Материалдар / Деңгейлік курс С есебі
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Деңгейлік курс С есебі

Материал туралы қысқаша түсінік
Деңгейлік курсқа барған мұғалімге көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Қаңтар 2019
1119
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Абубакирова Арайлым Жигалиевна «Мектептегі мұғалім көшбасшылығы» С есеп

ПШО ЖМ филиалы Мұғалім портфолиясы

Талдықорған қ. 24.03.17




Өз тәжірибесі мен мектептегі әріптестер тәжірибесіне өзгерістерді енгізу және басқару

бойынша рефлексиялық есеп

Мектептегі мұғалім көшбасылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда 8-сыныпқа алгебра сабағының III тарауының тізбектелген сабақтарына 7-модуль идеясын кіріктіріп орта мерзімді жоспар жасаудағы

мақсатым, оқушылардың формулаларды жаттап есепті шығаруда дұрыс қолдана алмай кедергілерге ұшырайтындарын білетінмін, осы кедергілерді ескере отырып, орта мерзімді жоспар құрдым. Мен осы мақсатты іске асыруда осындай күтілетін нәтижелерді құрдым. у=ах^2+n түріндегі функциясының графигін және у=а( х - m)^2+n функциясының графигін салады. у=ах^2+n түріндегі функцияның графигінің тармақтарының жоғары немесе төмен қарай бағытталуын түсінеді. Қай ширекте орналасатындығын біледі. у=а(х - m)^2+n функциясының анықталу облысын анықтайды. у=а(х - m)^2+n графигіндегі коэфициентінің мәні нөлге тең болмау керектігін, нөлге тең болған жағдайда графигінің парабола болмай қалатындығын ұғынады. у=ах^2+bx+c (a≠0) квадраттық функциясының графигін салуды үйренеді. у=ах^2+bx+c функциясының қасиеттерін пайдаланып сәйкес есептерді шығара алады. у=ах^2+bx+c функциясының графигінің у осі бойымен жылжитын парабола болатындығын ұғынады. у=ах^2+bx+c функциясының графигін салуда кестені толтыра отырып графигін салуды үйренеді.у=ах^2+bx+c функциясының графигінің қай ширекте орналасатындығын ұғынады. у=ах^2+bx+c функциясының графигін салуда m – нің мәніне сәйкес абцисса осімен, n - нің мәніне сәйкес ордината осімен жылжытып орналастыруды үйренеді. Осы тізбектелген сабақтар топтамасын тәжірибеге енгізуде мен мұғалім ретінде сабақтың мақсатын құруды және ол мақсаттың нақты, қолжетімді берілген уақыт аралығында орындалуына сәйкес ескеріліп жазу қажеттілігін ұғындым. Сабақтардың мақсатын жазуда күтілетін нәтиженің осы мақсатқа сәйкес құрылу қажеттілігін түсіндім және сабақтар топтамасын құрастыруда ескердім. Осы сабақтардан күтілетін нәтижеге қол жеткізуде тиімді әдіс-тәсілдерді