Материалдар / БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Студенттерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Маусым 2021
351
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


БИОЛОГИЯ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫНЫҢ ТАЛАПТАРЫНА САЙ ЖАҢА ӘДІС-ТӘСІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ


Болатбекова К.С.

химия және биология пәнінің оқытушысы,педагогика магистрі №2 АМГПК, Алматы,Қазақстан


Түйін: Жаңартылған білім мазмұнының талаптарына сай жаңа әдіс-тәсілдерді биология сабақтарында қолданудың тиімділігі.


Тірек сөздер: Кластер, Фишбоун, «Венн диаграммасы», «Инсерт» кестесі, «Табыс» рефлексиясы, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі дескрипторы, критериалды бағалау, болжау әдісі, топтастыру стратегиясы.


Қазақстан  2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңістігіне кіріктірумен сипатталады. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Мемлекетіміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы- заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын  қанағаттандыратын тың бағдарлама.Қай елдін болсын өсіп-өркендеуі, ғаламдық дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына байланысты. «Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән-мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру-бүгінгі күннің басты талабы.

Сондықтан, жаратылыстану пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары білімалушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді.

Осы орайда биология пәнінен «Адамның тұқым қуалаушылығын зерттеудің әдістері» тақырыбында өткізілген ашық сабағымды баяндаймын. Қолданылған әдіс-тәсілдер білімалушыларды ойлануға, ізденуге, саралауға, талдауға, қорытынды жасауға бағытталды.

«Болжау» әдісі бойынша бейнефильм арқылы алдыңғы өткен тақырыпты еске түсірді, әрі проблемалық сұрақтарға жауап бере отырып , өз ойларын түйіндеді. Бұл сабақтағы тағы бір ерекшелік жаңа сабақ «Топтастыру» стратегиясын қолданып, топқа жіктелу тұқым қуалаушылықты зерттеу әдістері арқылы бөлініп, өз таңдауларымен 1-топ Генеалогиялық әдіс «Кластер; 2-топ: Егіздік әдіс «Фишбоун», 3-топ: Цитогенетикалық және Биохимиялық әдістер «Венн диаграммасы» 4-топ; Популяциялық және Гендік дактилоскопиялық әдістері «Инсерт» кестесін қолдану арқылы, постерлерін қорғау жұмыстарында тақырып мазмұнын, мәні мен ерекшеліктерін толық ашып көрсетете білді.

«Ой толғаныс» кезеңінде: алынған теориялық білімдерін, практикалық жұмыстар –деңгейлік тапсырмалар (I-IV) деңгейде:1-деңгей «Семантикалық» карта; 2-деңгей «Графикалық диктант» дұрыс жауабы: «ИЯ» немесе «ЖОҚ» әдісі; 3-деңгей Генетикалық есептер «Мәселені шешу» әдісі; 4-деңгей «Еркін жазу» әдісі бойынша орындалды.

Орындалған жұмыстар нәтижесі: Критериалды бағалау жүйесі бойынша жеке, жұптық, топтық, ұжымдық формада бағалау шкаласында көрсетілген ұпай сандары арқылы бағаланды. «Миға шабуыл» әдісі арқылы Каһоот викториналық –ойын тестпен білімдері қорытындыланып, Рефлексия (кері байланыс) «Мен білемін», «Мен түсінемін», «Мен жасай аламын» сатыларынан тұратын «Табыс баспалдағына» стикерлерлерді жапсыру арқылы, өз ойларын, ұтымды тұжырымдарын айта білді.

Сабақ жоспары

Пән атауы

Биология

Оқытушы

Қ.С. Болатбекова

Мамандық

0105000 «Бастауыш білім беру»

Біліктілік

0105013 «Бастауыш білім беру мұғалімі»

Сабақтың тақырыбы

$30. Адамның тұқымқуалаушылығын зерттеу әдістері

Сабақ мақсаттары

1)Білімділік:Адам генетикасының ерекшеліктерімен, зерттеу әдістері туралы түсінік қалыптастырып, білім беру.Хромосомалар арқылы тұқым қуалайтын аурулар мен ауытқуларды толық ажырата білу.

2)Дамытушылық: Әр түрлі білім көздерін қолдану ( оқулық, мәтін, сурет және слайд ) арқылы, ойларын салыстыру, анализдеу және қорытындылау қабілеттерін дамыту.

3)Тәрбиелік: Топпен жұмыс кезінде білімалушылар арасында ұйымшылдық пен сыйласымдықты ояту. Өз ата-тектерін құрметтеуге және шежірелік картаны дұрыс құра білуге тәрбиелеу.

Табысқа жету критерийі


Барлық білімалушылар: Адам тұқым қуалаушылығын зерттеудің негізгі әдістерін біледі.

Білімалушылардың басым бөлігі: зерттеу әдістерінің ерекшеліктерін түсіне отырып, салыстырады, талдайды, тұқым қуалайтын ауруларға есептер шығара алады;

Кейбір білімалушылар: Шежірелік картаны дұрыс құра біледі, тәжірибеде қолданады.

Сабақтың типі


Аралас сабақ

Қолданатын әдістер

Белсенді әдістер: болжау; проблемалық сұрақтар; миға шабуыл; семантикалық карта; графикалық диктант«ия» н/се «жоқ», мәселені шешу әдістері; смайликтер.

