Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дене тәрбиесінің ұлттық ойын спорт түрлерін дамытудағы маңызы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Бақанас аграрлы – индустриалдық колледжі» МКҚК
Пән мұғалімі: Курманбеков Айбол Казыбекович
К І Р І С П Е
Бүгінгі танда Қазақ елі тәуелсіз мемілекет аталып , өзінің жоғын жоқтап , елдігінің , халықтығының белгісі , биік мәртебесі болып табылатын рухани байлығы - тілінің , тарихы мен мәдениетінің ауыр тағдырын қайта қарауға мүмкіндік алып отыр . Олай дейтін себебіміз , талай зобалаңды бастан кешіріп «мың өліп , мың тірілген» халық «мен қазақпын» деуден жасқанатын «ұлтшыл» деген шоқ сөздің байлануынан үркіп , көп жағдайда өзінің ұлттық дәстүрін , салтын , қалыптасқан әдет – ғұрпын мәпелеуден именіп , сескенетін. Бұл – ондаған жылдар бойы жүргізіліп келген ұшқары , шетқақпай саясаттың нәтижесі. Халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрінен , тіршілік ерекшелінген нәр алып , өзіндік сипатымен ел көңілінен шыққан рухани қазыналардың бірі саналатын ұлттық ойын – сауық түрлері мен сан алуан балалар ойындары да ұміт бола бастаған еді. Балалар ойындарының көбі еленбей , мән мағынасы бұрмаланып көрсетіледі, Мәселен бүкіл Қазақстан балаларының қатарына жататын - «Асық ойындары» Бірақ осы ойын бізде күні бүгінге дейін өз орнын табалмай келсе Австраляда ұлттық болмыстың бір қыры ретінде қадірленіп , түгелдей ойналатын көрінеді. Біз болсақ «Асық ойнаған азар . . .» - деп , ескіліктің , феодализмнің қалдығы санап , балаларымызды өз салтымыздан үркітіп келдік , көпдеген ойындардан аулақ ұстадық.
Жарыс түрлері:
Тай жарыс
Халқымыз ежелден тай жарысын ат жарысы өнерінің белгілі бір белесі деп білген. Бұл тай жарысты балалардың жарысқа машықтануының алғашқы кезеңі іспеттес болған. Үлкен жарыс-ат жарысына (бәйгеге) балалар осы тай жарысынан талай-талай әдіс-тәсілдерді үйреніп, тағылым түйіп, ысылғаннан кейін ғана қатысып отырған. Мәселен: Жан – жағыңа қарама, ат елеңдейді, кідіреді; Атқа дем беріп, Ұшып отыр немесе Ат жете берсе, қатарласа қалса, жеңіл қамшылап, қаузай түс, - деген сияқты үлкендердің ақыл-кеңестерін де балалар осы алғашқы тай жарысы кезеңде естиді.
Тай жарысына дейін тай үйрету ісіне де ерекше мән берілген. Тай үйрету ісі- үлкендердің басшылығымен өтетін, үйретушіден ептілік пен жүректілікті, төзімділікті талап ететін үлкен өнер.
Тай жарысы кішігірім той, мереке, жалпы демалыс күндері өткізіледі. Ол шағын аралықта, киім – кешекке онша мән берілмей, ұл балалар үшін бір бөлек, кейде қыз балалар үшін де жеке не аралас өткізіле береді. Жарысқа 9-14 жас шамасындағы балалар қатысады. Атшабар-балалар қашан да атқа жеңіл болуға тиіс.
Жарысқа қатысушылар тайларының құйрығын шорт байлап көнбеге жиналады.Енді олар, басқарушының белгісі бойынша барлығы бірдей бір мезгілде көмбеден шығады, яғни жарыс басталады. Белгілеген қашықтықты шауып өтіп, алдын ала көрсетілген мәреге болмаса көмбеге қай бұрын келгені жеңімпаз атанып, силығын алады.
