Материалдар / “Бірлік туы” және “Сарыарқа” газеттерінің қазақ қоғамындағы рөлі, халыққа тигізген пайдасы
25 ҚАЗАН
Республика күніне арналған ашық тәрбие сағаты
Дайын материалдарды жүктеп алыңыз

“Бірлік туы” және “Сарыарқа” газеттерінің қазақ қоғамындағы рөлі, халыққа тигізген пайдасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ газеттері туралы
Авторы:
18 Қазан 2024
53
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАҚАЛА


Бірлік туы” және “Сарыарқа” газеттерінің қазақ қоғамындағы рөлі, халыққа тигізген пайдасы

Кезінде ұлт қамын ойлап ,шарқ ұрған “Бірлік туы “және “ Сарыарқа” газеттері бодан елдің санасына тәуелсіздік рухын сіңіріп ,жұртты оятқан және қазақтың жалпыұлттық демократиялық басылымдары болды. Екі газеттің де тарихтағы маңызы қазақ қоғамының дамуында, ұлттық сана-сезімнің қалыптасуында және әлеуметтік-саяси мәселелерді қозғауда көрінеді. Олар халықты ақпараттандырып, мәдени және ұлттық идеяның нығаюына ықпал етті.

Бірлік туы” газеті 1917 жылдың ақпан төңкерісінен кейін Ресейде қос үкімет орнап өмір мен өлім үшін шайқас жүріп жатқан кезде Большевиктер Ресей мен Шығыстың мұсылман еңбекшілеріне :”Құр уақыттарыңды өткізіп алмандар ,өз елдеріңіздің қожайыны өздеріңіз болуға тиіссіздер !Тұрмыс – тіршіліктеріңізді өз қалау ықтиярларыңызға және салт- дәстүрлеріңізге сай құруға тиіссіздер” деп ұран тастайды. Өзгелерге қосылып қазақ зиялылары да Николай екінішінің тақтан құлауын халыққа бостандық келді деп санайды, сондай ақ бостандыққа бар ынта жігерімен ұмтылады. Осы кезде “ Бірлік туы” газеті қазақ ұлттық партиясының органына айналып , оған алғашқы екі нөміріне М. Шоқайұлы, одан кейіңгі он төрт санына Х. Болғанбайұлы , он алтыншы санынан соңғы нөміріне дейін С . Қожанұлы редакторлық еткен.

Бірлік туының бағыты қандай еді ?” – деген сұраққа газет бетінде жарияланған мақалаларға сүйене отырып , осындай тұжырымдарға келуге болады

Біріншіден , газет автономияны жақтады .Алаш идеясын риясыз қабылдады. Жалпы қазақ съезініңің шешімдерін орындауды мақсат етті.

Екіншіден, саяси қараңғы қазақ халқының сауатын ашуға , оқу -ағарту мәселелріне баса ден қойды.

Осымен ұштас “Сарыарқа” газеті 1917-1918 жылдары Семей қаласында шығып тұрған. Газеттің жауаты шығарушысы – алаштың ардақты азаматы , кейіннен кеңестік саясаттың құрбаны болған Халел Ғаббасұлы. “Сарыарқа “ газетінде көтерілген басты мәселе : қазақ мемлекетін жасау , жоғалған елдікті қайта қалпына келтіру және алаш өкіметін құру болды. Ең бастысы сол жылдардағы қазақ қайраткерлерінің іс – қимылдарымен де осы газеттен танысуға болады. Бұл басылым қазақ қоғамындағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді, сондай-ақ, ауыл шаруашылығын дамытуға арналған реформаларды жариялап, қоғамдық пікірді қалыптастыруда маңызды болды.

«Бірлік туы» және «Сарыарқа» газеттері қазақ халқына зор пайда әкелді. Олар ұлттық сана-сезімді ояту, халықты ақпараттандыру, білім мен мәдениетті дамыту, қоғамдық пікір қалыптастыру және ауыл шаруашылығын қолдау арқылы қоғамның дамуында маңызды рөл атқарды. Бұл басылымдар қазақ мәдениетінің және ұлттық идеологияның нығаюына, әлеуметтік және саяси өзгерістерге әсер етіп, халықтың белсенділігін арттыруға ықпал етті. Осындай мұраларымен олар қазақ баспасөзінің тарихында ерекше орын алады.


Материал жариялап тегін
сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!