Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Біртұтас тәрбие жоспары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің 30.07.2024ж. № 194 бұйрығы
(Облыс, ауданы жазылады) мектепке дейінгі ұйымдарында
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының мақсаты:
Қазақстандық мәдениет құндылықтары негізінде азаматтық жауапкершілік пен патриотизм, парасаттылық
пен адалдық, ар-ұждан, рухани-адамгершілік қасиеттерін бойына сіңірген, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру.
Бағдарламаның міндеттері:
Рухани-адамгершілік қасиеттерді тәрбиелеу:
отанға, өз халқына, оның тарихы мен мәдениетіне деген сүйіспеншілікті қалыптастыру;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу;
адалдық, әділдік, мейірімділік, ар-ұят пен қамқорлық, қайырымдылық және басқа да адамдық қасиеттерді дамыту;
табиғатқа және қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарауға тәрбиелеу.
Азаматтық жауапкершілік пен патриотизмді дамыту:
елінің жетістіктері үшін мақтаныш сезімін ұялату;
отбасы, қоғам және мемлекет алдындағы өз міндеттеріне саналы көзқарас қалыптастыру;
өз құқығы мен бостандығы, сондай-ақ басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға дайын
болуға баулу;
әлеуметтік маңызы бар қызметке белсенді қатысуға тәрбиелеу.
Парасаттылық пен адалдықты қалыптастыру:
басқалармен қарым-қатынаста адал әрі әділ болуға және әдептілік нормаларын ұстануға тәрбиелеу;
өз іс-әрекеттері мен сөздері үшін жауапкершілікті түсінуге тәрбиелеу;
еңбексүйгіштік пен өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысын қалыптастыру;
біреудің еңбегі мен мүлкін құрметтеуге тәрбиелеу.
Білім алушының жеке басының үйлесімді дамуы үшін жағдай жасау:
әрбір білім алушыны тәрбиелеу мен оқытуда даралау мен саралау тәсілдемелерін қамтамасыз ету;
білім беру ортасында жағымды психологиялық-педагогикалық ахуал қалыптастыру.
Бағдарлама мазмұны:
Білім алушылардың бойында құндылықтарды дамыту білім беру ұйымдарының оқу-тәрбие процесі
жағдайында жүйелі ұйымдастырылады. Бұл міндетті іске асыру білім беру мазмұны, сынып сағаттары
мен сыныптан тыс іс-шаралары арқылы жүзеге асырылады.
Ай сайын өткізілетін тұрақты іс-шаралар білім алушылардың біртұтас тұлғасын қалыптастыруға бағытталуы тиіс:
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Қазан айы – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Қараша айы – әділдік және жауапкершілік айы;
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы;
Қаңтар – заң және тәртіп айы;
Ақпан – жасампаздық және жаңашылдық айы;
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы;
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы;
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы.
Бағдарламаның күтілетін нәтижелері:
Бағдарламаны дәйекті және кешенді іске асыру нәтижесінде білім берудің барлық деңгейіндегі ұйым
түлектерінің бойында құндылықтар мен негізгі құзыреттері қалыптастыру және дамыту күтіледі:
Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық
Құзыреттілік: ұлттық мүддені дамыту
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
Отан, ел, туған өлке туралы қарапайым түсініктері;
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері туралы білімдері;
мемлекеттік тілді үйренуге ұмтылу;
ұлттық мерекелер, ойындар, дәстүрлер туралы білімдері;
туған өлкенің табиғатына қамқорлықпен қарау бойынша біліктері мен дағдылары бар.
Құндылық: бірлік және ынтымақ
Құзыреттілік: тиімді коммуникация
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
отбасындағы, балабақшадағы, қоғамдық орындардағы қарапайым мінез-құлық нормаларын білу;
басқа балалармен сөйлесуге және олармен ортақ тіл табысуға дайын екендігін таныту;
ойы мен сезімдерін білдіре алу;
Құндылық: әділдік және жауапкершілік
Құзыреттілік: қоғамға қызмет
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
жауапкершіліктің қарапайым дағдыларын меңгеру;
уәделерді орындай білу.
Құндылық: заң және тәртіп
Құзыреттілік: азаматтық борыш және парасаттылық
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
жалпы қабылданған мінез-құлық нормалары мен ережелері жөнінде қарапайым түсініктердің болуы;
үлкендерді құрметтей білу;
үйде, балабақшада, қоғамдық орындарда дұрыс мінез-құлықтың қарапайым дағдыларын қалыптастыру.
