400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

даярлық сынып ашық сабақ "құстың суретін салу"

Материал туралы қысқаша түсінік
балаларға қыстап қалатын құстар туралы мағлұмат беру, құсты бейнелеудің оңай тәсілін үйрету
Материалдың қысқаша нұсқасы

Авторы: Изтлеуова Айнаш Кубайдуллаевна

Актөбе облысы Шалқар аудандық көркемсурет лицейінің, кескіндеме пәні мұғалімі

1сынып. Кескіндеме пәнінен ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы: Құстың суретін салу

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Балалардың графикалық қабілеті мен дағдыларын қалыптастыру

ә) Дамытушылық: Жеке тұлғаны дамыту. Кескіндемелік бейнелеудің жолдарын көрсете отырып, сауатты орындау қабілетін арттыру. Ден қою мен бақылау, қабілетін дамыту

б) Тәрбиелік: Сұлулық тәрбиесі, табиғат пен өнердегі сұлулықты түсіне білуді үйрету

Әдісі: шығармашылық

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар т.б.

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Сәлемдесу.

2. Үй тапсырмасын тексеру. a) Жұмыстарын бағалау. Өткен сабақ бойынша сұрақ - жауап: жылдың қай мезгілінде жеміс-жидектер пісіп, молшылыққа кеңелеміз? Күз мезгілі туралы қандай өлең жолдарын білесіңдер? Күз басқа мезгілдерден несімен ерекше? Күзгі табиғатты өз бетінше бейнелеу?





А

Қ

Қ

У





Т

Ү

Й

Е

Қ

Ұ

С









Л

А

С

Т

О

Ч

К

А





Т

О

Т

Ы

Қ

Ұ

С



А

Л

Ь

Б

А

Т

Р

О

С



К

О

Л

И

Б

Р

И






3. Жаңа сабақ. Сабақтың тақырыбын ашу үшін мына сөзжұмбақты шешейік.:
  1. Таусылмайтын жылуы, көлдің ерке сұлуы?

  2. Ең үлкен құс?

  3. Қарлығаштың орысшасы?

  4. Сөйлейтін құс?

  5. Дауылға қарсы ұшатын құс?

  6. Ең кішкентай құс?



Балаларды сабаққа ынталандыру мақсатында құстар туралы бірқатар жұмбақтар беріледі

Үлпілдеген жүні бар,

Бояудың мың түрі бар,

Қауырсыны құбылар.

Қара доғал еңкиген,

Тұмсығы бар дөңкиген.

Қара мына ғажапқа,

Өзі шебер мазаққа.

Таңдандырып өзіңді,

Қайталар кім сөзіңді

(тотықұс)

Тұмсығымен қашайды,

Дімкес діңді теседі.

Зиянкесті асайды,

Ағаш таза өседі.

(тоқылдақ)

Құс көрдім тырна сияқты,

Сидиған ұзын сирақты.

Шалшықтан бақа ұстауға

Қимылы ерен,ширақты.

(ләйлек)

Қара түсті қарқылдақ,

Ұшып – қонып жалпылдап.

Қоқыстарды шоқиды,

Жем іздейді там – тұмдап.

(қарға)



Енді жыл мезгілдерінің ерекшеліктері жайында әңгімелесу.
- Қыста қыстап қалатын қандай құстарды білесіңдер?

Ала қарға
Көктеке
Лашын
Көгершін
Самырқұс
Сарыбауыр шымшық
Суық торғай
Қайшыауыз
Тоқылдақ

Балалар қыста өз жерінде қалатын құстардың түрлерін атап, олардың түрлерін, түстерін, ерекшеліктерін әңгімелеп еске түсіреді.

Бүгін жоғарыда аталған қыстайтын құстардың ішінен суық торғайды бейнелейміз. Балаларға суретті салудың реті түсіндіріліп, қарапайым сызықтармен салудың жолдарын тақтада бормен және ауада сызып көрсете отырып, бірге бейнелейміз.

Суретті бірнеше этаппен орындаймыз

  1. Этап: Алдымен қарындашпен қағаздың ортаңғы бөлігіне қиғаш сызық саламыз.
    Сызықтың жоғарғы бөлігі сол жаққа қарай салынса, ал астыңғы бөлігі қағаздың оң жағына қарай төменге қарай бұрыла салынады. Дайын болған сызықтың бойына әртүрлі пішінде үш дөңгелек саламыз. Жоғарғы дөңгелек бас пішінін, ортаңғы дөңгелек денесінің жоғарғы бөлігін, ал үшіншісі денсінің төменгі бөлігінің пішінін анықтауға арналған. Бұл пішіндер құстың формасын шығаруға көмектеседі.

  2. Этап: Құстың жалпы контур сызығын салудан бастаймыз Ортаңғы және төменгі дөңгелектің оң жағы мен сол жағына құстың денесін анықтайтын, қарама-қарсы доғал сызықтар саламыз. Құстың тұмсығын, аяқтарын, құйрығын белгілейміз.

  3. Этап: Суық торғайдың жалпы контур сызығы. Тұтас құстың нақты контур сызықтарын белгілейміз. Яғни бірінші және екінші этаптарда белгілеп алған құс пішінін айналдыра нақты контур сызықтарын түсіреміз.

  4. Этап: Басы мен аяғының контуры. Енді құстың басы мен аяғын контурлап шығамыз. Тұмсығын бейнелеп аламыз. Көзі мен қанатын белгілейміз.

  5. Этап: Суық торғайдың дайын болған суреті. Пайдаланылған көмекші сызықтарды толық өшіреміз. Құстың қалған ұсақ детальдарын нақты бейнелейміз. Карандашпен жұмысты аяқтаймыз.

  6. Этап: Қарындашпен салынып, дайын болған құсқа қылқаламның көмегімен қағаз бетіне акварель бояуын сүйкей жаға отырып, суық торғайда кездесетін түстерді орынды пайдалану арқылы, көрік береміз.
    Балалар өздері суық торғайдың суретін салып алады.



4. Сергіту сәтті:
Ал балалар тұрайық,
мойнымызды бұрайық.
Қолымызды созайық,
Жел сияқты қалықта,
Оңға, солға иіліп
Денемізді бұрайық

Жұмыс барысында кейбір балаларға жеке нұсқаулар беріліп, жалпылама бақылау арқылы басшылық жасалады.

5. Рефлексивті – коррекциялық кезеңі.
Педагог балалардың салған суреттеріне ерекше жылы көңілмен қарап, олардың құстарға деген қамқорлығын мақтайды.
Балалар өз әсерлерін көңілмен айтады.

Күтілетін нәтиже:
Біледі: табиғат құбылыстарынан бақылағандарын әңгімелеп айта білуді, құстарды сүйіп, оларға қамқорлық жасап, қорғай білу керектігін біледі.

Игереді: бозторғайдың бейнесін қағаз бетіне түсіре білу іскерліктерін игереді.

Меңгереді: жұмыс барысында икемділік пен дағдылары және қызығушылықтары қалыптасады.













Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
0 ұстаз жүктеп алған
27.01.2021
806
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12