Материалдар / Дене тәрбиесі мәдениеті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене тәрбиесі мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
Дене тәрбиесі мәдениеті «Он екі мүшең сау болса,жарлымын деме, жанында жарық болса, зарлымын деме , - деген халықтың қанатты сөзі қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтқан емес. Өйткені осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтынын түсіндіріп, санаңа ой қосады, дененің саулығы – жаныңның саулығы екенін ұғындырады. Мен – дене тәрбиесі мұғалімімін.Адамның дене бітімінің сұлулығы мен ішкі жан сұлулығының үндесіп тұруын ұнатамын.Сондықтан да екі жақты үйлесімділіктің жолын іздеп, еңбектенемін. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез – құлқын, ой – өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерін оқып, сан рет толғанысқа түстім. Өз тәжірибемді жетілдіру барысында қиындықтар мен қуаныштарға кездестім Өз өмірімді саналы, жүзі жарқын, дені сау ұрпақтың тәрбиесіне арнадым. Әр заманның өзіне тән экономикалық , саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктер болатыны белгілі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Қараша 2018
438
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене тәрбиесі мәдениеті

«Он екі мүшең сау болса,жарлымын деме, жанында жарық болса, зарлымын деме , - деген халықтың қанатты сөзі қанша ғасыр өтсе де өз құндылығын жоғалтқан емес. Өйткені осы бір ауыз сөз адам тәнінің байлығын ешнәрсеге теңестіруге болмайтынын түсіндіріп, санаңа ой қосады, дененің саулығы – жаныңның саулығы екенін ұғындырады.

Мен – дене тәрбиесі мұғалімімін.Адамның дене бітімінің сұлулығы мен ішкі жан сұлулығының үндесіп тұруын ұнатамын.Сондықтан да екі жақты үйлесімділіктің жолын іздеп, еңбектенемін. Денені жетілдіру – жеке тұлғаның мінез – құлқын, ой – өрісін, сұлулық талғамын жетілдіру екенін ғұлама ғалымдардың еңбектерін оқып, сан рет толғанысқа түстім. Өз тәжірибемді жетілдіру барысында қиындықтар мен қуаныштарға кездестім Өз өмірімді саналы, жүзі жарқын, дені сау ұрпақтың тәрбиесіне арнадым.

Әр заманның өзіне тән экономикалық , саяси әлеуметтік және идеологиялық ерекшеліктер болатыны белгілі. Сондықтан бүгінгі күннің де ұрпақ тәрбиесіне қойылып отырған талабы ерекше. Өйткені: «Ұрпақ тәрбиесі-ұлт болашағы». Елдің ертеңін дұрыс тәрбиелеу жауапкершілігі біздің парасаттылығымыз бен адалдығымызға жүктелуде. Ол үшін мұғалім де ізденіс арқасында тәжірибесін шыңдай түседі, өз алдына міндеттер қояды.

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру , мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» жолдауында балалық шақтан бастап дене шынықтыру мен спорттық даярлауға және оған қолайлы мүмкіндіктер туғызуға ерекше ден қойылуы керектігі айтылған.Бүгінгі таңдағы әрбір адамның салауатты өмір салтын ұстануына қолдау көрсету, ой-өрісі жоғары азаматтың міндеті болмақ.

Дене тәрбиелеу мәдениеті жайында ой қозғайтын болсақ, адам бойындағы құны жетпес бағалы байлық. Өйткені дене шынықтыру мен спорт денсаулығыңды нығайтады, рухыңды күшейтеді, ой-еңбегін де дамытады, сезіміңді жетілдіреді, сұлулыққа тәрбиелейді, тазалыққа баулиды. Адам бойындағы жақсы қасиеттердің көзін ашып, ой-өрісін қиялға шарықтатады. Дене тәрбиесіндегі қимыл-қозғалыс пен жаттығулар- жас жеткіншіктерді жігерлікке, батылдыққа, ептілікке баулиды.Сондай-ақ, тазалыққа үйрету, сергек демалу, бой жазу, ой-еңбегі барысындағы шаршағанды басу, сарп еткен күш қайратты толықтыра білу сияқты сабақтар жан жақты азамат қалыптастыруға ықпал етеді.

Әр дамыған елдің бүгінгі алдына қойған басты мақсаты – халықтың денсаулығын жақсартуды қамтамасыз ету болып табылады. Сондықтан да дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыру , елімізде сауықтыру жұмыстарының әдістерін жетілдіруді әрқашан талапқа сай орындауымыз қажет.Сондай мүмкінліктердің бірі –баланы жастайынан қазақтың ұлттық ойындарын тиімді әдіс – тәсілдерді меңгерту арқылы бала бойына сіңіру – дене тәрбесін дамытудың бір ғана жолы болып табылады.

