Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Алматы
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы |
|
Мазмұны:
-
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы тцралы түсінік__2-6
-
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру– математикалық білім беру технологиясы_____________________________________________6-11
-
Тірек-сызбалар__________________________________________12-14
-
Қысқа мерзімді сабақ жоспары_____________________________15-17
-
Презентация беттері______________________________________18-20
-
Глоссари__________________________________________________21
-
Пайданалынған әдебиеттер тізімі_______________________________22
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясы тцралы түсінік
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – технологияны Элиста қаласының ғалымы П.М.Эрдниев ұсынған. Ол дидактикалық бірлік ұғымын енгізген. Дидактикалық бірлік бір сабақта өтілетін мәселе немесе сұрақтар.
Дидактикалық бірлікті меңгеру оқу процесінің «негізгі клеткасы» болып табылады. Дидактикалық бірлік оқушының есінде берік сақталуы тиіс, ол осы негізгі келіп қосылатын жаңа ұғымдар арқылы ұлғаятын база қызметін атқаруы тиіс.Жас жеткіншектерге бүгінгі күн талабына сай білім мен тәрбие беру ісі педагог мамандарға үлкен жүк артады. Білім беру жүйесінде болып жатқан түбегейлі өзгерістер оқыту үрдісін озық технологиялармен қамтып жетілдіруді талап етеді. Осы тұрғыда оқытудың жаңа технологияларын жете меңгеріп, оны оқушылардың технологиялық жас ерекшеліктеріне орай орынды қолданудың мәні ерекше. Жаңа технологияны жетек меңгеру сонымен қатар мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами қабілетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына қөмектеседі.
Білім берудің даму бағыты мен технологияларын қамтитын көптеген педагогикалық технология қолданып жүргені мәлім. Олар: Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдовтың «Дамыта оқыту» технологиясы, Ж.Қ.Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясы. П.М. Эрдниевтің «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясы, В.Ф. Шаталовтың «Тірек сигналдары арқылы оқыту» технологиясы, «Ойын арқылы оқыту» технологиясы. «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары
-
өзара байланысты амал, операция т.б. біріктіре және бір мезгілде қарастыру;
-
есеп құрастыру және шығару үрдісінің бірлігін қамтамасыз ету;
-
тура есепті кері есепке және керісінше айналдыру.
«Деңгейлік саралап оқыту» технологиясы тұжырымының ерекшелігі: мықтылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі, әлсіздер өзін-өзі сынап қарауға мүмкіндік алып, өзіне сенімсіздіктен арылады, күшті топтарда оқуға деген ынтасы артады, білім дәрежесі деңгейлес оқу топтарында оқу жеңілдейді. Қазіргі заман талабына сай жаңа технологияларды пайдалану оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуін ұйымдастыруда тигізер пайдасы зор. Оқушылардың өзіндік жұмысы – мұғалімнің қажетті нұсқаулары бойынша оқушылардың оқу жұмысының жеке дара және ұжымдық түрі. Өзіндік тапсырмалары орындау барысында оқушылардан белсенді ойлау, әр түрлі танымдық тапсырмаларды орындау талап етіледі. Осының нәтижесінде оқушылар өздігінен бақылауды үйренеді, оларда тапсырылған істі орындаудағы жауапкершілік сезім, еңбексүйгіштік, табандылық, ұйымшылдық, бір-біріне деген жолдастық көмек қалыптасады. Дидактикалық мақсатына қарай өз бетінше жұмыстарды жаңа материалдарды оқып үйренуге дайындық, жаңа материалды оқып үйрену, бекіту, қайталап пысықтау және бақылау деп бөлуге болады.
Ғылыми ақпарат көлемін қысқа мерзім ішінде қарқынды меңгеруді қамтамасыз ететін ұтымды оқыту әдісін қолданудың жолдарын әдістемелік тұрғыда негіздеп, практикада пайдалану – бүгінгі уақыт сұранысынан туып отырған мәселе. Мамандыққа бағыттап оқытудың дидактикалық және әдістемелік негіздерін басшылыққа алу талапқа сай дұрыс таңдап алуды қажет етеді. ЖОО студенттерін мамандыққа бағыттап оқыту ауызекі тілді меңгертумен қатар кәсіби тілдесімді еркін жүзеге асырады.