Құндылық: еңбекқорлық және кәсіби біліктілік
Құзыреттілік: инновациялық ойлау
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
үйде, топта қарапайым тапсырмаларды орындай білу;
үй жануарларына, бөлме өсімдіктеріне күтім жасау дағдыларының болуы;
жеке гигиенаны өз бетінше сақтау, ұқыпты киіну және өз заттарын күту, өз бетінше тамақтану және
тазалықты сақтай білу;
жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Құндылық: жасампаздық және жаңашылдық
Құзыреттілік: шығармашылық
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиеленушісі:
шығармашылық қиял мен елестетуге негізделген өнертабысқа қызығушылық таныту;
сурет салу, мүсіндеу, құрастыру дағдыларының болуы;
жаңа нәрсе жасау үшін қалыптасқан біліктер мен дағдыларды қолдана білу.
№ |
Іс шаралар атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері |
Ұйымдастыру және әдістемелік сүйемелдеу жұмыстары |
||||
|
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының кешенді жоспарын дайындау, ведомствоаралық өзара әрекеттесу алгоритмін жасақтау және бекіту. |
Өңірлік жоспар |
Жергілікті атқарушы орган, Білім басқармасы |
Тамыз |
|
Білім беру процесінің барлық қатысушыларының өзара іс-қимылы арқылы құндылыққа негізделген білім мен тәрбие беруді жоспарлаудың біртұтас тәсілін енгізу негізінде жергілікті мүдделі орган өкілдерімен кездесу. |
Іс-шаралар |
Басқармалар |
Тұрақты |
|
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының жаңартылған мазмұны және оны енгізу алгоритмі бойыншпа оқыту семинарын ұйымдастыру. |
Ақпарат |
Білім басқармасы, әдістемелік орталық, шығармашылық топ |
12-16.08.2024ж. |
|
Білім басқармасының сайтына кешенді жоспарды орналастырып, педагогтер қауымын ақпараттандыру. |
Ақпарат |
Білім басқармасы, әдістемелік орталық, шығармашылық топ |
Қыркүйек 2024 жыл |
|
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі N 591 Заңын жүзеге асыру мақсатына білім беру ұйымдарында құқық қорғау қызметкерлерімен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру (кездесулер, онлайн талқылаулар, сауалнамалар, бейнематериалдар шеруі т.б.) |
Іс-шаралар жоспары |
Білім беру басқармасы
Полиция департаменті
Төтенше жағдайлар басқармасы |
Тұрақты |
|
Білім беру ұйымдарын жарақтандыру (мектептер, колледждер, мектепке дейінгі ұйымдар) террористік тұрғыдан осал объектілерді, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігін терроризмге қарсы қорғауды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықтың талаптарына сәйкес қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тиісті жабдықтар және Білім және ғылым саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілер (Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығы) мамандандырылған күзет, бейнекамералар, Жедел басқару орталықтарына қосу, дабыл түймесі. |
Зерделеу, мониторинг |
Білім беру басқармасы Полиция департаменті
Төтенше жағдайлар басқармасы |
2024-2029 жж. |
Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын, аймақтық жол картасын іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспары |
||||
1-тарау. Тең бастапқы мүмкіндіктер жасау |
||||
1. |
Мектепке дейінгі ұйымдарда санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға, өртке қарсы және терроризмге қарсы қауіпсіздік талаптарына сәйкес қауіпсіз білім беру ортасын құру. |
Балаға қолайлы жағдай, қауіпсіз орта құрылады |
ББ, мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталық, ЖАО (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
2. |
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылмаған балалардың ата-аналарына арналған консультациялық пункттер желісін кеңейту. |
Консультациялық пункттер желісі кеңейеді |
ББ, мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталық «Балаларды ерте дамыту институты» РММ (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
3. |
Озық педагогикалық тәжірибені тарату және енгізу үшін мектепке дейінгі ұйымдардың құзыреттілік орталықтарын құру |
Құзыреттілік орталықтар аумағы артады |
ББ, мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталық, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
