Материалдар / Цифрлы білім беруде платформалар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Цифрлы білім беруде платформалар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру

Материал туралы қысқаша түсінік
Цифрлы білім берудегі мақсат әртүрлі платформалар сабақтарда пайдалану арқылы танымдылық белсенділігін арттыру, сапалы білім беру,білім беру процесін жеңілдету, оқушылардың қызығушылығын ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Ақпан 2024
1459
9 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

10 С.Мұқанов атындағы орта мектеп





Педагогикалық оқу



Тақырыбы: «Цифрлы білім беруде платформалар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігін арттыру»











Информатика пәнінің мұғалімі

педагог-модератор Абдалиева Бағила































Атырау қаласы 2024жыл

«Адамзат үшін ХХІ ғасыр – жаңа технологиялар ғасыры


болмақ, ал осы жаңа технологияларды жүзеге асырып, өмірге


енгізу, игеру және жетілдіру – бүгінгі жас ұрпақ, сіздердің

,

еншілеріңіз. Ал, жас ұрпақтың тағдыры – ұстаздардың қолында»


(Н. Ә. Назарбаев)



І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Цифрлы білім берудің жаңа талаптары

2. Білім беруде түрлі платформалардың мүмкіндіктері

3. Платформалардың мүмкіндіктерін өз сабағымда қолдану

III.Қорытынды

IV.Пайдаланылған әдебиеттер



































І.Кіріспе

Цифрлы білім беруде негізгі мақсат – платформалар арқылы оқушылардың танымдылық белсенділігін, білім беру сапасын арттыру, оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру, оқу-білім беру процесін жеделдету және жеңілдету, балаларға, ұстаздарға, жаңашылдықтың танымдылығын, сапалы білім беру.

Бүгінгі жаңа қоғам мұғалімнің ішкі жан дүниесі де жаңаша, өйткені, ХХІ ғасырдың өскелең ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Соған сәйкес білім беру жүйесінде жаңа инновациялық технологиялар пайда бола бастады. Жаңа технологиялар сан түрлі оны игеріп қолдану мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Біздің оқушыларымыз халықаралық деңгейде әртүрлі салаларда, оның ішінде жасанды интеллект және «ауқымды деректер» жасау саласында бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Мемлекет басшысы атап көрсеткендей, «елді цифрландыру – бұл мақсат емес, бұл – Қазақстанның абсолюттік артықшылыққа қол жеткізу құралы» Бүкіл процесс жүйелілікті, реттілікті және кешенді тәсілді талап етеді.

Цифрлық қоғам - бұл адамның өмірдің барлық салаларында цифрлық технологияларды сенімді, тиімді, сыни және қауіпсіз қолдануға дайындығы және қабілеті. Цифрлық сауаттылықты қалыптастыру оқырмандық, математикалық және жаратылыстану сауаттылығымен тең дәрежеде назар аударылуы керек.

Расымен де, адамзат қауымы жыл санап емес, ай санап, тіпті апта мен күн санап цифрландыру заманының сиқырлы әлеміне еніп барады. Цифрландыру технологиялары дегеніміз – бұл бұрын-сонды адамзат бастан кешпеген ғажайып әлемнің жаңа құралдары. Қазіргі күні бұл технологиялар жасақталу үстінде. Олар қазірдің өзінде біз тамсанып айта беретін ақпараттық технологиялардың өзін жолда қалдыра бастады.

Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі - мұғалім. Ізденімпаз мұғалімнің шығармашылығындағы ерекше тұс - оның сабақты түрлендіріп, тұлғаның жүрегіне жол таба білуі. Қазіргі қоғамдағы жаңа формация мұғалімі – педагогикалық құралдарды, цифрлы палтформаларды меңгерген, тұрақты өзін - өзі жетілдіруге талпынған, рухани дамыған, бәсекеге қабілетті, кәсіби шебер,шығармашыл тұлға деп білемін.





ІІ.Негізгі бөлім

1. Цифрлы білім берудің жаңа талаптары

Цифрлық қоғамдағы білім берудің жаңа талаптары мен міндеттер заманауи трендттер мен инновациялық тәжірибелерге білім беру мазмұнындағы өзгеріс.

