«Дене шынықтыру оқу қызметі
арқылы балалардың
денсаулығын нығайту
жолдары»
…адам денесінің
жетілуі – оның денсаулығы; егер денің сау болса, онда оны сақтамақ
керек, ал егер сау болмаса, онда денені сауықтыру
керек…
(Әл-Фараби)
XXI- ғасыр білімділер ғасыры
болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай зерделі, ой- өрісі
жоғары, жан- жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға
қойған аса маңызды міндеті болып тұр.Тәрбие мен білімнің алғашқы
дәні – мектепке дейінгі тәрбие ошағында беріледі. Баланың бойындағы
жақсы қасиеттер мен мүмкіндіктерді ашып , олардың өнегелі де
тәрбиелі болып тәрбиеленуіне балабақшаның маңызы зор. Организмнің
қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балалар сыртқы
ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан да сүйектің,
буынның дұрыс әрі мерзімінде жетілуіне бел омыртқаның физиологиялық
иіндерінің қалыптасуына табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне айрықша
мән беру керек. Бұлшықеттерді қатайту, жүрек қан тамыр жүйесінің
жетілуіне, тыныс алудың тереңдігі мен ырғақтылығына , тыныс алуды
қозғалыспен үйлестіруге мүмкіндік жасап, үнемі ықпал жасау
керек.Сондай- ақ баланың қозғалысын жетілдіру, қимыл- дағдыларын
және дененің икемділігін , шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқты
қасиеттерін қалыптастыруға тұрмыста және дене тәрбиесі оқу іс-
әрекеттерінде қажетті назар аударылады.
Дене тәрбиесі балалардың ақыл-
ой, адамгершілік, еңбек және эстетикалық жағынан тәрбиелеу жұмысын
жүзеге асыруға, олардың сергек, шат көңілді және белсенді
болуларына мүмкіндік тудырады.
Дене жаттығуы- дене
тәрбиесінің негізгі және ерекше құралы, ол педагогтың арнайы
іріктеп алған, әдістемелік дұрыс ұйымдастырылған және басқаруға
болатын қозғалыс пен қозғалыс қызметінің күрделі түрлерін
қамтиды.Дене жаттығуы еркінді сипаттағы белсенді қимыл —
әрекеттеріне негізделген. Дене жаттығуы баланың жан- жақты
жетілуіне ықпал етеді.
Дене тәрбиесі оқу қызметімнің
барысында жылдың басында «Айгөлек» және «Балапан» екінші кіші
топтарында мониторинг жүргіздім. Олардың қорытындылары бойынша
«Айгөлек» тобында тізім бойынша 23 бала тіркелген. Жылдың басына
олардың 23 % -ы – ұғынады (олар – Амиров Али Азиз, Багитжан Мансур,
Бексултан Инсар, Жумабаева Сабина, Касимов Султан,Сейтхан Айбек,
Серик Амир, Серик Санжар, Тортай Бекзат, Тулегенова Мадина),
42 %
- ы – түсінеді (олар – Абдулин
Ринат, Азбергенов Ислам, Газизова Анира, Ищанова Камила, Құрманғали
Інжу, Оспанова Дамеля, Раисова Наргиз), ал 23
%
- қолданады (олар – Ахмет
Нұрай, Досова Дамелия, Қуанышева Жазира, Мырзахмет Жамилы, Сагнаев
Нурали, Хасенғали Елнұр). (Диаграмма - 1).
«Балапан» 2-ші кіші тобында
оқу жылының басында балалардың дене шынықтыру оқу қызметі бойынша
білім деңгейін анықтау мақсатында мониторинг жүргізілді. Балапан
тобында тізім бойынша 26 бала бар, мониторингке 26 бала қатысты.
Мониторинг бойынша 3% - ұғынады (олар – Омарова Айлана, Адильбек
Арлан, Қайржан Айлана, Қайржан Айдана, Малқар Дария). 39 % -
түсінеді (олар – Багасова Дария,Бриматов Таир,Жанбырбаев Альжан,
Исабаева Айзара, Қаршиға Қайсар, Меркаш Данияр, Ниязбаев Ильяс,
Нұрмағамбетов Дияр, Тагленов Марсель, Төкеш Арнұр). 58 % -
қолданады (олар – Адильбек Айзере, Айсин Карим, Атейбекова Дина,
Доданов Бегарыс, Кубеков Азамат. Қали Нұржан, Қонысбек Қарақат,
Мирамова Диляра, Мырзаш Кәусар, Серік Зере).
(Диаграмма -
2).
Дене тәрбесі оқу қызметінде
балалармен және мониторинг бойынша төмен көрсеткіштерге ие болған
балаларман, яғни «түсінетін» балалармен тығыз келесі жұмыс
жүргізілуде:
1. Таза ауадағы
шынықтыру;
2. Жалпақтабандылықты алдын
алу;
3. Омыртқаның қисаюын алдын
алу;
4. Дем алу
гимнастикалары.
