БҮГІНГІ КҮНГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

Тақырып бойынша 11 материал табылды

БҮГІНГІ КҮНГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ

Материал туралы қысқаша түсінік
Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

БҮГІНГІ КҮНГІ ҚАШЫҚТАН ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ


Жартынова Жанар Алибековна

«Менеджмент және ақпараттық технологиялар»

кафедрасының аға оқытушысы

«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы

Білім беру жүйесінің басшы және

ғылыми - педагогикалық қызметкерлерінің

біліктілігін арттыратын

республикалық институты


Бүгінгі күні адамзат баласының тарихында биылғы жылы әлемде тұңғыш рет Коронавирус Инфекцисы  – COVID-19 –ға байланысты 1,5 миллиардқа жуық мектеп, коллежд оқушылары мен ЖОО-ң студенттері қашықтан оқыту жүйесіне көшті.  Бұл жағдай педагогтар мен ата-аналарды, оқушыларды жаңа, бұрын қолданылмаған тәжірибеден қашықтан оқыту үдерісіне өтуге мәжбүрлеп отыр.

Қашықтан оқыту – білім алушы мен педагог ақпараттық-коммуникациялық технологияларды және телекоммуникациялық құралдарды қолдана отырып жүзеге асырылатын оқыту.

Қашықтан білім беру технологиялары қашықтықтан оқу сабақтарын «оnline», «offline» режимінде өткізуге негізделген. «Оnline» режимінде оқу сабақтары нақты уақыт режимінде оқудың өзара іс-әрекет ету үдерісін қарастырады (бейнеконференция, Интернет желісімен хабар алмасу, телефон аппараты арқылы келіссөздер). «Оnline» режиміндегі оқу сабақтары оқытушы мен білім алушы арасындағы асинхронды тілдесудің (электрондық пошта, кейіннен қорытынды бақылау тапсырумен оқытушының тапсырмасы бойынша білім алушының оқулықпен жұмысы) оқу іс-әрекеті процесін қарастырады.

Қашықтан оқытудың технологияларын пайдалана отырып оқыған білім алушылар келесі мүмкіндіктер мен артықшылықтарға ие болады:

бірінші (колледжден кейін) немесе екінші (үшінші) жоғары білім алу, қайта даярлаудан өту, біліктілікті арттыру;

  • жеке оқу жоспары, оқу траекториясын өз бетімен жоспарлау, оқу мерзімін қысқарту;

  • негізгі қызметтен қол үзбей оқу;

  • уақытты және қаржыны үнемдеу.

Қашықтан оқыту Европада XVIII ғасырдың аяғында почта арқылы оқу материалдарын хатпен алып мұғалімге ғылыми жұмыс түрінде жауап жазу арқылы жүзеге асырылды. Ресейде бұл әдіс ХІХ ғасырдың соңынан бастап қолданыла бастады. ХХІ ғасырда қашықтықтан оқыту әлемнің көптеген елдерінде ақпараттық коммуникативтік құралдар көмегімен интернет қолданушылар арасында пайдаланылды. 2003 жылы ынталы топ ADL қашықтан белсенді оқудың стандартын жасады.

Стандарттарды енгізілуі қашықтан оқыту құрамына, сонымен қатар бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды тереңдетуге көмектеседі.

Бүгінгі күні мұғалімге де оқушыға да, ата-аналарға да қашықтан оқыту жүйесінің талаптарын білу мен жетілдіріп отыру өте маңызды болып отыр. Мектеп тәжірибесінде қашықтан оқытуды оқушылар білім сапасын арттыру үшін бес күндік жағдайында білім беру, сабақ уақытының 40 минуттық болуы кейбір пәндерді қашықтан оқытуға мүмкіндік туындайды, оқушылардың да педагогтардың да өз бетінше ізденіс жасауына, жауапкершілікті дамыту бағытына жаңа серпін береді. 

Біздің елімізде осы кезеңге дейін қашықтан оқыту жоғары оқу орындарында, біліктілікті арттыру жүйелерінде қолданылып келді. Ал бүгінгі күні пандемия жағдайында еліміздегі барлық білім беру ұйымдары қашықтан оқыту тәжірибесіне көшіп отыр.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.10.2020
403
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі