Ашық ұйымдастырылған оқу
іс-әрекеті
Тақырыбы: «Дәрумендер және
денсаулық»
Мақсаты: Бау-бақшада өсетін көкөністер
мен жемістер туралы түсініктерін кеңейту. Олардың құрамында
кездесетін дәрумендердің адам денсаулығына маңызы туралы мәлімет
беру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:
1.Жемістер мен көкөністер
2.Магнитті тақтайша, адам
бейнесі.
3.Муляждар
4.Буклеттер
Дәрігер: Дәрумендер - ағзаның зат
алмасуының және жұмыс істеу қабілетінің болуы үшін үлкен маңызы бар
органикалық қоспалар. Дәрумендер көкөністер мен жемістерде көп
болады. Қәнеки балалар, біздің дәрумендерімізбен
танысайық.
Шие: Шиемін, мен шиемін, Күннің
көзін сүйемін. Қышқыл шырын менде бар, Төмен басты
иемін.
Жүзім:Мен жүзіммін,жүзіммін, Моншақ
болып түзілдім. Сары күзде үзіліп, Себетке кеп
түзілдім.
Алмұрт: Мен алмұртпын,алмұртпын,
Аузындамын бар жұрттың. Мені татқан адамның, Таңдайынан бал
тамар.
Алша: Көзін тартқан баршаның, Қызыл
күрең алшамын. Тәтті екен деп тамсанар, Аузына салған
адамның.
Алма: Пісіп тұрған алмамын,
Тамсандырар бар дәмін. Жерге сілкіп түсірме, Ісіп кетер
маңдайым.
Пияз: Асханадан шықпаймыз, Атым-
пияз, бұқпаймыз. Көзден жасты шығарып, Тұмаудан бірақ
сақтаймыз.
Қызанақ:Тал шыбығым бұралып,
Бақшаларда қызарып. Тұрған ол мен қызанақ, Күнге қарап
ұялып.
Сәбіз:Өсірген бойыңды, Дамытатын
ойыңды. Қояндарға азықпыз,
Сәбіздерміз
жазықсыз.
Картоп:Картоп біздің атымыз, Жер
астында жатырмыз. Бір тамырдан тараған, Ағайынбыз
бәріміз.
Қияр: Кім білмейді қиярды, Дәмім
тілді үйірген. Жаңа піскен кезімде, Жейді бәрі
сүйсіне!
Дәрігер: Жарайсыңдар балалар енді мына
тақтайшада адам ағзасының суреті бейнеленген. Адам ағзасына
дәруменнің артықшылығы жоқ. Соны біздер жеміс пен көкөністің
суреттерін жабыстыра отырып дәлелдейік.
Балалар сурет жабыстырып болған
соң.
Дәрігер: Біздің денсаулығымызды
сақтауға жеміс-жидектердің тигізер көмегі көп екен
балалар.
Сол кезде көкөністер мен
жемістер дауы басталады.
Қияр: Жиналып қаппыз бәріміз
Қайссымыз ең дәмдіміз? Ішімізден адамға Тиеді көп
пайдамыз?
Қызанақ: Піскен кезде қызанақ, Көз
тартар қызыл түсімен. Бар ма адам сүйсінбей, Томат шырынын
ішпеген?
Алма: А-сы қажет көзіңе, В-сы жүйке
нығайтар. С-дан микроп безінер,
Д-сүйекті нығайтар.
Картоп: Мен ұялшақ картоппын, Мен
емеспін мақтанар. Мені жақсы көреді, Үлкендер мен балалар. Бос
айтысты қояйық,
Дауласуды тоқтатайық.
Осы уақытта Вирус
кіреді.
Вирус:Тоқтатыңдар дауды. Мына мен
тұрғанда сендердің ешбіреуің іске аспайсыңдар. Мен сендерге
жақындасам сендер жарамсыз боп қаласыңдар.
Дәрігер: Балалар біздер ағзамызды
әлсіретпеу үшін, вирус жұқтырмау үшін не
істейміз?
Балалар: Тамақты қолымызбен жуып
жейміз. Ертеңгісін денемізді шынықтырамыз.
Осы кезде музыка ойнап,
жаттығу жасайды
Балаларға қарап қалған
вирус.
Вирус: Жарайды мен сендерге зиянымды
тигізбейін, сендер өте тамаша екенсіңдер.Мен кетейін,өзіме басқа
жерден азық іздейін.
Вирус шығып кетеді.
Дәрігер: Денсаулықты сақтауға,
Денсаулықты жақтауға,
Дәрумендер
пайдалы...
Түрлі тағам құралы , -дей
келе, біздің денсаулығымызды сақтауға дәруменнің маңызы зор екенін
білдік. Сендерге көп-көп рахмет!
Заллдан балалар
шығады.