Материалдар / "Cөйлеу мәдениетін қалыптастыру"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Cөйлеу мәдениетін қалыптастыру"

Материал туралы қысқаша түсінік
«Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Бүгінгі заман жастарының тілдік қоры, ана тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті, парасат пайымы, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнері, сөз мәдениетінің орны, пікірлесуі. Шаршы топ алдындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қырқүйек 2021
693
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан «АТиСО»

Академиялық колледжі

«Қазақ тілі мен әдебиет»

пәні мұғалімі

Татаханова А.С.



«Шаршы топ алдындығы сөз мәдениеті»



Сөйлеу мәдениеті өспейінше жоғары

ақыл мәдениетіне жетуге болмайды.

Теплов Б.

Аннотация: «Сөз мәдениеті» қазіргі әдеби тілдің жұртшылық таныған, үлгі тұтқан нормаларын жеке адамдардың сақтауын талап етеді. Бүгінгі заман жастарының тілдік қоры, ана тілінде дұрыс сөйлеу мәдениеті, парасат пайымы, ойдың және сөйлеудің дамуы, сөйлеу мәдениетіндегі шешендік өнері, сөз мәдениетінің орны, пікірлесуі. Шаршы топ алдындағы сөйлеу мәдениетін қалыптастырудың маңызы.



Бүгінгі таңдағы басты мәселелердің бірі мемлекеттік тіліміздің ахуалы. Ұлттық руханияттың алтын діңгегі тіл десек, тілімізді шұбарлап, бұрмалап, кірме сөздер, диалект сөздерді араластырып сөйлеу тілімізді қорлау ғана емес, еліміздің ертеңіне балта шабу.

Қарым-қатынастың негізгі құралы – тіл. Әр адам дұрыс сөйлей білуі, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыра білуі тиіс. Қарым-қатынас адамдардың отбасымен, өскен, араласқан ортасымен, елімен, жерімен, дәстүрі, мәдениет қазынасымен етене әрі жанды байланысы. Қарым-қатынаста адамдардың жан дүниесі, өмір тіршілігіндегі бейнесі көрінеді. Әдеп – сөйлесудегі, пікірлесудегі мәдениет тірегі. Мәдениет – адамдардың рухани және материалдық, білімдарлық пен сезімталдық қасиеттер аңғарылатын белгілерінің жиынтығы. Мәдениеттің туы – тіл, ол адамзаттың мұратымен астасып, сол ұлтпен бірге пайда болып, дамып отырады. Өз тарихын, ұлттық дәстүрін, туған жерін, тілін қадірлей білген адам ғана мәдениетті болады.

Сөз мәдениеті – сөзді орынды қолданып, қиюластырып, үндестіріп айта білу, емле мен тыныс белгілері ережелерін дұрыс сақтау, тілдің ғасырлар бойы сақталып келген көркемдігі мен тарихын, әсемдігін сақтай білу. Олай болса, шешендік өнер, сөйлеу мәдениеті, ауызша, жазбаша дұрыс сөйлеу –әдептіліктің биік шыңы.

Сөйлеу әдебі. Сөйлегенде мынадай нәрселер ескерілуі тиіс:

- Орфоэпия заңдылықтарын сақтап, сөзді орынды қолдану;

- Қолды сермеу, қатты күлу, мәнсіз майысу, аса қатты сөйлеу орынсыз

қылықтарға жатады;

- Өзің туралы айта беру, барлық сөзді өзіңнен бастау – әдепсіздік саналады;

- Білмейтін нәрсе туралы айтудың қажеті тіпті шамалы;

- Қатты сөйлеп тұрған адамға қатты жауап берудің қажеті жоқ, байыппен сөйлеп, дұрыс жауап берген абзал.

Сөйлеу әдебін сақтап сөйлеу, тіл тазалығын сақтау, мемлекеттік тіліміздің деңгейін көтеру басымдық беруіміз қажет. Елбасымыздың салып берген сара жолы да қазақ тіліне үлкен басымдылық беріп отыр. Себебі Н.Ә. Назарбаев «Үш тұғырлы тіл» бағдарламасын енгізе отырып, «Қазақ тілі үш тілдің бірі болып қалмайды, үш тілдің біріншісі, негізгісі, бастысы, маңыздысы бола береді” – деп басып айтты.

Білім беру орынындағы кәсіптік білім беруде қазақ тілінде ұйымдастырылған жұмыс білім алушылардың өзінің ана тілінде сауатты сөйлеуіне, еліміздің салт-дәстүрін, тарихын, мәдениетін меңгертуге басымдық береді. Халқымыздың «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», «Өз тіліңді біліп, өзге тілде сөйлеу – қасиет, өз тіліңді білмей, өзге тілде сөйлеу – қасірет»,- деген бабалар даналығын, қазақ тілінің мәртебесін қашан да биік ұстанамыз.

Негізгі мақсатымыз қазақ тілінің құндылықтарын меңгерген, мәдени-әлеуметтік өзара қатынасқа дайын, айналасымен ауызша және ауызша емес құралдармен жұмыс істеуге қабілетті, коммуникативтік-тілдік құзыреттілігі қалыптасқан, мектеп жасына дейінгі көптілді тұлғаны тәрбиелеу.

Тіл үйретудегі негізгі мақсат – білім алушыларға жалаң сөз жаттату емес үлкендерге, құрдастарына сәлем беруден бастап асқа бата жасау, алғыс яғни рахмет айтуға, рұқсат сұрауға, ғапу етіңіз, оқасы жоқ деген мағыналы сөздерді үйретіп, күнделікті өмірде қолдануға дағдыландыру. Әрбір үйренген сөздерді сауатты айтуға, сөйлем құрамында дұрыс, мәдениетті, қолдана білуге дағдыландыру.

Еліміз егемендік алып, көк байрағымыз көкте желбіреп, елтаңбамыз елдігімізді айқындап, әнұранымыз асқақ шырқалып, ел алдына мақсат қойып, бағытын айқындар жолды таңдап, жарқын болашаққа бет бұрған шақта ең басты назарда ұстағанымыз – ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту, тілімізді биік тұғырдан көру, сөз мәдениетін, шешендік өнерімізді дамыту, бәсекеге қабілетті, сөйлеу мәдениеті жоғары ел болу екені баршамызға мәлім болды. Жоғалтқанымызды қайта тауып, тілімізді дамытып ескімізді жаңарттық. Ұлтымыздың өзгеден ерекше қабілетті, дарынды, ынтымағы, бірлігі жарасып, батыр, мықты ел екенін бүгінде әлем аренасына шығып тағы бір мәрте паш еттік. Бұл біз үшін зор қуаныш. Ал, осы өрлеу, өркендеу жылдары халқымыз, біз, кейінгі ұрпақ өз еншімізге ғана бұйырған баға жетпес ешбір елдің тіл байлығы тең түспес «сөз байлығымызды, саф алтын – сөз өнерімізді, шешендік өнерімізді» дамытуға да ат салысып үлес қосуымыз қажет.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!