интербелсенді әдістер: топтастыру тәсілі; топпен жұмыс; екі жұлдыз бір тілек; кластер; инсерт, қос жазбалы күнделік; фишбоун; венн диаграмммасы; бейнефильм; табыс сатысы.

Сабақты ұйымдастыру түрлері

Жеке, жұптық, топтық және ұжымдық жұмыстар.

Қолданатын технологиялар

АКТ және СТО технологиялары, НЗМ- нің оқу бағдарламаласы. деңгейлері

Пәнаралық байланыс

Қазақ тілі, әдебиет, анатомия, медицина, тарих, математика


Өндірістік оқумен байланыс

Қосымша материалдармен жұмыс. Кәсіби бағдар

Оқу және әдістемелік әдебиеттер, интернет ресурстары

1.А.Сартаев, М.Гильманов «Жалпы биология» 10сынып, Алматы «Мектеп» 2010ж. Гугл интернет материалдары

2.«Биология және салауаттылық негізі» ғылыми-педагогикалық журнал;

1-6; 2010-2012ж

3. Асанов Н.Г.,Соловьева А.Р. А 90 Биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. –Алматы:Атамұра,2014. -224бет.

4. Т.Л.Богданова, Е.А.Солодова «Биология» справочник; М-2012г.

5. Д.Тейлор, Н.Грин, У.Стаут «Биология2»; 2004г.


Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері /

жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Ұйымдастыру кезеңі /2мин


1. Сәлемдесу

2. Топтағы білімалушыларды түгендеу.

3. Білімалушылардың көңілін сабаққа бейімдеу, ыңғайлау.

4) «5Т» ережесін сақтау:

1.Тәртіп

2.Талап

3.Тыныштық

4.Тазалық

5.Татулық

Интерактивті тақта.

презентация


II. Білімнің өзектілігі /10мин.

Білу








































































Жаңа тақырыпты түсіну /10мин.











































III.Қолдану аясы

/20мин













IV. Бекіту /25мин.


1.Қызығушылықты ояту.«Болжау» әдісі

«Хромосомалық аурулар» бейнефильмі арқылы ой шақыру.

(Өтілген материалды пысықтау).

Проблемалық сұрақтар:

--- Аутосомдар, жынысты хромосомалар дегеніміз не? Жауабы: адамның дене жасушаларында 46 хромосома бар, немесе олар 23жұп түзеді. Олардың 44 хромосомасы (22жұбы) еркектерде де, әйелдерде де мөлшері мен қызметі жағынан бірдей ұқсас болып келеді. Оларды аутосомалар деп атайды. Ал 23-ші жұпты жыныстық хромосомалар деп атайды.

--- Ағзаның жынысы қалай анықталған? Ол неге байланысты?

Жауабы: Ағзаның жынысы ұрықтану кезінде анықталған, ол хромосомалар жиынтығына, яғни кариотипіне байланысты.

--- Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не? Оны кім ашқан?

Жауабы:

Белгілердің жыныстық хромосомалары (Х және У) арқылы ұрпақтан-ұрпаққа берілуін жыныспен тіркес тұқым қуалау дейміз. Оны ең алғаш Т.Морган зерттеп ашты.

---. Гомозиготалы және гетерозиготалы ұғымдарын түсіндір (мысал келтір).

Жауабы: Адам мен жануарлардың хромосома жиынтығында аутосомалық хромосомалармен қатар жыныстық хромосомалар да болады. Аналық жыныстық хромосомалар гомозиготалы, яғни ХХ, ал аталық жыныстық хромосомалар гетерозиготалы ХУ болып келеді.

5. Логикалық есеп.

Шешесі сау (ХНХН) гомозиготалы, әкесі гемофилиямен ауыратын (Хһ У) отбасының ұрпақтары қандай болмақ?

Жауабы:


Білімалушылар бейнефильмді көре отырып, тұқым қуалайтын аурулар жынысты хромосомалар арқылы ата-анасынан ұрпақтарына беріледі деп - өз ойларын түйіндеді.

Оқытушының сөзі:

Өздерің айтып өткендей хромосомалар арқылы әртүрлі аурулар тасымалданады, осы аурулар тұқым қуалайды дедік. Бірақ, хромосомалар тек ауруды ғана емес, сол сияқты адамзат бойындағы дарындылық қасиеттерді де ұрпақтан ұрпаққа таратып осы өмірге дейін жетелеп келген.

«Атадан ұл туса игі,

Ата жолын қуса игі» деп қазақ аталарымыз айтқандай, атаның жолын қуар ұл туса, оның бойындағы бар жақсы қасиеттерді қайталар еді. осыған орай адам генетикасын бастай отырып, адам да өз алдына бір биологиялық тұлға екенін ескереміз. Соңғы жылдары адамның тұқым қуалаушылығын зерттеу кеңінен бет алған және түрлі әдістер қолдана бастаған.

Олай болса, адам генетикасын зерттеуге арналған


«Топтастыру» жасаймыз.


ГShape1 енеалогиялық әдіс; Биохимиялық әдіс

ЕShape2 Shape3 гіздік әдіс;

Shape5 Shape4 Shape6 Адам генетикасы  әдістері:


Популяциялық Гендік Цитогенетикалық дактилоскопиялық әдіс

«Мағынаны тану»

Сабақты

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!