Құнан жарыс
Құнан-екі жастағы жылқы, яғни екі жас толып дөненге (үш жасқа) қараған шағы. Бұл жарысқада 9-14 жас шамасындағы балалар қатысады.
Құнан жарыс көп халықтың алдында өтетін болғандықтан, ауылдың құрметті ақсақалдары, қадірлі адамдары төреші болады. Мұндада бірінші болып озып келгенді жеңімпаз атанады.
Бір қызығы, озғандарға көбіне онша мандытып бәйге берілмейді, ақсақалдың мақтай көтермелеуі, жиналған жұрттың шат-шадыманы, ата-ананың мақтаныш, қуанышы жетіп жатады. Балалар да құнандарда мақталады.
Жорға жарыс
Жорға жарыс қысқа, жол ыңғайына қарай, 2-3 километр аралықта ғана өткізіледі. Мұның өзі аттың шаршап, жорғадан шабысқа түспеуі үшін қолданылатын тәртіп. Жалпы, жорға жарысына түсетін аттар - көбіне жол жорғалар мен шаппа жорғалар болып екіге бөлініп іріктеледі. (Жорға түрін араластырмау, жарыстың басты болып табылады.)
Жарыс кезінде, жорға өзінің жұмсақта тайпалған жүрісімен көзге түсуі қажет, яғни жорғасынан танбай, алдыңғы оң аяғы мен сол жақтағы артқы аяғын бір мезгілде алып отыруы шарт. Жақсы жорғалар бұл дағдысынан таңбай, көбіне озып шығады. Ал, жорға жарысынан жаңылар болса, онда жорға салушыға айып салынады. Егер осы тәртіп 4 рет бұзылса, жорға жарыстан шығарылады.
Ереже бойынша, жорға жарысына балалармен қатар қыздарда қатысады.
Мұнда да жарыс шарт бұзбай, мәреге озып келген жеңімпаз атанады.
Ат жарыс
Қазақтың ұлттық ойындарының ішіндегі бірден-бір кең таралған түрі – ат жарысы. Бұл ат жарысын қалқымыз көбіне бәйге аламан бәйге деп атайды. Бәйгеге мықты да жүйрік аты бар, өзіде ат құлағында ойнаған өнерлі де шабандоз балалар қатыса алады. Жалпы бәйге тек жазық жерлер мен ипподромдарда ғана өткізіліп қоймайды. Ол жарысқа қатысушының өзіне де , атына да жоғары талап қойылатын ойлы – қырлы, жасанды бөгесінді жерлерде де өткізіледі. Сондықтан да, атты алдағы болатын жарысқа жаратудың үлкен маңызы бар. Бұл жарыста атының бап білген атшабарлар ғана жеңіске жетпек.
Ат жарысы – үлкен тойлар мен мерекелер ас беру кездерінде өткізіледі. Жарыс ұйымдастырылғанда әр ауданның ерекшелігі еске алынып, шабыс аралығы белгіленеді. Жарысқа қатысушы ат шабарлардың жасы мен салмағы шендес болып келеді. Ат айдаушы жарысқа қатысушыларды күні бұрын белгіленген жерге (көмбеге) құйрығын шорт түйіп байлаған ат шабарларды қатарластыра тұрғызып , көмбеден шығуға белгі береді. Сөйтіп , жарыс басталады. Белгіленген аралықта шауып өтіп, көмбеге бірінші болып келген бас бәйгені жеңіп алады.
Түйе жарыс
Бұл жарысқа тек түйелі жігіттер ғана қатысады. Жарысқа қатысушылар көмбеге жиналып тұрады. Басқарушы оларды түгелдей сызық бойымен қатарластыра тұрғызып, арнайы белгі бойынша, барлығын бір мезгілде жарысқа шығарады. Ереже бойынша, жарысушылар үшін белгіленген қашықтықтан мәреге кім бұрын келсе, ол жеңімпаз саналады.
