Материалдар / «Дене тәрбиесінен жалпы дамыту жаттығулары»

«Дене тәрбиесінен жалпы дамыту жаттығулары»

Материал туралы қысқаша түсінік
дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Мамыр 2018
6034
19 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қажымұқан ауылы №4 негізгі орта мектебі





























Тақырыбы: «Дене тәрбиесінен жалпы дамыту жаттығулары»Дене шынықтыру пәнінің мұғалім: Замзин Асылбек Есенұлы









































2017-2018 оқу жылы

I. НЕГІЗГІ ҚИМЫЛ-ҚОЗҒАЛЫС ЖАТТЫҒУЛАРЫ

1. Жүруге арналған жаттығулар«Биші әйел» - аяқтың ұшымен, табанмен жүру.«Балапан» - өкшемен жүру.«Пингвин» - табанның ішкі жақтарымен қысқа және алшақ қадаммен жүру.«Жылан» - қойылған заттар арасымен әр түрлі жағдайда: қолды белге қойып, екі жаққа жіберіп, артқа ұстап жүру.«Түлкі» - бүкіл табанмен қалыпты, жұмсақ жүру.«Ізкескіштер» - жылжымалы қадаммен денені алға қарай еңкейте жүру.«Трактор»- жылжымалы қадаммен жүру.«Пони»- ауыстырмалы қадам.«Шаңғышы» - жылжымалы қадам.«Зырылдауық» - кеудені оңға, солға бұрып жүру .«Бала қораз» - тізені жоғары көтере, қолды жан-жаққа сермей жүру.«Тышқан» - аяқтың ұшын алмастыра отырып жүру.«Тыңда - орында» - бағытты және бағыттаушыны өзгерте отырып жүру.«Күркетауық» - тізені бүгіп жүру.«Түбіртек» - заттардан аттап жүру.«Арыстан және тасбақа» - жиі және кең қадамдарды алмастыра жүру.«Тауыс» - қолды тізе астына шапалақтата ұрып жүру .«Ләйлек» - тізені жоғары көтере, аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .«Балу» - табанның ішкі жақтарымен жүру.«Назар!» - бағытпен және бағыттаушыға жылдамдықты ауыстыра жүру .«Ит» - жүруді жүгірумен, секірумен алмастыру.«Бау» - көрсетілген бағыт бойынша бірінен кейін бірі жүру.«Құйрық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, бірінен кейін бірі жүру .«Қабылан» - жүруді жүгірумен алмастыру.«Аққала» - жылжымалы қадаммен жанына, артқа жүру .«Қыл» - аяқтың ұшымен, қолын керіп ұстап, иығына жазып жүру.«Шаян» - арқамен алға жүру.«Сарбаз» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүру .«Құмырсқа» - шашыраңқы жүру .«Үйректің балапаны» - кеудені алға қарай еңкейте отырып, өкшемен жүру.«Түйеқұс» - тізені жоғары көтере жүру.«Сайқымазақ» - басты бұра жүру.«Достар» - жұптасып жүру .«Шамшырақ» - жылжымалы қадаммен қолды ауыстыру қалпында жанына қарай жүру.«Спортшы» - аяқ пен қолдың айқын бағыттағы спорттық жүрісі.«Серіппе» - қолдарымен ұстап, отырып тұрып шеңбер бойымен жүру.«Робот» - аяқпен түзу жүру.«Қаз-қаздар» - қолды тізеге ұстап отырып жүру. «Шаңғышы» - «жыланша» жылжымалы қадам.«Жасырынбақ» - көзді жұмып жүру.«Аю» - табан мен алақанға сүйене отырып, аяқты бүкпей жүру.«Бұрамалы қуыршақ» - екі жаққа шұғыл бұрылып жүру.«Түлкі мен қоян» - аяқтың ұшымен жүруді секіре жүруге ауыстыру. «Тіркеме» - қолға жіпті ұстай отырып, бірінен кейін бірі жүру.«Пішін» - колонна бойымен бір–бірден жүру, дабыл бойынша тоқтау, көрсетілген пішінді бейнелеу.

