Материалдар / Цифрлық білім беру ресурстары мен мәселелері және оны шешу жолдары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Цифрлық білім беру ресурстары мен мәселелері және оны шешу жолдары

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Наурыз 2021
268
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Цифрлық білім беру ресурстары мен мәселелері және оны шешу жолдары

Баймуханова Гулжан Қыздарбайқызы

жоғары санатты оқытушы,

ҚР Білім беру ісінің Құрметті қызметкері





«Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына енуі үшін: білімді де зерделі, жан-жақты дамыған дарынды, қабілетті ұрпақ керек»

Н.Ә.Назарбаев

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011–2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында білім беру жүйесі алдында білім беру үдерісінің барлық қатысушыларын білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесін қолдану арқылы үздік білім беру ресурстары мен технологиялармен бірдей қамту тапсырмасы қойылып тұр.

Цифрлік сауаттылық – ақпараттық қоғамдағы қауіпсіздіктің негізі, ХХІ ғасырдың ең маңызды білімі, ең негізгі тақырыптарымыздың бірі.​ Цифрлік сауаттылық – бұл адам өмірінің барлық салаларында цифрлік технологияларды сенімді, тиімді қолдануға дайындығы және қабілеті. Осы технологияны қолдану арқылы білім саласын​ арттыруға жол ашылады.​Бүгінгі басты мәселеміз – білім сапасы десек, осы білім сапасын арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану. Келешек қоғамымыздың мүшелері - жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсетілген және оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін қашықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану міндеті қойылған​ ​​​​​

Білім беру жүйесіне цифрлік технологияларды енгізудің маңыздылығы. – мұғалімнің ойлану стилін, оқыту әдістемесін өзгертеді. Цифрлық технологиялардың бірі — интерактивтік тақта, мультимедиялық және онлайн сабақтар.

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге жеткізеді:

1. Студенттерге еркін ойлауға мүмкіндік береді;
2. Тіл байлығын дамытады;
3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді;
4. Шығармашылық белсенділігін арттырып, ұжымда бірігіп жұмыс істеуге тәрбиелейді.
5. Өз бетімен білім алатын, ақпараттық технологияларды жақсы меңгерген, білімді жеке тұлғаны қалыптастырады.

Білім беру жүйесінде де кезінде жаңа технология түрінде қабылданып, өз дәуірінде барлық ғылымға елеулі үлес қосқан.Біздің қазіргі «жаңа технология» деп жүргеніміз де бұрыннан қолданылып келе жатқан оқыту әдістерінен бастау алып, жалғасын тапқан, толықтырылып өңделген педагогикалық технологиялардың жаңа үлгісі.Бүгінгі таңда тұжырымдамалық түрде білім беру жүйесі негізгі үш бағыт бойынша жүргізілуде: білім беру үдерісін цифрландыру, цифрлық білім беру контенті, білім беруді басқаруды цифрландыру. Қазақстанда мектептік білім беруді цифрландыру оны реформалау үрдісіндегі басты тенденциялардың бірі болып табылады. Болашақ мектептерінің көрінісі көбінесе барлық пәндердің бұлтты білім беру жүйесіне біртіндеп көшуімен байланысты. Біз онлайн оқулықтар мен виртуалды зертханалар туралы, ашық білім беру мазмұны, әрбір қатысушыға икемді және жеке көзқарас туралы айтып отырмыз. Үй тапсырмаларын оқушылар онлайн режимінде бірге жұмыс істей алады. Мектеп кітапханалары ақпараттық және компьютерлік орталықтарға айналды.

Жаңа ақпараттық технологияға ғалымдар әр түрлі анықтама беріп отыр. Мысалы: Н.Макарова «Жаңа ақпараттық технология-қысқаша компьютер негізіндегі технология» деп тұжырымдайды

Білім берудегі тез қарқынмен компьютерлендіру өзектілігі мына факторлармен түсіндірілуі керек:

–       Оқушыны қазіргі қоғам сұранысына сай өзінің  өмірлік іс әрекетінде дербес компьютердің құралдарын қажетті деңгейде пайдалана алатындай жан-жақты дара тұлға ретінде тәрбиелеу

–       Оқушылардың коммуникациялық техниканың құралдарын пайдалану дағдысын қалыптастыру. 

