Материалдар / Дегелек құсы “Бақыт құсы”
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дегелек құсы “Бақыт құсы”

Материал туралы қысқаша түсінік
Дегелек құсы жайлы қысқаша мәлімет
Авторы:
28 Наурыз 2024
56
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бақыт құсы

Қазақ халқы дегелекті ерекше қастерлейтін құстар қатарына қосады. Дегелекті Еуропа жұртшылығы ерекше құрметтейді. Тіпті жеткіншектер бойына "сәбиді ақ дегелек алып келеді" деген нанымды да қалыптастырған. Оны кей мультфильмдерден де байқауға болады.

Дегелекті кейде ләйлек деп те атайды. Дегелек қазақ үшін бұрын таңсық болмаған. Адамға үйірсек келеді. Ұясын биік мұнара, мешіт, мазар төбелеріне салады. Өкінішке қарай, оны қазір кездестіру қиын. Оның басты себебі экологиялық ахуалға байланысты болса, екіншіден жұртшылықтың табиғатқа деген теріс әрекеті де дегелектің көбеюіне кері әсерін тигізуде. Негізі дүние жүзінде қара дегелектер, ақ дегелек, ақ қарын дегелектер, ақ мойын дегелектер, Малайялық жүнді дегелектер, Американдық дегелектер қаратұмсық дегелектер деген түрлері кездеседі. Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген ақ және қара дегелек Жамбыл облысында сирек те болса бой көрсетіп тұрады. Оларды өзге құстардан ажырату қиын емес. Ұзын тұмсықтары мен сирақтары бірден көзге шалынады. Ақ дегелектің түсі ақ, қанатының ұштары қара, бауыры қарақошқылдау болып келсе, қара дегелектің түсі керісінше, үсті қара, қанаттарының ұштары ақ, бауыры бозғылт келеді. Дегелектер адамнан қорықпайды, үлкен ұя салады. Бұлар көп жылдар бойы бір ұяда қоныстайды, сондықтан осыған байланысты махаббат пен сенімділік символы да саналған. Дауысы жоқтың қасы, күй-ойнақ кезеңінде аталығы басын арқасына қойып, тұмысығымен жиі соғып, барабан даңғылығындай дыбыс шығарады, ол кәдімгідей қашықтықтан естіледі. Ұясында 3-6 кұңгірт ақ жұмыртқасы болады. Ақ дегелек тек жануар тектес қорекпен (ірі жәндіктер, бақа, кесіртке, балапандар және көжектермен) қоректенеді. Көктем жаршысы саналатын, яғни жылы жақтардан ерте көктемде ұшып келетін дегелек ауа райы қолайлы жылдары мекенінде қыстап та қалады. Кей халықтар дегелекті "бақыт құсы" деп қастерлейді.

Кешегі күні біз тобымызбен осы құсты зерттеу мақсатында Мемлекеттік Маңғыстау облысы Архивіне барған болатынбыз. Ол жерде бізге Ұлттық архив қорын толықтыру бөлімінің басшысы Қыздарбаева Лаззат Избасарқызы өз жұмыстарымен таныстырған болатын. Ол кісінің айтуынша Маңғыстау ауданы Шетпе кентіне қарасты Отпан тау кешенінде дегелек құстары мекендейтінін айтқан болатын. Бұған дәлел, Қашаған ақынның туындысы.

Отпан таудың басында дегелек деген бір құс бар.

Аспанға шырқап, ысқырса бір орда жылан басылған.

Отпан тауда туғандар маңдайлары ашылған өліде де, тірі де ел күзетіп тұрады.

Аруақтары өлмейді, салтанатын құрады!

Соларменен жағылар Адай ата ұраны!

-деп әндете жырлаған.

Каспий өңірі “Болашақ” колледжі

Нұрлыбаева Нұрайида НОО-21с/о тобы студенті





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!