Материалдар / "ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ" АТТЫ БАЯНДАМАСЫ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ" АТТЫ БАЯНДАМАСЫ

Материал туралы қысқаша түсінік
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Мамыр 2021
325
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ДИАЛОГТІК ОҚЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ


Ниетбаева К.Т., педагогика магистрі, география және арнайы пәндер оқытушысы

Ақтөбе гуманитарлық колледжі

Ақтөбе қаласы


Қазіргі таңда білім алушыларды оқыту мен оқуға үйретудің инновациялық әдіс-тәсілдері қолданылуда. Сол әдіс-тәсілдердің басым бөлігі диалогты оқыту арқылы қолайлы орта құруға негізделген. Ғалымдар (Mercer, 1995; Alexander, 2008; Flavell, 1976; Vygotsky, 1978): «Диалог негізінде оқыту және оқу» - бұл метасана немесе «Қалай оқу керектігін үйрену» деп тұжырымдайды. «Диалог арқылы оқыту» әлеуметтік-сындарлылық көзқараспен тығыз байланысты. Диалог негізінде оқыту мен оқу білім алушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен білім алушы арасындағы диалог арқылы жүзеге асады. Бұл өз кезегінде білім алушылардың өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына көмектесетін амал екенін көрсетеді. «Қалай оқу керектігін үйрену» немесе метасана білім алушыларға оқуды өз бетінше жалғастыра алатын білім жинау жауапкершілігін түсінуге және оны өз мойнына алуға қалай көмектесуге болатынын көрсетеді.

Диалогті оқыту білім алушылардың сабаққа қызығушылығын арттырумен қатар, олардың білім деңгейінің артуына да ықпал етеді. Білім алушылардың өз қатарластарымен және ересектермен диалогті қарым-қатынас жасау арқылы жүргізілген жұмыстарға қатысуы олардың оқуына және танымдық дамуына әсер етеді. Выготский кіші жастағы балалардың танымдық даму әрекеттері әлеуметтік қарым-қатынас үдерісінде, яғни, анағұрлым қабілетті оқушылармен араласу және мәдениет, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау арқылы оқушыларды ересектерше ойлау әдісіне үйрету кезінде дамитынын суреттейді. Сонымен бірге Выготский оқуда сөз, сөйлеу негізгі рөл атқаратындығын тәжірибеге негізделген (эмпирикалық) зерттеулерімен дәлелдеген. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты

қолданылса, білім алушылардың оқуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербалды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында да жүзеге асатынын атап көрсетеді.

Оқыту мен оқудағы білім алушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететі туралы қазіргі кезде тәжірибеде көптеген дәлелдер айтылып жүр. Олар:

  • білім алушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді;

  • білім алушылардың басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын түсінуіне көмектеседі;

  • білім алушыларға өз идеяларын дәлелдеуге көмектеседі;

  • мұғалімдерге білім алушыларды оқыту барысында олардың қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

Александер (2004) оқытудағы диалог (әңгіме) – қарым-қатынас жасаудың бірсарынды үдерісі емес, керісінше, әңгіме барысында идеялар екіжақты бағытта жүріп, соның негізінде білім алушының білім алу үдерісі алға жылжитын белсенді үдеріс деп тұжырымдайды. Диалог барысында білім алушылар (сонымен қатар олардың мұғалімдер де) келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтын және Мерсер (2000) сипаттағандай, білімді бірлесіп алуда немесе «пікір алмасу» барысында тең құқылы серіктестер болуы керек. Бірлесіп ойлау білім алушылармен диалог құру арқылы іске асады, дегенмен оны білім алушылар бірлескен зерттеу барысында да анықтай алады. Төменде «Жаңа педагогикалық технологиялар» пәні бойынша 0111000 «Негізгі орта білім беру» (Біліктілігі: 0111063 «Математика мұғалімі») мамандығының 4 курс студенттерімен жүргізілген «Оқыту мен оқудағы диалогтің маңызы» тақырыбындағы сабақтың қысқа мерзімді жоспары ұсынылып отыр. Сабақта диалогті оқыту жүзеге асырудың жолдары көрсетілген.

Тақырыбы: «Оқыту мен оқудағы диалогтің маңызы»

Мақсаты:

Бітіруші студенттер оқытудың диалогты оқыту әдістерін қолдану бойынша тәжірибе жинақтайды, бөліседі және оны сабақта қолданудың қажеттігін түсінеді.

Жетістік критерийі


  • Оқытудың диалогті әдістерін біледі.

  • Диалогті оқыту әдістерін сабақтың қай кезеңінде қолданатынын біледі.

  • Оқытудың диалогті әдістерін сабақтарда қолдана алады.

Оқыту нәтижесі

Оқытудың диалогті әдістерін қолдану бойынша тәжірибе жинақтау, бөлісу. Оқытудың диалогті әдістерін сабақта қолданудың қажеттігін түсіну.

