Материалдар / Дене тәрбиесінің принциптерін.Дене тәрбиесінің принциптерінің маңызы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дене тәрбиесінің принциптерін.Дене тәрбиесінің принциптерінің маңызы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қозғалыс шеберлігі мен дағдысын қалыптастыру, дене қасиеттерін тәрбиелеу жалпы заңдылықтарға бағынады, ол әдістемеде қағидалар деп аталады. Қағидаларда жазылмаған, бірақ орындалуы керек заңдылықтар деп айтуға да болады. Қағидаларды білу, оларды тәжірибеде қолдану дене тәрбиесі үрдісін жетілдіреді. Дене тәрбиесі үрдісінде төмендегідей әдістемелік қағидалар кең қолданылады: 1. Саналылық және белсенділік. 2. Көрнекілік. 3. Жүйелілік. 4. Біртіндеушілік. 5. Реттілік. 6. Даралық.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қараша 2021
303
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дәріс №10


Тақырып: Дене тәрбиесінің құралдыры мен әдістері.Дене тәрбиесі құралдары.Гимнастика түрлері.Қимыл – қозғалыс ойындары,спортық ойындар,ұлттық ойындар түрлері.Жорық.Жаратылыстың табиғи күштері,гигиеналық шарттары.


Жоспар:

1:Дене тәрбиесінің әдістері

2: Балалардың дене қуатының қасиеттерін дамыту әдістері


Әр түрлі жаттығушылар тобымен, әр қилы жағдайда, бәлгілі бір міндеттер орындау үшін дене тәрбиесі жаттығуларын қолдану жолын дене тәрбиесінің әдістері дейміз. Әр бір әдіс өзінің құрамына кіреттін әдістемелік тәсілдердің көмегімен жүзеге асырылады. Мысалы, үйрету әдісінің көрсету тәсілдері :жаттығуларды айна тәсілімен көрсету, керекті қарқында, немесе баяу қаркында көрсету.

Нақтылы үйрету міндетіне сәйкес жаттығуларды орындуды әдістемелік тәсіл дейміз

Әдістеме деп дене тәрбиесі үрдісінде белгілі бір нәтижеге жету жолына бағытталған амалдар мен әдістер жүйесін айтады

Дене тәрбиесінде барлық әдістері арнайы және жалпы болып екітопқа бөлінеді

Дене тәрбиесінің арнайы әдістері:1 Қатаң шектелген жаттығулар әдістері 2. Ойын әдісі 3 Жарыс әдісі

Дене тәрбиесінің жалпы әдістері: 1. Сөз қолдану. 2 Көрнекі қолдану әдістері

Қатаң шектелген жаттығулар әдістері

Жаттығу кезінде көп қайталанып жүктеме мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл, әрекетті біз қатан шектелген жатттығу әдістері деп айтамыз. Қатан шектелген жатттығу әдістерін пайдалану көптеген мүмкіншіліктерге қол жеткізеді:

1.Жүктеме көлемін қатаң мөлшенлеуге.Бұл әдісті қолдану кезінде жүктемеңі ең төменгі шамадан, жоғарғы шамаға дейін жоғарылатып, басқаруға болады

2.Әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығулармен әрбір дене мүшесіне әсер ету

3.Дене тәрбиесі үрдісінде жеке үйретуды пайдалану

4.Кез келген күрделі жаттығуларға уйрету

5.Дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі жастағы адамдар арасындағы сабақ, жаттықтыру кездерінде пайдалана алу мұмкіншілігі бар. Біз осы әдістің көмегімен жаттығуларды жас балалардан бастап егде тартқан адамдарға дейін қолдана аламыз

Қатаң шектелген жаттығулар әдістері екі топқа бөлінеді:1 Қимыл әрекетке үйрету.2 Денеқуаты қасиеттерін жетілдіру[1]

Жас спортшыларды қимыл әрекетке үйрету әдістері

Қимыл әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады

Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету кезінде мынадай жағдайларда қолданылады:

1.Қарапайым, кимыл әрекетке үйрету кезінде.

2. Дене қуаты және техника дайындығы жоғары оқушылармен жаттықтыру сабақтарында.

Қимыл әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе техника негізініің сапасы болмайтын жағдайда.


4.Бұрын үйренген жаттығуларды жетілдіруге

Жаттығуларды бөлшектей үйрету әдісі кезіндеқимыл, әретті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды.

(Мысалы, гимнастика сабағындағы алдыға аунап түсу, басқа тұру, дөнгелек айналу жаттығуларының техникасын жеке-жеке үйренып, меңгергеннен кейін толық қайталау)

Күрделі қозғалыс техникасын үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жақындататын жаттығулардың техникасынегізгі, күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар бір тұтас түрде, оқушыларға түсінікті қолайлы болуы керек.[3]


Балалардың дене қуатының қасиеттерін дамыту әдістері

Дене қуаты қасиеттерін дамытуға бағытталған қатаң шектелген жаттығулар әдістері әр түрлі формадағы жүктеме мен иынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады.

Жүктеме дегеніміз дене тәрбиесі жаттығулармен адам ағзасына әр түрлі көлемде әсер ету.Жуктеменің шамасы оның қарқындылығы мен көлеміне байланысты

Жүктеменің көлемі-орындалған дене қуаты жұмысының саны ( мысалы, 10минут жүгіру, жаттығуды қайталау саны т.б.)

