"Дарынды оқушының
тәрбиесі"
"Дарын" мектеп-интернатының тәрбиешісі:
Калтаева Гульнур Еркебаевна
Баланың бойындағы туа біткен
қасиеттерді дамытатын — тәрбие мен оқыту. Неғұрлым баланың қабілеті
мен талантын дамытуға ертерек көңіл бөлінсе, соғұрлым оны толық
ашуға мүмкіндік туады. Бала бойында ерекше қасиеттерді оған жақын
жасы үлкендер дұрыс жеткілікті бағаламаса, оның «өзгелер» сияқты
болып қалып қоюуы мүмкін.
Дарынды балаларды оқыту мен
тәрбиелеуді ұйымдастырудағы басты міндет- балалардың қабілеттері
мен таланттарын жан-жақты аша түсу үшін, дарындылықтын
ерекшеліктерін анықтау мен айқындау болып табылады. Сондықтан
оқушыларға дұрыс бағыт-бағдар көрсетіп, тәлім-тәрбие беру біздің
басты міндетіміз деп санаймын.
Тәрбие, тәлім-тәрбие –
жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып,
өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі
процесс.
Тәрбиенің мақсаты адам бойында
ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және тіршілікке қажетті дағдылар
қалыптастыру болып табылады.
«Ұрпағы білімді халықтың
болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей жас ұрпаққа сапалы,
мән-мағыналы, өнегелі тәрбие беру, оқушының қалыптасқан даралығын
анықтап, жігер-қайратын ескеріп, ұлттық мәдениетімізді,
салт-дәстүрімізді бойына сіңірген ұрпақ тәрбиелеу – қазіргі
мұғалімдердің басты мақсаты.
Ізгілік тәрбиесі -
жеке тұлғаның моральдық қасиеттерінің, көзқарастары мен
сенімдерінің қалыптасу үрдісі. Ізгілікті деп жалпы
адамзаттық моральдың ережелері мен
талаптарын, нормаларын өз көзқарасы мен сенімі ретінде,
мінез-құлығының үйреншікті формасы ретінде көрсететін адамды
есептеуге болады.
-
Адамға ғылымнан бұрын тәрбие
беру керек. Тәрбиесіз ғылым зұлымдыққа
апарады.
-
Тәрбие - адамға сапалы өмір
сүргізеді.
-
Тәрбие - адамның жүріс-тұрысын, сөйлеу мәнері мен
мәнін, ой өрісін қамтиды, адамға оң мен солды, жақсы мен жаманды
танытады.
Дарынды оқушылар – зияткерлік, шығармашылық, әлеуметтік
және физикалық сияқты адам қабілеттерінің бір немесе
бірнеше саласындағы әлеуетінің деңгейі ортадан жоғары
балалар.
Талантты оқушылар – бұл дағдылары адам қызметіндегі
бір немесе бірнеше салада орта деңгейден анағұрлым жоғары
болатындар.
Ұрпақ тәрбиесі қай кезде болса
да қоғамның, адамзаттың көкейтесті мәселесі болып қала береді.
Қазіргі балалар болашақтағы еліміздің тіректері, еліміздің болашақ
өкілдері болып табылады.
«Дарындылық» және
«қабілеттілік» өте тығыз байланысты, мәндес, оларды айыра алмай да
қаласың. «Дарындылық» -бұл бірдей өмірде үйрену мен оқытуда аса
жоғары қабылдаулары және шығармашылықтың ерекше көрініс беруі. Бала
қаншалықты дарынды болса да, оны оқыту керек екенін ұмытпау қажет.
Оларды тұрақтылыққа, еңбек етуге, өз бетімен шешім қабылдауға баулу
керек.
Дарындылық –адамның белгілі
бір істі орындауға бейімділігі мен ыңғайлылығын
білдіретін даралық қасиет, психологиялық ерекшелік, дарындылық
санасы – зейінділік. Дарындылық- сананың белгілі бір
нысанаға бағытталып, сол нәрсеге шоғырлануы. Дарындылық
– қуат пен серпін беретін сиқырлы күш. Дарындылық
–даналығымен даралану.
Баланың дарындылығы мынадай
алты ерекшелік арқылы анықталады.Олар: интеллектуалдық,
академиялық жетістік, шығармашылық ойлау, ортамен
байланыс және өз ортасына жетекшілік жасай білуі, көркемөнерге
қабілеттілігі, қимыл-қозғалысқа бейімділігі. Баланың шығармашылық
қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту ең бастысы жағдайлар жасау
қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің ашылуы көбінесе
мұғалімнің кәсіби біліктілігіне және оның тұлғалық
қасиетіне байланысты.
Мақсатқа жету оқу
бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге
асады.
Дарынды
оқушыны оқыту , тәрбиелеу үрдісінде үлгірімге ғана көңіл
бөлмей оның басқа да көрсеткіштерімен байланысына да көңіл
бөлу.
Қоғам алға қарай дамыған сайын
адамның өмірге деген көзқарасы, білімге деген құштарлығы арта
түсуде. Толық оқып жетілген адам – ол өскен, гүлденген, жасыл
желекке бөленген, тұқымын шашқан ағаш
секілді.
Табиғаттың
адамзатқа берген тамаша сыйын одан әрі дамытып,
ерекше қабілетті оқушыны дарынға айналдыра
білейік.
Дарынды балаларды
анықтау-баланың дамуын таңдаумен байланысты ұзақ процесс. Осы
айтылғандарды ескере отырып, дарынды балаларды анықтаудың мынадай
ұстанымдары тұжырымдалады.
Дарынды оқушыларды
таңдау барлығы назар аударатын
ерекшеліктер.
1. Дарынды бала өзгеше және
шапшаң ойлайды.
2. Дарынды оқушылардың ішкі
сезімі жағынан өзгешелігі өте сезімтал, ықлас қойған нәрсесін,
тақырыбын әр жерде негізгі мәселе етіп
ұсынады.
3. Дарынды оқушылардың
физикалық тұлғадан ерекшелігі дамудағы шапшаңдылық ақындарша
сөйлеуі жиі-жиі берілуі қиял-күйінің басым
түсуі.
4. Әлеуметтік тұрғыдан
ерекшелігі адамгершілік сезімдерінің ерте дамып жоғары моральдық
қасиеттерге ие болуы.
Дарындылықты анықтағанда
төмендегі факторларды ескеру
керек.
1. Жас
ерекшелігі.
2. Тұлғалық
ерекшелігі.
3. Экспериментатордың тұлғалық
ерекшелігін.
Қорыта келгенде, оқушы
бойындағы дарындылық, ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық
қасиеттерін зерттеу, айқындау – ең басты мәселе. Ал оқытудың
түпкілікті нәтижесі – өз ойын дәлелдей алатын, жан – жақты білімді,
білімін жүзеге асыра алатын, қалыптасқан өзіндік азаматтық
көзқарасы бар іскер, ақылды, адамгершілігі мол тұлғаны тәрбиелеп
қалыптастыру.
ХХІ ғасыр – білімділер ғасыры.
Ендеше бізге ой-өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты,
дарынды ұрпақ тәрбиелеу керек.