Құндылықтарды дарыту

Өзара бірлескен әрекет, ынтымақтастық қарым-қатынас

Денсаулық және

техника қауіпсізді

гінің сақталуы

Ширату жаттығулары, оқыту үрдісіндегі қозғалыс.

Пәнаралық

байланыстар

Жеке пәндер әдістемелері

АКТ қолдану

дағдысы

Компьютер, топтар үшін ватман, маркерлер, стикерлер, тапсырмалар жазылған парақшалар, коучинг презентациясы

Сабақ барысы

Кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурс

Сабақтың басы

1. Коучингке қатысушылардың әрекеті:

- «Тұсбағдар» ширату ойыны;

- Тұсбағдардың түсі бойынша топқа бөлініп отыру

Тұсбағдар суреті

(4 түрлі түс)

Сабақтың ортасы

1. «Алдын-ала  берілген  атаулар» әдісі

Тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазылады, студенттерден олардың мағынасы, мазмұны  және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануы сұралады. Олар: «интерактивті әдістер», «әрекет», «орта қалыптастыру», «дербестік», «өмірмен байланыстыру», «парта». Бұл жұмысты студенттер шағын топ ішінде жазбаша орындайды. Әр топтан бірнеше студенттің ойы мен пікірі тыңдалады.

2. Студенттер ойы мен пікірі слайдтағы кесте арқылы бекітіледі.

3.  «Ротация» әдісі. Әр шағын топқа тапсырма беріледі.

Тапсырмалар:

  • Диалогті оқытудағы оқушының әрекеті;

  • Диалогті оқытудағы мұғалімнің әрекеті;

  • Диалогті оқытудың шарттары мен ережелері.

(10 минут, 5 минут, 3 минут)

4. Топтық жұмыс презентациясы

5. Студенттер жауабын слайдтағы ақпаратпен толықтыру

6. «Жарнама» әдісі

Сиқырлы қобдиша ішінен интерактивті әдістер және оның қысқаша сипаттамасы жазылған тапсырма алады және жарнамалайды.

1) «Бір қадам алға...»

Мұғалім есіктен кіргеннен өткен материалдарға байланысты сұрақтар қояды. Жауап дұрыс болса, бір қадам алға жылжиды, қате болса, бір қадам артқа шегінеді. Мұғалім столына жеткенше, бірнеше сұрақ қою арқылы оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландырып алады.

2) «Екі жұлдыз, бір  тілек»

 Сыныптастарды бағалау үдерісінде оқушылардан екі жұлдыз қоюды және бір тілек айтуды сұраңыз.  Екі жұлдыз = жұмыс істеген кезде оларға ерекше ұнаған 2 зат

Бір тілек = бұл жақсартуға болатын нәрсе.

3) «Ән шырқау»

Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек. Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім» т.б.).

Слайд








Слайд-кесте

Құм сағат

Маркер, флипчарт, үлестірмелі материалдар



Слайд

Қорапша, тапсырмалар

Сабақтың соңы. Рефлексия

1. «Бөлмедегі заттар» әдісі. Сабаққа рефлексия жасау үшін әр студент қағазға бөлмедегі бір жансыз заттың атын жазады. Қағаздар жиналып, әр студент бір қағаздан суырып алады да, сол заттың атынан бүгінгі сабақ, өзінің оған қатысы туралы сөйлейді.

2. «Аралдар» әдісі. Интерактивті тақтада «Аралдар картасы» бейнеленген. Студенттер өз жұлдызшасын қалауы бойынша аралдарға жапсырады. Олар: «Қуаныш аралы», «Көңілсіз арал», «Түсініксіз арал», «Жетістік аралы», «Аялдау аралы», «Сергектік аралы».

Қағаз қиындылары




Интерактивті тақта, жұлдызшалар


Мұғалім сыйы


Диалогтық сұхбаттасу мұғалімдер үшін де, студенттер үшін де білім алуға қомақты үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі. Мұғалімдер мен студенттердің бір-бірімен сөйлесуі, өз пікірлерін білдіруі, сөз алмасуда өздерін шынайы ашуы диалог арқылы жүзеге асады және ол өз кезегінде білім беруді демократияландырудың қандай болу керектігін де көрсетеді. Сонымен бірге диалогтік оқыту барысында көшбасшылықтың нақты мүмкіндіктерді жасалады, ең бастысы оқытуда ең маңызды орын алатын эмоционалдық күй көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Курт Мередит, Джинни Стил, Чарлзь Тэмпл, Скот Уолтер. Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Әдістемелік құрал.Алматы, 2000.

  2. Тренерге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2015

  3. Қисымова.Ә.К.Оқыту технологиялары, Алматы, 2007 жыл

  4. Қалыптастырушы бағалауға арналған нұсқаулықтар, 2017           













Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!