4. |
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамыту моделін іске асыру мақсатында (71 мемлекеттік балабақшаларда) пәндік-кеңістікті дамыту ортаны жаңғырту (МЖМСБ) |
Пәндік-кеңістікті дамыту ортасы құрылады, балаларға қолайлы жағдай жасалады |
Мектепке дейінгі ұйымдар, әдістемелік орталық, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат |
||||
18 |
Білім беру ұйымдарының педагогтерімен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша іс- шаралар өткізу. |
Мәлімет |
ББ, МДҰ, ЖАО (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
19 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында білім беру ұйымдары арасында тәжірибе алмасу үшін диалог алаңдарын ұйымдастыру |
Мәлімет |
ББ, МДҰ,ЖАО (келісу бойынша) |
2024-2027 жылдар |
Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдары үшін |
||||
Күнделікті атқарылатын іс-шара |
||||
Апта дәйексөзі: Ежелден ел тілегі – ер тілегі, Адал ұл ер боп туса – ел тірегі! (Б.Момышұлы) |
||||
№ |
Іс шаралар атауы |
Аяқталу нысаны |
Жауапты орындаушылар |
Орындау мерзімдері |
1 |
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» - мектеп жасына дейінгі балалармен ұлттық ойындарды өткізу |
Ұйымдастырылған іс-әрекет, дербес іс-әрекет, серуендер, ертеңгіліктер, мерекелер, ойын-сауық |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, дене шынықтыру нұсқаушысы, қазақ тілінің педагогі, әдіскері, мектепалды сыныптың педагогі |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
2 |
«Өнегелі 15 минут» - балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру |
Әңгімелесу |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскері, мектепалды сыныптың педагогі |
Күнделікті |
3 |
«Суды, тамақты, энергияны үнемді тұтыну» - табиғи ресурстарға ұқыпты қарауды қалыптастыру |
Мектеп жасына дейінгі балалардың ойын, танымдық, эксперименталдық іс-әрекеті Ата-аналарға арналған жадынамалар, нұсқаулықтар, парақшалар |
Мектепке дейінгі ұйымның, мектепалды сыныптың педагогтері, ата-аналар |
Күнделікті Жыл бойы |
4 |
«Күй күмбірі» - балалардың бойында музыканы тыңдауға қызығушылықтарын, музыканы эмоционады қабылдауды, түсінуді, қадірлей білуді қалыптастыру, ұлттық мәдениетке қызығушылықты арттыру, шығармашылық дағдыларды қалыптастыру қабылдау барысында және үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау, ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру |
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған, шығармашылық, дербес іс-әрекеті |
Мектепке дейінгі ұйымның музыка жетекшісі, тәрбиешілер, мектепалды сыныптың педагогі |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Апта сайын |
||||
1 |
«Менің Қазақстаным» - мемлекеттік мерекелерге арналған ертеңгіліктерде ересек және мектепалды топтардың/мектепалды сыныптардың тәрбиеленушілерінің Қазақстан Республикасының Әнұранын орындауы |
Ертеңгіліктер |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, музыка жетекшісі, әдіскері, дене шынықтыру нұсқаушысы |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
2 |
«Апта дәйексөздері» - ақпараттық стендтерде, Led-экрандарда, коридордағы теледидарларда орналастыру, мнемо кестелерде ойнату |
Дәйексөздерді ақпараттық стендттерде, Led-экрандарда, коридордағы теледидарларда орналастыру |
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы, әдіскері |
Жыл бойы |
3 |
«Қауіпсіздік ережелері» - жол қозғалысы ережелерін, тұрмыстағы, қоғамдық орындардағы, табиғаттағы өмірлік қауіпсіздік негіздерін, төтенше жағдай кезінде қауіпсіз мінез-құлық ережелерін үйрету |
Мектеп жасына дейінгі балалардың ұйымдастырылған іс-әрекеті Дидактикалық, сюжетті-рөлді ойындар, әңгімелесу, көркем шығармалар оқу |
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері, мектепалды сыныптың педагогі |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Қыркүйек – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы |
||||
1 |
1 қыркүйек - Білім күні «Балабақша - жайлы мекен» |
Балабақшада экскурсия өткізу |
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы, әдіскері, педагогтері |
1- апта |
