(сайыс
сабақ)
Орындаған: Жакупова
А.З
Қарақойын ЖОББМ 2017 – 2018
о\ж
Біз өнерлі
баламыз
Қарағанды облысы, Нұра
ауданы Қарақойын ЖОББМ-нің бастауыш сынып мұғалімі Жакупова Арайлым
Зейнуллаевна
Тақырыбы: Біз өнерлі
баламыз
Мақсаты: оқушылардың еңбекке баулу, бейнелеу өнері, музыка
сабақтарынан алған білімдерін тереңдету, тез ойлауға, шапшандыққа
баулу, шығармашылық қабілеттерін, логикалық ойын дамыту және оларды
бірлікке, ұлтшылдыққа, қазақ елінің өнерін сүюге
тәрбиелеу.
Түрі: сайыс сабақ
Әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, іздену, өзбетінше
жұмыс
Пән аралық
байланысы: бейнелеу өнері , музыка,
еңбек
Көрннекілігі: Плакаттар, қима қағаздар, жұлдызшалар, әріптер ,шарлар,
гүлдер
Барысы.
Ұйымдастыру.
Оқушыларды
түгендеу.
Психологиялық ахуал
туғызу.
Гүл өсірсен
терлеп,
Мұның аты-
еңбек.
Кесте тіксен
зерлеп,
Мұның
аты-еңбек.
Сабағынды жақсылап, Әзірлесен
еңбек. Қиындықтың бәрін Еңбек қана
жеңбек.
-Адамның жеке тұлға ретінде
қалыптасуына,дамуына себепкер болатын -
еңбек.
Еңбектенген адамнан ғана өнер
туады.
-
Балалар бүгінгі сабағымыз
ерекше болмақ. Себебі сабағымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысқа
қатысуға дайындығымызды
тексерейік.
-
Ал, енді сіздерді топқа бөлу
үшін, сіздерге жұмбақ жасырамын. Жұмбақтың дұрыс жауабын айтқан
оқушыға сайысқа қатысуға тегін билет табыстаймын. Билеттін келесі
бетінде сәйкес жиынға жататын сөздер жасырылған.Оқып кім қай топ
екенін біле аласыздар. 4-сөз бір жиынға,4-сөз біржиынға, 5-сөз бір
жиынға жатады.
1-топқа еңбек
құралдары.(қайшы,ине-жіп,түрлі-түсті
қағаз)
2-топқа бейнелеу құралдары.
(Гуаш,қылқалам,өшіргіш,қарандаш)
3-топқа музыка
аспаптары. (Домбыра,қобыз,гитара,барабан,қылқобыз)
1.«Еңбек»тобы, 2.«Бейнелеу»
тобы, 3. «Музыка»тобы
Осылайша үш топқа бөліндік. Ең
алдымен сіздерді «Қауіпсіздік ережесін» еске түсірейік. Енді сіздер
өзара топ басшысын сайлап алыңыздар. Олай болса сіздерді
сайысымыздың кезеңдерімен таныстырып
өтейін.
Сайыс 6 кезеңнен тұрады. Әр
кезең сайын жеңген топқа жұлдызша үлестіріп отырамын, сайыс соңында
жұлдызшалары көп топ жеңіске
жетеді.
I. –кезең:Таныстыру.(өз
топтарыңыздың атына шағын түсінік
беру)
II. –кезең: «Кім
тапқыр?» мақал- мәтел
жарысы
III. – кезең:
«Зерттеушілер» постер қорғау
IV. – кезең: «Адасқан
әріптер» ойыны
Сергіту сәті «Арива» биін
билейміз.
V. – кезең: «Шебер
қолдар» сайысы
VI. – кезең: «Үздік
топбасшы» сайысы.
:
Олай болса сайысымызды
бастаймық.
I-
кезең. Әр топ кезек-кезек
өздерінің топтарын таныстырып,шағын сипаттама беріп
өтеді.
«Еңбек»тобының таныстыруы.
Адам өміріндегі ең маңызды
ісәрекет ол- еңбек. Адам еңбектенсе ғана өз бақытына жете алады.
Өмірдегі барша тірішілік иелерінің өзі еңбектену арқылы күнін көре
алады.Мысалы:кішкентай құмырсқаның өзі таңның атысынан күннің
батысына дейін өз илеуіне қысқы азығын
тасиды.т.б
Келесі
«Бейнелеу»тобының таныстыруы.
Бейнелеу өнері өз алдына
біздің өмірімзде ерекше орын алады. Адам кезкелген затты көріп
кейін оны қағаз бетіне түсіріп жатады. Айналасындағы болып жатқан
жайттарды сурет арқылы бейнелеп басқаларға
жеткізеді.
Келесі
«Музыка» тобының таныстыруы.
Адамның жан дүниесіндегі болып
жатқан немесе бастан кешірген қуаныш, қайғысын музыка арқылы
жеткізіледі. Мысалы:
Жақсы түсінік берген топқа
ұпайларын үлестіру.
II-кезең:
«Мақал-мәтелдер» сайысы.
Қай топ ең көп мақал- мәтел
айтып , көп ұпай жинаса сол топ жеңіске
жетед.
«Еңбек»тобы
«Бейнелеу»тобы
«Музыка»тобы
1.Өнерлі өрге
жүзер.