Жүктеме қарқындылығы- ол белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жатттығуларынқарқынды тездете орындау.Жүктеменың ішкі және сыртқы қарқынды көрсеткіштері болады.Сыртқы көрсеткіш-қозғалыс жылдамдығы( жүгіру, шанғы жарысы, суда жүзу), спорт ойындарындағы ойын қарқыны т.б.Қарқындылықтың ішкі көрсеткіштері жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі. Спортшының жаттығуларды орынду , жұмыс істеу қарқынына байланысты жүктеме бірқалыпты және ауыспалы болып келеді. Бірқалыпты жүктеме- ол спортшының белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы. Ауыспалы жүктеме-ол спортшының жұмысты орындауға қарқындылығының өзгеруы( ол жоғары немесе төмен болып өзгеруы мүмкін)

Дене қуатының қасиеттерін дамыту үшін мынандай әдістер қолданылады:

1.Бір қалыпты орындау әдісі. [1]

Бұл әдіс жаттығуларды үзбей, ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді( мысалы ұзақ уакытта бір қалыпты жүгіру, жүзу т.б.)жүктеме бұл кезде жоғары деңгейдің 70 пайызынан аспауы керек ( жүре соғуының жиілігі мин. 130-150 рет)Ұзақ уақыт ьір қалыпты істелген жұмыс жүрек қан тамыры және тыныс алу жүйелерін нығайтып, ағзаның жалпы төзімділігін дамытады .

2. Өзгермелі орындау әдісі.

Бұл әдісті жүктеме қарқыны жаттығуды орындау кезінде өзгеріп отырады( мысалы 400 м қашықтыққа жүгіруде жылдамдық- бірінші 100м жүгірген кезде жартыла күшпен, екінші 100 м. –еркін, үшінші 100м. қатты қарқында, төртінші 100 м. баяу жүгіру.Өзгермелі орындау әдісінің көмегімен жалпы төзімділікті, және жылдамдық төзімділігін дамытамыз.

3.Қайталап орындау тәсілі.

Бұл әдіс кезінде жаттығу көп қайталанылады, аралықтағы тынығуда ағза толық бастапқы қалпына келуі қажет. Қайталап орындау әдісі күшті, жылдамдықты және күш жылдамдылығын, жылдамдық төзімділігін дамытады( 7х100) , біртіндеп ұзартылып отырылған қашықтыққа жүгіру(200х400х600х800).

4.Аралық орындау әдісі[4]

Бұл әдістін мәнісі көп рет қайталаңған жаттығудың орындау қарқыны жоғары (мин 160-180 рет жүрек соғу жиілігі) және тынығу аралығы қатаң болуында. Әрбір жаңа жүктеме ағза толық бастапқы қалпына келмеген кезде беріледі.




5.Шеңберлі орындау әдісі

Спорт зал мен спорт аландарында шеңбер бойынша орналасқан «станцияларда» жаттығуларды шеңбер бойымен айналып жүріп орындау.

Шеңберді бір айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығу аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет.

6.Ойын әдісі

Дене тәрбиесі үрдісінде спорттық және қозғалмалы ойындардың элементтерін қолдану-ойын әдісі деп аталады. Ойын әдісінін белгілері:

1.Белгілі бір мақсатқа жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқыл ойнаушыларды оқиғалы ұйымдастыру

2.Ойын әрекеттері кезінде ойнаушылардың бәсекелестік, жеңіске деген талас, көніл- күйлерінің көтерілуі.

3.Ойын барысында жаттығушылардың өз бетімен қимыл, әрекетке шешім қабылдауы.

Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиеттерін кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық)

Жаттығуларды ойын әдсімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалтырады, бірқалыптылықтан құтқарады. [2]

7.Жарыс әдісі

Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі

дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі- біріншілікті, қарсыласынды, команданы, топты жеңіп алу үшін бәсекелесу, күрес, күш сынасу жағдайында жоғарғы көрсеткішке жету. Бұл әдіс бірнеше мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез дамуына ықпал етеді.Жарыс әдісінің орындалуы шарттары: жарыс, бәсеке жаттығуларына оқушылар өте жақсы дайындықпен, дайындалып келулері керек, ондай болмаса берілетін үлкен қарқынды жүктемелер олардың денсаулығына зиян келтіруі мүмкін. Сонымен қатар бұл әдіс оқушылардан жаттығуды орындау кезінде пайда болатын міндетке өз шешімін тез қабылдауын талап етеді.

3: Қазақтың ұлттық ойындары бес түрге бөлiнедi. Олар: аңға байланысты, малға байланысты, түрлi заттармен ойналатын, зеректiктi, ептiлiктi және йкемдiлiктi қәжет ететiн, соңғы кезде қалыптасқан ойындар. Олардың негiзгiлерiнiң өзi жүзден астам. Бұл ойындардың көбiсiнiң ежелден қалыптасқан арнайы өлеңдерi бар. Өлеңдер ойынның эстетйкалық әсерiн арттырып, балалардың өлең-жырға деген ыстық ықыласын оятып, көңiлiн көтередi, дүнйетанымын арттырып, еңбекке баулйды, шыйрықтырып, шынықтырады. [3]

Қорытынды: Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиеттерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) кешенді дамытуға, бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуге (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады. адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиеттерін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Жарыс әдісі адам ағзасының мүмкіншіліктеріне жоғарғы талаптар қояды да, оның ары қарай тез дамуына ықпал етеді. [4]




Пайдаланылған әдебиеттер:

1.Е.Уанбаев Дене тәрбиесінің әдістемесі Өскемен 2010ж;

2. А. Ж. Сисенбердиева Дене тәрбиесі теориясы мен әдістемесі: Оқулық. Алматы: 2011. - ** бет;

3. Б.Төтенай Дене тәрбиесіФолиантбаспасы 2017ж Астана;

4.С.Тайжанов с.Қасымбекова Дене тәрбиесі әдістемелік нұсқау 2004ж Алматы «Мектеп».



Ұй тапсырмасы:

  1. Дәріс жазу

  2. Ойын әдісіне бір ойын кұрастыру

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!