Жаяу жарыс
Балалар жиналып алып жүгіретін бір жерді белгілейді. Олардың бірсыпрасы отырған орындарында қалып қояады да, басқалары бастаушыларға еріп, белгіленген жерге кетеді. Сол жерде бастаушы балаларды қатарластырып тұрғызып, жүргізуге бұйрық береді. Балалар зымырап жүгіруге жөнеледі.
Енді алғашқы орында отырып қалған балалар екіге бөлініп, жарысушы балалардың жүгіріп өтуі үшін орталарынан орын қалдырады. Бұл орынға кім озып келсе , сол бірінші бәйге, екінші болып келгені екінші бәйгені жеңіп алады. Ойын екі-үш орын қайталанады.
Қап киіп жарысу
Ойын көбіне көгалды жазық далада өткізіледі. Ойынға қатысушылар 50 метрдей жерден мәре белгілейді. Жарысатын жердің ені 1,5 метрдей болады және оған 4 – 5 қатар жолақ жол сызылып қойылады. Жолдың қақ ортасына жарысатын адамдардың санына сәйкес етіп бірнеше кенеп қаптың аузын ашып қою керек.
Енді ойын бастаушының бұйрығы бойынша, сызықтың бірінші басында қатарласып тұрған ойнаушылар жарысып жүгіре жөнелнді. Олар жолында жатқан қапқа жетісімен, оны тез-тез киіп, қапшықты аяғының басынан екі қолымен жоғары көтереді де, ілгері секіріп, жарыса береді.
Мұндағы мақсат: сызықтың басына алдымен жету.
Осы тәртіппен ойын қайталана береді. Бұл ойын әр түрлі тәртіппен өткізілуі де мүмкін.
Күрес
Қазақша күрес
Қазақша күрес- қазақ халқының ежелгі ұлттық ойыны. Бұл-адам денесін ширатып, бұлшық еттерін қатайтатын, төзімділікке, батылдыққа, ептілікке, керек кезінде тез ойланып әдіс таба білуге машықтандыратын, күш жетілдіретін ойыне түрі; сонымен қатар, қорғанудың ұлттық өнері. Қазақша күресте адам өзін еркін ұстап, өз бойындағы күшін, әдіс-айласын түгел пайдалана алады; мұнда-шалу, жата тастау, арқалай тастау, қол байлап күресу, салмақпен басу, тіресу, ашадан алу, аяқтың басымен іліп тастау сияқты әдістердің бәрін де қолдануға болады.
Палуандар кілем үстінде, арнаулы жазық жерлерде күреседі. Ойынның ережесі бойынша, қимыл үстінде адамға зақым келтіре күш жұмсауға, дөрекелік жасауға болмайды. Күрес бір жақтың талассыз жығылумен және жауырыны жерге тигізілумен аяқталады.
Қазақша күрес палуандары, жаңадан енгізілген ереже бойынша, жасына қарай 3 топқа, салмағына қарай 8 категорияға бөлінеді. Күрес мерзімі ересектер үшін 10 минут, жасөспірімдер үшін 6 минут. Кейде жығылған адамды басып жатып, жауырының жерге тигізу шарт емес. Бұл күрестің басты шарты – күшін, әдісін асырып, талассыз жығу. Ертеректе жыққан адам жығылған адамның басынан аттап, күш алу деген байырғы жеңіс белгісін жасаған.
Жатып күресу
Күші теңдес болып келетін екі бала бірінің аяғына бірінің басын келтіре, шалқаларынан кілем үстіне қатарласып жатады. Бұдан кейін сол жатқан беттерінде бірінің қолынан бірі (түйісіп жатқан жақтағы қолдарымен) қатты қыса қолтықтасып алады. Енді олар аяқтарын жоғары көтере бірінің өкшесін бірі іле қағысады. Мақсат - әркім өзінің қатарындағы палуанды тақымынан көтере басынан асырып тастау. Осы мақсатты орындағаны жеңген болып саналады.
Тауық күрес
Жиналғандар екі топқа бөлінеді. Енді осы екі топтан екі бала шығып кәдімгідей күреседі. Оның ең қызығы да, басқаша күрестен айырмасы да – тек жалғыз аяғымен ақсаңдай жүріп, иықтарын қағысып күресуінде, бұл күрес адамның нық басып, орнықты жүруін жетілдіреді.
