Материалдар / денеді сауықтыру мен шынықтыру баяндама
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

денеді сауықтыру мен шынықтыру баяндама

Материал туралы қысқаша түсінік
Атестатсиядан өтуге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
333
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Серік Айнұр

Ш.уәлиханов атындағы орта мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі



Денені сауықтыру мен шынықтырудың тиімділігі

Тұрмыс-тіршіліктің қазіргі жағдайы адамдардан дене және психикалық күшті көп жұмсауды талап етеді. Екінші жағынан, тұрмыс пен өндірісті автоматтандырудың қарқынды дамуы адамның қозғалыс белсенділігін азайтуда. Өндірісте дене еңбегі аз пайдаланылады, адам тек машинаны тексеріп, оның жұмысына бағыт береді. Жол жүретін болса-көлікті, үйде-газды, электрді,кір жуатын және басқа машиналарды пайдаланады. Ал машиналар біртіндеп адамды дене еңбегіенен босатуда. Алайда қозғалыс пен денеге түсетін салмақ адам организмінің жұмысы мен қалпты дамуының қажетті жағдайы екендігі белгілі. Жайлы жағдай белгілі дәрежеден тыс болғанда, адам өзінің тіршілігі мен жұмысына қажетті қозғалыс белсенділігін енгізуі қажет, әйтпесе денсаулығынан айырылуы әбден мүмкін. Ұзақ уақыт бойы қозғалысы азайған адамның қозғалыс үйлесімділігі бұзылады. Денеге және жүйкеге түскен күшке,сыртқы жағдайлардың өзгерісіне организм төтеп бере алмайды. Өйткені қозғалыссыз адамның қалпты дамуы мүмкін емес. Сондықтан да дене шынықтру және спортпен айналысу организмді шынықтырып, жұмыс қабілеттілігін арттырады.

Еңбек пен дене шынықтырудағы әр түрлі белсенді жаттығулар адамның дене бітімі мен есте сақтау қабілетін жетілдірудің маңызды себебі болып табылады.

Дене жаттығулармен айналсудағы сауықтырудағы жұмыстарының бастамасы күнделікті өткізілетін бой жазу жаттығулары. Мұндай жаттығуларды орындаудың мақсаты-бала организмін алдын ала жұмысқа дайындау, ынтасы мен қабілетін арттыру. Жаттығулар бастапқыда балалардың орындауына жеңіл, қарапайым болса, кейін күрделендіріледі. Қайталау ретін бірте-бірте көбейтіп, жүктемені арттыра түскен жөн. Жаттығулар жиынтығын апта сайын, кемінде екі аптада бір рет ауыстырып отыру қажет.

Таңертеңгңлік бой жазу жаттығуларын орындағанда мыналар есте болсын: - алғашқы жаттығуларды ұйымдастыру келесі жаттығуларға дайындық ретінде орындалады; -тыныс мүшелері мен қан айналысына әсер ететін жаттығуларды (бір орында тұрып жүру,жүгіру,секіру,отырып-тұру, жанға қисаю және т,б) қамту; -дене бітімінің дұрыс қалыптасуына әсер ететін жаттығуларды (гимнастикалық қабырғада, төбеге затқоиып жасайтын) енгізу.

Дене шынықтыру үзілісі деп аталатын сергіту жаттығулары сабақтан шаршапотырған оқушылардың көңіл күйін көтеріп, денені сергіту арқылы жұмыс қабілеттілігін арттырады. Әдетте сергіту жаттығулары төменгі сыныптарда өткізіледі. Алайда балалардың шаршағандығы байқалса, мұғалімнің ұйғарымымен жеткіншек жастағы оқушыларға да сергіту жаттығуларын өткізуге болады.

Оны өткізуге сыныптың дене шынықтыру ұймдастырушысының немесе кез келген оқушының даярлығы жеткілікті. Бұл жаттығуларды орындаудағы басты мақсат оқушылар организмінің даму дәрежесін көтеру, денсаулықты нығайту. Осы жаттығулардың көпшілігімен оқушылар бұрыннан таныс және қажет десе жалпы денені дамытатын жаттығуларды да пайдалануға болады.

