Білім
саласы: «Денсаулық» Бөлімі: Дене
тәрбиесі Тақырыбы: «Дені саудың
жаны сау»
Мақсаты: Заттармен жалпы
дамыту жаттығуында үйлесетін қабілетін
дамыту төрт тағандап
жүруді.Шымыр да шапшаң, ұқыпты да
жинақы, талғампаз да қанағатшыл, таза да әдемі болуға
тәрбиелеу.Салауатты өмір
салтын, дене мәдениетін қалыптастыру. Балаларды
шапшаңдыққа, жылдамдыққа, достарына қайырымдылық,
сүйіспеншілік сезіміне тәрбиелеу.
Құралдар: доп, кедергілер, үлкен доп,
, шығыршық.
Әдіс-тәсілдер:
Көрсету, түсіндіру,
сұрақ-жауап, ойын, мадақтау.
Балалар әуен ырғағымен сап
түзеп залға кіреді.
Негізгі
бөлім:
Балалар сендер
білесіңдерме, адамдар қандай да бір қиындыққа тап болғанда олар бір
– бірінен көмек сұрайды,бірақ кез келген адам көмек бере алмайды,
өйткені кез келген адам жақсы жақсы жүгіре алмайды, биікке секіре
алмауы мүмкін. Сондықтан ол тек спортпен жаттыққан және дене
шынықтырумен айналысқан адамдардың қолынан келеді. Біздің
спортзалға келіп дене шынықтыру жаттығуларын жасаған чимпион
болады.
Чимпион:
Балалар, сендерге спортпен
шұғылданған ұнай ма? Денсаулықтарыңның мықты
болғанын
қалайсыңдар
ма?
Балалар: Ия !
Балалар денсаулық туралы қандай мақал- мәтелдер білесіндер
ме?
Балалар:
Әуелгі байлық — ден
саулық,
Екінші байлық — он саулық,
Үшінші байлық — ақ жаулық.
Денсаулық — зор
байлық.
Тәні саудың - жаны
сау
Ауырып ем іздегенше,
ауырмайтын жол ізде.
Бір қатармен бірінің артынан бірі жүру,
аяқтың ұшымен, қол белде, өкшемен жүру,
Қол белде жартылай отырып жүру. «Аю», «Тышқан жүрісі»,
ирелеңдеп (жыланша) жүгіру, жай жүріс, 2 қатарға
тұру, шығыршықты алу. Тыныс
алу.
Ізденіу
ұйымдастырушы: 1. Б.қ. «Кім
биік?»
1.Аяқтың ұшымен тұрып, қолды жоғары көтеріп
құрсауға қарау.
2. Б.қ. Құрсауды алға
созып, жоғары көтеріп, қайта алға түсіру. (7-8 рет
қайталау)
3.Б.қ. Аяқты алшақ қою.
Құрсауды жоғары көтеріп тұрып, екі жаққа кезек иілу. (6-7 рет
қайталау)
4. Б.қ. Аяқты қосып ұстау.
Шеңберді алға созып, өкшені көтеріп, отырып тұру. (6-7 рет
қайталау)
5. Б.қ: Аяқты қосып ұстау.
Шеңберді кеуде тұсына әкеліп қос аяқтап секіру. (6-7 рет
қайталау)
Жүргізуші:Тыңдаңыздар!
Тыңдаңыздар!
Біз баламыз шынықан, Денсаулығы мықты
жан дей келе.
Дені саудың жаны сау атты спортық сайысымызды бастаймыз.Біз
бәріміз
деніміз сау, күшті,әдемі болып өскіміз келеді.Онда анықтайық.Біздің
бүгінгі сайысымызда 2 топ жарысқа түседі. «Күштілер » тобы мен
«Ептілер» тобын қарсы алыңыздар!
Эстафеталық жарыс.
1. «Кенгуру»- үлкен допты астыларына койып кедергілер арасынан
межеге
жетіп, кері қайту.
2. «Кедергі жолақтары эстафетасы. Гимнастикалық
орындық үстімен төрт тағандап еңбектеу, сақинадан
өтіу. 3.
«Төмпешіктен» «төмпешікке» секіру, яғни
еденге қойылған сақинадан
секіріп.
Қортынды
бөлім:
Қимыл қозғалыс
ойыны: «Тиіп
кетпе»
Шарты:Екі ойыншы қарама-
қарсы жағында тұрады.Қалған ойыншылар алаңда болады. Ойын бастаушы
жіпті еденен 15-20 см биіктікте ұстап жүреді. Қалған ойыншылар
жүгіріп жүріп, жіп арқылы секіріп
жүреді.
«Дауысынан таны» қимылы
аз ойын.
Шарты.Балалар шеңбер болып
отырады. Санамақ санау арқылы бір бала жүргізуші болып, ортаға
шығады көзін орамалмен байлап. Ортаға шыққан жүргізуші атын атаған
баланың даусынан тануы тейіс. Таба алмаса,айыбын тапақ немесе ән
айтуы керек.
Балалар қайтадан бір қатар
сапқа тұрып, әуен ырғағымен залдан шығып
кетеді.
|