Материалдар / «Дебат» факультативтік сабағында оқушыларды аргументті сөйлеуге дағдыландыру әдістері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Дебат» факультативтік сабағында оқушыларды аргументті сөйлеуге дағдыландыру әдістері

Материал туралы қысқаша түсінік
«Дебат» факультативтік сабағында оқушыларды аргументті сөйлеуге дағдыландыру әдістері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қаңтар 2024
101
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады











«Дебат» факультативтік сабағында оқушыларды аргументті сөйлеуге дағдыландыру әдістері













Авторы: Дүйсембай Е.Ж.

Дүйсембай Б.Д.


«Ақмола облысы білім басқармасы Ақкөл ауданы білім бөлімі

Еңбек ауылы Кеңес Одағының Батыры Халық Қаһарманы С.Нұрмағамбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп»

КММ-нің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері















Аргумент - түсіндірілген, дәлелденген, мысалдармен қолдау тапқан, қорытындыланған белгілі бір ой-тұжырым немесе тезис. Жоғарыда атап өткендей, аргумент пікірсайысшының басты қаруы. Аргументтің мықтылығы сізді жеңіске апарады.

Аргумент құрылымы:

Тезис (аргумент атауы)

Дәлелденуі

Қолдау (факт, статистика, мысал)

Қорытынды (аргумент нәтижесі)

Аргументті сөйлеудің заңдылықтары

- Аргумент шындыққа сәйкес болуы керек. Ешқашан жалған ақпарат қолдануға болмайды. Әсіресе цифрларды қолданған кезде, абай болыңыз.

- Аргумент дәлелмен болуы керек. Дәлелсіз аргумент қабылданбайды.

- Аргументтер бір біріне қарама – қарсы болмауы керек. Өзара байланысты болған аргументтер сенімдірек болады. Заң бойынша бір біріне қарама – қарсы болса, онда біреуі ойдан шығарылған аргумент.

- Аргументтің ақиқаттығы тезиссіз ақ көрініп тұруы керек.

- Аргумент саны тезисті қолдауға жеткілікті болуы керек. Бірақ аргументтің шамадан тыс көп болуы да қате. Бұл жерде сан емес, сапа маңызды.

Оқушыларды дебат ойынына дайындау барысында аргументті саралау, таңдау өте маңызды.

Бағдарламада қолданылатын әдістер:

Оқушыларға аргументпен сөйлетуге дағдыландыру әдістері:

1.Мақал – мәтел жаттату

Мақал-мәтелдер – ауыз әдебиетінің көне де ең мол түрі. Қазақ халқы терең ойды аядай қалыпқа сыйғызып, «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін» мақал-мәтелдер арқылы жинақтап берген.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша 5 сыныптан бастап, әртүрлі тақырыптарда оқушылар мақал жаттайды. Біріншіден, халық мақал-мәтелдерді баға жетпес тәрбие құралы болса, ал екіншіден, адамның сөз байлығын дамытады. Шешендікпен сөйлеуге жаттықтырады. Ойдың дамуы–жүйелі түрде сөйлеудің дамуымен тығыз байланысты. Сөйлеу мәдениетті өспейінше, жоғары дәрежелі қарым-қатынас мәдениетіне жету мүмкін емес.

Мақалдарды тақырыпқа сай жаттатып, сол тақырыпқа байланысты сөйлеткен кезде сол мақалдарды қолдандырып, мағынасын ашуды үйрету қажет.

 Мақал-мәтелдердің тақырыптары әр алуан болып келеді. Мақал-мәтелдерде халықтың әлеуметтік, шаруашылық, рухани өмірі жан-жақты қамтылып берілген. Мақалдарды мынадай мағыналық түрлерге топтап жаттатуға болады:

  • Тіл туралы мақал-мәтелдер;

  • Отанды, туған жерді, өскен елді, атамекенді сүю тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Ерлік, батырлыққа байланысты айтылған мақал-мәтелдер;

  • Оқу, өнер, білім тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Еңбек тақырыбындағы мақал-мәтелдер;

  • Ынтымақ, бірлік, татулық туралы мақал-мәтелдер;

  • Достық, жолдастық туралы мақал-мәтелдер;

  • Адамгершілік, жақсы-жаман мінез туралы мақал-мәтелдер;

  • Денсаулық, отбасы, үнемшілдік туралы мақал-мәтелдер.