Ұлттық педогогиканы « ұлттар мен ұлыстардың әлденеше ғасырларға созылған созылған ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық салт- дәстүрлері , мәдени ойлау жүйесінің озық үлгілерінің жиынтығы» деп қарап, адам бойындағы тұтастықтың , үйлесімділіктің болуын зерттеп , жеке тұлғаның нағыз толық тұтастығын қалыптастыру ды қолға ала бастадық.Бұл адам бойындағы ішкі және сыртқы күштердің үйлесім табауы.Ішкі күштер: ой , жүрек , қайрат , қуат , тазалықтың болуы болса, сыртқы күштер: бүкіл дененің қимыл қозғалысы , бұлшық ет күші, қол, иық, бас және тағы басқалар.Осы аталған күштерді жасөспірімдердің бойында дамыту дегеніміз- болашақ өркениетті қоғамның ерікті, өз бас бостандығын қорғай алатын , адамгершілік , имандылық, ізгілік мінезі қалыптасқан, іскерлігі жоғары, дені сау, ой еңбегі мен дене еңбегіне бірдей қабілетті, күші ақылына, ақылы күшіне сай ұрпақ тәрбиелеуге негіз қалау.

Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындарды ойнатудың тиімді және нәтижелі екеніне жыл өткен сайын көз жеткізіп келеміз.Себебі ұлттық ойындар ата-бабамыздан қалған асыл қазынамыздың бірі.Ұлттық ойындар ежелден халық арасында дамып, жас жеткіншіктерді тәрбиелеу әдісінде қолданылып отырған.Баланы ел қорғауға , бауырмашылдыққа, намысты, жігерлі болуға үйретумен қатар, денсаулығының нығаюына, дене бітімінің көрікті болып өсуіне әсер етеді.

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында ойнату алдында оқушыларға нақты теориялық білім берудеміз. Сондай-ақ ұлттық ойындардың түрлерін ажырата білуге, оның тиімді жақтарын ұғып отыруға дайындау да оң нәтижелер беруде.Ең бастысы ойын ережелерін сауатты түрде жаттау, шарттарын нақты түсіну ьолып табылады. Ойын шарттарын, ережелерін білмей ойынға қатысатын оқушы қатеге көп ұрынады және шыдамсыздыққа бой алдырып алады. Ережені, шартты, әдісті білген ойыншы әрдайым ойында , немесе көпшілік ішінде тәртіптің сақталуын қадағалап, өзін –өзі қалыпқа салып отырады.Бұл адамның білім нәтижесі бойынша ойында да белгілі бір тәртіптің орнауына ықпалы болады дегенді білдіреді.

Баланың ой еңбегін, зейінін, жатқа сақтау, елестету қабілетін дамытуға, дененің қимыл қозғалысын реттеуге, бұлшық еттерді ширатуға, т.б. ұлттық ойындардың түрлері өте көп.

Мысалы, «Бестас», «Асық» ойындары баланы ептілікке үйретсе, «Айгөлек» «Арқан тартыс», тағы басқалары ұйымшылдыққа, « Жаяу тартыс», «Жаяу көкпар» денені қимыл – қозғалысқа түсіріп, жігерлікке, намысшылдыққа үйретеді. Ой еңбегін, зейінін, жатқа сақтау қабілетін дамытатын ойындардың қатарына «Ұшты-ұшты», « Сиқырлы таяқ», «Соқыр теке» ойындарын жатқызамыз. Бұл ойындарда баланың ойнап тұрған сәтте қимылмен бірге ойлау іс-әрекеттері қоса жүріп отырады. Сондай-ақ, «Тоғызқұмалақ», «Дойбы» ойындарры баланыңлогикалық ойлау қабілеттерін жетілдіреді. Ұлттық ойындардың бала тәрбиесі мен денсаулығына тигізер әсері мол болмақ. Сондықтан үлгілі істердің іске асуына, оның нәтижелі болуына жылдар бойы жинаған тәжірибелер мен ізденістер көмектеседі. Ол үшін ең бастысы білімділік пен шыдамдылық қажет.

Бүгінгі күні ұлттық құндылықтарымызды сақтап қалу мақсатында әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылып жүр.Бірақ әлі де болса бұл істерді ширата білу керек деп ойлаймын.

Алдын-ала зерттеулерге жүгінсек, дене шынықтыру мұғалімдерінің жоспарлау барысында ұлттық ойындарды жүргізуінде кемшіліктер байқалады. Сондай-ақ оқушылардың дене дайындығының әлеуетін жинауында бірізділік сақталмауда.Осыған сүйене отырып, мен бұл мәселені былай тұжырымдаймын: дене тәрбиесі сабақтарында ұлттық ойындардың әдістемесін жүзеге асыруда және балалардың дене дамуында қайшылықтар бар екендігін көре отырып, алдыма қойған негізгі мақсатым:

  • Мектептегі дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында қазақтың ұлттық ойындарын өткізудің әдістемелік ерекшеліктерін анықтау.

Бұл мақсатқа жету үшін келесі кезеңдер іске асырылады:

  • Бірінші кезең –әдебиетті талдаудың нәтижесінде мектептегі дене тәрбиелеу мәдениеті сабағында қазақтың ұлттық ойындарын қолданудың теориялық негіздерін анықтау;

  • Екінші кезең- қазақ ұлттық ойындарының білімділік және тәрбиелік маңызын жасөспірім ұрпақты ел қорғауда , бауырмалдылыққа , ұлттық патриоттық сезімді дамытуға негіздеу.

