Материалдар / Біратомды спирттер
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Біратомды спирттер

Материал туралы қысқаша түсінік
Спирттердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясымен физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру спирттердің зияны және пайдасы туралы мағлұматтар беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Маусым 2018
3523
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Химиядан сабақ жоспары. Пән мұғалімі:Тойлибаева Саулегуль

Сабақтың тақырыбы: Біратомды спирттер

Сабақтың мақсаты:

Спирттердің классификациясы, номенклатурасы, изомериясымен физикалық, химиялық қасиеттерімен таныстыру спирттердің зияны және пайдасы туралы мағлұматтар беру.

 Дамытушылық. Оқушылардың шығармашылық, танымдық ойларын арттыру, оттекті органикалық  қосылыстардың  құрылысының ерекшелікерін түсіндіре отырып тақырыпты меңгерту мәселені шешу жолын іздеуге, жалпы диалогтарға қатысу, басқа оқушыны тыңдау.

 Тәрбиелік: Оқушылардың қызығушылығын артыру мақсатын, практикалық және ой мәдениетінің еңбегін түзету жолдарын, өзін-өзі бағалай  алуға тәрбиелеу


Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. Оқушылардың көңілін сабаққа аудару. Сабақтың жалпы мақсатын ашу ,оны өткізу жоспарын көрсету.

Уй тапсырмасын тексеру кезеңі.

Білімді жаңғырту:мұғалімнің түсіндіру кезеңі.
Біз органикалық қосылыстар тақырыбының үлкен класын аяқтадық. Олар тек екі элементтен тұратын, көміртек және сутектен.
Сұрақ: Тағы қандай химиялық элементтер органикалық қосылыстар құрамына кіреді?
Жауап: оттек, азот, фосфор, күкірт.
ІІ.Жаңа тақырып.

Біз органикалық қосылыстардың жаңа класын қарастырамыз. Онда қосылыстарға көміртек пен сутектен басқа оттек кіреді. Бүгін біз құрамында оттегі бар функционалдық топтары бар жаңа тарауды бастаймыз, ол- спирттер деп аталады.

Сұрақ: Функцоналдық топтар дегеніміз не?

Жауап: ФТ – белгілі бір органикалық қосылыстарға тән , солардың химиялық қасиеттерін анықтайтын атомдар тобы.

Малекулаларында көмірсутек радикалымен байланысқан гидроксил тобы бар заттар спирттер деп аталады.

Ең қарапайым жағдайда спирт құрылымын мынадай формуламен білдіруге болады:

R – OH, бір атомды спирттердің жалпы формуласы: CnH2n+1OH


мұндағы R – көмірсутек радикалы. ИЮПАК халықаралық атаулар жүйесі бойынша спирттерді көмірсутектердің атына –ол деген жұрнақ қосып атайды


Таблица 1

Спирттердің кейбір маңызды өкілдері:

Формуласы

Аттары

CH3OH

Метанол, метил спирті

C2H5OH


Этанол, этил спирті

C3H7OH


Пропанол, пропил спирті

C4H9OH

Бутанол, бутил спирті

C5H11OH

Пентанол, пентил (амил) спирті

C6H13OH

Гексанол, гексил спирті

C6H13OH

Гептанол, гектил спирті





Мұғалім: Егер адам ағзасы тұрғысынан қарасақ барлық спирттер – «у» болып табылады. Спирт молкулалары тірі жасушаға кері әсер етеді. Спирттер –алкандардың ескі атауы алкоголь деп аталады.

Презентация: «Алкогольдің адам ағзасына әсері»

Бүгінгі классификацияға сүйенер болсақ спирт ксенобиотиктерге жатады. Яғни олар адам ағзасында жоқ, бірақ адам өміріндегі қолданыста рөл атқарады. Ксенобиотиктер үш топқа бөлінеді.
Қоректік заттар ретінде- адам ағзасындағы энергияға жауап береді.
Дәрілік заттар ретінде- адам ағзасында биохимиялық процестерге қатыса отырып өзімізді жақсы сезінуімізге жауап береді.

Улы заттар : Адам ағзасының жұмысын бұзады немесе өлімге алып келеді.

Этиль спирті осы аталған үш топқа да жатады. Алкогольді көп тұтынған жағдайда ең алдымен бауыр зардап шегеді, себебі бауыр этонолдың ыдырауына жауап береді. Алкогольді көп тұтыну адам ағзасындағы зат алмасуларды тоқтатады және дәрумендердің азаюына, иммунитеттің әлсіреуіне әкеледі. Этиль спирті есірткі болып табылады. Ол адамның ми жүйесіндегі біздің эмоцияларымызға жауап беретін бөлігін зақымдайды.


Тапсырма: спирттердің шаростержнді моделін жинау .

