Материалдар / БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған. Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

БИОЛОГИЯНЫ ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТА ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Пәнаралық байланыс туралы ғылыми әдебиеттерде 30-дан астам анықтамалар берілген. Мәселен, педагогикалық сөздікте: «пәнаралық байланыс оқу бағадарламаларының өзара үйлесімділігі» деп анықталған. Қазіргі кезде білімнің интеграциялануын қамтамасыз ету, оның ғылыми деңгейін арттыру, тұтастай алғанда оқушылардың танымдық әрекетіне тән дағдыларды қалыптастыру міндеті негізгі мәселелердің біріне айналып отыр. Осы арада мектептің оқу-тәрбие процесін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастыруы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысу, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірлігі, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыпты қалыптасуына мүмкіндік береді.

Ал мектеп тәжірибесінде пәнаралық байланысты жүзеге асыруда мұғалімдер біршама қиындықтарға кездесіп отырғаны белгілі. Атап айтқанда оқыту процесін тиімді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұғымдарды заңдылықтарды бір-бірімен өзара байланыстылыққа қарастыру, оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс-әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету және тағы басқа мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді.

Пәнаралық байланыстардың бір пайдалы жағы ол бүкіл оқыту ісін, бір мектептің барлық жұмысын бір жолға салуға, барлық мұғалімдерге бірыңғай талаптар қоюға және әр түрлі пәндерде ортақ мүддені шешуге жұмылдырады.

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың жолдары мынандай:

Әрбір жеке пәнді оқытқанда басқа пәндерді оқыту ісіне өз ықпалын тигізетіндей болуын көздеу;

Түрлі пәндерді оқып үйренуде – өтілетін материалдарды уақыт жағынан үйлестіріп отыру.

Оқушылардың ғылыми теориялар мен заңдылықтарды игеруін, олардың жинақтылығымен, әдістерімен, дағдыларымен сабақтастыра қалыптастыру.

Жалпы теориялық білім алуды және практикалық іскерліктер мен дағдыларды бірыңғай әдіспен жүзеге асыру.

Оқушыларға (білім алу, икемділік пен дағдыларды қалыптастыру барысында) бірдей талап қою.

Оқушылардың бір пәннен білім алуға икемі мен дағдыларын пайдалана білуге әдеттендіру.

Әр түрлі пәндердің зерттеу әдістерінің ортақтық ерекшеліктерін көрсете білу.

Әр пән сабақтарында оқылатын құбылыстардың өзара байланысын ашып, дұрыс дидактикалық дүниетаным қалыптастыру.

Қазіргі әлемнің ғылыми бейнесінің негізгі сипаттамасы қоғамдағы және табиғаттағы кешенді процестер мен факторлардың фундаментальды ролін мойындау болып табылады.

Өткен ғасырларда әлемнің ғылыми бейнесі ертеректе екі негізгі ұғым төңірегінде құрылғаны белгілі: зат және энергия. Сөйтіп, ғылыми көзқарасты қалыптастыруда негізгі рольды осы ұғымдарды сипаттайтын ғылымдар атқарады. Физика, химия, математика. Мысалы: заттар мен энергияның сақталу заң тек физика мен химияның ғана заңы емес, универсал ғылыми принципке айналды «жоқтан еш нәрсе пайда болмайды».

Бұл жағдай біздің ғасырдың басында әлемнің бейнесін җаңаша тұжырымдайтын идеяның тууына байланысты өзгере бастады. Мұндағы негізгі мәселе ұйымдастырушылық немесе қазіргі айтылып жүргендей кешенді факторларға байланысты. Дәлірек айтсақ, алдынғы кезекке жеке пәндер немесе құбылыстар ғана емес, солардың өзара байланысы мен өзара әсерлесу мәселесі қойылды.

Биологияны оқыту барысында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыруда оқушылардың атқаратын жұмыстары мен орындайтын оқу әрекеттері де түрліше болады:

  • білім алушылардың биологиядан алған білімдерін қайта жаңғырту, еске түсіру және оларды жаңа материалды игеру кезінде қолдану;

  • арнайы пәндерден алған білімдерін іске қосатын, білім алуда белгілі бір танымдық мақсатты жүзеге асыратын пәнаралық міндеттерді орындауға көмектесетін тапсырмалар мен сұрақтарды орындау;

  • бағдарламалық материалдарды терең және тиянақты игеруге, құбылыстар арасындағы себеп - салдарлық байланыстарды анықтай білуге мүмкіндік туғызатын шығармашылық бағыттағы жұмыстар орындау арқылы әр пәннің мазмұндық сабақтастығына көз жеткізу;

  • пәнаралық сипаттағы хабарлама, рефераттар, көрнекі құралдар, кестелер, сызбалар дайындау;

  • пәнаралық байланыс бойынша алған білімдерін қолдану барысында биологиялық эксперимент жүргізу.

Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы барысында қоршаған орта мен қоғам арасындағы қарым-қатынастың қарама-қайшылықтары айқын байқалады. Біз өмір сүріп отырған осы ғасыр адамзат баласының мекен ортасында бұрын соңды боламаған іс-әрекеттің ерекшелігімен сипатталуда. Осының нәтижесінде адамзат табиғатты өзгертудің келеңсіз нәтижелеріне кез болуда. Жер бетіндегі экологиялық жағдайлардың өзгеруі ғылыми-техникалық өрлеумен тығыз байланысты.

Әсіресе, адам өмір сүріп отырған биосфераға тікелей әсерін тигізіп, жер бетінің климатын, атмосфера, мұхиттардың табиғи қалпын өзгертуде. Соның нәтижесінде жер шарының барлық жерінде табиғаттың құрамдасы: су, ауа, топырақ, өсімдік, жануар, адамдар зардап шегуде. Міне, осы өзекті проблеманы шешуде уақыт талабы педагогиканың алдына адам бойындағы табиғатқа деген мәдениет, жанашырлық көзқарас, адамгершілік қатынастарын қалыптастыруды қойып отыр. Тұлғаның экологиялық көзқарасын, мәдениетін қалыптастыру, олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыру - бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Ол экологиялық тәрбие мен білім беруді, болашақ мамандардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды өмірге ендіруге тікелей байланысты. Осыған орай Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасында» осы мәселеге айрықша көңіл бөлгенін атап кеткен жөн. Бұл мәселені шешудің негізгі жолдарының бірі – оқушының санасында қоршаған орта және оны қорғау жөнінде берік білім қалыптастырып, осы бағытта тәрбиелеу жұмыстарын жүргізу нәтижесінде қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарайтын, өзін сол ортаның бір бөлігі ретінде сезінетін, табиғатты сүйетін, яғни, экологиялық сауатты, мәдениетті азамат дайындау.

Экологиялық білім беруді дамыту - педагогика ғылымының басты бағыты. Оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруда химия, биолгия, география пәндерінің зор мүмкіндігі бар, себебі бұл пәндер ғаламшардағы тіршілік құбылыстарының заңдылықтарын түсіндіріп қана қоймай, табиғатты қорғауға да шақырады. Қазіргі таңда білім беру жүйесі барлық пәндерді өзара байланыстыра, кіріктіре, сабақтастыра отырып оқыту арқылы білім беріп, оқушыларды шығармашылық іс-әрекетке үйрету, жекебас дербестігін дамыту, бойларына жауапкершілік, орнықтылық қалыптастыру мәселелерін шешу мақсатын көздеп отыр.

Пәнаралық байланыста экологиялық білім беруді ұйымдастыру, жеке пәндер мазмұнының, мәтіннің бір-бірімен өзара жымдасуын қамтамасыз ететіндей белгілі бір жүйелілікті керек етеді. Жоғары сыныптарда оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін өз көзқарастарын дұрыс қалыптастырып дәлелдей алатын сабақ түрлерін көбірек өткізу тиімді. Олар конференция, семинар, мәнжазба жазып қорғау, дебат және т.б. Мысалы, «Су және тіршілік», «Биосфера және адам», «Темекі соты», т.б. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, сабақта алған теориялық білімдерін пайдалана білуге дағдыландыру мақсатында төменгі, орта буындарда іскерлік ойындар өткізудің, ойын элементтерін пайдаланудың маңызы зор. Мысалы, бір тақырыптың бірнеше пәнде кездесуі пәнаралық байланыстың дамуына және оқушының тәжірибелік іскерлігін қалыптастырып дамытуға мүмкіндік береді.

Биологияның химиямен байланысы. Химия, биологиядан пәнаралық байланыста білім беру үшін материалдарды сұрыптағанда қоршаған ортадағы болып жатқан әр түрлі құбылыстарды жалпы және жеке заңдар мен ережелер негізінде түсіндіруге бастаса, оқушыларда қоршаған орта жүйесіндегі түрлі үдерістерге танымдық көзқарас қалыптасып, ол жалпы білімнен мамандықтарына қатысты кәсіби білімге ұласады. Ал мұндай білім беру жүйесін іске асыру үшін, ең алдымен пәнаралық байланыста оқытылатын пәннің мазмұны оқытудың мақсатын, нәтижесін анықтайтындай оқу бағдарламасында көрініс табуы қажет.

Психологиялық тұрғыдан алғанда оқу әрекеттерінің бір-бірімен ұқсастығы (ойын, бақылау, тәжірибе) физиологиялық тұрғыдан даму қарқындылығының тездігі, олардың берілген білімді игеруге ынталылық, ондағы қойылған басты мақсатқа жетуге қызығушылық, ол білімді қабылдағыштығы мен беріктігі, сапалылығы сияқты қасиеттерінің өзі пәндермен экологиялық байланыстылықты, сабақтастықты ұғындырудың нәтижесі болуға негіз болып, ойды толық түсінуге мүмкіндіктер тудырады.

Химия, биологияның тақырыптары мен олардағы материалдар бойынша пәнаралық байланыста беруге болатын ғылыми экологиялық ұғымдар, экологиялық білім оқушылардың мүмкіндігінше тиімді пайдалану негізге алынған. Оқу құралдарының мазмұны, оқытудың формалары, мұғалімнің оқытудағы іс-әрекеті мен тұлғаның оқу әрекеттерінің қабысуы негізінде оларда теориялық біліммен қатар адамгершілік, инабаттылық тәрбиесін жоғары деңгейге көтеру мақсаты жүзеге асады.

Жаратылыстану пәндерінен экологиялық білім беруге пәнаралық байланысты тудыра отырып, керекті қосымша әдебиеттер және күнделікті ақпарат құралдарынан алынатын мағлұматтар мен ғылыми – экологиялық материалдар жүйесі дайындалуы тиіс. Ал оқулықтан және жинақталған оқу материалдарынан оның тиімді тұстарын анықтап, таңдап алуы мұғалімнің шеберлігіне байланысты.Жаратылыстану пәндерін пәнаралық байланыс арқылы оқытудың тиімділігін арттыруда мына мәселелер даралап алынып қарастырылады:

- пәнаралық байланыс негізінде берілетін экологиялық білімнің қажеттілігін дәлелдеу;

- экологиялық білім беруде химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысында қандай тақырыптарды оқыту керектігі;

- пәндер арасындағы өзара байланыс қандай бағытта жүзеге асады және қандай тақырыптарды өзара байланыстыруға болады;

- пәнаралық байланысты қандай формада және қандай әдіспен оқыту керек;

- пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім берудің нәтижесі қандай болмақ.

Химияны немесе биологияны пәнаралық байланыста оқыту үдерісінде мына міндеттер іс жүзіне асырылады:

- химияның немесе биологияның жаратылыстану пәндерімен байланысын үздіксіз қолдана отырып, экологиялық білім алуда, зертханалық, сарамандық жұмыстарға шығармашылық деңгейге көңіл бөлу;

- зертханада, өндірісте, қоршаған ортада, табиғатта және күнделікті тіршілікте байқалатын сандық, сапалық өзгерістерді бақылауда өзінің білімін қолдана білу және сол арқылы экологиялық проблемалардың мәнін түсіну;

- пән бойынша алған білім жүйесін басқа пәндерде алынған білім қорымен байланыстырып, табиғат туралы материалистік көзқарас қалыптастыру;

- ағзалармен, табиғи заттармен, оларды зерттеп-танып білуге қажетті көрнекі және техникалық құрал –жабдықтармен жұмыс жасай білудің біліктері мен дағдыларын қалыптастыру;

- экологиялық білім, білік, дағдыны оқу үрдісінде, өмірде, қоғамға пайдалы еңбекте жүзеге асыра білуге үйрету;

- тұлғаның экологиялық білім, білік қалыптастырудағы шығармашылық дербестігін қалыптастыру, табандылығын тәрбиелеу;