Ұлттық ойындарды топтастырудың бірнеше бағыттары бар:

а) салт – дәстүр негізіндегі жастар ойындары ;

ә) ат спортының түрлері , атқа мініп жүруге байланысты ойындар;

б) спорттық дене шынықтыру ойындары , ойлау қабілетін дамытатын ойындар;

в) зейін мен қимыл бағытына тәрбиелейтін және негіздік қимылдық сапаларды кешенді дамытатын ойындар.

Бұл жерде оқушылардың анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктері , атап айтқанда , бойы , салмағы , кеуде көлемі , оң , сол, қолдың күштері , т.б. көрсеткіштердің даму заңдылықтары манызды болып табылады.

Қазіргі кезеңдегі ғалымдардың жалпы және жеке көзқарастары мынадай:

  • Қазақ ұлттық дене қасиеттерін тәрбиелей отырып, оқушылардың ойлау қабілеттерін , зейінділігін , жатқа тоқу , елестету қасиеттерін дамыту:

  • Логикалық ойлау, ой қабілеттерін дамытуға көп көңіл бөлу:

  • Қазақ ұлттық ойындарының шығу тарихын зерделеу:

  • Мал шаруашылығы мен аңшылыққа байланысты ойындарды этнографиялық зерттеу.

Оқу құралын қазіргі заманға сай үйлестіре білуі, жаңа педогогикалық технологиялардың түрлерін , міндеттері мен мақсаттарын дұрыс бағыттай алуы , оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс тәсілдерін оқыту үдерісінде тиімді пайдалана білуі ұстаздың білімі мен біліктілігі арқасында.Осы психологиялық – педогогикалық формалаларды қалыптастыруда В.Монахов технологиясының тиімділігі мол. В.Монахов технологиясы – жаңа технологияның бірден ағымы , оның басты міндеттерінің бірі – ұстазды ғылыми зерттеу жұмысына баулу, оқу бағдарламасына сүйене отырып, тақырыптық технологиялық карта құру, т.б.

Оның мақсаты – оқытудың тұтас технологиясын жобалау, оқушылармен жүргізілетін қиындықтың алдын алу мен түзету жұмысының жүйесін жасау , жалпы педогогикалық біліктіліктің технологиялық сенімді даму динамикасын жасау , жобаланған технологияны іске асырудың жаңа тәсілін қалыптастыру.

Дене дайындылығы мен дене дамуы деңгейін жоғарылату әдістері мыналар:

  • Әр түрлі тәсілдер арқылы ( тура және жанама) ойындардың қарқындылығын жоғарылату.Мысалы, тура тәсілге – ойынның қайталану, қозғалыстардың жасау уақытын жоғарылатуы жатады.Жанама тәсілге оқушылармен өтетін арақашықтықты ұзарту , әр түрлі кедергілерді пайдалануы кіреді;

  • Ғалымдар ұсынған ұлттық ойындардың топтастырылуына сүйеніп,төзімділікті , жылдамдылықты , күштілікті , ептілікті дамытуға байланысты ойындарды таңдау;

  • Ойлау қабілетінің деңгейін жоғарылатуға арналған ойындар;

  • Оқушылардың тез ойлау қабілетін талап ететін ойындарды таңдау;

  • Ойлау қабілетімен қатар үлкен қозғалыс белсенділігін талап ететін ойындарды таңдау.

Бүгінгі күнге дейін , біз бала тәрбиесінде олардың жеке қасиеттерін тәнінен бөлек бөліп қарадық және оның бір ғана қырын дамытуға күш салып келдік.Тәрбие барысында ақыл-ой мен дене күшінің дамуы бір-бірімен байланыста екеніне мән берілмей , олардың тығыз байланыстылығы ескерілмейді.Соның нәтижесінде қоғамымызда ақылынан қара күші басым немесе өзінің ақылымен ойлаған ісін іс жүзінде қолдана алмайтын жігерсіз , толыққанды емес адам тәрбиелеп келдік. Енді мұндай қателіктердің орнын толтыру үшін тәрбиенің үлгілі жолдарын қарастырып, оны іске асыру қажеттілігін ойластырудамыз. Ол үлгілердің бірі – ұлттық ойындар екенін өз баяндамамда айтып өттім.Оны қазақ халқы бесіктегі баласынан бастап үйретіп отырғандығы тегіннен тегін емес. Өйткені ұлттық ойындар елдің өмірімен тығыз байланысты.Оның шаруашылық, экономикалық , әлеуметтік тұрмысынан туған.Сан ғасырларды артқа тастап , екшеліп келіп бізге жеткен.Сондықтан ұлтымыздың ойындары адамзат тәрбиелеуде маңызы жоғары әрі құнды.Оны дене тәрбиесінде қолдана білу халқымыздың болашақ ұрпағын тәрбиелеуге қосқан үлесіміз деп білемін.

Қорыта айтатын болсам, қазақтың ұлттық ойындарында дене тәрбиелеудің озық мәдениеті жатыр , яғни дене тәрбиесі арқылы ұлтымыздың жан-жақты жетілген азаматын өсіреміз және дайындаймыз.

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!