- оқушының өз бетімен жұмысы;

- аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу;

- білім дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру;

- шығармашылық есептер шығару кезінде ақпараттық процестерді түсіндіру арқылы жүзеге асыру;

- қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы;

- қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі;

- экономикалық тиімділігі;

- іс-әрекет, қимылды қажет ететін пәндер мен тапсырмаларды оқып үйрену;

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтугеде ықпалы зор.

Мұғалім цифрлық білім беру платформаларын пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі және оқытудың тиімді әдістерінің бірі деп ойлаймын. Мұғалім үшін электрондық оқулық – бұл күнбе-күн дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны әр бір мұғалім өз сабағын материалдармен толықтыра отырып, әрі қарай жетілдіре алады. Цифрлы білім беру арқылы электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады.

2. Білім беруде түрлі платформалардың мүмкіндіктері

Мектепте цифрлы білім беру жүйесінде мұғалімдерді бос емес жұмыстардан (бірнеше есептерді толтыру) жою және ақпараттың қайталануын жою үшін қолданылатын үш жүйені қалдыру жоспарлануда:

- Ұлттық білім беру деректер базасы (ҰБДБ);

- Электронды журнал (Күнделік);

- Бұлтты бухгалтерия

Мектепте білім берудегі оқу үдерісін автоматтандыру үшін электронды журналдар жүйесі пайдаланылуда. Электронды журналдарды енгізген мектептерде қағаз түріндегісін қолдануға тыйым салынады. Әзірлеушілердің пікірінше, бұл қосарланушылықты тоқтатады және есептілікті айтарлықтай қысқартады.

Қазақ мектептерін цифрландыру осы үрдіске қатысатын барлық ойыншыларға: оқушыларға, олардың ата-аналарына, мұғалімдеріне, білім беру жүйесінің әкімшіліктеріне ыңғайлы және тиімді құралдарды жасауды білдіреді. Сонымен қатар, оқу үдерісін цифрландыру, адамның адамдық қарым-қатынасының оңтайлы теңгерімі және виртуалды ортада нақты және цифрлы әлемді синтездеудің бір түрі болып табылатыны маңызды.

Бүгінде оқыту процесінде жиі қолданылып жүрген технологиялардың бірі - "Оқу мен жазуды сын тұрғысынан дамыту" технологиясы. Қызығушылықты ояту, жаңа білімге көпір салу, мағынаны ажырату, ой толғаныс стратегиялары оқушыларды сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындай отырып, қызығушылықтарын арттырудың әртүрлі әдіс-амалдары қарастырылады, белсенділіктерін оятатынын көріп жүрміз. Топтық жұмыс бала танымына оң әсер етіп қана қоймай ой-өрісін дамытады бұл икемділік, ұтқырлық. Информатика сабағында бұл стратегияларды қолдану Цифрлық білім беру құралдары арқылы жүзеге асырылады. Сол себепті де сабақта заманауи технологияларды цифрлық білім берудегі коммуникациялық технологиямен кіріктіре отырып пайдалану өте тиімді. Электрондық оқыту оқу процесіне ешқандай шектеу қоймайды. Бұл процесс мұғалім мен оқушының кеңістіктегі орнына да, уақыттық мүмкіндіктеріне де, көңіл-күйіне де байланысты емес. Оқу барынша объективті құбылыс ретінде өтеді. Оқу-тәрбие жауапкершілігін ең алдымен оқушының өзіне жүктеу керек. "Қалаған уақытыңда, қалаған жерден, қалағаныңша оқы, өз әрекеттеріңе өзің ғана жауап бер". Ал мұғалім бағыт-бағдар береді, қажет кезінде кеңес береді, қажет кезінде сүйеу болады.