- тұлғаның пәнге көзқарасын, икемі мен құштарлығын пәнаралық байланыс негізінде экологиялық білім бере отырып дамытып, болашақ мамандықтарына бағдар беру. Бұл келтірілген мақсат пәнді оқытудың бағдарламада көрсетілген міндеттерімен тығыз байланыста жүзеге асырылатыны анық. Жаңа әлеуметтік экологиялық бағдарда пәнаралық байланыстағы экологиялық білімді жетілдіруді талап етудің маңыздылығы, ғылым мен техниканың жаңа жетістіктерін жоғары сатыдағы жылдам түбегейлі меңгеретін, табиғат заңдылықтарымен санаса білетін білікті тұлға қалыптастыру болып табылады. Химия және биология пәндері басқа да жаратылыстану пәндерімен өте тығыз байланыста болады. Қазіргі кезде білім беру саласына қойылып отырған басты міндет – білім сапасын көтеру, компьютерлендіру, интернет, компьютерлік желі, электронды оқулық дайындау және пайдалану. Бұлардың барлығының қазіргі заман талабына сай білім алуына, білім сапасын арттыруда тигізер әсері мол. Қазіргі таңда оқытылатын пәндер оқушылардың болашағы, таңдайтын мамандығына қарай бағытталуда, яғни мақсатты білім беру ісіне ерекше мән беріле бастады. Бұл мақсатқа жету үшін оқушының өзі арқылы ойлау қабілетін дамытады. Оқушы белгілі білім жинақтайды, оны өз тұжырымына салып қорытады, қабылдайды. «Нені ұғындым, қалай ұғындым?» деген сұрақтарға жауап беру арқылы өзінің жинақтаған білімін ой елегінен өткізеді. Ендеше сабақтардағы пәнаралық байланыс оқушының бүкіл дүниесімен, табиғатпен, қоғаммен қатынас жасауына бағыт болып саналмақ.

Бізге дейінгі пәнаралық байланыстар туралы берілген еңбектерде негізінен оқу пәндері арасындағы байланыстар екі түрлі жолмен жүзеге асады. Олар:

  • уақытша (хронологиялық);

  • мазмұндық.

Пәндердің хронологиялық жолмен байланыстары оның оқылу уақытын белгілеуді керек етеді. Мазмұндық – бұл негізінен ғылыми ұғымдарды байланыстырып түсіндіру.

Бұл пікірлерді біз де қолдаймыз. Дегенмен, біздің зерттеуімізде пәнаралық байланыс төрт түрлі жолмен жүзеге асырылды:

  • теориялық-мазмұндық байланыс. Мұнда пәндер бағдарламасындағы теориялық материалдардың сабақтастығын жүзеге асыру;

  • пәндер мазмұнына сәйкес жүргізілетін тәжірибе жұмыстарының байланысы;

  • біліктілікті қалыптастыратын сарамандық жұмыстардың байланысы;

  • пәндердің мазмұндық байланысын күшейтуге бағытталған сыныптан тыс жұмыстардың байланысы.

Пәнаралық байланыстар зерттеу әдістерінің ортақтығы бойынша да ашылады. Биология пәнін арнайы пәндермен байланыстырудың үш кезеңі бар: алдын ала, ілеспе, болашақта орындалатын. Алдыңғы пәнаралық байланыстар – биология курсы материалдарын оқыту кезінде басқа пәндерден бұрын алған білімдеріне сүйенеді. Ілеспе пәнаралық байланыстар – бұл бірқатар теориялық мәселелер мен ұғымдар бір мезгілде химия бойынша да, арнайы пәндер бойынша да қатар жүзеге асып оқытылатын байланыстар. Болашақта орындалатын пәнаралық байланыстар арнайы пәндерде химия пәнінен бұрын алған білімдерін қолдану.

Оқу пәндерінің құрылымы мен пәнаралық байланысы оны оқыту үрдісінде материалдардың мазмұндық бірлестігін, сабақтастықтарын табуды көздейді. Өз кезегінде пәнаралық байланыстар оқу пәндері құрылымын қалыптастыруға, білім мен біліктің «жүйеаралық компоненттерін» оқу-танымдық қызметтің жалпылама ұғымдары мен тәсілдерін бөліп қарауға әсер етеді.

Пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығымен қатар мазмұндық, іс-әрекеттік, ұйымдастырушылық – әдістемелік, практикалық өндірістік т.б. қызметтерде жан – жақты белсенділік көрсетуі күшейеді. Пәнаралық байланыс ең алдымен оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттырудың себебіне айналады. Оқушылардың іс - әрекетке танымдық, кәсіптік дербестігін пәнаралық байланыстар негізінде дамыту жеке тұлғаның дүниетанымдық, құндылық бағдарын қалыптастырумен өзара тығыз байланыста өтеді. Әдістемелік әдебиеттердегі тиімді ұсыныстар, оқытудың алдыңғы қатарлы үлгісі және өзіміздің іс-тәжірибеміз пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың төмендегі түрлерін саралауға негіз болды:

  • оқытылатын материалдардың мазмұны бойынша;

  • қалыптастыруға тиісті білік түрлеріне байланысты;

  • оқытудың әдістері мен құралдарына байланысты (кесте1)


Кесте 1 – Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру түрлері

Пәнаралық байланыс мазмұны

Қалыптастырылатын біліктілік

Оқытудың әдістері мен құралдары

1. Биологияны арнайы пәндерде оқытылатын заңдар мен құбылыстар-

дың теориялық негіздері-

мен байланыстыру.