Оқытудың дәстүрлі жүйесі бойынша мұғалім оқушыға дайын, тиісті оқу материалының белгілі бір мөлшерін беріп, одан соң оны пысықтап, дайын үлгі бойынша жаттығулар орындаумен шектелетін. Бұл жағдайда оқушылар императивтік-атқарушылық қызмет атқаратын. Бүгінгі таңда республикада компьютерлік бағдарламалар шығарылып, оқытудың жаңа технологиялары оқу үрдісіне енгізіліп, оңды нәтижелер беруде. Олар – модульдік, деңгейлік, жаңаша жаңғыртып оқыту, дамыта оқыту, даралап, саралап оқыту, ойын арқылы оқыту, оздыра оқыту, ынтымақтастық педагогикасы, ізгілендіру технологиялары. Аталған технологиялардың ішінде қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне «Электромонтер» мамандығына қатысты дидактикалық бірліктерді ірілендіру (ДБІ) арқылы оқытудың маңызы ерекше.
ДБІ арқылы мамандыққа бағыттап оқыту барысында тіл үйренушілердің білімдік, танымдық қажеттіліктері толық қанағаттандырылып, оқу үрдісінде тілді игеру мүмкіндігі дамиды, өз мамандығына деген ынтасы оянып, қызығушылығы артады. Мұнда сөйлесім әрекетінің – тыңдалым, жазылым, айтылым, тілдесім түрлері бір-бірімен байланысып, қатысымдық бағытта мамандыққа баулып оқытуды қамтамасыз етеді.
Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДБІ технологиясы арқылы үйретудің тілдік қатынасты жүзеге асыруда тигізетін септігі мол. Бұл ретте тіл үйренушілердің тек кәсіби бағыттағы тақырыптармен шектелмей, әдебиет, баспасөз материалдарынан мамандықтары жайында қажетті ақпаратпен танысуларына көңіл бөлінеді. Мұнда баяндама, реферат, шағын мәліметтер даярлау, түрлі тақырыпта шығарма жұмыстарын жазу, мәтінмен жұмыс түрлері, мәтінді диалогке, керісінше, сұхбатты монологке айналдыру, берілген жағдаятқа қатысты тапсырмалар орындау, сөздікпен жұмыс, түрі өзгертілген тапсырмалармен жұмыс сияқты т.б. амал-тәсілдер кеңінен қамтылады.
ДБІ технологиясы арқылы ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін оқыту болашақ электриктердің өз мамандығы бойынша жұмыс істеп, қарқынды түрде дамуына жол ашады.
Технологияның міндеттері:
-
Ауыл шаруашылығын электрмен жабдықтау пәнін ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздерін анықтау;
-
дидактикалық бірліктерді ірілендіру ұғымының мәні мен мазмұнын ашу;
-
ДБІ технологиясына негізделген кәсіби бағыттағы қазақ тілін оқытудың бағдарламасын тәжірибеден өткізу;
-
болашақ «Электромонтер» мамандарының ДБІ технологиясы арқылы оқытуда орындалатын тапсырмаларды айқындауы;
ДБІ технологиясы – ғасыр идеясы ретінде оқытудың тұтастығын қамтамасыз ететін, яғни жеке тұлғаның жан-жақты дамуына, әсірессе, интеллектуалды болып жетілуіне мүмкіндік туғызатын оқыту технологиясы негізінде танылған. Дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын математика, физика пәніне қатысты ұзақ жылдар бойы зерттеген ғалым – П.М.Эрдниев. Ол:Ірілендірілген дидактикалық бірліктер – логикалық жағынан әр түрлі элементтерден құралған, ортақ ақпаратқа ие бола алатын оқу процесінің «клеткасы» - деп топшылайды. Ол оқу процесінің клеткасы ретінде «математикалық жаттығуларды» қарастырады және «оқу мен оқытуды» біртұтас бүтінге біріктіретін оқытушы мен оқушы әрекеттерін атайды.
Ғалымның айтуынша, ДБІ-ге негізделген оқыту технологиясы әр оқушының бас сүйегіндегі орасан зор психо-физиологиялық (қорларын) резервтерді оятып, іске жұмылдырады. Іріленген тақырыптарға көшу барысында өзара байланысты біртектес ұғымдарды бірге топтастыра қарастырғанда, оқушылардың санасында олар туралы мүлде «жаңа» білім пайда болады. Бұл «жаңа білімге» ДБІ-дің нәтижесінде ғана қол жеткізуге болады. Атап айтқанда, бір элементтен екінші элементке көшу барысында студенттер олардың арасындағы өзара байланыс ақпаратына көз жеткізеді. Тек бір-бірімен байланысты бірліктерді ірілендіру көлемінде топтастырып қолданғанда ғана берілген ақпарат нәтижелі болады, тез қабылданады.