2. Жүгіруге арналған жаттығулар«Құс» - аяқтың ұшымен бірқалыпты жеңіл жүгіру.«Құлыншақ» - тізені жоғары көтере жүгіру.«Қасқыр» - кең қадаммен жүгіру.«Жылан» - қолдарын алдыңғы қатарда тұрған ойыншының беліне қоя отырып, бірінен кейін бірі қойылған заттар арасымен жүгіру.«Ит» - секірмелі жүгіріс .«Бала қораз» - тізені шапалақтай жүгіру .«Жіп» - аяқты айқастыра жүгіру .«Айналу» - бір - бірінің қолынан ұстай отырып, айнала жүгіру.«Ақжелкен» - аяқты алға қарай түзу ұстап жүгіру. «Балапан» - дабыл бойынша затты айнала аяқ ұшымен жүгіру .«Твикс» - бағытты алмастыра жұп болып жүгіру .«Ақ тоқаш» - жіптің ұшынан ұстап, шеңбермен жүгіру .«Бастау сәті» - 1-1.5 мин үзбей жүгіру.«Моншақтар» - коллона бойынша жүгіру, дабыл соғысымен жан–жаққа жүгіру, өз орнын табу.«Шахматтар» - шахмат реті бойынша орналастырылған бір шеңберден екіншісіне өту.«Маймыл» - секіріп, жылжып жүгіру .«Шоқырақтау» - бүйірмен шоқырақтау .«Дабылдар» - қолға жалау ұстап, жоғары көтергенде -жүгіру, төмен түсіргенде - жүру.«Сызғыш» - 40-60 метрге орташа жылдамдықпен жүгіру.«Жылға» - 10 метрге үзіліспен жылдам жүгіру .«Белгі» - белгіленген орынға дейін жылдам жүгіру .«Қырықбуын» - заттар арасымен жүгіру .«Сілеусін» - 3 рет ара қашықтыққа аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру .«Құмырсқа» - 240 метрге дейін баяу жүгіру.«Тышқан»- қол қимылдарын әр түрлі етіп, алмастыра жүгіру.«Жіпше» - заттар арасымен бір - бірінің қолын ұстай жүгіру.«Таразы» - еңкейтілген тақтайшаға жүгіріп шығу және жүгіріп түсу.«Қуғыншылар» - аяқтың ара қашықтығын жиіретіп, тез жүгіру.«Кедергілермен жүгіру» - кедергілерден секіре жүгіру .«Бұғы» - екі аяққа кезекпен құлай жүгіру .«Достар» - жұптасып жүгіру.«Назар!» - бағытты өзгерте жүгіру .«Жылдамдық» - жылдамдықты өзгерте жүгіру .«Спортшы» - бастау сәтінен бастап жылдамдыққа жүгіру .«Жүк»- заттарды алмастыра жүгіру.«Пони» - артымен алға қарай жүгіру.«Ирек» - қиғаштай жүгіру.«Балапандар» - шашыраңқы жүгіру .«Жолбарыс» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап, кең қадаммен жүгіру.«Қоян» - аяқтың ұшымен жүгіруді секірумен ауыстыру .«Қуғын» - 1.5-2 минут бойы үзіліссіз жүгіру.«Арыстан» - алшақ адымдып, кедергілерден секіріп жүгіру.«Төбешік» - еңкейтіліп қойылған жолға қарай жүгіріп шығу,одан сырғанау.«Буратино» - аяқты артқа қарай жіберіп, түзу жүгіру .«Құлын» - қолды шынтаққа дейін бүгіп, тізені барынша биік көтере жүгіру .3. Секіру кезіндегі жаттығулар «Қоян» - екі аяқпен секіру.«Бақа» - отырып тұру арқылы алға қарай қимылмен секіру. «Маймылдар» - затқа қолды тигізе секіру.«Аққұтан» - аяқты алма кезек көтере жүгіру .«Қайшы» - аяқты айқастыра секіру .«Масаны ұстап ал» - қолды бастан асыра көтеріп шапалақтап және аяқты алшақ ұстап секіру .«Бұршақтар» - алға, артқа, оңға, солға секіру .«Зырылдауық» - өзін айнала секіру .«Үйшік» - терезе - жолдармен секіру . «Тізбек» - бір-біріне байланған шеңберден-шеңберге секіру. «Қосаяқ» - терезе - жолдармен отырып тұрып секіру . «Кедергі» - 5- биіктіктегі заттан секіру .«Киік» - 40-50см қашықтықтағы 4-6 сызықтардан секіріп өту.«Арыстан» - орнынан тұрып ұзындыққа секіру.