Мұғалімнің жұмысын жеңілдететін,оқушылармен сабақ барысын жылдам әрі түсінікті, қызықты етіп өткізілетін платформаларды атап айтып кететін болсақ:

Focusky (Креативті презентациялар жасауға), Canva (креативті презентация жасауға,баннерлер,логотип, көрнекіліктер жасау), Curipod (интерактивті материал жасауға), Baamboozle (топтық жарыс), Genially (дидактикалық ойындар), Word Wool (интерактивтіматериалдар,сұрақтар құрастыру), Mentimeter (сабақ соңында кері байланыс алу),mozaweb (3d дайын сабақтар,тапсырмалар), Treventy.com (тест, викториналық сұрақтар), Flippity Socrative, LessonUp (презентация, тест, кесте, дайын ойындар), Kahoot (сабақты қорытындылауға арналған бекіту ), Online Bilimland (бжб,тжб, дайын сабақтар, тапсырмалар орындауға арналған) , kundelik kz(электронды журнал)

2. Білім беруде түрлі платформалардың мүмкіндіктерін өз cабағымда қолдану

а)Wordwall бағдарламасы арқылы түрлі интерактивті тапсырмаларды түрлі шаблондарды қолданып құрастыруға болады. Мұндай тапсырмалар түрлі әдістер негізінде оқушы білімін анықтауға және оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тиімді. Мен бұл бағдарламаны өз тәжірибиемде терминология сабағында жиі қолданамын. Бағдарламаның түрлі шаблондарын қолдану арқылы оқушылардың тыңдалым, жазылым, оқылым дағдыларын дамытуды көздеймін. Басқаша айтқанда термин сөздерді түрлі әдістермен оқушылардың еске сақтауларына жұмыс жасаймын.Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін қолдану төмендегідей мақсатты көздейді:

-оқушылардың ақпаратпен жұмыс жасау іскерлігін қалыптастыру арқылы коммуникативтік қабілеттерін, ақыл-ойын, танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту .

Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін пайдалану үшін мынадай кезеңдерді қамтиды:

Wordwall.net тіркелу,ьенің жұмыстарым бөліміне кіріп тапсырма түрлерін таңдау.

Wordwall интерактивті тапсырма құру сервисін пайдалану оқушының оқуға мотивациясын арттырады және информатика пәнін оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:

-Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;

- Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде);

-Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;

-Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;

-Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;

-Ақпараттық мәдениетттін дамытуға бүгінгі ақпараттық, коммуникациялық құралдармен жұмыс істеу дағдыларын арттыру.



Ә) Plickers бағдарламасы

Өз тәжірибиемде жиі қолданатын келесі бағдарлама Plickers бағдарламасының жұмыс істеу алгоритміне толығырақ тоқталып кеткім келеді

Бұл бағдарламамен жұмыс жасау үшін мұғалімде А4 парағы және ұялы телефон, ал оқушыларда А4 парағындағы штрих код болса жеткілікті.

Жұмысты бастамас бұрын бірінші ұялы телефонға Plickers бағдарламасын жүктеп аламыз. Plickers сайтына кіріп сынып, тест және билеттерді өзара байланыстыруымыз қажет.

І. Сайтта тест дайындау

Сайтқа тіркелу. сайтына кіріп тіркелеміз. Тіркелгеннен кейін ашылатын терезедегі батырмалар қызметі:

Сейчас играет – тест алуды бастау, Новый набор – Тест құру, Последний – Соңғы орындалған әрекет, Ваша библиотека – Сұрақтар тізімі, Отчет – Оқушылардың жинаған балын көрсетеді, Протокол – Барлық сыныптың отчетын көруге болады.

Сынып құру. Новый класс қадамын таңдап сыныпты құрып, сол құрылған сыныпқа кіріп Add Students батырмасын басу арқылы сыныпқа оқушыларды енгіземіз. Next батырмасын басқанда оқушылар тізімі шығады. Әрбір оқушы алдындағы сан ол оқушыларға берілетін штрих кодтар. Ашылған бетті баспаға шығарып алса да болады. Себебі қай сыныпта қай оқушыға қандай штрих код беретініңізді біліп отырасыз.