2 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы «Тілім менің тірегім» |
Мәнерлеп оқу конкурсы |
Мекепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, қазақ тілінің педагогі |
І-апта |
3 |
«Балалар кітапханасы» жобасы «Бір кітап», «Кітап – менің қазынам», «Жас тыңдарман» жобалары аясындаға балалар кітапханасы |
Жобалық іс-әрекет |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, әдіскері |
2-апта |
4 |
«Smart bala» жобасы |
Құрастыру бойынша балалар іс-әрекеті |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
Үнемі |
5 |
«Теңге алу», «Айырмашылығын тап», «Банкомат», «Ақшаны жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту |
Дидактикалық, ұлттық, сюжетті-рөлдік ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
3-апта |
6 |
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» Бестемше: «Дарабоз» (тәрбиеленушілердің арасында) «Жарысқа шық, жанұя» (ата-аналардың арасында) |
Ұлттық ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, дене шынықтыру нұсқаушысы, әдіскері, |
2-3-апта |
7 |
Қауіпсіздік ережелері. Жол қауіпсіздігі ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. Жол қозғалысының қарапайым ережелерін, жаяу жүргіншілердің қозғалыс ережелерін сақтау. «Балалар», «Трамвай аялдамасы», «Автобус аялдамасы» жол белгілерімен таныстыру |
Дидактикалық, сюжетті-рөлдік ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
Үнемі |
8 |
«Ұшқыр ой алаңы» жобасы «Тілге бойлау» жобасы қазақ тілін меңгеру |
Жобалау іс-әрекеті |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, өазақ тілі пән мұғалімдері |
Үнемі |
9 |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы 30 наурыздағы №117 бұйрығымен таныстыру |
Бұйрық |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің перспективалық жоспарға сәйкес |
Қазан – тәуелсіздік және отаншылдық айы |
||||
1 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Жас метеоролог» экологиялық бағытта |
Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілежобамен жұмысрі |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
2 |
«Ұлттық ойын - ұлт қазынасы» Бестемше: «Бәріміз бірге мықтымыз» (мектепке дейінгі ұйымның педагогтері арасында) |
Жарыс ойыны |
Мектепке дейінгі ұйымның дене шынықтыру нұсқаушысы |
1-апта |
3 |
«Мен Отаныммен мақтанамын!» |
Ертеңгілік |
Мектепке дейінгі ұйымның қазақ тілі педагогі, музыка жетекшісі |
2-апта |
4 |
Менің елім - Мәңгілік ел! |
Әдістемелік ұсынымдар |
Мектепке дейінгі ұйымның әдскері |
3-апта |
5 |
«Қауіпсіз балабақша» терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу шараларын өткізу (МДҰ ішілік) |
Оқу жаттығу шаралары |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Қараша – әділдік және жауапкершілік айы |
||||
1 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Жарқыл мен ғажайып көлік түрлері» |
Сюжетті-рөлдік, драмалау ойындары |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
2 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Қоғамдық мүлікті қорға» |
Әңгімелесу |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
Күні бойы |
3 |
«Адалдық алаңы», «Әлем біздің ацналамызда», «Табиғат әлемі» мектепалды топтарында іс -шара |
Мультфильм қарау, іс-шара |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Желтоқсан – бірлік және ынтымақ айы |
||||
1 |
«Республикам – мақтанышым!» |
Ертеңгілік |
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері |
1-апта |
2 |
«Жапырақ тамырдан нәр алады» (тәрбиеленушілер мен ата-аналардың арасында) |
Зияткерлік ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері |
2-апта |
Қаңтар – заң және тәртіп айы |
||||
1 |
«Теңге алу», «Айырмашылығын тап», «Банкомат», «Ақшаны жұмсауды үйренеміз», «Әмиян», «Дүкен» ойындары - қаржылық сауаттылық бойынша қарапайым білімдерді (заттарды тексеріп қарау, зерделеу, олардың көлемін көзбен өлшеу, көзбен көріп ойлауды, есте сақтауды, қиялды, ұсақ қол моторикасын дамыту |
Дидактикалық, ұлттық, сюжетті-рөлдік ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
1-апта |
2 |
«Менің құқықтарым, менің міндеттерім» (мектепалды жастағы балалар үшін) |
