Материалдар / Дефектологтарга қажет
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дефектологтарга қажет

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалім-дефектолог жұмысының мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарын тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, ата-аналарға және ұстаздарға кеңес беру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қырқүйек 2021
409
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Бекітемін:

Темірбек Жүргенов атындағы

123 мектеп-лицей директоры:

______________ Л.Шөменова







Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейінің

2019-2020 оқу жылына арналған мұғалім-дефектологтың

ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫ







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 3 сәуірде №115 бұйрығыменбекітілген

Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА-ның оқу бағдарламалары мен 2019-2020 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатына бағытына сүйеніп құрастырылды.



2019-2020 оқу жылы



Темірбек Жүргенов атындағы №123 мектеп-лицейнің2019-2020 оқу жылындағы

Дефектолог-мұғалімнің жылдық жоспары

Мұғалім-дефектолог жұмысының мақсаты: ерекше білім беруді қажет ететін балаларға түзете-дамыту сабақтарын тиімді әдіс-тәсілдерін ұйымдастыру, ата-аналарға және ұстаздарға кеңес беру.

Міндеттері:

- дефектолог-мұғалімнің, ППҚҚ мамандарымен, мұғалімдер және ата-аналар бірлесе бала бойындағы қиындықты шешу жолдарын анықтау; түзету-дамыту жұмысының бірлік жүйесін жетілдіру;

- жоғары психикалық функцияларды және танымдық қызметін дамыту;

- балалардың бейімделген жалпы білім беру бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың алдын алу және шешу;

- мұғалімдер мен ата-аналарға консультациялық көмек көрсету;

- балалардың танымдық қабілеттерін дамытуда оң динамикаға қол жеткізу;

-ата-аналарды, отбасын түзете-дамыту процесіне тарту;

- Ерекше білім беруді қажет ететін әр оқушыға жеке және топтық даму бағдарламасын құрастыру;

-Өз білімдерін жетілдіру және өзара тәжірибе алмасуды ұйымдастыру;

-Республикалық, облыстық, қалалық және мекеме деңгейіндегі семинар, конференция, педагогикалық оқулар мен тамыз мәслихаттарының секция жұмыстарына қатысу.



Жұмыс бағыттары

Іс-шаралар

Мерзімі

Диагностикалық бағыт

- Мектепке жаңадан қабылданған оқушылардың танымдық әрекетін жәнесенсорлық қабілетін тексеру;

- Медициналық-психологиялық-педагогикалық құжаттарды зерттеу;

- Ерекше білім беруді қажет ететн оқушыларының тізімін жасау. ПМПК қорытындысы мен ұсыныстарын зерделеу(1-нысан);

- Ата-аналармен әңгіме-сауалнама өткізу, оқушы туралы мәліметтерді жинау, әңгімелесу хаттамасына мәліметтерді енгізу (1Б нысаны);

- ЕБҚ-мен оқушыны бірнеше күн бойы бақылап отыру, "сабақта оқушыны бақылау хаттамасы" ағымдағы нысанын толтыру (2а-нысан);

- «Сабақта оқушыларды бақылау хаттамасы» (2б нысаны) қорытынды нысанына бақылау нәтижелерін жинақтау;

-Оқушыныңоқытудағы қиындықтардың нақты себептерін зерттеуге бағытталған жеке тексеру жүргізу;

-Бақылау, әңгімелесу, ата-аналарға сауалнама жүргізу және "оқушының сипаттамасы" нысанында тереңдетілген зерттеу нәтижелерін қорыту (3 нысан);

- Бастауыш сынып оқушыларының оқудағы қиындығы мен бұзылыс түрлері мен себептерін анықтап хаттама толтыру;












Қыркүйек







І тоқсан

Түзете-дамыту бағыты

  • Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеудің жеке бағдарламасын (оның ішінде қысқартылған немесе жеке оқу бағдарламаларын) жасауға қатысу (5-нысан);

  • Ерекше білім беруді қажет ететін оқушымен жеке жұмыс бағдарламасына сәйкес жеке (кіші топтық) дамыту жұмыстарын жүргізу;

  • Жеке және топтық даму бағдарламасы мен күнтізбелік жоспар құрастыру;

Түзете-дамыту сабақтарын өткізу.

Түзете-дамыту сабағының міндеттері:

1) заттардың қасиеттері (түс, түр, мөлшер), кеңістікте заттардың орналасуы туралы оқушылардың жалпы түсініктерін қалыптастыру;

2) табиғаттағы құбылыстар туралы түсініктері мен білімдерін жинақтау;

3)сөздікті байыту және жүйелеу, сөйлеу тілін дамыту, сөздік қорын молайту;

4) оқушылардың (көру, есту, тактильді-қозғалыс, кеңістікті) қабылдауын, көрнекті-әрекетті және көрнекі-бейнелі ойлауды, түсінікті ойлаудың элементтері, ойлау операцияларын (сараптау, синтез, салыстыру, топтастыру, жалпылау, абстрактілеу) түзету және дамыту.

Қазан, қараша





Жыл бойы












Кеңес беру, ағартушылық және профилактикалық бағыт

Педагогтармен жұмыс:

-Мұғалімдердің әдістемелік бірлестіктерінде, педкеңестерде жиналыстарда (баяндамалар тақырыбы) сөз сөйлеу;

- Ата-аналарды диагностикалық бақылау қорытындысымен таныстыру;

-Психологпен кеңес: қарамағындағы оқушыларды бақылау нәтижесін талқылау;

-ЕББ қажет ететінтүзете-дамыту жолдарын анықтау.

-Диагностикалық деректердің анализі, баланың даму динамикасы. Баланың болашақ дамуының бағытты түзете-жетілдіру жұмысының қорытындысын шығару.

-Мұғалімдер мен ата-аналарды баланы түзете тәрбиелеудің өзекті мәселелерімен таныстыру.



Жыл бойы






Әдістемелік ұйымдастырушылық бағыт

-Лекция, тәжірибе алмасу, әдістемелік бірлестік, курстарға қатысу.

Өз бетімен білім алу(әдебиетпен жұмыс,түзете-дамыту жұмысының әдістемелерін іріктеу, арнайы әдебиеттер, дидактикалық материалдар,дамытушы оқулықтардың, көрнекілік материалдарының картотекасын құрастыру); –Басылымдар, конференцияларға, семинарларға,дөңгелек үстелдерге қатысу;

-Коррекциялық білім беру талаптарына сәйкес түзету процесінің сапасын жетілдіру: дефектология және білім беру мәселелері бойынша ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді зерделеу.





Жыл бойы




Талдамалы бағыт

-Оқушының ерекше білім алу қажеттіліктерін алқалық (мұғаліммен және ата-аналармен) талқылауды және оқушының психологиялық-педагогикалық қолдау мазмұнын анықтауды ұйымдастыру және өткізу;

- Қажеттіліктер мен қол жеткізілген нәтижелерді қайта командалық талқылау жүргізу;

-. Сүйемелдеудің жеке бағдарламасына өзгерістер енгізу, келесі тоқсанға (қажет болған жағдайда) жеке оқу бағдарламаларын қысқартуға немесе жасауға қатысу;

-Оқушының дамуы мен жетістіктеріне мониторинг жүргізу және оның нәтижелерін қорыту;

-Әр оқушының дамуына түзетушілік әсер ету үдерісіне талдау және оның тиімділігін бағалау. -Кеңестер және ПМПК үшін оқушыларға мінездемелер мен ұсынымдар құрастыру.

Жыл бойы









Сәуір-Мамыр






Мұғалім-дефектолог: Карифуллаева Ибагүл

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!