Күрестердің бір аяғын тізесінен бүгіп, мата белбеумен байлап тастайды. Егер оң жақ аяғы бүгулі болса, сол жақ қолын, сол жақ аяғы бүгулі болса, оң жақ қолын шынтағынан бүгіп байлайды. Сонда күресушілерді екі жақтың ойын басылары сүйемелеп әкеліп ұстастырады. Қайсысы сүрініп жығылса, сол ұтылады.
Білектесу
Бір столдың шетіне қарама-қарсы отырған екі жігіт оң қолдарының шынтағын столға тіреп қояды да, бірінең қолын бірі алақандастыра мықтап ұстайды. Сол жақтағы қолдарын әркім өзінің оң жақ қолтығына тығып алады. Осылай ұстасып алған екі палуан ойын бастаушы бұйрық берісімен, шынтақтарын сол орнынан қозғалмай, қарсысындағы палуанның тіреулі қолын шалқасынан жығуға ұмтылады. Білегі жығылған палуан жеңіледі.
Бұл білек күшінің жетілуіне көмектеседі.
Сірес
Бұл ойын күш сынасу ретінде ойналады. Бір ойыншы бала таза жерге немесе кілем үстіне екі қолын төбесіне қойып, шалқасынан сіресіп сұлап жатады. Ол барлық буындарын былқылдамастай етіп қатайта, түзу жату керек. Екінші ойыншы жатқан ойыншының аяғына міне тұрып, еңкейеді де, екі қолымен оның нақ тізесінің астынан айқара құшақтап, тік тұрғызғанша көтереді. Егер көтеруші күшті болса, оны бір басынан көтерген сырықтай етіп, тік тұрғызады. Көтере аламаса, айып таратады. Екінші кезек жатқан ойыншыға беріледі.
Ескерту: көтерушіге өз қолын тізеден жоғары асыра қамтуына болмайды. Ал, жатқан ойыншы буынын босатып, денесін былқылдататын болса, онда оның жеңілгені.
Аударыспақ
Ойыншыдан үлкен ептілікті, күштілікті, төзімділік пен батылдықты талап ететін ұлттық ойынның бір түрі – аударыспақ (екі салт атты адамның бір – бірін ерден аударып алуға тырысуы).
Аударыспаққа, тәртіп бойынша, ат үстіндегі айқасты жақсы жүргізе білетін, тиянықты дайындығы бар ойыншылар ғана қатыса алады. Ал, дайындығы жеткіліксіз, тәжірибесі аз ойыншылар үшін бұл өте қиын. Сондықтан да, аударыспақ ойынына тек, 18 жасқа толғандар ғана қатыстырылады. Аударысу бір мезетте басталады. Оспадарлық, жұла қашу, салып қалу, қол қайыру сияқты айла-амалдарды қолдануға болмайды. Аударысу бір қалыпты болуы шарт. Қазіргі ойын тәртібі бойынша, сайысқа қатысушылар үш категорияға бөлінеді. Аударыспаққа салмақтық категорияны енгізудің мақсаты-қатысушыларға неғұрлым теңдік жағдай туғызу. Әдетте, бұл сайыста аты белді, оралымды, өздері де атқа мықты, білікті балалар жеңіп шығады.
Арқан тартыс
Ойынды жазық алаңда, үлкен залда өткізуге болады. Ойынға ұзындығы 10 метрдей жуан кендір арқан керек. Ол арқанның тең ортасынан орамалмен орап белгі жасайды, белгінің екі жағынан, 1,5 – 2 метрдей жерден, тағы да жоғарыдағы тәртіппен белгілейді. Ойнаушылар бойларына қарай қатарласа тізіліп тұрып, ойын басқарушының бұйрығы бойынша, оң жақ шетінен бастап қатар санын бір, екі, үш деп сол жақ шетіне дейін санап шығады. Сөйтіп, тақ, жұп болып екіге бөлінеді.