Қазақтың би-шешендері даулы істе тапқырлығымен қатар шешендік танытқан. Барша жұртты аузына қаратып сөйлей білмеген шешеннің беделі болмаған. Өйткені кез келген даулы істе жүйелі сөйлеп, тапқырлық танытпаса, оны тыңдайтын құлақ болмаған. Ал мақал-мәтел – сөздің тұздығы.

Хан-төрелердің әділетсіздігіне тап болып, жауыздық іс-әрекетіне куә болған халық "Биің қылаң болса, жұртың ылаң болар", "Қансоқта жеп ит семіреді", "Төреге ерген ер тоқымын арқалар", "Қойды құртаң бүлдіреді, елді сұлтан бүлдіреді", "Теңгелі жерде теңдік жоқ" деп әшкере қылған.

Сондықтан мақалдарды дебат ойынында аргумент ретінде қолдану өте тиімді.

2. «ПОПС формуласы»

Бірінші сөйлем: «Менің ойымша,….» - тезис
Екінші сөйлем: «Себебі, мен оны былай түсіндіремін…» - түсіндіру
Үшінші сөйлем: «Оны мен мына фактілермен, мысалдармен дәлелдей аламын….» - дәлелдеу
Соңғы сөйлем: «Осыған байланысты мен мынадай қорытынды шешімге келдім…» - шешім

Аргументтің 4 бөлігі:

Тезис

Аргументтің алғашқы бөлігі бұл – тезис. Сенімді тезисте салыстыру болмайды тек нақтылық болады.

Түсіндіру

Бұл тезис пен дәлел арасындағы көпір іспетті. Ол неге? Не үшін деген сұраққа жауап береді.

Дәлелдеу.

Бұл жерде нақты дәлелдер келтітру керек. Эмоционалды және рационалды құралдарды қолдануға болады. Рационалды құралдар – бұл сызбалар, эксперттер пікірі, тәжірибе нәтижелері. Эмоционалды құралдар – тарихи фактілер, жеке мысалдар, суреттерді жатқызуға болады.

Шешім.

Барлығын қорытындылап, тезиске қайта оралу.

Сонда, аргументтің басында алған бағытты көрсетіп, одан әрі қарай, сол бағытта түсіндіру мен дәлелге қарай өтіп, соңында шешімге қалай келгенімізді ақпараттандырамыз. Бұл жерде ең маңыздысы, шешім. Себебі шешім болмаған жерде дәлелді әркім әр түрлі түсінуі мүмкін.

3.Эссе жазу

Қазіргі білім беру жүйесі бойынша жиынтық бағалау кезінде, қорытынды аттестаттау, мемлекееттік қорытынды аттестаттау кезінде эссе жазылады. Эссе – шағын көлемді прозалық мәтін. Эссеге батыл болжамдар, өткір ұсыныстар, талас тудыратын пікірлер, ойлар, қозғау саларлық байламдар тән. Онда автордың жеке көзқарасы, өзіндік пікірі көрініс табады.

Эссеге мынадай талаптар қойылады:

  • еркін композиция

  • автор ұстанымы

  • баяндау еркіндігі

  • тосын

  • жаңа пікірге бейімділік

Ал, эссе дегеніміз – дебаттың жазбаша түрі деп қарасытруымзға болады. Бұған эссенің түрлері дәлел бола алады.

1. Аргументті эссе. Пікірді, көзқарасты растайтын, қолдайтын немесе
жоққа шығаратын дәлелдер келтіріліп, аргументтермен түйінделіп
отырады.

2. Салыстырмалы эссе. Бірнеше мәселе­­ талқыланып, олардың арақатынасын ажыратып жазу көзделеді.

3. Сипаттамалық эссе. Детальдар арқылы жер, зат, адам бейнесіне
сипаттама беріледі.

4. Хабарламалық эссе. Адам өз тәжірибесіне сүйене отырып, өз тұрғысынан, өзіндік көзқараспен оқиғаны сипаттап жазады. Бұл эссе өткен шақта немесе осы шақта жазылады.

5. Дискуссивті эссе. Екі жақты пікірді салыстырмалы түрде талдай
отырып, қорытынды шығарып жазады.

6. Анықтамалық эссе. Нақты дәлелдер арқылы терминнің мағынасын
ашу көзделеді.

7.Дәлелдеме эссе. Мақсаты: Айтылған оймен оқырманды көндіру. Қатаң дәлелдер қолданылады.