( мұғалім өзі метанол спиртінің моделін жасайды, жасау барысында С, О, Н малекулаларының арасы 109º28´ градус болып келуіне назар аудартады).

Оқушылар өздерінің үстелдерінде алып келген ермексазбен сіріңке талдарынан спирт модельдерін жасайды.

1 топқа – этил спирті;

2 топқа – пропил спирттерінің моделдерін жасау тапсырмасы беріледі.


ИЮПАК ережесі бойынша спирттерді атау:

1 - мысал:

Құру тәртібі:

1. Көміртек тізбегі годроксотоп жақын орналасқан жағынан бастап нөмірленеді

2. Негізгі тізбек құрамында 7 көміртек атомы бар, яғни тиісті көмірсутек -гептан.

3. –ОН саны 2, яғни префиксі – "ди".

4. Гидроксотоп 2 және 3- көміртегі атомында орналасқан, яғни n = 2 және 4.

Берілген спирттің атауы - гептандиол-2,4.


2- мысал:




Спирттердің гомологтық қатары .

CH3OH – метил спирті

CH3 – CH2 – OH – этил спирті

CH3 – CH2 – CH2 – OH – пропил спирті

CH3CH2CH2CH2OH – бутил спирті

CH3 – CH2 – CH2 – CH2 – CH2 – OH –амил спирті немесе пентанол спирті


Спирттердің изомериясы:

Бір атомды қаныққан спирттерге тән изомерия


а) функционалдық топ орналасуы бойынша изомериясы:


б) көмірсутек қаңқасы изомериясы


в) класаралық изомериясы:


Спирттердің физикалық қасиеттері:Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер өздеріне тән иісі бар сұйық заттар, С11-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес көмірсутектердің қайнау температурасынан жоғары болады. Себебі спирттерде молекулааралық сутектік байланыс түзіледі. Спирт молекуласында электртерістігі жоғары оттек атомы сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады: 5- 8+ R-0-H Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: R — О... Н - О... Н - О... I I I Н R



Химиялық қасиеттері.

1.Спирттердің сілтілік және сілтілік жер металдармен әрекеттесуі

2С2Н5ОН + 2Na2С2H5ONa + H 2

2. Жануы

С2Н5ОН +3О2  2 СО2 + 3Н2О

3. Спирттердің тотығуы :

а) біріншілік спирттердің тотығуы:

(О)

СН 3 – СН 2 – ОН    СН3 – СОН  СН3– ССООН

этанол -Н2О сірке қышқылы

б) екіншілік спирттің тотығуы:

(О)

СН3 – СН2 – СН 3  СН3 –С – СН 3

ОН -Н2О О

Пропанол -2 ацетон



4. Спирттердің дегидрленуі:

Cu,t

СН3 – СН2 – ОН →  СН3 – СОН + Н 2

Н

5. Галоген сутектерімен әрекеттесуі

С2Н5ОН + НBr →2C2H5Br + H2O

Этанол бромэтан

6. Дегидратациялану:

Н Н  H2SO4 конц

Н - С - С – Н →→ Н2С = CH2 +H 2 O

H OH 170º C

7 Эфирленуі:

C2H OH + HOC2H5  → C2H5 - O- C2H5 + H 2 O

метилэтил эфирі

 Сабақты қорыту:

1.Заттың құрылымдық формуласын жаз.

А) пропанол - 1

Ә) 2,2 – диметилбутанол -4

Б) 2,3,4,5 – тетраметилгексантриол -1,4,6

В) 2- метилпропанол -2

2. Сәйкестік тесті:

1. 2СН 3 ОН +3О 2  А) ... С 2 Н 5 ОNa + H 2

2. C 2 H 5 OH + CuO B) … C 4 H 8 + H 2 O

3. C 4 H 9 OH C) … C 3 H 7 Br + H 2 O

о

4. 2C 2 H 5 OH +2 Na D) … CH 3 – C +H 2 O + Cu

н

5.C 3 H 7 OH + НBr E) … 2CO 2 + 4H 2 O

6. Есеп шығару дағдысын қалыптастыру. 4 г этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) СО 2 түзіледі?

Бер: Шешуі:

M(C 2 H 5 OH) =4 г С 2 Н 5 ОН+3О 2  = 2СО 2 + 3Н 2 О

т/к v (CO 2 )- ?

Сабақ қорытындысын шығару кезеңі.

- жекелеген оқушылар мен сынып жұмысына баға беру.Сабақтың кемшілігі мен қорытындысын шығару. Баға қою.

Үйге тапсырма: Спирттер.Параграф 8.1, 8.2 ( спирттерді алуға дейін) -оқу, жатт. 3,4,5 - жазбаша орындау. (172бет)


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!