2.Өнерлінің өрісі
кең.
3.Өнер бар жерде жан күйер
бар.
4.Өнер алды қызыл
тіл.
5.Өнерлінің қолы
алтын.
6.Еңбек етсен
еріңбей,
Тойады қарын
тіленбей.
7.Еңбектің наны
тәтті,
Жалқаудың жаны
тәтті
8. Ақыл көпке
жеткізер,
Өнер көкке
жеткізер.
Сайыс соңында ұпайлары
үлестіріледі.
III – кезең:
«Зерттеушілер» сайысын бастаймыз.
Бұл сайыста әр топ
«Еңбек», «Бейнелеу»,
«Музыка» сөздеріне постер
қорғайсыздар. Бұл сөздер қандай мағынаны білдіреді. Сіздерге
3-минут уақыт беріледі. Дайын болған кезде белгі берулеріңізді
сұраймын. Әр топ кезек-кезек шығып постерлерін қорғайды. Тамаша,
өте жақсы айтып бердіңіздер.
IV-кезең: «Адасқан
әріптер» сайысы. Бұл сайыста
сіздерге араласып кеткен әріптер беріледі. Әріптерді орынна қойып
сөздерді қатар-қатар тақтаға орналастырады. Енді сіздер болсаңыздар
бойымызды сергітіп алайық ,балалар. «Арива» биін билейміз.
Жарайсыздар!
V-кезең: «Шебер
қолдар» сайысын бастаймыз.
Сіздерге мынадай тапсырма беріледі. Әр топ мүшелері бір немесе екі
ою- өрнек ойып, қысқаша сипаттама беру керек. Кезең соңында жақсы
жұмыс істеген топқа жұлдызша беріледі. Сонымен келесі сайысымызды
бастайық. Керемет,
жарайсыздар!
VI- «Үздік
топбасшы» сайысына кезек келді. Балалар,әр топтың басшысын ортаға
шақырып, жеке-жеке сұрақтар қоямын, дұрыс әрі жылдам жауап күтемін.
Сіздерге тек қана сәттілік тілеймін. Олай
болса «Еңбек» тобының
топбасшысына қойылатын
сұрақтар:
1.Тұла бойы –
ине,
Тұмсығында түйме.
(кірпі)
2.Құйыттай ғана бойы
бар,
Кілем тоқыр ойы бар.
(Өрмекші)
3.Тілдерімен
жүреді,
Уақытты біледі.
(сағат)
4.Қалталы аң?
(Кенгуру)
5.Тал басында түңдіксіз отау
(Ұя)
6.Қай жануар өз үйін бірге
алып жүреді. (Тасбақа)
7. Қай айда қүн бар?
(Барлық)
8.Қағазды қай ел ойлап
шығарды? (Қытай)
9.Ең кішкентай құс?
(Колибри)
10.Оқулық беретін орын??
(Кітапхана)
«Бейнелеу» тобының
топбасшысына қойылатын
сұрақтар:
-
Екі шеті тұйықұталған сызық?
(кесінді)
-
Басқа ұяға жұмыртқалайтын құс?
(көкек)
-
Қыста ұйқыға кететін жануар?
(аю)
4.Тұңғыш президент күні?
(1-желтоқсан)
5. Ең үлкен бір таңбалы сан?(
9)
6. Бойына сеніп жылдан
құрқалған жануар? (түйе)
7. Күні бойы тыңбайды, дәмді
тағам жинайды? (ара)
8.Қара алтын?
(мұнай)
9. Ұя салмайтын құс?
(көкек)
10. Аспанда қандай көлік
ұшады? (самолет)
«Музыка» тобының
топбасшысына қойылатын
сұрақтар:
1. Ең үлкен екі таңбалы сан?
(99)
2.Қалын киімді ұнатады
шешіндірсе жылатады?(пияз)
3.Жыртқыш құс?
(бүркіт)
4.Маң-маң басқан, маң
басқан
Шудаларын шаң басқан?
(түйе)
5. Уақыт өлшем бірілігі?
(сағат)
6.Жұлдыздың неше бұрышы бар?
(бес)
7.Адамда не бесеу болады?
(Саусақ)
8. Шөлге шыдамды жануар?
(Түйе)
9.Басты байлық ?
(денсаулық)
10. Еті тағам,сүті шұбат,жүні
киім қай жануар? (түйе).
Осымен сайысымыз Жақсы
сұрақтарға сүрінбей жауап бердіңіздер. Сайысқа барлығыңыз белсене
қатыстыңыздар, жарайсыздар. Ендігі кезекте сіздердің
Жұлдызшаларыңызды санап қай топ жеңгенін
анықтайық.
-
«Еңбек» тобының
жұлдызшасы-
-
«Бейнелеу» тобының
жұлдызшасы-
-
«Музыка» тобының
жұлдызшасы-
Жеңіске жеткен « »тобын
құттықтаймыз.
Балалар, адамның жеке тұлға
ретінде дамуына себепкер болатын – еңбек,тек еңбектенген адамнан
ғана өнер туады, келісесіздерме?
Ал, сіздерге бүгінгі сабақ
ұнадыма?Ұұнады деп ойлаймын, осылай әрқашан білімді, алғыр, шапшаң
болуларыңызға тілектеспін.
Сабағымыз аяқталды, сау
болыңыздар!