ДБІ технологиясының негізгі ерекшелігі – мұнда оқушылар оқу ақпаратын іріленген мазмұндажинақы қабылдайды және есте берік сақтайды.
ДБІ теориясымен мына мәселелер тығыз байланысты: оқу материалдарын тірек схемалар мен сигналдар арқылы қабылдау және жазу идеясы (В.Ф.Шаталов); ғылыми теорияларды және олардың құрылымдық элементтерін бөліп қарастыру (Б.С.Гершунский); сабақ құрылымының тұтастығы мен дамуына қатысты оқыту мен оқудың актілері (Г.Д.Кириллова). Ғалымдардың пікірінше, «құрылымдандыру» ұғымы – оқу материалдарының құрамдас элементтерін біріктіреді (ұғымдар, заңдар, идеялар, ұстанымдар). Оларды оқушыларға жеткізу және меңгерту белгілі бір байланыстар мен қатынастар арқылы тізбек түрінде болады.
Қазақ тілін басқа ұлт өкілдеріне мамандыққа баулып оқытуда дидактикалық бірліктерді ірілендіру технологиясын қолдану өзара бір-бірімен байланысты, ұқсас лексика-грамматикалық единицаларды бір мезгілде жүйемен оқытып үйретуге мүмкіндік береді.
ДБІ технологиясы арқылы оқытудың ұтымдылығы – алдын-ала қарастырылған ішкі байланыстары бар тапсырмалар жүйесі. Ірілендіру ұстанымына негізделген белгілі бір жаттығулар жиынтығы, олардың қатаң түрдегі бірізділігі студенттердің қазақша сөйлеуге үйрену барысында тілдік құралдарды саналы түрде және берік меңгеруге жетелейді.
ДБІ технологиясы арқылы «Электромонтер» мамандығына қатысты тақырыптарды игерту кезінде бірліктерді ірілендіру мазмұны төмендегідей ұстанымдарға негізделді:
-
Бірізділік
-
Жүйелілік
-
Сабақтастық
-
Тұтастық
-
Шоғырлылық
Аталған ұстанымдарды тиімді жүзеге асырылуы үшін сабақта мынадай талаптарды орындаған дұрыс:
-
Іріленген тапсырмаларды орындау барысында олардың барлық құрама бөліктері бірізділік негізінде жүзеге асырылуы шарт (бір сабақтың шеңберінде).
-
«Бір мезгілде» оқытуда өзара байланысты мысалдар мен тапсырмаларды орындау кезінде аз уақыт арасында аяқтау қажет.
-
Берілген тапсырманы орындау барысында студенттің ойы басқа нәрсеге бөлінбегені дұрыс.
-
Бір мезгілде орындалатын тапсырма үйге немесе ұзақ уақытқа созылмауға тиіс. Тек осындай жағдайда ғана 15-20 минут аралығында операциялар белсенді фазада жүзеге асырылып, жұмыстың табысты болуына себебін тигізеді.
Өзара бір-бірімен байланысты біртектес білімдерді бір мезгілде қарастыру: біріншіден, білімді бөлшектеп емес, тұтас қабылдауға мүмкіндік береді; екіншіден, терең және сапалы білім меңгеруге жол ашады.
1.1997 жылдан бері енгізіліп жатқан профессор Т.Қ.Оспановтың жетекшілігімен жазылған математика оқулығы «Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» (ДБІ) – математикалық білім технологиясының теориясына негізделіп жасалды.
2.Оқушының ақыл ойының дамуы, математикалық ой – өрісінің кезеңі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр. Оқушының білім санасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің рөлі зор. Ал оқулықтағы білімнің теориялық жағы бала санасында жетекші орын алып әр есепті өзі талдай білетін, математикалық ой – өрісін жаңа дамыған баланы тәрбиелеу әрбір ұстаздың өз қолында. Әр ұстаз оқушының білім сапалығына аса назар аудару қажет.
3.Жаңа информациялық технология білім беру саласын дамытуға оқыту құрамы ретінде пайдалануға төмендегідей мүмкіншіліктерді, яғни оқу процесін даярлауға оқушыны жеке тұлға ретінде дамытуға бағыттау, білім беруде жекеше оқытуды дамыту және пәндердің бір-бірімен байланысын көздейді. Білім беруді ақпараттандырудың негізгі мақсаты-ақпараттық білімдік кеңістікті оқу-тәрбие процесінде қалыптастыру.
4.Педагогикалық жүйенің деңгейлік әдістері меңгерудің даралап оқытуын талап етуге негізделген. Деңгейлік даралап оқытуды меңгеру кезінде деңгейлік өзіндік және бақылау жұмыстарын, сол деңгейлік жұмыстарға сәйкесінше талаптарды (үйренушілік, алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық) жетілдіру көзделген.
5.Үйренушілік деңгей міндетті минимум, ал қалған деңгейлер оқушының дербес талап-сұранысына байланысты лайықты білімді, дағдыны, шеберлікті шындауына мүмкіндік береді. Оқу процесін ұйымдастырудың деңгейлік даралаудың негізі әрбір үйренушіге өзінің динамикалық дамуын, сонымен бірге даму жолының төменгі деңгейден жоғары деңгейге ұмтылуын қамтамасыз етеді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру– математикалық білім беру технологиясы
Қазіргі кездегі математикалық білім баланың интеллектісін, дербес ойлауын дамытуға бағытталған. Бұл салада, біз сөз еткелі отырған технологияның алар орны ерекше.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру деп аталатын математикалык білім технологиясы 1964-1996 жылдар арасында академик П. М. Эрдинеетің жетекшілігімен жүргізілген теориялық және тәжірибелік ізденістердің, практикалык, жұмыстың иәтижесінде өмірге келді.
П.М.Эрдниев "дидактикалық бірліктер" деген ұғымды осыдан 20 жыл бұрын енгізген.
Автор оқу материалынан кіші көлемде берілетін ақпаратты алып тастамай, тек олардың құрылымын өзгертіп, ірілендіріп беруді ұсынады. Бұл жағдайда материал терең меңгеріліп, ойлауға, дамуға өріс ашылады.
Академиктер В. Журавлев, А. Маркушсвич т.б. бұл технологияның тиімділігін атап өтіп, "ғасыр идеясы" деп таныған.
Жоғарыда аталған ғалымдардың ой-пікірлерімен келісе отырып, оқушының ақыл-ойының дамуы, математикалық ой-өрісінің кеңеюі, танымдық қабілеттерінің дамуы дәл осы әдістемені қолдану барысында жеделдейтіндігін өмір көрсетіп отыр деуге болады.
Оқушының білімінін сапасына әсер ететін факторлардың бірі оқулық болса, ондағы жаттығулардың мәні, мағынасы, мүмкіндіктерінің ролі зор.
Бүгінде ДБІ жаңашылдық технология ретінде әр-түрлі аймақтарда кеңінен қолданылуда.
Мысалы: Калмыкия республикасының барлық мектептерінің, Екатеринбург, Самара, Хабаровск, Братек т.б. қалардың тәжірибесіне енген.
Республикамызда 1997 жылдан бері енгізіліп жатқан професеор Т. Қ. Оспаноетың жетекшілігімен жазылған "Математика" оқулықтары осы теорияга негізделген.
Сондықтан оқушының жеке басын дамытуға бағытталған бұл әдістемемен бүкіл бастауыш мектеп мұғалімдері жұмыс істеуде деп толық айтуға мүмкіндік бар. ДБІ әдістемесін жүзеге асырудың басты қағидалары төмендегідей:
-
Қарама-қарсы ұғымдарды, әрі өзара байланысты операцияларды қатар оқыту.
-
Түра есепке кері есеп ойлап табу, шығаруды кеңінен қолдану.
-
Деформацяланған жаттығуларды пайдалану.
-
Өз бетінше, шығармашылыққа берілетін тапсырмалардың үлес салмағының артуы.
Осы қағидалардың әрқайсысына жеке тоқталып, олардың оқушыны ойлауға үйрететін мүмкіндіктерін аша түсейік.
Оқыту практикасы "қосу мен азайту", "кобейту мен бөлу" бұрынғыдай төрт бөлек тақырып етіліп өтілмей қатар ұсынылудың тиімділігін көрсетіп отыр.
Біріншіден бұл арқылы оқу уақыты 20% дейін үнемделеді. Ал үнемделген уақыт білімді тереңдетуге өте қажет. Екіншіден ойлау операциялары арқылы баланың дамуы жеделдейді.
