Материалдар / «Диалог арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Диалог арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл жүктелген материал мұғалімдерге, студенттерге пайдағасады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
558
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Диалог арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын қалыптастыру»

Оқушылардың тілін дамыту белгілі бір жүйемен үздіксіз жүргізіліп, оларды жүйелі сөйлеуге дағдыландыру кешенді жұмыстар мен жаттығулар негізінде ұйымдастырылса, оқытудың жаңа технологияларын қолдану арқылы күтілетін білім нәтижелері оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын дамытуға негізделсе, онда оқушылардың тілін дамытудың, сөздік қорын байытудың нәтижесі мен мүмкіндігі арта түседі. Бастауыш сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдысын I сыныптан бастап қалыптастырса, онда оқушы келешекте қоғамдық-әлеуметтік ортада ойын еркін жеткізуге, әдеби нормада жүйелі, шебер сөйлеуге дағдыланады. Кіші жастағы балалардың, ең алдымен, ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру қажет. Себебі, олардың сөйлеу әрекеті мектеп табалдырығын аттағаннан бастап қалыптаса бастайды.

Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу әрекетін қалыптастыру мәселесінің зерттелу жайы қарастырылған. Ең алғаш баланың байланыстырып сөйлеуін қалыптастыруымыз қажет. Себебі, бала байланыстырып сөйлеуді үш тілдік ортада үйренеді: отбасы, балабақша, мектеп. Байланыстырып сөйлеу -белгілі бір ойды нақты түрде жеткізу және адамдардың өзара түсінісуі. Бастауыш мектепте ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыру жұмысы төмендегідей мақсаттарды көздейді:

Оқушылардың ойлау қабілеттері мен тілін, дүниетанымын дамыту, әр нәрсені салыстыра талдау.

Оқушыларды сөздерді мағыналарына қарай орынды қолдануға, ойын анық та түсінікті жеткізуге үйрету. Яғни, дұрыс сөйлеуге үйрету.

Оқушыларға қазақ тілін сүюге, оның нәзік сөз байлығын қолдана білуге және оны сезініп, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Қоғамдағы қарым-қатынас ауызша сөйлеу немесе жазбаша тілдесу арқылы жүреді. Ауызша сөйлеу тілі — күнделікті тұрмыста қолданылатын, бетпе-бет көріп отырған екі немесе одан да көп адамдардың бір-бірімен сөйлесуі, пікір алысуы.

Диалогтік тілдесім барысында оқушылар жұп болып та, топ болып та, ұжым болып та бір-бірімен тілдік қарым-қатынасқа түседі. Бұл-диалогтік сөйлеудің өзіндік белгілері. Диалогтік оқыту амал-тәсілі оқушыларды сөйлеуге, белсенділікке, өзара пікір алысуға итермелейді. Диалог барысында пікірлесіп тұрған тұлғалар «әрі хабар жеткізуші, әрі хабарды қабылдаушы» қызметін атқарады. Бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысына әсер ететін педагогикалық және психологиялық факторлар қарастырылған. Бұл екі фактор бір-бірімен тығыз байланысты.

Балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың мақсаты — оқушылардың есте сақтау қабілетін дамыту, оларды оқу мен жазуға үйрету, ойлау қабілетін және сөйлеу тілін дамыту болып табылады. Жеке тұлғаны тәрбиелеу үшін әсіресе, бастауыш мектеп оқушыларының сөйлеу дағдысын қалыптастыру өте маңызды.

Диалог сөздің кейбір психологиялық ерекшеліктері төмендегідей:

1.Диалог сөз бөгелмей еркін айтылады,ол ойды кең жайып жатуды тілейді.

2.Үнемі кезектесіп айтылатындықтан ықшам келеді, тек әңгімелесуші адамдардың өздеріне ғана түсінікті болады. Мәселен, «келе жатқан тоғызыншы» деген сөйлемге осындай нөмірлі автобусты күтіп тұрған адамдар ғана түсіне алады.

Балаларды сөйлеу мәдениетіне төселдіруді әсіресе мектеп жағдайында қолға алу үшін мұғалімге төмендегідей жұмыстарды жүргізуге болады:

1.Оқушылардың жеке дыбыстарды, буындарды, сөздерді, фонетикалық, лексикалық жағынан дұрыс жаза айта алуына, қазақ тілінің грамматикасын саналы меңгерумен қатар практика жүзінде қолдана білуіне ерекше қамқорлық жасау қажет;



2.Мұғалімдер өз сыныбындағы оқушылардың ана тілімен қатар, орыс тіліндегі белсенді сөздік қорының шамасын біліп, олардың екі тілде дұрыс сөйлей алуына көңіл бөлуі тиіс;

3.Оқушылардың сөйлеу мәдениетін тәрбиелеу — оқу-тәрбие процесінде көзделетін негізгі міндеттердің бірі. Өйткені сөйлеу мәдениеті — мәдениеттіліктің басты белгісі. Оқушыларды сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеу түрлі әдістер арқылы жүзеге асып отырады. Мысалы, оларды өз ана тілін қадір тұтып, құрметтей білуге тәрбиелеу — сөйлеу мәдениетіне тәрбиелеудің бір элементі.

Сабақ - оқытудың барлық кезеңінде мұғалім мен баланың бірлесіп істейтін тиімді әдістерінің жүйесі. Мұғалім оқытудың әдістері мен тәсілдерін шебер меңгеруі арқылы, қазақ тілін оқытуда оқушыларға тиянақты, сапалы білім беруге болады. Өзімнің тәжірибемде оқыту барысында алдыма қойған мақсатым-баланы субьект ретінде оқу ісіне өзінше қызықтыратын, оған қабілетін арттыратын жағдай туғызу. Оның басты оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың оқудағы іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алу процесінде бірлесе әрекет ету. Мен жасаған сабақтарда туған тіл болып есептелмейтін орыс тілі мен шет тілдерін қолданатын коммуникативті-әрекеттік әдісті сабақта қолдану жүзеге асырылған. Сабақтың тақырыбы менің проблемалық тақырыбыммен тығыз байланысты. «Қазақ тілі сабағында әңгімелесу мен ауызекі сөйлеуді дамыту».

Сабақ жүргізудегі негізгі әдістің материалдары мыналар:

ерекше ұйымдастыруды қамтамасыз ететін — жоғарғы интенсивті сабақ-ойындар, ұжымдағы жұмыс түрін қолдану (сөйлесу ойыны);

өткен сабақ материалдарын бекіту мен сөйлесуге ынта беретін көрнекті құралдың есту мен көру түрін қолдануға ерекше мән беру.





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!