Күні бұрын сызып қойған үш сызықтың ортадағысына арқандағы үш белгінің екі шеткісін дәл келтіріп керіп тұрады. Енді ойнаушылар арқанның осы шеткі белгілерінен бастап ұшына дейін қос қолдап тартып ұстайды. Басқарушының берген белгісі бойынша, ойын басталып, бөлінген топтар өзара тартыса бастайды.
Ойынның мақсаты: екі топ бірін – бірі тартып, жердегі орталық сызықтан бұрын сүйреп өткізу. Екі топтың қай жағы орталық сызықтан қарсы топты бұрын сүйреп өткізіп әкетсе, сол жағы ұтқан болады.
Асық ойындары
Асық ойындары - қазақ даласына кең тараған ойындардың бірі Бірақ бұл ойын ұлан – байтақ қазақ жерінің барлық жерінде біркелкі ойнала бермейді. Жер шалғайындағы қарай ойын түрлері мен ережелер де әр өңірде қилы болып келеді. Жалпы асық ойындары балалардың дене қимылдарының жітілігін, ептілігін, оңтайлығын арттыруға сондай – ақ, көз мергендігі мен қол икемдігінің дамуына көп септігін тигізді. Қой, ешкі асықтары мен ірі қара асығы (топай) ойынының негізгі құрал санатына жатады. Осының өзі – ақ бұл ойының халқымыздың шаруашылық ынғайынын туындағанын байқатады. Ойын ашық алаң, тақыр жер, бар болса, тақтай, сырмак үсті, от басы- аула ішінде ойналады. Халық арасында асық ойынына байланысты түрлі атаулар қалыптасқан. Мәселен , сақа , кеней, бүге , шіге, алшы , тәйке, оңқа , шоңқа., т .б . . . Сондай – ақ , «Алшы түсіп ақырып , сақа болып жапырып . . .» - деген сияқты сөз тіркестер де бар.Асықшылар асықтарын сан түрлі етіп бояп, сақаларын қорғасын құйып безендіреді. Жалпы, асық ойындарының бірнеше түрлері бар. Олар ойнау әдіс – тәсілдерне орай, «Алшы» ,«Орда», «Ұпай», «Хан талапай», т.б болып бөлінеді
Алшы
«Алшы» – асық ойындарының ішіндегі ең кең тарағандарының бірі. Асықтың алшы жағынан жиі түсетін салмақтығысы сақа болады. Ойын басталар алдында әрдір ойынша сақасын игереді. Кейде барлық Кімнің сақасы алшы түссе – бірінші кезекті, тәйке түссе – екінші кезекті, бүк түссе – үшінші, шік түссе – төртіншісі кезекті алады. Ойынға қатысушылар көнге, келісім бойынша (әдетте, әр ойыншы екі үш) асық тігіп кезегімен ата бастайды. Сақа мен асық бірдей жағымен түскен болса, асықты алып, ары қарай ата береді.Ал, егер де сақа мен асықтың жатысы сәйкес болмаса, асықты алуға болмайды. Онда кезекті келесі ойынды алады. Осылайша, көндегі асықтарды тауысады. Енді олар асықтарды қайта тігіп, ойынды жалғастыра береді.
Орда
Бұл да етгеден келе жатқан асық ойындарының бірі. «Орда» екі топтың ойыны, оның негізгі мәні – хан ордасын басып алуда болып келеді. Тегінде, ойынның халық арасында кең тарағанан болуы керек,олар әр аймақта әр түрлі айнала береді және де жұрттың бәріне міндетті бірінғай ойын ережелері мен шартары жоқ. Ойын көбіне күз бен көктем аралығында, яғни ауыл шаруашылығы, егіс жүмыстарынан қол бос қыс айларында ойналады.Жылдың бұл мезгілінде қазақ ауылында «Орда» ойынын ойнамайтын балалы үйді табуға болмайтын. «Орда» елітіп әкететін, ойыншыларды көп тартатын , адамның күш – қарайтын арттыратын ойын. Мұнда дененің бұлшық еттерін, қол мен аяқ буындарын керіп, денені шынықтыратын ерекше гимнастикалық қимылдар,жаттығулар да көптен ұшырасады.