Әңгімелесу |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
2-апта |
3 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы |
Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
3-апта |
4 |
«Техника және біз» техногендік сипат орын алғаннан кейінгі медициналық алғашқы көмек көрсету |
Іс –ашра |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
3-апта |
Ақпан – жасампаздық пен жаңашылдық айы |
||||
1 |
«Smart bala» жобасы «Мен – зерттеушімін» - өнертапқыштыққа алғашқы қадам |
Танымдық, эксперименталдық іс-әрекет |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
1-апта |
2 |
Ұлттық үстел үсті ойындары |
Үстел үсті ойындары |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
2-апта |
3 |
«Өнерліміз, өркенбіз» (тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының арасында) |
Қол бұйымдарының көрмесі |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата-аналар |
3-апта |
4 |
Терроризм актісінің қаупі төнген жағдайда халықтың іс-әрекеті. Ата-аналармен жұмыс |
Слайд, баяндама |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
3-апта |
Наурыз – тәуелсіздік және отаншылдық айы |
||||
1 |
«Ізгіліктің бір ізі – алғыс» (тәрбиеленушілердің, олардың ата-аналарының және педагогтердің қатысуымен) |
Челлендж |
Мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері |
1-апта |
2 |
«Еңбегі адал жас өрен» жобасы «Еңбектің наны тәтті» |
Ересектердің еңбегімен таныстыру бойынша ұйымдастырылған іс-әрекет |
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері |
2-апта |
3 |
«Наурыз – жыл басы!» |
Ертеңгілік |
Мектепке дейінгі ұйымның педагогтері, әдіскері |
3-апта |
4 |
«Мен және қоршаған орта» терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша профилактикалық, оқу, жаттығу шараларын өткізу (мдұ ішілік) |
Оқу жаттығу шаралары |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Сәуір – еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы |
||||
1 |
«Балалар кітапханасы» жобасы «Шын жүректен кітап сыйла» - Халықаралық балалар кітабы күні |
Челлендж |
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері, ата-аналар |
1-апта |
2 |
Қоғамдық орында өзін-өзі ұстау мәдениеті |
Сюжетті-рөлдік ойын |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
2-апта |
3 |
«Сауда үйі», «Сән салоны», «Емхана», «Автосервис» және басқалары |
Сюжетті-рөлдік ойындар |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
3-апта |
4 |
«Балалар кітапханасы» жобасы «Кітаппен жарқын әлемге» (жергілікті балалар жазушыларымен кездесу) |
Кездесу |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
3-апта |
5 |
«Әжемнің ертегілері» |
Жобалау іс-әрекеті |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері, ата- аналар, әжелер |
4-апта |
6 |
Мен және ересектер әлемі |
Түсіндірме жұмысы |
Білім басқармасы Қалалық төтенше жағдайлар департаменті |
Тәрбиелеу-білім беру процесінің циклограммасына сәйкес |
Мамыр – бірлік және ынтымақ айы |
||||
1 |
«Достығымыз жарасқан» |
Балалар суретінің көрмесі |
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілері |
1-апта |
2 |
«Білімім – Отаныма!» |
Ертеңгілік |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
2-апта |
3 |
«Табиғатты сақтайық!» |
Жобалау іс-әрекеті |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
3-апта |
Маусым – тәуелсіздік және отаншылдық айы |
||||
1 |
1маусым - Халықаралық балаларды қорғау күні |
Мерекелік іс -шара |
Мектепке дейінгі ұйымның музыка жетекшісі, тәрбиешілері |
Маусымның 1 аптасы |
2 |
4 маусым –ҚР рәміздері күні |
Сынып сағаты |
Мектепке дейінгі ұйымның тәрбиешілері |
Маусымның 2 аптасы |
3 |
«Шабыт» жобасы «Домбыра күні» |
Концерт және көрме |
Мектепке дейінгі ұйымның қазақ тілі педагогі, музыка жетекшісі |
Маусымның 2 аптасы |
ҮЛГІ
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ ЖОСПАРЫ ЖӘНЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ТӘРБИЕ МЕН ОҚЫТУДЫҢ ҮЛГІЛІК ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ НЕГІЗІНДЕ 2024-2025 ОҚУ ЖЫЛЫНА АРНАЛҒАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ ЖОСПАРЫ Білім беру ұйымы: Тобы: Балалардың жасы: Жоспардың құрылу кезеңі: қыркүйек