Таңертеңгілік бой жазу мен сергіту жаттығулары, дене тәрбиесі сабақтарындағы және жорықтар мен саяхат кездеріндегі дене жаттығулары, қозғалыс ойындары оқушылардың дене қабілеттерін жетілдіріп қана қоймай, сонымен бірге сауықтыру міндеттерін де атқарады.

Қоршаған ортаның су, таза ауа, күн сәулесі секілді факторларын тиімді пайдалана білу керек. Соңғы кездері елімізде кең көлемде қолданыла бастаған сауықтыру шаралы мен салқын су құйыну тәсілдерін де пайдаланған жөн.

Жаттығулар жас шамасына сәйкес келуі міндетті. Организмге шамадан тыс күш түсіруге болмаиды. Себебі орындалуы ұзақ уақтты талап ететін жаттығу баланың дамуы мен өсуін тежейді.

Мектеп жасындағы балаларға тез салқын тиеді. Салқынан болатын науқастарға организмнің қарсы тұру қабілетін-шынығу деп атаиды. Шынығу организмнің табиғи қабілетінің қоршаған ортаға бейімділігін қалптастырады әрі ол күн тәртібінің бөлінбес бір бөлігі болуы шарт. Бұл ретте организм суыққа қарсы тұра алады, күн сәулесінің ыстығын да, ауа райының кілт өзгеруін де жеңіл көтереді. Шыныққан адам бронхит,баспа, тұмау және басқа да көптеген ауруларға аз шалдығады. Ауыра қалса да жеңіл өткереді. Шынығуды жылдың кез келген мезгілінде бастауға болады, дегенмен де бұл үшін ең қолайлы мезгіл көктем мен жаз.

Шынығудың негізгі ережелері: жүйелілік, оны біртіндеп бастау, әр адамның өзіндік ерекшеліктерін ескеру.

Тек жүйелі түрде шынығу ғана денсаулыққа дұрыс нәтиже береді. Шынығу әрекеттері (процедуралар) суық пен ыстықтың әсеріне қан тамырларының шапшаң жауап беруін қалыптастыруға жәрдемдеседі. Шынығу кезінде ұзақ үзіліс жасау сыртқы ортаның әсеріне организмнің қарсы тұру қабілеттілігін азайтады.

Шынығу сақтықты талап етеді және әдеттен тыс жағдайларға, қоршаған ортадағы өзгерімтерге организмнің біртіндеп үйлестіру қабілетіне негізделеді. Суық суға, салқын суаға организмді біртіндеп үйрету керек.

Науқастанған кезде шынығу процедурасы тоқтатылады. Жазылғанан кейін қайта жалғастырылады. Бірақ олардың уақыты қысқартылады және бұрынғыға қарағанда судың температурасы 2-3*C жоғары болады.

Таза ауада шынығу-ұйықтайтын және өзге де бөлмелерді желдетуден басталуы керек. Таза ауамен шынығуды таңертеңгілік бой жазу жаттығуларымен байланыстырған жақсы. Бұл – организмді сергітеді, оны күні бойғы жұмысқа дайындайды.8-10 қарапайым дене жаттығуларын біртіндеп күрделендіре және санын арттыра отырып жасау керек. Таңертеңгілік бой жазу+17 +18*C температурада, жақсы желдетілген бөлмеде немесе ашық ауада өткізіледі. Кейіннен жылдың салқын уақытында ауа температурасын біртіндеп төмендетіп (желдету арқылы),+11 +13*С-қа жеткізу кажет.

Таза ауамен шынығуға түрлі ойындар, серуендер, алаңдар мен аулаларда өткізілетін сабақтар, жаттығулар жатады. Күз, көктем және жаз мезгілдерінде киетін киім жеңіл, ал қыста қимылды тежемейтіндей ыңғайлы болуы қажет. Жазда жалаң аяқ жүрген пайдасы. Адам организмінің дамуы мен бойының өсуіне күн сәулесімен шынығудың да пайдасы зор. Сонымен бірге ол әр түрлі ауруға төзімділікті күшейтеді. Адам дұрыс шыныққан жағдайда өзін-өзі жақсы сезініп, ұйқысы қалыпты болады.

