Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Бірлестік хаттамасы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Хаттама №1
Химия, биология пәндері бірлестігінің отырысы
28.08.2024 ж.
Қатысқандар: 13
-
2024-2025 оқу жылына арналған оқу бағдарламасын қарап, пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын бекітіп, бірлестік жоспарын қарап шығу.
-
2024-2025 оқу жылына арналған ашық сабақтар кестесін құру
-
Өткен оқу жылы бойынша қорытынды жасау
-
І тоқсанға арналған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын талдау, мақсаттарға бөлу
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе жөнінде бірлестік жетекшісі Амангалиева Фариза өз сөзін бастады. 2024-2025 оқу жылына арналған оқу бағдарламасын қарап, пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспарын бекітіп, жоспарындағы болатын өзгерістерді, жылдық аптаның өзгерісі туралы атап өтті. Биылғы оқу жылы 34 аптаны құраса, әр тоқсан соңындағы демалыстың күндерін атап өтті.
Күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша 2024-2025 оқу жылына арналған ашық сабақтар кестесін құрдық. Әр пән мұғалімі жылдық ашық сабағы мен ашық тәрбие сағаттарының тақырыптарын бекітті. Отеулиева Айымгүл екінші мәселе бойынша өз ойын қосты:
- Ұстаздар, биылғы оқу жылын ойдағыдай жоғары деңгейде алып шығайық. Менің екінші мәселе бойынша қосарым, ашық сабақтың хабарландыруын бір-екі күн бұрын жариялап, ақпарат беттеріне немесе мұғалімдер кабинетіне міндетті ілінуі керек. Ашық сабақ кезінде барлық мұғалім толық қатысуын талап етуіміз қажет. Ашық сабақтарды бірлестік отырысында талқылауды міндетті деп табайық. Жас мамандар бар, еңбек өтілі жоғары мамандар бар барлығымыз бірге талдап, қате немесе кем тұстарын, тиімді пайдаланған тұстарын атап өтейік.
- Йя, осы мәселеге тоқталғанымыз жақсы. Өйткені, жас маман мен еңбек өтілі бар маман арасында байланыс орнаса білім толысады, - деп, Тұрмамбетова Марал өз сөзін қосты.
Келесі мәселе бойынша Джугинисова Толганай өткен оқу жылы бойынша оқушылардың үлгерімі мен тәртібімен таныстырды. Биылғы оқу жылы сапасы өткен жылғыға қарағанда жоғарылау керектігін тапсырды. Ол үшін оқушымен қарым-қатынасты тиімді пайдаланып, білім сапасын арттыру қажеттігін ескертті.
Соңғы күн тәртібіндегі мәселе, І тоқсанда болатын БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларының оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырма көлемі мен мақсаттардың айқындылығын зерттедік. Орындау уақытын бекіттік. 9 сыныпқа дейін ТЖБ жоғары ұпайы 25 баллды құраса, 10-11 сыныптарда 30 баллды құрайды.
Отырыс соңында Джугинисова Толганай «Биология сабағында белсенділікті арттырудың заманауи әдіс-тәсілдері» тақырбында баяндама оқыды. .
Қаулы:
-
2022-2023 оқу жылына арналған оқу бағдарламасын қарап, пән мұғалімдерінің күнтізбелік-тақырыптық жоспары бекітілсін
-
2022-2023 оқу жылына арналған ашық сабақтар кестесін құрылсын
-
Өткен оқу жылы бойынша “Жақсы” деп бағалансын
-
І тоқсанға арналған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын талдап, мақсаттарға бөліп, тапсырма дайындалсын.
Жиналыс төрайымы: Амангалиева Ф.
Жиналыс хатшысы: Байтілетова А.
Хаттама №2
Пән бірлестігінің кезектен тыс отырысының хаттамасы
07.09.2024 ж.
Қатысқандар: 13
Күн тәртібінде:
-
0 срез қорытындысы
-
Үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жасақтау.