Көріп отырғанымыздай, арументті эссе, салыстырмалы эссе, дискуссивті эссе, дәлелдеме эссенің де элементтерін дебат ойыны барысында қолданып жүрміз. Тек бұл жерде тақырыпты нақтылап берсек, оқушы мақсатына жете алады.

4. «Бір абзац» әдісі

Кез келген мәтіннің бір абзацын оқушыларға бөліп береміз. Оларға негзгі идеясы мен айтар ойын жазуға тапсырма береміз. Яғни, сүттің бетіндегі қаймағын сүзіп алғандай, тек басты идеяны алып үйренеді. Осы әдісті топқа берген кезде, бір абзацтан оқушылар әр түрлі идеяны тануы мүмкін. Топта саралап, ойларымен бөліседі. Бұл жерде мықты, сенімді болған идея жеңеді.

Кейін бұл әдісті,үлкейте береміз: бір мәтіннің басты иедясын анықтау, бір әңгіменің, бір кітаптың т.б.

Бұл жерде оқушылар аргументтерді саралап үйренеді. Дебат ойындарына дайындық барысында тек қажет идеяны, тезисті тауып дағдыланады. Ауызша сөйлеу барысында да, тек сапалы сөздерді қолданып, сұйық сөздерге жоламауға тырысады. Абай айтқандай: «арасын бөтен сөзбен былғамай, теп тегіс , жұмыр» аргументке айналады.

5.Жаңалық қарау

Қазіргі уақытта әлемде немесе елімізде болып жатқан оқиғалар туралы хабардар болу өте маңызды. Жаңа жаңалықтар ағындарына дайын болу керек, сонымен қатар соңғы жаңалықтарды үнемі білуге ұмтылған жөн. Егер сіз жаңалықтарды оқуды дұрыс жүргізсеңіз, өз мүдделеріңізден бастасаңыз, онда оның нәтижесі өте жағымды болуы мүмкін. Жаңалықтарды оқудың бірнеше себептері бар:

  • егер оқушылар елде, сондай-ақ шекарадан тыс жерлерде қандай оқиғалар болып жатқанын білсе, онда ол өзінің ойөрісін кеңейтеді;

  • әлемде болып жатқан оқиғалардан хабардар болса, онда бұл оны жақсы жағынан көрсетеді және ортақ тақырыпта әңгімелесуге көмектеседі;

  • тақырыптық дебат кезінде аргумен ретінде қолдануға болады.

Оқушыларға әр аптаның басты жаңалықтарын қарап келуге тапсырма беріледі. Бұл оқушылардың дүниетанымын дамыту үшін де маңызды. Сонда оқушылар әлемде, елімізде не болып жатқанынан хабардар болып, сонымен қатар өз ойларын білдіріп отырады.

Әр оқушыға жаңалықтың түрлерін бөліп беруге болады. Мысалы: саяси, спорт, мәдениет, әлем жаңалықтары т.б. Мысалы, елімізде Президент сайлауы өткен кезде бұл саяси науқанды оқушылар қызығушылықпен бақылап, өз ойларын айтып, соңында осыған байланысты тақырыптық дебат өткіздік.

Сондықтан жаңалықтарды оқу оқушының дамуындағы маңызды қадам. Ой өрісімен жаңа пікірлерге ашықтығы неғұрлым көп болса, ақпарат ағынында шындықты табу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады.Тағы бір байқағаным, әр оқушы өзі алып келген «қазынасымен» бөлісуге асығады. Кімдікі қызығырақ болады, кім қалай жеткізеді оларға өте қызық.

Осы әдістерді қолдану барысында мынадай қорытынды жасауға болады. Жақсы аргумент қандай болуы керек?

Жақсы аргумент мына сұрақтарға жауап беруі керек:

Сенің басты идеяң қандай? (ашықтық)

Неге оны дұрыс деп ойлайсың және ол неге алып келеді? (Түсінікті)

Ол неге маңызды деп ойлайсың? (ол неге жеткізеді)

Олардың өмірінде не өзгереді, сіздің өміріңізде ше? (салыстыру)

Аргументті түсінікті сөздермен жеткізу дұрыс.

Барлық кейсіңізді бір сөйлемге сыйғызу керек.

Қарардың тақырыбы кімге пайда береді, кімге зиян болады? Белгілі бір адамға ма, әлде адамдар тобына ма?

Және ол пайда қалай келетінін түсіндіру қажет.

Осы позицияда болу неге жеңіске апаратынын түсіндіру.

Бұл аргумент сол адамдар тобына пайда әкеле ме?



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!