ҮЛГІ |
|
ТӘРБИЕЛЕУ-БІЛІМ БЕРУ ПРОЦЕСІНІҢ ЦИКЛОГРАММАСЫ
Білім беру ұйымы:
Тобы:
Балалардың жасы:
Жоспардың құрылу кезеңі: 2024 жыл қыркүйек айы, І- апта (2-30 аралығы)
Күн тәртібі |
Дүйсенбі |
Сейсенбі |
Сәрсенбі |
Бейсенбі |
Жұма |
|||
Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы |
||||||||
Балаларды қабылдау |
Өнегелі-15 минут балалардың ересектермен емін-еркін қарым-қатынас жасау дағдыларын қалыптастыру мобильді кітапханада жұмыс, ата-ананың балаға кітап оқуына мүмкіндік жасау, кітапқа деген қызығушылықты арттыру, кітапқа жанашырлық, жауапкершілік таныту. Күй күмбірі -балаларды қабылдау барысында үнемі күй қою, шығармашылық зерттеу іс әрекет дағдыларын дамыту, музыканы тыңдауға қызығушылықты қалыптастыру, музыканы эмоционалды көңіл-күймен қабылдау,ұлттық мәдениетті түсінуге, құрметтеуге, қызығушылғын артыру. |
|||||||
Ата-аналармен әңгімелесу, кеңес беру |
Қауіпсіздік ережесі әлеуметтік эмоционалды дағдыларды қалыптастыру, балалармен бірге жол ережелері туралы мультфильмдер көруге кеңес беру, ұсыну |
|||||||
Балалардың дербесәрекеті (баяу қимылды ойындар, үстел үсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Балалар кітапханасы жоба аясында (Мақсаты: шағын әңгімелерді көрнекі сүйемелдеусіз тыңдап, қарапайым сұрақтарға жауап беруге, кітаптағы суреттерді қарай отырып, олардың мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беруге баулу Ойын: «Қызықты кітаптар» (Көркем әдебиет) |
«Тілім менің тірегім» ата-анамен тәрбиеленушілер арасында сайыс мақсаты: сөздік қорды байыту, сөйлеу дағдыларын арттыру, өз тілін құрметтуге үйрету (Сөйлеуді дамыту) |
(Қарым-қатынас іс-әрекеті) Мақсаты: Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту. Ойын: «Ертегі кейіпкерін көрсет» (көркем әдебиет) |
SMART DALA жобасы Мақсаты: ата-анамен бірге өз бетінше ойдан құрастыруға, құрдастарымен бірлесіп, шығармашылықпен құрастыруға баулу. Ойын: «Пішінді құрастыр» (Құрастыру) |
Мақсаты: Заттарды зерттеу барысында олардың пішін көлемін кқзбен өлшеу қолмен ұстау арқылы көрнекі бейнені ойлауды, есте сақтау қиялдауды құру. Ойын: «Ақша жұмсап үйренеміз» ( Математика негіздері). |
|||
Таңертенгі жаттығу |
Менің Қазақстаным таңғы жаттығудан соң күнделікті қою, Әнұранды жаттауға мүмкіндік жасау, патриоттық сезімдерін арттыру |
|||||||
Таңғы ас |
Үнемді тұтыну мақсаты: берілген тағымды толық ысырыпссыз жеуге, мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Ас ішерде күнде біз Сөйлемейміз күлмейміз Астан басқа өзгені Елемейміз білмейміз. (Сөйлеуді дамыту) |
|||||||
Ұйымдастырылған іс-әрекетке дайындық |
(Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет) Ойын: Айырмашылығын тап Мақсаты: математикалық, конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту |
(Қарым-қатынас іс-әрекеті) Еңбегі адал жас өрен, Ы.Алтынсарин Әке мен бала шығармсын әңгімелу Мақсаты: шығарманы есте сақтауға, шығарма мазмұнын дұрыс қабылдауға дағдыландыру, ата-анамен баланың қарым қатынасын нығайту |
(Танымдық іс-әрекет, зерттеу іс-әрекет) Ойын: Әмиян, Дүкен Мақсаты: есте сақтау қиялдауды, қолдың ұсақ маторикасын дамыту |
(Қарым-қатынас іс-әрекеті) «Балалар кітапханасы»-жобасы «Мақта қыз бен мысық сахналық қойылым Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен театр әлеміне баулу |
(Қарым-қатынас іс-әрекеті) Еңбегі адал жас өрен: үй жануарлары мен үй өсімдіктеріне күтім жасау
|
|||
Кестеге сай ұйымдастырылған іс-әрекет |
Сөйлеуді дамыту Ойын: «Тазалық біздің досымыз» Мақсаты: өлеңдерді мәнерлеп, интонациямен оқуға үйрету Математика негіздері Ойын: «Айырмашылығын тап Мақсаты: конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық, интелектуалдық қабілеттерін дамыту. Сурет салу мүсіндеу Жапсыру Ойын : Күз сыйы Ұжымдық сюжетті композицияны құрастыру дағдыларын қалыптастыру Құрастыру Ойын: «Құстарға ұя саламыз» Мақсаты: қауіпсіздік ережелерін білуге оны қолдануға үйрету Қоршаған ортамен таныстыру Еңбегі адал жас өрен: үй жануарлары мен үй өсімдіктеріне күтім жасау |
Қазақ тілі
Мақсаты: Ауызекі сөйлеуді қарым-қатынас құралы ретінде дамыту.