–       Оқушылардың шығармашылық қабілетін, экспериментальды білім іскерлігін дамыту

–       Компьютер жекелеген пәндерде оқыту құралы ретінде пайдалана отырып, оқу тәрбие үрдісінің барлық деңгейін жетілдіру, тиімділігі мен сапасын жоғарылату.

Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау –субъектілерін дамытуда үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады.

Қазіргі уақытта болып жатқан жағдайлар еліміздегі ақпараттық технологиялардың, жалпы ІТ саласының әлсіз, осал екенін бірден-бір дәлелдеп отыр. Мысалға, күрделі ахуалдарға байланысты білім саласы қашықтықтан оқытуға көшті. Көп студенттер ауылдарына тарап Platonus,ZOOM бағдарламалар арқылы оқу процестері жүзеге асуда. Алайда, аталмыш жүйенің елімізде әлі жемісін көре қойғанымыз жоқ. Олай дейтінімнің себебі, біріншіден елімізде компьютерлендіру ісі мен жалпы коммуникациялық кеңістік дұрыс дамымаған. Екіншіден аталмыш салаға байланысты кәсібилік деңгейде доктор немесе профессорлар арнайы тағайындалмаған. Әрі қарай өзіңіз ойлай беріңіз.Осы бойынша менің ұсынысым: кәсіби деңгейде компьютер басты мамандарымызды дайындау қажет. Сонда ғана компьютерлендіру ісі елімізде қарқынды дами алады.

Айта кетерлігі, цифрлық технологияларды пайдалану мен дамыту арқылы мемлекет экономикасының бәсекелестігін және халық өмірінің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылдың 12 желтоқсанындағы № 827 қаулысымен «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бекітінен болатын. Бұл жобаларда өз мақсатында жұмыс жасап, елімізді ХХІ ғасыр- жаңа ақпараттық технологиялар ғасыры деңгейіне көтерер деген сенім әлі күнге дейін сейілер емес.

Жаңа жүйеге көшкіміз келеді. Бірақ қалай? Нақты жолын қалай табамыз? Міне, осы сұрақтарға https://www.inform.kz/kz/elbasy-cifrlyk-kazakstan-maksatty-bagdarlamasyn-naktylady-galym_a3031281 сайтында Documentolog" ЖШС директоры Байжан Қанафин берген сұқбатында ашық айтты.

IT саласының 80 пайызына, яғни негізгі жобаларға мемлекет тапсырыс береді. Осыған дейін әркімге өз қотырын өзі қасу керек болды. 25 жылдан кейін мемлекет есін жинап, жан-жағына қараса, 10 шақты компания ғана аяғынан тұрыпты. Онда да әлемдік нарықтың көшіне ілесе алмай тұр. Енді осыларды қолдау арқылы үздіктер қатарына шығару керек деп ойлана бастады. Өйткені, солар ғана инновацияны дамыта алады. Сонда компанияларды аяққа тұрғызатын, әлемдік нарықтың қатырына қосатын жобалардың, бағдарламалардың болмағаны ма? 141 млрд-тық жоғарыда айтылып кеткен «Цифрлық Қазақстан» жобаларының негізсіз, аяққа тапталып қалғаны ма? Осы сауалдар маза бермейды , болашаққа алаңдауышылық туғызады.

Қорыта айтқанда: Жаңа заман талабына сай білімді, бәсекеге қабілетті, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды жетік меңгерген, кәсіби біліктілікті жұмысшы мамандарды даярлауда кәсіптік оқытуды жетілдіруде еш аянбауымыз қажет. Сонда ғана елдегі білім саласы толықтай цифрландырып, аталсын салада ілгерілеу болатын еді.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!