Оқытудың гумандық, ізгіліктілік принциптерінс сәйкес оқушы мен мұғалім арасында жаңаша қарым-қатынас қалыптасады.
Мысалы:Түріндегі төрт аралық операцияны пайымдау арқылы шешу, ойлау әрскетінің ішкі потенциалды резеритерін ашуға көмектеседі. П.К.Анохин тұжырымдамаларымен айтсақ, табиғаттың айнымас зандылықтарының бірі "кері байланыс" заңының іске қосылуымен тиімді.
ДБІ технологиясының басты ерекшеліктерінің бірі кері есептерді шығару "кері есеп" ұғымы ғылымға өзіміз жоғарыда айтып өткен академик П.К. Анохин енгізген кері байланыс (афферентация) деген психологиялық ұғыммен байланысты.
Кері есептерді шығару, түра есепті кері есепке айналдыру арқылы баланың белеенділігі, қызығушылығы артады, шығармашылық дербестік пайда болады.
Математикалық әдебиеттерден мынадай ережені көп кездестіруге болады. "Математикадағы басты нәрсе - ұғымдарды ой елегінен қайта өткізе білу". Кез келген түра есепті кері есепке айналдыруда бір сан екі рольде болады.
Біріншіде екі санның қосындысы, кебейтіндісі түрінде болса, екінші жағдайда айырма не бөлінді, қызметін атқарады.
Жаңа буын оқулыққа бес түрлі: қосындыңы табуға, қалдықты, бірнеше бірлікке артық, не кен санды табуға, айырмалық салыстыруға берілетін есептердің кейбіріне кері болып табылатын есеп ретінде белгісіз қосылғышты, азайғышты, азайтқышты табуға байланысты есептер 1-сыныптан бастап-ақ енген.
"Кері есеп" ұғымы алғаш көрнекіліктер арқылы түсіндірілуі тиімді. Мысалы: столға 5 кітап қойып, оның жаныңа портфельді орналастырған соң, мына есеп айтылады.
Столда 5 кітап бар, ал портфелъдегі кітаптардың 3-уі артық. Портфельде қанша кітап бар?
Бұдан соң: не белгілі, не белгісіз, артық па кен бе екенін анықтауға арналған сұрақтар беріліп, жауаптар алынады.
Есеп шығарылады. Кері есепке көшер алдыңда, столдағы кітаптарды алып тастап, балалар, портфельде 8 кітап бар, ал столдагы кітаптың одан 3-уі кен. Столда неше кітап бар? Есеп шығарылған соң, алдыңғы есепте не белгілі болды, нені таптық, ал соңғыда ше? деген сұрақтарға жауаптар алынады.
Белгісізді бірінші жағдайда қандай амалмен тапқанымызды анықтаймыз. Содан кейін ғана "кері есеп" ұғымы енгізіледі.
Осы типтердегі есептерді көрнекіліктер арқылы шешуді меңгерген кезде төмендегідей абетрактылы есептерге көшуге болады.
Білім беру технологиясында жаңа бағдар- витагендік оқыту әдісі тілдерді меңгеруге айтарлықтай пайда келтіретіндігін өз тәжірибемізде сынап көрдік.
Оқытудың бұл технологиясын Ресейдің педагогика ғылымдарының академиясының академигі, ғылымға еңбегі сіңген қайраткер А.С.Белкин ұсынған болатын.
Оқытудың бұ теориясы - мұғалім мен оқушының шын мәнінде ырнтымақтасып,нақты нәтижеге жетуге болатындығын көрсеткен еді.
Оқыту үрдісінде витагендік әдісті жүзеге асыру голографиялық тәсіл негізінде өмірге байланысты жүргізілсе оның танымдық қызығушылықты жетілдіруге ерекше ықпал ететіндігін тілдерді оқыту тәжірибесінен әр жақты байқауға болады.
Бұл жердегі голография деп отырғанымыз-ұғым түсініктегі әржақтылық, былайша айтқанда, оқушы кемінде үш ұғымды тоғыстыра алуға машықтануы тиіс екендігінде, білім алудағы негізгі ұғым түсініктерді өздігінен ойлаумен жалғастырып, өзінше іздену мен пайымдауға қол жеткізетін, соған ынталандыратын жол-жосық. Витагендік әдіс, яғни ынтымақтасудың нәтижесі білімдік таным-түсінікті өздігінен ізденіп, өздігінен ой топшылайтын пайымдауға әкелетіндіктен тілдерді оқытуға былайша жүзеге асырылды.