Ойын тәртібі: Ойнаушылар тобының әрқайсысы 6 – 10 адамнан құралады. Ойнау үшін димаметрі 16 см шеңберсызылады. Бұл алаң таза әрі тегіс болуға тиіс. Шеңбердің нақ ортасында 1 – 2 см оиыққа «хан» қойылады, Бұл диаметрі – 6 мм, қалыңдығы – 2 мм дөңгелек қалақ мүйіз (немесе сүйек, металл) болады, оған қоса үш асық салынады. Бұлар «ханмен» бірге бес асық саналады. «ханның» айналасында әр ойыншыға бестен есептелетін , бір қатар бес асықтан тігіледі. Мәселен , екі топқа 20 ойыншы болса, 3асық – 2 асыққа саналатын ханның өзін қоса алғанда 100 асық болып келетін 95 асық тігіледі.
Бұл ойнының да екі түрі бар:
1 . Топай – ірі қараның асығы (тәуірі тайыншаның асық жілігінің асығы). Бұл қолға тоқ келеді.
2 . Мүйіз қалақ - әдетте , тік бұрышты етіліп текенің мүйізінен жасалады. Ұзындығы 8 см, ені 6 см және қалыңдығы – 2,5 см болады.
Ойынның басында әр ойыншының қатарда тұратын асықтары 3 мәрте атуға қақысы болады, мұның басшысының атуымен атады. Әрбір сәтті атқаннан кейін, асықты атып алудан кейін, ойыншының қосымша атуға қақысы болады. Қосымша ату санына шек қойылмайды.
Ойынның мәні- әр топтың «Орданыы» талқандап бұзып, барлық әскерімен қоса, «ханды» тұтқынға түсіріу болып келеді.
«Орда» шеңберінен атылып алынған асықтар мен «хан» «түтқындалған» болып есептеледі. Бірақ шеңбердің ішіне кіргенен соң 3 асық атып алмай тұрып, «ханды» немесе асық қатарын атуға болмайды. Ал шеңбер ішіне , егер шеңбер сыртында тұрып атқанда асық пен сақа қайсы асықтан немесе шеңберден кемінде 40 см алыс қалса ғана кіруге болады.Жамбыл, Қызылорда облыстарында, атап айтқанда , қырғыз бен қазақ жайлайтын Шу өңірінде топаймен емес , қалақпенде ойнайды. Қазір көбіне – көп қолданылып жүрген бірыңғай ереже бойынша , осы екі сақаның кез – келген пайдалануға болады, бірақ сақаға байланыссыз ату тәсілі бірыңғай болып келеді.
Ату түрлері мынандай:
1 . Ұра ату - шеңбердің сыртында тұрып ату.
2 . Қаңқайта ату – егер , асық шеңбер сызығынан едәуір алыс жатса , оны алыстан көздеп атпай , қаңқайтып жайпай атқан тәуір болады. Бұл үшін ойыншыны бір аяғын шеңбер сызығы үстіне қойып, екінші аяғын өзінің қалауынша қадап асық бүйірінен , яғный орталық (күндік) арқылы атудан гөрі ең қысқа аралықтан атып түсірілетіндей әдіспен атылады. Егер мұның алдында асық атылып алынған болса , осы тәсілді пайдаланушыға рұхсат етіледі.
3 . Қадап ату – асық шеңбер сызығынан бір метірдей ары жатпаса, оны қадап атады.
4 . Төрден ату – асық шеңбер сызығынан 40 см – ден ары жатпаса немесе шеңбердің үстінде жптса , ал сақа шеңбер ішінде болса, төрден атады.