Done батырмасын басу арқылы біз құрған сыныбымызға қосылған барлық оқушылар тізімін көре аламыз. Жеке сыныптарға настройка жасау үшін Настройка батырмасын басып ашылған терезеден настройка жасай аламыз.

Яғни, сынып түсін, Осы сыныпқа қай пәннен беретініңізді таңдау, Сынып номерін таңдау .Штрих код парағы

Енді штрих код парағын әр оқушыға Help батырмасын басу арқылы Get Plickers Cards командасын орындап баспаға шығарып аламыз.

Тест тапсырмаларын құру Google аккаунт арқылы да құрастырылып немесе дайын құрастырылып тұрған тест сұрақтарын,бос документке орналастырып ссылкамен немесе QR код арқылы оқушыларымызға орындатуымызға болады. Plickers бағдарламасымен тест құрастырылып, ZipGrade бағдарламасымен тексереміз

Б)ZipGrade бағдарламасы

ZipGrade бағдарламасымен тест жұмысын жылдам тексеру үшін өте ыңғайлы бағдарлама. Көбіне ұстаздардың оқушылар жұмысын қолмен тексеріп көп уақыт жұмсайтынын білеміз.

Алдын ала біз тест жұмысын орындауға арналған жұмыс парағын шығарып аламыз. Жұмыс парағының дайын шаблондары ZipGrade сайтында берілген немес өзіміз тест құрылымында қарай жұмыс парағын құрастырамыз. Ол үшін тіркелген парақшамызға кіріп. Quizzes түймешесін басқанда дайын тесттер парақшаларының тізімі шығады. Егер жаңадан тест парақшасын құру қажет болса New Quiz мәзірін таңдаймыз.

Ашылған парақшадан Сұрақтар санын, сыныпты енгіземіз. Edit Key батырмасы арқылы жауап парақшасын дайындау аламыз. Онда сұрақтың дұрыс жауаптарын және әрбір сұраққа берілетін ұпай сандарын енгізе аламыз. Дайын болған тест парақшаларын баспаға шығарып, оқушыларға таратуға болады. Оқушылар тест жұмысын дайын парақшаларда орындайды.

Оқушылардың жұмысын тексеру үшін Scan Papers батырмасын басу арқылы оқушылардың тест парақшаларын сканерлейміз. Сканерлегенде бірден оқушының неше сұраққа жауап бергені және тест жұмысын қанша пайызға орындағаны шығады. Сонымен қатар Review Paper батырмасын басқанда тест парақшасында жұрыс жауаптар «жасыл», қате жауаптар «қызыл» боялып көрінеді. Тест аяқталған соң Review Papers батырмасы арқылы оқушылардың тест қортындысын көре аламыз



в) Mentimeter (сабақ соңында кері байланыс алу), Kahoot (сабақты қорытындылауға арналған бекіту) сабақтарды бекітуге арналған платформалар

Kahoot бағдарламасы

Пәндер бойынша оқушылардың білімдерін тексеру мақсатында тарау, тақырып соңында тест жұмыстарын жүргізуге болады. Тест тапсырмасының құрылымын түрлендіріп сәйкестендіру тесті, бір дұрыс жауап немесе бірнеше дұрыс жауаптары бар тесттер, сурет түрінде т.б. берілген тапсырмалар түрінде құрастыруға болады.