таңдау маңыздылығын ұғындым. Тізбектелген сабақтар топтамасын құрастыруда дарынды және талантты оқушыларға және үлгерімі төмен оқушыларды ескере отырып, тапсырмаларды дайындадым. Менің сабақтар топтамасының жүргізілуінде сабақ барысында оқушылармен қарым-қатынасым жақсы деңгейде болды. Менің сабақ беру тәсілім осы деңгейлік курсқа келмей тұрғанда аздап өзгеше болатын. Сабақтың мақсаты қолжетімді етіп құрастырылмай келген. Оқушылардың дарынды және талантты баларға тапсырмалардың арнайы дайындалмағандығы, нәтижеге жетуде дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдалмайтындығы, сабақтан күтілетін нәтиже дұрыс жазылмайтын. Тізбектелген сабақтар топтамасын өткізу барысында сабақ беру тәсілімде аз да өзгерістер болғандығын байқадым. Осы курсқа дейінгі сабақ беру тәсіліндегі өзгешеліктер аталып өткендей осы сабақтар топтамасын өткізгеннен кейін аз да болса, өзгерді. Осы тізбектелген сабақтарды өткізу барысында кедергілерім болды. Олар сабақ барысында байқалды. Оқушылардың топта жұмыс жасауда бірін-бірі тыңдауды , бірлесіп шешім қабылдауды үйренбегендері кейбір топтарда көрініс тапты.Топпен ақылдаспай жеке шешім қабылдап, жауапқа сәйкес болмай қайта есепті топпен жұмыс жасаған сәттері, оқушылардың уақытты тиімді пайдалана алмай жатқандығы, сөйлеп ойларын анық, ашық жеткізуді, өзін-өзі және өзара бағалауда кедергілердің бар екендігі анықталды. Осы сабақтар топтамасын өткізуде осы кедергілерді ескере отырып, келесі сабақтарда өтуде сабақ жоспарын құрастырып, осы кедергілерді шешу амалдарын қарастырамын. Тапсырмалардың уақытқа сәйкес орындалуын, топпен жұмыстың дұрыс бірге орындалуына ескере отырып жоспарлаймын. Осы сабақтар топтамасын өткізу барысында оқушыларда өзгерістер болғандығын байқадым. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артқандығын байқадым. Осы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде сабақ барысында үлгерімі төмен Қ және үлгерімі жоғары Ж оқушыларын нысанаға алу барысында сыныптағы өзгерістерді байқадым. Үлгерімі төмен Қ оқушымның мен білмей келген қырларын байқатты. Ал, үлгерімі жоғары Ж оқушымның топта және жеке тапсырмаларды орындауда қабілетінің әртүрлі екендігін байқатты. Сабақтағы стратегиялар мен тапсырмаларды, қолданатын әдіс-тәсілдерді сабақтан күтілетін нәтиже сәйкес алдым. Осы тізбектелген сабақтар топтамасын өткізуде тиімділігін анықтауда оқушылардың сабақ соңындағы кері байланыстары, сауалнамалары, нәтижелері дәлел бола алады.