Күн сәулесін дұрыс пайдаланбау көп жағдайда жүйке жұмысының бұзылуына әкеліп соқтырады: асқа тәбеті нашарлайды, бастың ауруы жиілейді, көңілсіздік, ұйқы қашу пайда болады. Күнге күйіп те қалуы мүмкін. Міне сондықтан да күн сәулесін қабылдауға өте мұқият болған жөн. Күн сәулесімен шынығуды тек денсаулығы жақсы балалар ғана қабылдай алады, ал денсаулығы нашар оқушылар дәрігердің рұқсатымен ғана қабылдағаны жөн.

Сумен шынығу- тазалық процедурасының ең тиімділерінің бірі. Су дененің тері қабатын тазартып, сауықтырады. Су процедуралары терідегі қан тамырларының өзіндік жастағылар үшін су порцедурасымен айналысу ұсынылады.

Сумен шынығудың өзге бір түрі-су құйыну. Мұндай су процедурасынан кейін сергектік сезіліп, тамаққа тәбет ашылады. Егер су процедурасы дұрыс жасалмаса, онда тері бозарып, көп жағдайда көгереді, қалтырау пайда болады. Әрине мұндай өзгерістің организмге жағымсыз әсер ететіндігі өзінен-өзі түсінікті.

Табиғи су көздері-өзен, көлдерге суға шомылу-жаз мезгілінде шынығудың ең тиімді тәсілі. Судың, ауаның, күннің және адам қимылының әсерін өзара байланыстыру организмге жағымды әсер етеді. Өзіңді сергек сезінген соң ғана суға түсуге болады. Суға бірден түсу керек. Дене мен салқын су температурасы арасындағы айырмашылық теріде жақсы реакция тудырады. Дене өте қызып тұрғанда, әсіресе терлегенде (жүгіру, секіру, ойындардан кейін) суға түсуге болмайды. Судан шыққаннан кейін орамалмен жақсылап сүртіну қажет.

Таңертеңгілік суық сумен жуыну да шынығу процедурасына жатады. Ұйқтар алдында аяқты жуу гигиеналық қана емес, сонымен бірге шынықтыру сауықтыру маңызына да ие.

Шынығу-денсаулықты сақтау мен нығайту кезеңіндегі ең қолаилы да қажетті нәрсе. Шынығудың тиімділігі, яғни денсаулықты нығайту, әр адамның өзіне ғана байланысты.

Соңғы жылдары П.Ивановтың әдісі бойынша салқын сумен шайыну және қыс мезгілінде суға шомылу кең өріс алуда. Алайда қыс мезгілінде шомылумен кез келген адам айналыса алмауы мүмкін. Оған дененің жақсы дайындығы, ұстаз бен дәрігер тарапынан мұқият ақыл-кеңес қажет болады.

«Қозғалстың аздығынан» қалай құтылуға болады? Мектепке мүмкіншігінше жаяу барған дұрыс. Үйден шығарда сабаққа кешікпей жету керектігін есептеу керек. Үзіліс кезінде үйде үлгере алмаған тапсырмаларды оқып алмақ боп, оқулықтан бас алмаи отыруға болмайды. Мектептегі үзіліс демалу үшін беріледі, ал демалыс ойын серуен секілді қозғалыс түрі

Үй тапсырмаларын орындар алдында күн сайын міндетті түрде серуендек қажет. Осы мерзімді ең көп пайда келтіретіндей етіп, қозғалыс ойындарын ойнап, велосипед теуіп, қыста шаңғымен, шанамен, конькимен сырғанау керек. Белсенді түрдегі серуендеуден шаршаймын деп қорықпаған жөн, ол тек сабақты қысқа мерзімде, табысты орындауға көмектеседі.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!