Дене шынықтыру «Ұлттық ойын-ұлт қазынасы» |
Көркем әдебиет Ойын: «Бұл қай ертегі?» Мақсаты: Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту. Математика негіздері Ойын: «Бірдей заттарды топтастыр» Мақсаты:
|
Математика негіздері Ойын: «Анамызға дастархан жаюға көмектесейік» Мақсаты: еңбенекке. Оны құрметтеуге Көркем әдебиет Ойын: « Музыка Дене шынықтыру
|
Сөйлеуді дамыту Ойын: «
Сауат ашу негіздері Ойын: «Сөздерді ата?» Мақсаты: заттарды көрсете отырып аттарын атау, айырмашылығын атау
|
|||
Серуенге дайындық |
Еңбегі адал жас өрен, «Мен дұрыс киіне аламын» мақсаты: өзіне өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру |
|||||||
Серуен |
№1 «Күзді бақылау» Мақсаты: Күз мезгілінің ерекшелігін ажыратуға дағдыландыру. Қимылды ойын: Кім көп сөз біледі. Мақсаты: Балалардың ой-өрісін дамыту.Ойлау, есте сақтау қабілетін арттыру. Еңбегі адал жас өрен:: Түскен жапырақты жинау. Мақсаты: түрлі-түстерді ажырата алуға, еңбектене білуге үйрету. |
№2«Жыл мезгілінің өзгеруін бақылау» Мақсаты: Жыл мезгілінің өзгеру белгілерін үйрету. Қимылды ойын: «Бәйге». Мақсаты: Шапшаңдыққа, ептілікке дағдыландыру. Еңбек Ойын алаңындағы жапырақтарды жинау. Мақсаты: орындалған жұмыс нәтижесін көріп қуануға үйрету; экологиялық мәдениеттерін тәрбиелеу. . |
№3 «тасты бақылау» Мақсаты: өлі табиғат туралы түсінігін қалыптастыру Ұлттық ойын: «Орамал тастамақ» Мақсаты: аңғарымдылығын, зеректігін арттыру Еңбек: Гүлдердің жапырағын жуу. Мақсаты: Балалардың өз еркімен еңбек етуге машықтандыру. . |
№4 «Үлкендер еңбегі» Мақсаты: балабақша қызметкерлерінің еңбегі туралы түсініктерін кеңейту, еңбекті құрметтеуге дағдыландыру Қимылды ойын: «Күн мен жаңбыр» Мақсаты: Балаларды берілген белгі бойынша шапшаң қимылдауға, зейінін аударуға және ұйымшыл болуға үйрету. Еңбек: аула гүлдеріне су құю. Мақсаты: еңбекке деген құлшынысын ояту. |
№5 «Күзгі ағашты» бақылау Мақсаты:құбылыстар Қимылды ойын: «Жапырақ жинау» Мақсаты: Ептілікке баули отырып , түстерді ажырата алуға үйрету. Еңбек: Алаңда жерге түскен жапырақтарды түс-түсімен жинау. Мақсаты: Балалардың еңбекке деген құлшынысын ояту. |
|||
Серуеннен оралу |
Үнемді тұтыну мақсаты: Су температурасын біртіндеп төмендете отырып, қарапайым шараларды өз бетінше жүргізуге дағдыландыру. Тазалық Сылдыр-сылдыр-сылдыр су. Беті қолды әркез жу. Жуынсаң сен әрдайым. Аппақ бетің маңдайын. (Сөйлеуді дамыту) |
|||||||
Түскі ас |
Үнемді тұтыну мақсаты: Мәдениетті тамақтану және асхана құралдарын еркін қолдану дағдыларын жетілдіру. Ас ішерде күнде біз Сөйлемейміз күлмейміз Астан басқа өзгені Елемейміз білмейміз. (Сөйлеуді дамыту) |
|||||||
Күндізгі ұйқы |
Ұйықтар алдында киімдерін шкафқа немесе орындыққа ұыпты бүктеп қоюға үйрету, досының киінбегенін байқауға және оған көмегін ұсынуға баулу. «Бесік жыры» тыңдату. мақсаты: музыка тыңдайды (музыка) |
|||||||
Біртіндеп ұйқыдан ояту, Сауықтыру шаралары |
Еңбегі адал жас өрен, Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. «Кім жылдам» мақсаты тапсырмаларды орындайды, қолдың ұсақ моторикасын үйлестіру дағдыларын меңгереді. (Дене шынықтыру- сауықтыру жұмысы) |
|||||||
Бесін ас |
Еңбегі адал жас өрен, мәдени-гигиеналық ережелерді орындау дағдыларын бекіту. «Қонжықты тамақтандырамыз» мақсаты: үлгі мен ауызша нұсқауға сүйеніп, тапсырмаларды орындайды. (Қоршаған ортамен танысу, мәдени-гигеналық дағдыларды қалыптастыру). |
|||||||
Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды ойындар, үстелүсті ойындары, бейнелеу әрекеті, кітаптар қарау және тағы басқа әрекеттер) |
Мақсаты: ұлттық қимылды ойындар туралы түсінігін қалыптастру Ұлттық ойын- ұлт қазынсы «Тоғызқұмалақ», (дене шынықтыру)
|
Сахыналау: «Мақта қыз бен
мысық» Мақсаты: Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу.