5 . Шертіп ату - жоғарыдағы ату тәсілдерінің қайсыбіреулерінен кейін бір асықтар атылып алынатын , ал сақа ату алаңында қандайда бір асыққа, ханға немесе шеңбер ортасына жақын қалса , осы тәсіл қолданылады, аралығы 40 см – ден аспау керек.
6 . Бүйректен ату . бұл тәсіл – төрден атудың бір түрі.
Қаламаған асықтарды атып алу үшін кез келген тәсілді қолдануға болады. Мұнда бос қалған арқаға қайырып ұстайды да , бір аяғын сызық үстіне қойып, екінші аяғын кейін басады.
Ойын қарсы жақтардың ойыншыларда бірде бір асық қалмағанша созыла береді.Осы кезде кішкене ойықта жатқан «ханды» атып түсіру басталады. Егер топ барлық асығынан айырлып қалғанымен, «ханды» болса, онда ойнды жалғастыра беруге рұқсат етіледі. Бұл жағайда осы топтың әр ойыншысы бір – бреттен атуға мүмкіндік алады.
Қазіргі кезде ойын ұзақтығы шектеліп , көбіне екі сағаттан аспай жүр. Егер осы уақыттың ішінде бір де бір топ жеңіске жетпесе, ойын тоқтатылады да , жеңіс атып алған асық санына қарай анықталады. Атып алынған асық саны тең болса , ойында теңге салынады. Ал егер , ойынға арналып белгіленген уақыт ішінде «ханды» атып түсіру шарт болса, (оған әр топтан бір ғана ойыншы қатыстырлады) , онда ойын бір ойыншының «ханды» басып алуына дейін жалғаса береді.
Жалпы, «Орда» ойынын ойнауда қатаң талаптар қойылып , нақтылы ережелер ьасшылыққа алынады. Онда ойын барысында жол берілмей , тыйым салынған 15 – ке тарта іс - әрекеттер бар. Мысалы, шерту тәсілінде табан мен тізеден басқа дененің немесе киім – кешектің еш жерін жерге тигізбеу керек, сондай – ақ да, ойын барысында, қолдан – қолға ауыстыруға болмайды , т . б.
Дене тәрбиесінің ұлттық ойын спорт түрлерін дамытудағы маңызы.
Дене тәрбиесінің қызметі мен құрылымы өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дене тәрбиесін қамтамасыз етеді.Сонымен бірге білім беру орындарындағы жастардың денсаулығын нығайтумен қатар олардың биологиялық –психологиялық тұрғыдан жан-жақты жетілуін,өмірге белсенді араласуын дамытады.
Мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мәдениетіне тәрбелеу барысында өз алдыма:
«Оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдаланумен қатар дененің дұрыс қалыптасуы және салауатты өмір салтына үйретіп,оқыл-ойын дамыту арқылы рухы мықты ,шымыр ,дені сау,батыл болып өсуіе ықпал ете отырып жеке тұлғаны жан-жақты қалыптастыру » мақсатын қойдым.
Халқымыздың тамырын тереңге жайған дәстүрінен , тіршілік ерекшелінген нәр алып , өзіндік сипатымен ел көңілінен шыққан рухани қазыналардың бірі саналатын ұлттық ойын – сауық түрлері мен сан алуан балалар ойындары да ұмыт бола бастаған еді. Қазақтың ұлттық ойындары бүкіл қоғамның мақтанышын айналды.Әртүрлі ойындар жастарымыздың дене қабілетін ой еңбегімен ұштастыра отырып,ұлттық ойындардың маңыздылығына тоқтала кетсек
1.дене күші (қазақша –күрес)
2.шыдамдылық (аламан бәйге )
3.ептілік (күміс алу)
4.дәлдік( садақ тарту)
5.шапшаң ойлап,қабілетті дамыту (тоғыз –құмалақ)
Мен дене тәрбиесі сабағымды осы ұлттық ойындарды үнемі сабағымда басқа пәндермен жүйелі түрде байланыстыра отырып жүргізіп келемін.Соның ішінде колледжімізде өтетін дене шынықтыру апталықтарындағы сабақтардың география пәнімен және туризммен байланысын атап өтуге болады.Мәселен:эстафеталық ойындарды жасырған нысананың бағытын ,орнын компаспен анықтау т.б.Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың дене тәрбиесінің негізі мектепте қаланады.Жаттығу жұмыстарының негізі дене тәрбиесі сабағында қамтылады.Пәннің мақсаты-өмірлік маңызы зор дене қимылдарының іс-әрекетін еркін меңгеру үшін қажетті білім мен тәжірибелік дағдыларды оқушыларға үйрету, ондағы икемділік, күш-қуат, жылдамдық, төзімділік және өзге де қасиеттердің жетілуіне жәрдемдесу, бала денсаулығының нығаюына және дене мүшелерінің қалыпты өсуіне сонымен бірге ақыл-ой қабілеттерінің дамуына көмектесу, сауықтыру сипатындағы әр түрлі дене жаттығуларымен жүйелі түрде өз бетінше айналысу дағдысын қалыптастырып,олардың спортқа деген қызығушылығын арттыру.