Таза ауадағы дене шынықтыруда
балалардың жаттығуларға деген белсенділігін төмендетпес үшін оларға
көп ауыртпалық түсірмеуге, дұрыс демалуларына көңіл бөлеміз. Таза
ауадағы дене шынықтыру балалардың тек қана денесін шынықтырып емес,
сондай-ақ тәрбиелік мәні бар білімін ұштастыруға септігін тигізеді.
Балалардың нервтік жүйесіне жүрекке, бұлшық еттің қатаюына, қан
айналымының жақсаруына әсер ететін жаттығулар түрін таңдауға
көмектеседі. Дене шынықтыруды өткізу үшін балалардың киімдерінің
жүріп – тұруына ыңғайлы болуын қадағалаймыз. Қыстың ашық күндері
жеңіл спорттық киіммен жүргіземіз, көбіне серуеннің аяғын да
өткізгеніміз дұрыс, себебі балалар терлеп, тез салқын тиюі мүмкін.
Күзгі, қысқы мезгілде таза ауадағы дене шынықтыру кезінде өлең
айтуға, ауызбен айтатын ойындар ойнауға болмайды, себебі баланың
тыныс алу жолдарына салқын тиюі мүмкін, сондықтан мұрынмен
демалуына көңіл бөлеміз. Киімдерін де бірте – бірте жеңілдетіп, жаз
айларында тек қана іш киіммен, жалаң аяқ жүруге дейін
жеткіземіз.
2. Балабақшадағы жалпан табандылықты алдын
алу.
1.Жалпақтабандылық – ол табан деформациясы,
табан,сирақ
ауруымен анықталып,сонымен қатар жүру,
жүгіру, секіру кезінде
аяқтың ауруымен, қозғалыстың нашарлауына
әкеліп соғады.
Жалпақтабандылық -
плантографиямен расталады. Табандардың
суретін алу арқылы
анықталады.
1
Сурет
2 Сурет
Мына суретте екі түрлі
табанның суреті көрсетілген.
1-ші сурет – дұрыс табан. 2-ші
сурет – жалпақтабандылық
көрсетілген.
Дене тәрбиесі оқу қызметімнің
барысында «Балапан» және «Айгөлек» екінші кіші топтарында
жалпақтабандылықты алдын алу жұмыстарын
өткіздім.
Ол үшін, ең алдымен, әрбір
баланың табаның мұқият қарадым. Содан кейін әрбір балаға шарашаға
құйылған жылы суға салып, сулап, таза шүберектің үстіне қойғызамыз.
Матаның үстінде аяқтың ізі қалады. Сол із арқылы баланың
жалпақтабанды екенін анықтауға болады.
Осы жұмыстың нәтижесінде
келесі қорытындылар шығардым: «Айгөлек» тобында Бағитжан Мансур,
Жумабаева Сабина, Медимбаева Малика, Сейтхан Айбек, Бексултан
Инсар, Ищанова Камилла атты балаларда жалпақтабандылық анықталды.
«Балапан» тобына келетін болсақ Бриматов Таир, Багасова Дария,
Адильбек Айзере, Адильбек Арлан, Тагленов Марсель, Атейбекова Дина,
Кубеков Азамат, Омарова Айланада жалпақтабандылық анықталды. Бұл
балалармен жалпақтабандылықты түзету үшін арнайы жаттығулар,
табанды сылау, кілемшелердің, массажды ролик үстімен жүру
жаттығулары жүргізіледі. Сонымен қатар жалпақтабандылықты болдырмау
үшін әр топтың ата-аналарына кеңес
беріледі.
3. Омыртқа қисаюын алдын
алу
Арқаның қисаюы – ол омыртқаның қисаюы. Ол
көбінесе бұлшықеттердің дұрыс қалыптаспауынан болатын аномалдық
құбылыс. Сондықтан омыртқаның қисаюын алдын-алу түрлі арнайы
жаттығулар жасаған тиімді. Өз дене тәрбиесі оқу қызметтерімде
өткізетін кейбір жаттығуларды айта кететін болсам,
олар: «Алақаныма
жет», «Кір жуу», «Шортан мен балықтар». Бұл жаттығулар арқа
келбетінің қтсаюын алдын алып, дене бітімін дамытады. Сонымен қатар
ата-аналарға омыртқа қисаюын алдын-алу үшін кеңес
беріледі.
4. Тыныс алу
жаттығулары.
Дене тәрбесі оқу қызметімде
әрқашан тыныс алу жаттығулары өткізіледі. Олардың түрлері көп. Айта
кететін болсам, «Алтыбақан», «Сұр кірпі», «Желдегі ағаш», «Отыншы», «Шарды
үрле», «Қаздар», «Құстың қанаты». Балалардың дене тәрбиесі қызметі барысында дене бітімі және
жалпы жағдайы дұрыс болу үшін тыныс алу жаттығуы өткізіледі. Тыныс
алу жаттығулары баланың ағзасына өте
тиімді.
Қорыта
келе, осы шаралардың барлығы баланың денсаулығын нығайту үшін
өткізіледі. Алдыда балалармен дене шынықтыру оқу қызметі арқылы балалардың денсаулығын
нығайту үшін әр түрлі спорттық шаралар, спорттық көңіл сайыстарын
өткізуін жоспарлаймын.