Болашақта


1.Жоспарлауда оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып сабақты тиімді өткізуді көздеймін.

2.Сөйлеу дағдыларын арттыруда ,өзара ынтымақтастықты қалыптастырамын.

3.Сабақта интербелсенді әдістерді тиімді қолданамын


«Мектеп көшбасшылығы» бағдарламасындағы 7 модульді сабаққа енгізу мақсатында қысқа мерзімді сабақты жоспарладым. Сабақты жоспарлауда 7 модульді енгізу себебім, сабақты жақсарту, оқушыларға оқу мақсатына қол жеткізуде тиімді қолдануды көздедім. Жеті модульді басшылыққа ала отырып, жаңа белсенді әдіс-тәсілдерді қолданып, жаңаша үлгіде өтуге сабақты жоспарладым. Сабақ барысында өткен білімдерін тиянақтау, есте сақтау, еске түсіру қабілеттерін дамыта отырып, дағдыларын қалыптастырады. Қысқа мерзімді жоспарлауда дарынды және талантты балаларды, топтық жұмыстың тиімділігін, бірлесе оқудың қажеттілігін, кері байланыс бере отырып, өз - өздерін бағалауға итермеледім. Сабақты өтудегі мақсатым у=ах^2+n және у=а( х - m)^2+n түріндегі функцияларын, оның қасиеттері және графигін координаталық жазықтықта қалай салу керектігін түсіндіру, өздері графиктерін салуды үйрету. Осы мақсатымды іске асыруда мынандай күтілетін нәтижелерді құрастырдым : у=ах^2+n мен у=а(х - m)^2+n түріндегі функцияларын таниды, олардың қасиеттерін біледі , y=x^2+n мен у=а(х - m)^2+n функцияларына сәйкес кестелерін құра алады , жазықтықта графиктерін салуды үйренеді. Осы қысқа мерзімді сабақты жоспарды құруда мен мақсаттың нақты болуын, күтілетін нәтиже мақсатқа сәйкес құрылуын, стратегиялар мен әдіс-тәсілдердің сабаққа сәйкес болуын,оқушы үнін ескеру қажеттілігін, күту уақытын белгілеуді, қадағалау, мадақтау, өзара және өзін-өзі бағалауды жүзеге асыруды үйрендім. Осы сабақты өткізу барысында оқушылардың ынтасының жақсы екендігін байқадым. Топтық жұмыс барысында белгіленген уақытқа сәйкес топпен жарыса отырып, тапсырмаларды орындағандары оны қорғай білгендері, сұраққа белсене қатысқандары, сабақты түсіндіру барысында ерекше ынтамен тыңдағандары, тақырып бойынша ойларын білдірулері, өзін-өзі бағалауларынан көрінді. Сабақ беру тәсілімде аздаған өзгерістер байқалды. Осы қысқа мерзімді сабақты жоспарлауда алдын-ала оқушылардың қажеттіліктерін ескере отырып, әдіс-тәсілдер мен стратегияларды дұрыс сабаққа сәйкес таңдалынуы, жас ерекшелігін ескеру, дарынды және талантты оқушылармен жұмыстың болуы, кері байланыс пен ашық және жабық сұрақтарды сабаққа сәйкес құрылымдалуын үйрендім. Осы қысқа мерзімді жоспарға сәйкес сабақта кедергілердің бой алғандығын байқадым. Ол сабақтағы тапсырмалардың көп болуы, оқушылардың уақытында үлгермей жатқандығы, әдіс-тәсілдерді әлі де дұрыс түсіне алмай жатқандығы, өз-өздерін бағалауда жоғары бағалауларынан байқалды. Осы кедергілерге сәйкес келешекте тапсырмаларды азайту қажеттігін ескердім. Әдіс-тәсілдерді дұрыс түсіндіріп, бағыт беруді түсіндім.Сабақ барысында өз - өздерін бағалауда жоғары бағалау қажеттігін ескерттім оның қойылатын баға әсері болмайтындығын айтып өттім. Оқушылар сабақ барысында өз - өздерін бағалауда бояған суретке сәйкес себебін жазуды да ескерді және жазып берді. Қысқа мерзімді сабақты өткізуде оқушылардың аздаған өзгерістерді байқалды. Топтық жұмыстағы белсенділіктері , ашық және жабық сұрақтарға жауаптары, аз да болса сабаққа деген ынталарының жоғарылағандығын байқадым. Үлгерімі төмен оқушыларда тапсырмаларға қызығып, орындауға тырысқандығы, бір-біріне деген қарым-қатынастарының өзгергендігі, ойларын ашық жеткізуді, бір – бірін тыңдауды үйренгендігі, топпен қорғап графиктерді дұрыс салып, оны түсіндіріп жеткізе алғандары сабаққа деген көзқарастарының аз да болса, өзгергендігі байқалды. «Өкіл әдісін» пайдалануда оқушылар өздеріне деген сенімділіктің жоғары екендігін ескере отырып, өздеріне деген жауапкершілікті сезіне отырып, тексеріп шықты. Топтың әрбір мүшелеріне берілген есептерді орындай білгендерінен байқадым. Оқушылар үшін енгізілген өзгерістердің топтық жұмыс , стратегиялар өзара бағалау тиімділіктерін айқындалды. Тапсырмалардың көптігі әлі де болса азайту керектігі, оқушы үніне құлақ асу кажеттілігі анықталды. Оқушылардың кері байланысы, өзара бағалаулары қолданған стратегиялар, әдіс-тәсілдер сабақтың тиімді болмаса тиімсіз болғанын көрсетті. Өзгерістер барысында «Мектеп көшбасшылығы» бағдарламасындағы 7 модульді сабаққа енгізе отырып, сабақ жоспарын құрастыруда тиімділіктері жоғары екендігін анықталды. Алдағы сабақтар жоспарын құрастыруда осы сабақтағы кедергілерді ескере отырып, жасау қажеттілігін ұғындым.