Дене тәрбиесі пәнінің басты мақсаты-шәкірттерді белсенді өмір сүруге,батылдыққа,табандылықпен шешім қабылдауға тәрбиелеу.
Осы мәселелерді шешу барысында дене тәрбиесі мұғалімдерінің жұмысы жан-жақты әрі сан –салалы болып келедді.Ол әрі оқытады,әрі жатттықтырады, және баланың денсаулығын ,мінез-құлқын ,қабілетін қадағалайды.
Сан-салалы міндеттерді табысты шешу үшін дене тәрбиесі пәні мұғалімдерінің аянбай жұмыс істеуіне тура келеді.Бұл ретте ғылыми-әдістемелік білім мен тәжірибенің ,кезекті сабаққа дайындықтың,арнай әдебиеттердегі қажетті материалдарды пайдалана білудің маңызы өте зор.
Дене шынықтырудың Әскери дайындық пәнімен байланысы студенттерді анатомиялық ,физиологиялық ,медициналық жаттығуларды меңгеруге ұйымдастырады.Мысалы.тоғызқұмалақ,шахмат,дойбы т.б: ойындар. Сабағымның басты негізі –ұлттық педагогикамен байланысы,яғни қазақтың және басқа ұлыстардың ұлттық ойынын ойнау.Осындай ұлттық ойындар жастарымызды;батылдыққа,тапқырлыққа,ептілікке,жылдамдыққа,отансүйгіштікке баулиды.
Мысалы:Арқан тарту,Аударыспақ,Күрес,Соқыр теке, т.б. ойындары оқушылардың саббаққа қызығушылығын арттырып,дене қабілетінің дамуына да зор үлесін қосады.Сонымен қатар,ұлттық ойындар жасөспірімнің тұлға болып қалыптасуына,слауатты өмір салтын жүзеге асыруға мүмкіндк береді.
Дене тәрбиесі сабағының жоғары деңгейде өтілуі себебі –спорт залымыздың қазіргі заманға сай спорттық құрал-жабдықтармен қаматамасыз тілуі, жабдықтауы.
Сабағымда оқытудың жаңа технологиялық элементтерін де пайдаланамын.Қалалық,аудандық деңгейде өтетін спорттық жарыстарда оқушыларымыздың жетістіктері де жоқ емес. Мысалы: тоғызқұмалақ. Ойынынан қалалық спортакиададан бірінші орын; былтырғы оқу жылында тоғызқұмалақ, баскетбол, футбол ойынынан жарысқа қатысып жүлделі оралдық.
Сонымен қатар колледж басшылары мен ұжым мүшелері әрдайым көмектесуден жалыққан емес.Ұстаздар арасында денсаулық күніне байланысты өтілген жарыс соның айғағы.
Қорыта айтқанда педагогикалық ұжым тынбай еңбек ете отырып,әр жағдайда шешім қабылдай алатын жан-жақтыдамыған шәкірттер тәрбиелеуді өзіне басты міндет санайды.