«Доптар» - алға қарай жылжып алмастырып секіру.«Қапшық» - қапшық арқылы алға, артқа секіру.«Серіппе» - жартылай отырып тұрып секіру .«Бөлтірік» - бір орында өзін айналу бұрылыстарын алмастыра секіру.«Шегіртке»- оң және сол аяқпен секіру .«Сарбаз»- гимнастикалық орындықтан аяқ ұшымен жайлап секіру.«Тиін»- сәл үзіліспен 20 рет секіру .«Секіру» - 20- биіктіктен секіру.«Бол»- фитболмен бір орында айнала секіру.«Секірткіш»- биіктігі 2-3 текшеден кезекпен секіру.«Пони» - қысқа секіргішпен тізені көтере секіру. «Сайқымазақ» - аяқты алға қарай түзу лақтыра секіру .«Секіргіштер» - әр түрлі биіктіктер мен түрлері бойынша жұмсақ заттардан секіру .«Саңырауқұлақ» - кедергілер арқылы секіру .«Акробат» - аяқты артқа қарай тізеден бүгіп кезектесіп секіру.«Дәуіт» - алға қарай жылжу арқылы бір аяқпен секіру .«Толқындар» - бір аяқпен тербелген секіргіштен аттай секіру. «Тарсылдақ» - қолды алға қарай созып шапалақтап, аяқтан аяққа секіру.«Би» - қолдарынан ұстай, шеңбер бойымен секіру .«Ұядағы құстар» - шеңбер арқылы аяқтан аяққа секіру. «Ирек» - кедергілер арқылы жанымен секіру .«Шарлар» - фитболмен секіру . «Шабыс» - ат үстінде шабу .«Секіргіш» - қозғалмайтын секіргіштен алға, артқа қарай секіру. «Тұлпар» - 15- биіктіктегі 5-6 заттан екі аяқпен секіру.«Инелік» - биіктіктегі затқа екі аяқпен секіру.4. Тастау, лақтыру және қағып алуға арналған жаттығулар«Секіргіш» - допты жоғары лақтыру .«Серіппе» - допты лақтыру және қағып алу.«Достар» - жұптасып бір - біріне доп лақтыру .«Допты домалат»- допты екі қолмен әр бағытқа домалату.«Себет»- допты бастан асыра лақтыру.«Сайқымазақ» - допты жоғары лақтырып, қолды шапалақтап барып қағып алу .«Сақина»- допты шеңбердің ортасынан лақтыру және қағып алу.«Қабырға» - допты қабырғадан лақтырып, қағып алу.«Көңілді доп» - 5 реттен допты оң, сол қолдарымен соғу.«Тиін» - допты мақсатқа дәлдеп лақтыру .«Лақтыру» - допты бастан асыра екі қолмен жұптасып лақтыру.«Допты ұста» - допты жоғары лақтырып, ол еденге соғылған соң ұстап алу.«Нысана» - 1.5- ара қашықтықтағы мақсатқа көлденең лақтыру.«Жеңіл көлік» - допты екі таяқпен сырғыту.«Боулинг»-допты таяқшалар арасымен сырғыту.«Қырықбуын»- үлкен допты 70- ара қашықтықтағы заттар арасымен екі қолмен сырғыту.«Назар»- допты шеңбер ортасынан тәрбиеші дабылы бойынша қағыпалу.«Басқасына жалғастыр»- шеңбер бойымен допты бір-бірінеайналдыра беріп шығу. «Садақшы»- көлденең мақсатқа қарай лақтыру.«Баскетболшы»- диаметрі допты оң және сол қолдарымен 2-2.5м ара қашықтықтағы себетке лақтыру.«Салют»- биіктіктегі тік тұрған мақсатқа лақтыру.«Мерген»- 3.5-6.5 м ара қашықтыққа лақтыру .«Төбешік»- шарларды еңкейтілген тақтайша бойымен сырғытыпзатқа тигізу .«Жұлымыр» - допты 3-4 рет лақтыру және қағып алу.«Волейболшы»- допты екі қолмен тордан асыра лақтыру .«Мақсат»- допты 2- ара қашықтықтағы көзделген мақсатқалақтыру.«Бауырсақ»- фитболды сырғыту және ұстау .«Қарлы кесек»- допты бастан асыра ара қашықтықтағы себеткелақтыру.«Есімдер»- допты аты аталған балаға лақтыру .«Дөңгелек»- шеңберді алға қарай сырғыту .«Спортшы»- допты баскетбол себетіне лақтыру.