Болашақ

1.Жабық сұрақтармен шектелмеуіне тапсырмалар беремін

2.Өзін-өзі өзара бағалауды дұрыс ұйымдастыруды қадағалаймын.

3.Топтық жұмысты өзара ынтымақтастықта жұмыс істеуді қалыптастырамын.

Мектептегі мұғалім көшбасшылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда «топтағы бірлесіп оқудың тиімділігі» тақырыбын таңдап алдым. Бұл тақырыпты таңдаудағы мақсатым мұғалімдердің сабақтарына аз да болса, жаңа әдіс-тәсілдерді енгізу арқылы сабақты жаңашаландыру. Коучинг мақсаты мұғалімдерге оқыту мен оқудағы талапқа сай жаңа әдіс-тәсілдерді қолданып сабақ өткізулеріне бағыт беру. Коучингтен күтілетін нәтижем мұғалімдердің осы тақырыпқа сәйкес өз сабақтарында қалай тиімді қолдануға болатындығын кері байланыста жазып , айтып бергендері. Коучингке қатысатын мұғалімдерді мектеп басшылары мен МО жетекшілерінің ұсыныстарымен таңдалынып алынды. Таңдалынып алынған коучингке қатысатын мұғалімдерден сауалнама алу арқылы қажеттіліктерін анықтадым. Коучингке қатысатын мұғалімдердің әртүрлі пән мұғалімдері екенін ескере отырып,коуч ретінде мұғалімдердің қажеттілігіне сәйкес тақырыпты таңдадым. Алдын –ала жазып дайындалған жоспарға қажеттіліктерінің сәйкес екендігі анықталды. Коучингті мұғалімдердің бос уақыттарына сәйкес қойылып, өткіздім. Коучингті өткізудегі тақырыбым «Топтағы бірлесіп оқудың тиімділігі» болып қойылды. Коучингте тақырыпқа сәйкес топтағы бірлесіп оқу мәтінмен жұмыс жүргізілді. Мәтінді терең оқылым сұралынды. Мәтінді екі бөліп, оқу барысында бастапқы және кері байланыс беруді ескердім. Мәтінді бірінші бөлігін оқып болғаннан кейін, сіз қалай жалғастырар едіңіз? Деген сұрақтар қою арқылы кері байланыс бердім. Мұғалімдер терең ойлана отырып , өз ойларымен бөлісті. Екінші бөлігін оқып болғаннан кейін ойларының дұрыс немесе қате екендігін ұғынды. Екінші бөлімін оқығаннан кейін тағы жеті неге? Сұрақтарын құрастыруда терең сұрақтарды қайта-қайта қайталап отырып, құрастырып шықты. Және ол сұрақтарды жауаптарымен сәйкес оқып берді. Коучинг барысында мұғалімдер белсене қатысты . Берілген тапсырмалар ойындарды бұлжытпай орындауға тырысты. Постер жазып бірлесіп оқу дегеніміз не? Деген сұраққа жауап жаза отырып ойларын анықтап жеткізе алды. Тапсырмаларды орындау барысында уақытқа байланысты орындай алмады. Үлгермей жатты. Екінші және үшінші тапсырмаларды орындауда уақытқа сәйкес орындауға тырысты. Мұғалімдердің белсенділіктерінің айтылған тапсырмаларды уақытында орындауы, қойылған сұрақтарға сәйкес жауап бергендерінен байқалды. Тапсырмалардың алдында түсінуде терең тыңдалымдары байқалды. Коучинг барысында аз да болса мұғалімдердің қажеттіліктерін қанағаттандырдым деп ойлаймын. Коучингте мен мұғалімдердің үндерін ести отырып, оған сәйкес тапсырмаларды сәйкестендіруді, айтқан ойларын жоққа шығармай ұсыныс ретінде бағыт-бағдар беріп отырдым.

