өзіне және сыныпқа баға беру мақсатымен рефлексия жаздырылады. Біз қолданып жүрген кері байланыс түрлері: «Блоб сынып бөлмесі», «Сұрақтары бар қорап», «3:2:1», «Мадақтау сэндвичі».  Рефлексифті парақтарға қарап оларға топ болып жұмыс істеген ұнайтындықтарын, сабақта өзін белсенді деп танулары, кейбір оқушылардың өзіндік мені,  көшбасшылық қабілеттерінің оянғандықтарын бақылауға болады. Кері байланыс арқылы өткізген сабақтарды қорытындылап, келесі сабақты жоспарлауда оқушылармен пікір алмасу қалыптасқан. Оқушылар үйрене отыра біздің де үйренеріміз көп деп айта аламыз.

Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірде пайдалана білуі керек. Осы орайда бірлестіктегі пән мұғалімдері «bilimland» сайтындағы материалдарды тұрақты қолданады, оқушыларды қашықтық кио, нио, тио олимпиадаларына қатыстырады, ал химиядан «өмірмен байланыс» ұғымын түсіндіруге тырысады. Мұның барлығы оқушыны тез ойлауға, ұқыптылыққа, пәнді терең меңгеруге көмектеседі.

Критериалдық бағалау жүйесін қолдану арқылы біз:

- оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттау;

-тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізу;

-білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез-келген кезеңде анықтау;

-әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға болады (Өздік жұмысы, күнделікті баға, үй жұмысы т.б);

-құрылымдық бағалау мен нақтылы бағалаулар арқылы оқушының еңбегін анықтау;

-оқушының бағалау жүйесіне толық қанағаттануын аламыз.

Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі:

-заман талабына сай бәсекеге қабілетті, білімді, іскер, ойлау жүйесі дамыған, логикалық тұжырым жасауға бейім, еркін ойлай алатын жеке тұлғаны қалыптастырады;

-жеке жұмыстар жүргізу арқылы білім дәрежесін, ой-өрісін әрі қарай дамытады;

-оқушылардың білім сапасын арттырады;

-оқушының тұлғалық бағытын белсенді позициясына бағыттауға мүмкіндік беретін бірден-бір бағалау жолы;

-тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұғырлы нәтижеге, бағытқа жеткізетін, шығармашыл бағалау жүйесі.

Қорыта айтқанда, "Білім - біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы“ деп  А. Байтұрсынов айтқандай - критериалды бағалау жүйесін қолдану арқылы біз оқушының тұлғалық бағытын белсенді позицияға бағыттаймыз, тұлғаны өзіндік жауапкершілікке, тұлғалы нәтижеге, бағытқа жеткіземіз, білім алушылардың дайындық деңгейі мен өсу динамикасын кез келген кезеңде анықтаймыз, әртүрлі жұмыстардан алған бағаларды дифференциалдауға қол жеткіземіз. Бүгінгі оқушының білім сапасын критериалды бағалау жүйесі арқылы жетілдіруге болатынына күнделікті оқу үдерісінде қолдануымыздан көз жеткізуге болады. Сонымен біз, «Өзгелерді оқыта жүріп, өзіміз де үйренеміз», – деп Сенека айтпақшы, сабаққа сапалы талдау арқылы біз сабақ беру үдерісін тиімді іске асыруды үйренеміз.



Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.Бешімбаева Қ.Е. Білім алушының тілдік құзыреттілігін жетілдірудегі критериалды бағалау жүйесі . Әдістемелік нұсқау,11-бет.

2.Красноборова А.А.  Критериальное оценивание в школе. Учебное пособие

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!