-
Үлгерімі төмен оқушылардың біліміндегі алшақтықты жоюға бағытталған жоба ұйымдастыру
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі 1,2 мәселе бойынша бірлестік жетекшісі Амангалиева Фариза сөз алып, 5-9 сынып оқушыларынан 20 сұрақтан тест алынды. Тест нәтижесінде үлгерімі төмен оқушылар аныкталды Срез қортындысымен мониторинг жасалды
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмысты ұйымдастыру үшін негізгі критерийлер ;
-
Пәннің оқу бағдарламасы бойынша білік пән оқу- танымдық қызмет дағдыларының қалыптаспауы;
-
Білім алушы оқу тапсырмаларын орындай алмайды немесе орындауға қиналадыэ;
-
табысты оқыту ншін қажетті жеке қасиеттердың даму деңгейінің жеткіліксіздігі,дербестік, ұйымшылдық қөріністері;
-
білім алушының білім олқылықтарына байланысты эмоциялық жайсыздығы.
1.Педагог;
1.Білім алушылардың қиындықтарын, оқу жетістіктерінің деңгейін және білімдегі олқылықтарды анықтайды;
2. Жеке қолдау көрсету ншін білім алушының қажеттіліктерін зерделейды;
3. Сараланған тапсырмаларды таңдай отырып, білім алушылармен жұмыс жүргізеді;
4. Тұрақты кері байланыс жүргізеді;
1 Педагогикалық ұжым (әдістемелік бірлестіктер) іске асырады;
-
педагогтердің сабақтарды бірлесіп жоспарлауы, олқылықтарды есепке ала отырып, сабақта білім алушылардың оқу қызметін ұйымдастыру (оқу материалын қайталау, бекіту,олқылықтарды жою үшін оқу тапсырмаларын орындау, қателерді талдау және жою бойынша оқу қызметін алгоритмдеу және т.б.);
-
Оқу қызметі барысында сүйемелдеу және кеңес беру;
-
Сабақта психологиялық бейімделуді қамтамасыз ету;
-
Оку қызметін ынталандыру (көтермелеу, табыс жағдайларын жасау ,оқу процесіне белсенді қатысуға ынталандыру және т.б)
-
Білім алушылардың оқу қызметі мен жетістіктерінің мониторингі (білім алушылармен тұрақты сауалнама жүргізу,оқу тапсырмалардың орындауын тексеру, кері байланыс, өзін-өзі бағалауды жандандыру жуне,т.б)
-
қосымша сабақтар және өзара көмекті ұйымдастыру ;
-
Білім алушыларға қолдау көрсету бойынша ата-аналармен жұмыс
2 Педагогтарға арналған ұсыныстар:
-
оқу мақсаттарын,өткен және ағымдағы оқу жылындағы сабақтардың тақырыптарын интеграциялау;
-
Өткен оқу дылының материалдарын жаңа оқу жылының барлық кезеңіне пәндер бойынша бөлу;
-
Жаңа тақырыпты/оқу мақсатын түсіндіргенге дейін оқу материалын қайталап шығу;
-
Білім алушыларда қиындық тудырған тақырыптар бойынша сабақтар өткізу;
-
Күрделі тақырыптар/оқу мақсаттары бойынша білім алушылармен жеке және топтық жұмыс жүргізу;
-
Формативті бағалау жүргізу кезінде өткен бағдарлама бойынша оқу тапсырмаларын енгізу.
-
ші мәселе сыныптарға қоңырау арасында “Көңілді қоңырау” ұйымдастыру арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру қажет. Осы жоба бойынша жоспар құрып, жұмыс жаслауы керек.
ҚАУЛЫ:
-
0 срез қорытындысы бойынша үлгерімі төмен оқушылармен жұмыс жоспарын жасақтау пән мұғалімдеріне тапсырылсын.
-
Үлгерімі төмен оқушымен жұмыс жоспарын жасақтау әр пән мұғаліміне жүктелсін.
-
Үлгерімі төмен оқушымен білім сапасын арттыру үшін жоба ұйымдастырылсын.
Жиналыс төрайымы: Амангалиева Ф.
Жиналыс хатшысы: Байтілетова А.