Kahoot бағдарламасы кең қолданыста, барлық пәндер үшін жиі қолданылады. Онымен тест тапсырмасын құрастырып, тест өткізу үшін интернетке қосылу керек. Бұл сервис арқылы сондай-ақ сайыс өткізуге болады.Тіркелгеннен кейін сізді сіздің жеке акаунтыңызға жібереді. Өз парақшаңызда оқушыларыңызға қандай тапсырма құрасыз соны таңдау керек болады. (quiz, discussion, survey). Біз «Quiz» дегенді, таңдаймыз. Атау беремізде ары қарай сұрақтарды құрастыруға болады. Сұрақ құрастыру мен бірге әр сұраққа қанша уақытта жауап беру керегінде енгіземіз. Сұрақта иллюстрация (сурет) және видео қосып жасауға болады. Сұрақтаға дұрыс жауапты (қызылды басамыз «Incorrect«) ары қарай (save&continue) кнопкасын басамыз. Осымен құрастырған сұрақтар дайын.Енді құрастырған жұмысымызды іске қосамыз (Play now). Мониторларға ПИН шығады. Бұл ПИН кодты оқушылар тест жүйесіне кіру үшін қолданады.Оқушыда ұялы телефон болуы керек. Ұялы телефоннан қосқанда ПИН енгізуді сұрайды. Сайтта көрсетілген пинді енгізіп, ары қарай Nickname деген жерге аты жөніңізді толық жазып Ok, go! деген кнопканы басады.Cол уақытта тапсырмалар шығып оқушылар ұялы телефондары арқылы тест сұрақтарына жауап береді. Тест аяқталғанда жалпы оқушылардың тестті орындау статискасын көре аламыз.

III.Қорытынды

Қорыта келгенде, ақпараттық технологияның тиімділігі – оқушылардың білім олқылықтарына үнемі зерттеу жасап, түзету жұмыстарын жүргізуге пайдасы бар екендігі анықталды. Қазіргі заманның даму қарқыны мұғалімдер шығармашылығын жаңаша, ғылыми-зерттеу бағытында құруды талап етеді. Демек, компьютер оқушылар мен мұғалім жұмысын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктерге ие, оқытудың әдістерін кеңінен әрі сапалы қолдануға мүмкіндік береді. Ендеше, әртүрлі платформаларды сабақта қолдану оқушының іс-әрекетін, жұмысын түрлендіруге көмектеседі, зейінін белсендіреді, оқушының танымдық белсенділігін арттырады, шығармашылық мүмкіндіктерін жоғарылатады деуге болады. Платформалар арқылы жасалатын тест тапсырмалары уақытты, шығынды үнемдеуге көмектесе отырып оқушылардың өз білімін бағалауға үйретеді. Ең бастысы, оқушылардың өзіндік білім алуын қамтамасыз етіп, әр түрлі білім көздерінен негізгісін бөліп алу, тауып алу дағдыларын дамытады. Әрбір оқушының білім деңгейін талапқа сай көтеру үшін озық әдістемелік технологиялар қажет. Сол жаңа озық әдістемелік технологиялармен қаруланған, заман талабына сай оқытудың жаңа әдістерін, яғни цифрлық қоғамдағы білім берудің талаптары мен мүмкін технологияларды толық меңгерген педагог қана білім алушының сапалы білім алуына мүмкіндік жасайды.

"Шәкірт - нығырлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды талап ететін шырақ" демекші, оқушылардың жеке шығармашылық мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі тұлға етіп дайындау - мектептің басты мақсаттарының бірі. Мақсатқа жетер жолда аянбаған ғана нәтижеге қол жеткізеді.

Қорыта айтқанда, информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану,осы электрондық әдістемелік оқу құралында айтылған мәліметтерді сабақта пайдалану өте тиімді, ол оқушының өз бетімен жұмыс жасауына көмектесіп қана қоймай, ойлау қабілетін дамытады. Бұл, әрине оқытушының тақтаға жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі асерлі. Меңгерілуі қиын сабақтарды компьютердің көмегімен оқушыларға ұғындырса, жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде әдістемелік оқу құралын сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады.

Елбасы: «Болашақ жастардың қолында екенін жиі айтады. Қазақстан бүгінде әркімге қай саладан болмасын мол мүмкіндік туғызып отырған ел. Сондықтан цифрлық Қазақстанға қол жеткізу үшін жастарға артар үміт зор», ‒ деді. Цифрландыру қазіргі әлеуметтік-экономикалық салалардың барлығына ортақ. Алдағы бес-он жылдың ішінде әлемнің барлық елдері осы жолға түсетін болады деп кәміл сенемін.



IV.Пайдаланылған әдебиеттер

1.Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2022 – 2026 жылдарға арналған даму бағдарламасы.

2.«Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 12 желтоқсандағы № 827 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы бағдарламалар

2500 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!