«Ақшақарлар»- алысқа лақтыру .«Жонглер»- допты бір қолмен лақтыру және бір қолмен қағып алу.«Лақтыр да қағып ал»- допты 10 рет лақтырып, ол жерге соғылғаннан кейін екі қолмен ұстап алу. «Допты шеңбер бойымен айналдыру»- допты шеңбер бойымен айналдыра лақтыру.«Сыңғырлаған доп»- допты оң және сол қолдарымен 10 рет ұрғылау.«Шапалақ»- допты лақтыру және қағып алу.5. Еңбектеуге, өрмелеуге арналған жаттығулар«Мысық» - қолға және тізеге сүйене отырып еңбектеу, заттың астына оң және сол жанымен кіру . «Крокодил» - қолға сүйене отырып еңбектеу .«Туннель» - құбыр арқылы еңбектеу.«Маймыл» - гимнастикалық қабырғаларға өрмелеу.«Жылан» - қойылған заттар арасымен төрт тағандап еңбектеу. «Қырықбуын» - шеңбер арқылы еңбектеу .«Ирек» - бір-біріне бекітілген шеңбер арқылы еңбектеу.«Ұлу» - қолды барынша созып, гимнастикалық орындықта ішімізбен еңбектеу. «Көлік» - аяқты алға қарай түзу созып, бөксемен жылжу.«Өрмекші» - табан мен білезікке сүйене отырып еңбектеу .«Бөлтірік» - төрт тағандап өзін - өзі айналу .«Тергеуші»- кем дегенде 10м ара қашықтыққа еңбектеу. «Қонжық» - бір - біріне бекітілген шеңберлермен төрт тағандап еңбектеу .«Пілдің баласы» - допты сырғыта төрт тағандап еңбектеу .«Трактор» - аяқты түзу ұстап артқа қарай бөксемен жылжу.«Қаз» - шеңберден қолды еденге тигізбей еңбектеу.«Еңбектеген бала» - орындық жақтаулары арасымен еңбектеу .«Жігіт» - гимнастикалық орындықпен тұлпарды бейнелей отырып, еңбектеу. «Сарбаз» - кем дегенде ара қашықтыққа еңбектеу.«Өрмекші» - қолды, аяқты доға астына тірей еңбектеу.«Төбешік» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғарыға қарай ішімен еңбектеу, төменге қарай сырғанау. «Күшік» - қол мен аяқты тірей отырып, допты баспен итеру.«Үйшіктегі ұлу» - еңкейтілген тақтайша бойымен жоғары қарай еңбектеу.«Бұғы» - еңкейтілген тақтайша бойымен төменге қарай еңбетету.«Кедергі» - кедергілер арқылы еңбектеу.«Итбалық» - білекке, тізеге сүйене отырып, гимнастикалық орындық бойымен еңбектеу.«Ойын бастаушылар» - еңбектеуді басқа қимылдармен алмастыру (жүру, жүгіру, адымдау).«Жөндеуші» - жеңіл баспалдақпен өрмелеу .«Ырғақ» - жылдамдықты алмастыра отырып, гимнастикалық қабырғамен өрмелеу .«Төмпешік» - заттардан өрмелеу.«Тарақан» - аяққа сүйене алға, артқа тасталған қолға сүйене артқа қарай еңбектеу.«Шаян» - гимнастикалық орындықта төрт тағандап артқа қарай еңбектеу. «Тізбек» - еденге жартылай отырып, бір-біріне бекітілген шеңберлерден өрмелеу. «Таудан тауға» - жақтауларды жібермей гимнастикалық қабырғамен өрмелеу.«Бақа» - қол мен табанға сүйене отырып, алға қарай секіре еңбектеу.«Пирамидка» - гимнастикалық қабырға бойымен жылдамдыққа ең басына дейін өрмелеу.«Бауырсақ» - домалаумен алмастыра еңбектеу.«Балық» - жылдамдықты ауыстыра отырып, әр бағытта еңбектеу. 6. Тепе – теңдікке арналған жаттығулар«Леген» - қолды алға созып қапшықпен жүру.«Көпір» - аяқ ұшы арқылы кедір-бұдырлы жолмен жүру .«Бала қораз» - қолды екі жаққа жіберіп,тақтай үстімен жүру.«Тау» - еңкейтілген тақтайша үстімен жоғары, төмен жүру .«Арқан бойлап жүруші» - қолды әр түрлі жағдайда ұстап арқан бойымен жүру.«Кедергі» - текшелерді аттай отырып, гимнастикалық орындық үстімен жүру.«Жұлымыр» - дабыл қағылған соң жүгіріп текшеге тұра қалу.«Ұшақ» - гимнастикалық орындық үстімен жүріп, ортасына келіп отыру, қолды екі жаққа созу.«Іздер» - қолды белге қойып ізбен жүру .«Кедір - бұдырлар» - заттардан аттап жүру.«Тышқан» - аяқ ұшы арқылы кедір - бұдырлы жолмен адымды ауыстыра жүру.«Ләйлек» - 20-25 см-ге көтерілген тақтайдан аттау. «Арқан бойлап жүруші» - еңкейтілген тақтайшамен жоғары, төмен жүру .«Бала күтуші» - қуыршақты қолға ұстап орындық үстімен жүру .«Би» - орамалмен айналып билеу.«Аққұтан» - бір аяқпен тұрып, қолмен тізеге дейін бүгілген екінші аяқты ұстау .«Ер жет» - тақтай үстімен аяқтың ұшынан бастап табанмен жүріп өту.«Жіп» - орташа жылдамдықпен гимнастикалық орындық үстімен жүру .«Тасбақа» - жылжымалы адыммен гимнастикалық орындық үстімен жүру .«Жаяу жүргіншілер» - гимнастикалық орындық үстімен заттан аттап жүру.«Биші әйел» - қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен тұру.«Паровоз» - сызық бойымен бір - біріне қарсы жүру, сызық ортасына келгенде тарап кету.«Тырна» - гимнастикалық орындық үстімен аяқтың ұшымен, екі қолды екі жаққа жіберіп, заттарды аттай жүру .«Түйеқұс» - гимнастикалық орындық үстімен бүгілген тізені барынша биік көтеріп жүру.«Бөлтірік» - гимнастикалық орындық үстімен бағытты ауыстыра жүру.«Жүк тасу» - басымызға қапшықты киіп, қолды екі жаққа жіберіп, сызық бойымен жүру.«Балапан» - бір аяқтың өкшесін екінші аяқтың ұшына қойып, арқанмен жүру.«Отырған тауық» - жылжымалы адыммен бір жаққа қарай жылжу.«Ақжелкен» - гимнастикалық орындық үстімен тізенің артқы жағына қарай қолымызбен шапалақтап жүру.«Бауырсақ» - еңкейтілген тақтайшамен домалау.«Қаңбақ» - гимнастикалық орындық үстімен допты аяқпен алдына қарай сырғанату.«Леген» - басымыздағы қапшықпен айнала жүру.«Бұрамалы қуыршақ» - қолды жоғары көтеріп, гимнастикалық орындық үстімен бұрылу.«Қалайы сарбаз» - текше үстінде тұрып қолды сермеу.«Қарлығаш» - гимнастикалық орындық үстінде тұрып, қарлығашты бейнелеу.«Хан қоңызы» - орындық үстінде жайлап жүгіру«Достар» - жұптасып айналу.«Аққу» - жіңішке тақтайшамен жүру.«Ванька-встанька»- дабыл бойынша текше үстіне тұрып, айналу.«Тағзым» - жіп бойымен иіліп жүру.II.ЖАЛПЫ ДАМЫТУ ЖАТТЫҒУЛАРЫ

1.Қол мен иыққа арналған жаттығулар«Маятник» - тік тұрып, қолды алға, екі жаққа, жоғары көтеру және кезекпен түсіреді.«Құс» - тік тұрып алақанды жоғары қарата қолды екі жаққа сермейді.«Қанат» - тік тұрып алақанды ішке қарата қолды жоғары көтеріп, артқа қарай түсіреді.«Дөңгелек» - тік тұрып, аяқты иық деңгейіне қойып, қолды алға созып, алақанды жұмып, білезікті, шынтақты, иықты қысу, айналдырады.«Текшені жалғастыр» - тік тұрып, қолды екі жаққа созып, жоғары көтеру, текшені келесі қолға салып, қайта екі жаққа созып төмен түсіреді.«Қолды айналдыру» - тік тұрып, қолмен жұдырық түйіп, 1-2 деп санағанда алдымен екі жанға, содан соң алға, қайта екі жанға, содан соң артқа қолмен кең шеңберлер жасау керек; 3 - 4 есебінде алға қарай. 770 ₸ - Сатып алу
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