Хаттама №3
Химия- биология пәндері бірлестігінің отырысы
29.10.2024 ж.
Қатысқандар: 13
-
Оқу жылының І тоқсанының қорытындысы.
-
Бірлестік апталығының жоспарын құру
-
БЖБ, ТЖБ талдау жасау. Қиын мақсаттарды айқындау
Тыңдалды:
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе жөнінде бірлестік жетекшісі Амангалиева Фариза өз сөзін бастады. Оқу жылының І тоқсанындағы оқушылардың үлгерімі мен тәртібімен таныстырды. Бүгінгі күн тәртібіндегі алғашы мәселе бойынша Стыбаева Жамила өз қойын қосты.
-Биылғы оқу жылы 9-шы және 11-ші сынып арасында химия-биология пәнін таңдап отырған оқушылар болады. Сол себепті біздің басты мақсат химия-биологияға мықты дайындалу керек. Өйткені, әрбір сыныптан кемінде 3-4 оқушыдан таңдап отыр. Ендігі мәселе қалай дайындау керек? Жылдағы оқу жылында таңдау пәні жазбаша түрде келеді. Сондықтан, тестке көбірек көңіл бөлейік, - деді Отеулиева Айымгүл апай. Жыл соңындағы қорытынды аттестаттауға оқушыларды қазірден дайындау барысы туралы әр мұғалім өз пікірімен бөлісті.
Бірлестік апталығына қажетті жоспарды құрды. Әр мұғалімге бір тапсырма берді. Апталық биылғы оқу жылында жаңа түрде, креативті болатындықтан, жаңа тақырыптар мен тың идеялар айтылды. Апталықтың ашылу жіне жабылу салтанаты жылдағыдан өзгеше болмақ. “Макеттер сайысы”, “Тәжірибе алаңы”, “Ғылыми жұмыс жазу үлгісі” сияқты тақырыптарды қамтыды.
І-ші тоқсан қорытындысы бойынша ТЖБ мен БЖБ талдау жүргізілді. Әр БЖБ мен ТЖБ.дағы қиындық келтірген мақсаттарға тоқталып, оларды келесі сабақ жоспарына тапсырма беру арқылы оқушыларды қайта дайындау қажет екендігі айтылды. Мақсаттардағы аз ұпай жинаған оқушылармен де жеке жұмыс жасалуы қажет екені ескертілді.
Келесі тоқсанда өтетін ТЖБ мен БЖБ тапсырмаларының оқу мақсаттарына сәйкестігін, тапсырма көлемі мен мақсаттардың айқындылығын зерттедік. Орындау уақытын бекіттік. 9 сыныпқа дейін ТЖБ жоғары ұпайы 25 баллды құраса, 10-11 сыныптарда 30 баллды құрайды. Ал БЖБ ұпайлары сәйкесінше сыныпқа байланысты 12 ұпайдан 20 ұпайға дейін құрады. БЖБ барысы 2 негізгі мақсатты құрап, оған 4 тапсырма құрастыру көзделді. Ал ТЖБ 4 негізіг мақсатты құраса, оған сәйкес 8 тапсырма дайындауды тапсырды.
Сонымен қатар, мұғалімдердің қосымша пікірлері мен ойларына қосымша уақыт бөлінді. ІІ тоқсанда болатын ашық сабақтар мен олимпиадаларға көңіл бөлу ұсынылды.
Қаулы:
1. І тоқсан қорытындысы бойынша пәндік сапа «қанағаттанарлық» деп табылсын.
2. Апталықтың жоспарын дайындау және жүзеге асыру пән мұғалімдеріне тапсырылсын.
3. БЖБ мен ТЖБ.дағы қиындық келтірген мақсаттарға тоқталып, оларды келесі сабақ жоспарына тапсырма беру арқылы оқушыларды қайта дайындау қажет деп табылсын.
4. ІI тоқсанға арналған БЖБ мен ТЖБ тапсырмаларын талдап, мақсаттарға бөліп, тапсырма дайындалсын.
Жиналыс төрайымы: Амангалиева Ф.
Жиналыс хатшысы: Байтілетова А.