|
(Қазақ тілі)
|
ойын: Бестемше (дене шынықтыру) Мақсаты: балалардың денсаулығын сақтау және қорғау, физикалық үйлесімді дамыту; |
Сюжетті ролдік ойын:Дұкен (қоршаған ортамен таныстыру)Мақсаты: Болашақта табысты болуы үшін білімнің қажеттігін түсінуіне, болашақта мектепте оқуға ынтасын арттыру |
|||
Балалармен жеке жұмыс ертегісінің суретін қарау, |
Ойын: «Ертегі кейіпкерін көрсет» (Көркем әдебиет Мақсаты: Балаларды қол жетімді көркем шығармалар мен фольклорға, театр әлеміне баулу, кітапқа деген қызығушылығын дамыту. ) |
«Көңілді аспаптар» Балаларды шығармалардың эмоционалды мазмұнын, олардың сипатын, көңіл-күйін, динамикалық ерекшеліктерін ажырата білуге үйрету. (Музыка) |
Ойын: «Шебер қолдар, сыр шертеді» мақсаты зергерлік бұйымдарымен ( тұмар, шашбау), туған өлкедегі мәдени мұра ескерткіштерімен таныстыру, аталған заттардан қалауы бойынша мүсіндеу және оларды ою-өрнектермен және қосымша заттар моншақпен безендіру (Мүсіндеу) |
Ойын: «Пішінді құрастыр» Мақсаты: ұсынылған тақырыпқа, өз бетінше ойдан құрастырады. (Құрастыру) |
Ойын: «Бұл не?» ( Математика негіздері). Мақсаты: Жиынды сапасы бойынша әртүрлі элементтерден (түсі, өлшемі, пішіні, дыбысы, қимылы, қолданылуы бойынша заттардан) құру.
|
|||
Серуенге дайындық, серуен |
Еңбегі адал жас өрен «Кім жылдам» мақсаты: Өзіне-өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын жетілдіру. |
|||||||
Серуен, Балалардың дербес әрекеті (баяу қимылды, қимыл-қозғалысты ойындар және тағы басқа әрекеттер), серуеннен оралу |
(Қарым-қатынас іс-әрекеті) Ұлттық ойын- ұлт қазынсы Қыз қуу Мақсаты: балаларды шапшаңдыққа , зейінді болуға, ұлттық ойындарға деген қызығушылығын арттыру |
(Шығармашылық іс-әрекет, бейнелеу іс-әрекет) Бояулар сыры- топ аралық байқау Қазақ ою-өрнектерінің түрлері ("түйетабан", "құсқанаты") туралы түсінігін кеңейту, өзіне тән элементтерді пайдалана отырып, оларды құрастыра білуін дамыту. |
Қарым-қатынас іс-әрекеті) Қауіпсіздік ережесі Ойын: Бағдаршам Жолда қауіпсіздік ережелерін сақтау. Жол белгілерін (жүру бөлігі, жаяу жүргіншілер өткелі, тротуар) білу, бағдаршамның белгілеріне сәйкес жолдан өту. |
Дербес қимыл Қимылды ойын: «Кімнің шары алысқа ұшады?» Мақсаты: Дөңгелек жақ бұлшық етін дамыту, тыныш тұрған еріндер кезінде мұрынмен дұрыс тыныс алуын жаттықтыру. |
Баяу қимылды Қимылды ойын: «Не жүреді және ұшады?» Мақсаты: Әртүрлі қимылдар жасауға машықтану, қимылдардың үйлесімділігін дамыту, зейін және есту анализаторларын, қол мен аяқ-қимылдарын дамыту. |
|||
Үйге қайту Өнегелі-15 минут Ұлттық дамытушы ортада ұлттық бұйымдарды ата-анамен бірге қарауға, Мабильді кітапхана орталығында кітаптар көруге, алып оқыу, суреттерді қарауға, табиғат дамытушы ортада құстарды, балықтарды қоректендіруге мүмкіндік беру, ата-ананы балабақша жұмысына тарту, бала мен ата-ана қарым-қатынасын арттыру |