Материалдар / Дефектология – сауабы мол мамандық!
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дефектология – сауабы мол мамандық!

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі - дефектолог. Бұл мамандық сабырлықты, төзімділікті және шыдамдылықты көп қажет етеді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Наурыз 2021
522
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Дефектология – сауабы мол мамандық!

Есқазы Ақниет Тұрғанбайқызы

№83 орта мектеп

Арал қаласы

Қазіргі таңда ең сұранысқа ие мамандықтардың бірі - дефектолог. Бұл мамандық сабырлықты, төзімділікті және шыдамдылықты көп қажет етеді. Алдымен, «дефектология» деген сөзге анықтама бере кетейін және «дефектолог» кім деген сұраққа жауап берейін?

Дефектология – латын тілінен аударғанда «Defektus – жетімсіздік», «logos – ілім» деген мағынаны береді. Дефектолгия – педагогиканың көру, есту, сөйлеу мүшелерінде, ақыл – ойының дамуында табиғи кемістігі бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу мәселелерін зерттейтін арнаулы саласы. Дефектология төрт салаға бөлінеді: сурдопедагогика – мылқау балаларға, тифлопедагогика – зағип балаларға, олигофренопедагогика – ақыл-ойы кеміс балаларға, логопедия – тіл кемшіліктері бар балаларға білім және тәрбие беру проблемаларын зерттейді. Бұл сла сондай-ақ, дене кемістігі күрделі (соқыр және саңырау, саңырау және ақыл-ой кемістігі бар, т.б.) балаларды оқытып тәрбиелеуді де қамтиды.

Елімізде мүмкіндігі шектеулі балалардың, яғни ерекше балалардың саны күннен-күнге артуда. Оған басты себеп: туа біткен аурулар, тұқымқуалушылық, жүктілік кезіндегі тұмау, жүктілік кезінде түрлі жарақаттар алу, т.б. Туыла салысымен тағдырдың сынына төзіп, мықтылық танытып жатқан балаларды көргенде қайран қаласың?! Біз қанша жерден мүсіркей қарағанымызбен, ол балалардың ішкі – жан күйзелісін түсіне алмаймыз. Себебі біз ол жағдайларды басымыздан өткізген жоқпыз! Алла тек ол балалалардың ата – анасы мен балаларға сабыр, шипа берсін деп тілейміз!

Сонымен қатар тіл кемшілігі бар балалардың да саны күрт өсуде. Мектептерде, балабақшаларда арнайы дефектолог, логопед мамандары жұмыс жасайды. Ата – ана кішкентай бір жасқа жаңа толған балаға жыламасын деп, өздерінің құлақтары тыныш болсын деп ұялы телефонды қолдарына ұстата салады. Осының салдарынан баланың тілі кеш шығады немесе сөздерді анық айта алмайды. Бала таңертеңнен кешке дейін ұялы телефонға қарап отырады. Бұл біріншіден, баланың көру қабілетін шарлатса, екіншіден сөйлеуін баяулатады, үшіншіден ойлауын, сөйлеуін дамытпайды, төртіншіден түрлі ойындар баланың психологиясына әсер етеді. Айта берсек, бір сөзден айтқанда баланың дамуын төмендетеді. Тағы бір ескеретін жағдай, мен өзім мектепте жұмыс жасағаннан білемін: баланы екі тілділіктен (белингвизм) сақтау керек. Бұл деп отырғаным ата – ана баланы орыс балабақшасына берсе, орыс мектепке беру керек. Ал егер орыс балабақшаға барып, қазақ мектебіне баланы берсе баланың тілі қазақшағада, орысшағада келмей екі ортада қалады. Бұл жағдай менің жұмыс тәжірибемде , бір емес бірнеше рет кездесті. Оқушы бұрын орыс балабақшасында болған, бірақ қазақ мектебінде оқиды. Мен түстерді сұрап, түрлі тапсырмалар берсем ұзақ ойланып барып орысша жауап береді. Орыс тілінен қалайсың деп сұрасам, жақсы дейді. Әрине кейбір балалар алып кетуі мүмкін. Бірақ балның да жағдайын ойлау керек, осындай ескерілмей қалған кішкентай олқылықтың өзі баланың сөйлеу тіліне әсер етеді. Ата – ана баламен барынша үйден жұмыс жасауы керек. Бір мезгіл балаларына көңіл аударғандары жөн.





Олармен ойнап, әңгімелесу керек. Ата – аналардың жіберетін тағы бір қателіктері баланың тілі кеш шығып, сөйлемесе арнайы маманға апарудың орнына әкесі бұрын кеш сөйлеген немесе анасы беске келіп сөйлеген, болмаса ана баламда осылай кеш сөйледі деп немқұрайлы қарайды. Әрине бұл өте үлкен қателік, осылай уақыттарын созып алады. Бала үш жасқа толғаннан кейін, сөйлеу тілі дұрыс дамымаса дереу арнайы мамандардың көмегіне жүгінгені дұрыс.

Бала – біздің болашағымыз! Бала – адамның бауыр еті, бала десе еміренбейтін жүрек, сыздамайтын балтыр бар ма? Бар тәттісін аузына тосып, бар мүмкіндігін баласына сарп ететін ата – ана өз баласының денсаулығын,болашағын бәрінен жоғары қойып түн ұйқысын төрт бөліп, күйзелетіні, айналасына көрсетпей еріксіз көзіне жас алатыны, неге бұлай болды деп басын тасқа да, тауға да ұратыны кімге болсада белгілі. Сондықтан даму мүмкіндігі шектеулі жандарды назардан қалдырмай, олардың қоғамда бейімделуіне ат салысу қай азаматтың болса да, қай елдің болмасын басты парызы.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін Шығыс Қазақстан өңірінің тумасы Мейіржан Әлібековтың «Тәубеңе кел» атты өлеңімен аяқтасам:

Құлақ түріп әркім айтқан пікірге,

Бой ұрасың әрқашанда күпірге.

Тау мен тасқа соға бермей шекеңді,

Аман – есен жүргеніңе шүкір де.

Пенде болған соң пендешілігіміз басып, көптеген қателіктерге бой алдырып жатамыз. Дегенмен он екі мүшеміз сау бола тұра кейде кәлимамыздан жаңылып, тәубешілігімізді ұмытып кетеміз. Осындай ақ пен қара, жақсылық пен жамандық кездесетін өмір белестерінде соқтықпалы – соқпақсыз келе жатқан мүмкіндігі шектеулі жандарға қарап ойланып, сонда ғана тәубемізге келіп, шүкіршілік айтамыз. Қысқа ғана қамшының сабындай өмірімізді бақытты етіп, басқа да жандарға бақып сыйлап, мүмкіндігінше қамқорлық көрсетіп өтейік, адамзат!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!