Ең бірінші өткізілген коучинг болған себебі, коучинг алдында қобалжулар орын алғаны белгілі. Дегенмен коучинг өз деңгейде өтті. Коучинг үдерісінде мен коуч ретінде сезіну, сол арқылы мұғалімдерге бағыт-беру аздап кедергілер болды. Ол мұғалімдерді ұйымдастыруда ортақ ойға келіп,бір-бірінің сөзіне құлақ асуды ескеру қажеттілігін анықталды. Айтқан ойларына күмәнді болып, қайта сұрап, айтқан ойларына күмәнданбау қажет екендігін, қате жауап болмайтындығы, ұсыныс ретінде қаралатындығын айттым. Көшбасшылық қасиеттің оңай еместігін ескеру керектігін ұғындым. Коучинг үдерісінің мұғалімдердің тәжірибесін өзгертуге тиімді болғанын маған жазған кері байланыстарынан байқадым. Мұғалімдердің кері байланыстарында өз сабақтарында тиімді қалай пайлануға болатындығы туралы жазған кері байланыстары тиімділігін айқындай түсті. Мен коуч ретінде алғашқы тәжірибием өте ұнады. Мұғалімдерге өз тәжірибеңмен бөлісу арқылы бағыт-бағдар беру, ұсыныстар беру арқылы сабақ беру тәсілін аз да болса өзгерту. Осы коучинг барысында өзімдегі көшбасшылықты ары қарай дамыту қажет екендігін , мұғалімдерге сенім арта отырып, сенімділіктерін арттыруға, сабақ беру тәсілінде өзгертуге көмектесу. Көшбасшы болу үшін, өз-өзіне деген сенімділікті арта отырып,мектеп көшбасшысы ретінде көшбасшылық қасиетті меңгеру, мұғалімдердің қажеттіліктерін ескере отырып, коучингті жоспарлауды , алдын-ала дайындықтардың болуын қажет ететіндігін ескердім.

Болашақ

1.Коучингті ұйымдастыруда мұғалімдердің қажеттіліктеріне сай жоспарлауды көздеймін.

2.Жоспарға сәйкес тиімді статегияларды таңдап, әдіс-тәсілдерді қолданамын.

3.Коучингте мұғалімдерге кері байланыс бере отырып, сұрақтар құрастыру арқылы терең ойландыруға мүмкіндік жасаймын.