Теориялық мазмұн байланысын дәлелдейтін іс әрекет (ауызша және жазбаша шешім қабылдау, жоспарын құру т.б)

Проблемалық эвристикалық, репродуктивтік, алгоритм-

дік,шығармашылық, көрнекі

лік зерттеу т.б.

Құралдары: слайдтар, мультимедиялық, техникалық құралдар т.б.

2. Биология сабақтарында заңдар мен құбылыстарды бейнелейтін және арнайы пәндер бойынша ұйымдастырылатын зертханалық жұмыстар мазмұнын байланыстыру

Бақылау өлшеу аспаптарын пайдалана білу; ерітінділерді дайындау; титрлеу операцияларын орындау және т.б.

Тәжірибе, бақылау, талдау, салыстыру, қорытындылау.

Құралдары: зертханалық аспаптар мен құралдар, қондырғылар т.б.

3. Оқылатын материалдар бойынша деректер, құбылыстар, ұғымдарды меңгеруге бағытталған студенттердің өзіндік жұмыстарын ұйымдас-

тыруды байланыстыру

Есептерді математикалық өңдеу, графикалық немесе технологиялық шешу; мағыналық шешу, шешім алгоритмін ойша есеп құрастыру

Биологиялық реакциялар жүргізу, нәтижесін шығару, есептер жүргізу, тестік тапсырмалар орындау

Құралдары: химиялық реактивтер, тестік тапсырмалар

4. Биология мен арнайы пәндердің деңгейлік тапсырмалары мен сұрақтарын байланыстыру

Оқушылардың интеллектуальдық біліктілігін көрсететін жауаптарының дәлелділігі, аналитикалық химия мен арнайы пәндердің ұқсас құбылыстары мен заңдылықтарын салыстыру

Сөздік әдіс, дәлелдеу, салыстыру, қорытынды шығару

Құралдары: деңгейлік тапсырмалар, жұмыс дәптері

5. Үй тапсырмалары арқылы биология мен арнайы пәндердің байланысын қамтамасыз ету

Реферат дайындау, баяндама жасау, терминологиялық сөздіктер, слайдтар құрастыру

Практикалық іс әрекеттер орындауға бағытталған әдістер

Құралдары: слайтар, сөздіктер т.б.

6. Биология мен арнайы пәндерді байланыстыруға арналған сыныптан тыс жұмыстар

Топсаяхат кезінде өндіріс зертханасындағы анықтау-

ларды оқу зертханалық жұмысымен салыстыру, бақылап көргендері бойынша талдау

Тесттердің түрлері, ғылыми тақырыпты қорғау, олимпиадалық есептерді шығару


Төменде орта мектептерде биология мен арнайы пәндерді байланыстыра оқытудың құрылымдық – мазмұндық моделі ұсынылған (сурет 1).

Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру үшін оқытушыға төмендегідей талаптар қойылады:

  • оқу үрдісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында оқу әдістемелік жұмыстарды ұйымдастырудың негізгі принциптерін білу;

  • білім беру жүйесіндегі пәнаралық байланыстардың ролін түсіну және оларды дамыту перспективаларын көру;

  • оқу үрдісінде пәнаралық байланыстардың мазмұндық, іс-әрекеттік ерекшеліктерін білу;

  • оқыту үрдісінде пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың психологиялық-педагогикалық негізін білуі.

Пәнаралық байланыстың оқушылардың кәсіптік дайындығында педагогикалық мүмкіндігін анықтау барысында ең алдымен техникалық және кәсіптік білім беру жүйесіне арналған мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарының білім алушыларға қоятын талаптарын саралауға тура келді. Сол арқылы пәнаралық байланыстың болашақ мамандардың білім сапасын көтеруде алатын орынының ерекшелігі айқындалды.



Shape36 Shape35 Shape34 Shape33 Shape32 Shape31 Shape30 Shape29 Shape28 Shape27 Shape26 Shape25 Shape24 Shape23 Shape22 Shape21 Shape20 Shape19 Shape18 Shape17 Shape16 Shape15 Shape14 Shape13 Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape5 Shape4 Shape3 Shape2 Shape1

Нәтижесі: оқушылардың жаратылыстану ғылымдарына деген қызығушылықтарының артуы.


- интеллектуалдық;

- зертханалық жұмыстарды орындау;

- әдебиеттермен жұмыс істей білу;

- шығармашылық қабілеттілік пен ойлауды дамыту.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!