Мектептегі мұғалім көшбасшылығын дамытудағы кәсіби құзіреттілікті қалыптастыруда тәлім алушының сабақта топтық жұмыс,жұптық,жеке жұмыстарын жүргізу барысын ұйымдастыруда кедергілерінің бар екендігін білетінмін,осы кедергілерді ескере отырып,оқушыларды өзара әрекеттестіру мақсатында «Топтық, жұптық, жеке жұмыстарды ұйымдастырудың тиімділігі» деген тақырыпта тәлім алушыға бағыт-бағдар беруді көздедім. Сабақты жоспарлауда тәлім алушының топтық жұмыс, жұптық, жеке жұмыстарын жүргізу барысын дұрыс ұйымдастыруды мақсат етіп алып отырмын. Тәлім алушыны математика пәнінің мұғалімін таңдап алуыма мектеп басшылығының ұсынысы болды. Мен практикаға келмес бұрын жасалған жоспарда жас маманды таңдаған болатынмын. Практикаға келген соң таңдаған мұғалімім ауысты. Тәлім алушы таңдап алынған соң, биресми кездесуде таңдап алынған мұғаліммен әңгіме жүргіздім. Биресми әңгімеден байқағаным, тәлім алушым өте қобалжулы болды. Мен орындай аламын ба, тәлім алушының міндеттері қандай деген сұрақтарды қойды. Мен қобалжуын басу мақсатында қолыңыздан келеді деп өзіне деген сенімділігін арттырдым. Биресми әңгімеден кейін 5 сынып таңдалынып алынды. Сабаққа қатыспас бұрын ата-ана рұқсатын алдым. Таңдап алынған себебін, мақсатым қандай екендігін ескерттім. Тәлім алушының қажеттілігін анықтауда сабаққа қатыстым. Сабақ барысын видеоға түсіріп, аяқталғаннан кейін, тәлім алушының бос уақытына сәйкес кездесуді ұйымдастырдым. Сол кәсіби әңгіме барысында тарту , итеру әдістерін қатар пайдаландым. Өйткені кәсіби әңгіме барысында болжағандай тек тарту әдісін пайдалана алмадым, итеру әдісін пайдаланбаса болмайтынын байқадым. Әдіс-тәсілдер қажеттілігін анықтауда өте тиімді болды. Сұрақ қою арқылы тарту және итеру әдістерін пайдалану арқылы кажеттіліктерін анықтауға тырыстым. Тәлімгерлік үдерісі кезінде қарым-қатынасымыз жақсы болды, ешқандай түсініспеушілік болмады. Қарым-қатынастың жақсы болғандығынан пайдасы жоғары болды. Жоспарланған сабақты ұйымдастыруда уақытында жоспарды құрастыруға, қойылған талаптарға сәйкес орындап ,жүзеге асыруға тырысты. Тәлім алушының қажеттілігіне сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылды. Бірге коучингке қатысып, бірге талқылап көрдік. Өзінің коучингтен алған әсерлерімен бөлісті.

Өтілген Айтимбетов М.Е нің коучингінде қысқа мерзімді қалай жоспарлау керектігін өтті. Коучингте өте көп сабақты жоспарлауда ескерілу керек критериилермен оқушылардың қажеттілігіне сәйкес құрылу қажеттілігін атап көрсетті. Тәлім алушының коучингтен алған білімдерін сабақта тиімді етіп қолдануда маңызды екендігін ұғынды.

Алғаш тәлім алушының сабағына қатысу барысында топтық жұмыстың жоқтығы, тақырыпты түсінуде дұрыс әдіс-тәсілдердің таңдалмағандығы анықталды. Сабақтан кейінгі кәсіби әңгімеден кейін қайта сабақты жоспарлауда тәлім алушымен бірге жан-жақты қарастырып көрдік. Қайта жоспарлағанда дарынды және талантты балаларды ескеріп тапсырмалар дайындалды , топтық жұмысқа тапсырмаларды беріп, қорғатуы, сабаққа сәйкес дұрыс әдіс-тәсілдерді таңдалынуы, өзара бағалауын кіріктірдік. Қайта жоспарлап сабаққа қатысқанда өзгерістердің аз да болса, болғандығы байқалды. Оны балалардың ұйымдасып, есептер шығарғандары, ашық – жабық сұрақтарға жауап бергендері кері байланыс жазғандарынан көрінді. Мен тәлімгерлік үдерісін жүргізу арқылы өз тәжірибеме тәлімгер ретінде тәлімгерліктің тәлім алушының сабағын жоспарлауда, сабақ беру үдерісіне көптеген көмектері болатынын анықтадым. Және бұл ұзақ уақыт бойы жүргізілуі тиіс үдеріс екендігін ұғындым, көптеген тәлім алушыға пайдасы бар екендігін ұғындым.

Болашақ

1.Тәлім алушыға сабақты жоспарлауда жеті модуль идеясын кіріктіре отырып құрастыруды көздеймін

2.Тәлім алушымен топтық жұмыстың тиімділігін арттыру мақсатында бағыт беремін.

3.Оқушыларға кері байланыс беру арқылы оқушылардың өздеріне де кері байланыс беруді ұйымдастыру

Пайдаланылған әдебиеттер

1.Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Педагогикалық шеберлік орталығы», 2016



2


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!