Сыныпта оқитын оқушыларды қай тілге жетіктігіне қарай топтастырып және өздерімен кеңес берілген тапсырманы орындау жөнінде түсінік берілді.
Содан кейін компьюерде көбейтілген тапсырманы әрбір оқушыға үлестіріп бердік. Екі тілде көрсетілген сөйлемді өзі жетік біледі деп саналған тілге аударып, нұсқада көретілген ақ жерге толтыруды тапсырдық.
Жұмыс нәтижелі болу үшін алдымен блек қағазға жазып, бір тоқтамға келгеннен кейін көрсетілген үлгіге көшіру керектігі айтылды. Тапсырманы орындау барысында бір-біріне бөгет жасамау және жұмыс аяқталғаннан кейін тиісті топ бойынша талқылау болтындығы ескертілді .
Оқыған кітаптарын естіген мағұлматтарын ой елегінен өткізіп сарапқа салады.
Адамның құндылықтарды білмеуі ақпараттың жеткіліксіздігінен және оған мән бермеуден туатындығына тұлғаның көзі жетіп, ізденіс үстінде мәселеге саналы қарауды мойындай түседі. Бұл білім алу үрдісіндегі қозғаушы күш болып табылады.
Тапсырманы орындау барысындағы оқушының ойлау белсенділігі, яғни өзі білетін және нақты түсініп отырған мағұлматты келесі тілде дұрыс жеткізуге деген ынтасын арттыра түседі.
Дәлірек айтсақ, көрсетіліп отырған тапсырманы орындауда оқушы білімділік, зерттеушілік, рухани, өзінше іздену, әлеуметті пайымдау жасауға жаттығады. Іс-әрекет қызығушылығын дамытады.
Жинақтай айтсақ, тұлғаның ұғым түсінігі, танымы тиісті дәрежеде өзіндік іс-әрекетке айналып, оны өз өмірінде пайдалана білуге жол ашады. Оқушының қол жеткен нәтижесі оларды қуанышқа бөлейтіні рас.
Танымдық қызығушылықтың қалыптасуы оқушының білімдік мағұлматтарды жинақтап тек біле берумен шектелу емес , білгенін өмірде пайдаланып тұтына алуға және оның әлеуметтік , негіздерін өмірде қолдана алуға машықтану, сонымен қатар оны өзіндік тұрғыдан ілгері жетілдіріп, алға қарай дамытуға үйрететіндігін тұлға тікелей атқарған еңбегі нәтижесінде байқап, оны дағдысына сіңіреді.
Келесі бір ерекшелік – сыныптас оқушылар бір-бірінің жетістігінен өнеге алып, өзімде сол дәрежеге жетсем деген түсініктің орнығуына ықпал етеді.
Танымдық тағылымның оқу үрдісінде және болашақ өмірінде тиімді болатындығына көзін жеткізді.Тағылымдық мазмұн оқушының білімдік, тәлім-тәрбиелік қызығушылықарын арттырады, әрекетке ұмтылдырады.
Өзі үшін атқарған іс-әрекетінің қоршаған ортасы үшін, қоғам үшін қандайлық мәні болатындығын саналы түрде ұғынады. Өзі атқарған ісіне суггестиялық мәнде қарап, біле түсуге деген сенімі , ланымы жетіле түседі .
Ретті қолдана білсек витагагендік оқыту теориясы тілдерді меңгерудегі танымдық ойға тіреніш болумен қатар оқушының өздігінен әрекеттенуіне бағдар беріп, қиялын дамытып, шығармашылық белсенділігін кеңейте түсуге жол ашады.
Мектептерде жүргізілген тәжірибелер көрсеткендей , оқушының білім алудағы әрекеті мен өмір тәжірибесінің заңдылықтарына негізделсе-тұлғаның меңгерген білігі , қабілет деңгейіне қарай алған ақпараттық танымдағы құндылықтарыд қабылдап және оны білімділік мақсатына байланысты жүзеге асыруға болатындығын көрсетті.
Танымдық қызығушылықтың тиімділігі - мұғалімнің диагностикалық міндетті дәлді белгілей білуен де шарттас.Өйткені витагендік әдіс нақты деректің өірмен ұштасып, білімдік құндылықтармен үйлесіп, олардың байланысын, айырымын салыстырып , сараптаудағы ынтымақтастықты тілейді. Себебі диагностика оқушының дербес ерекшелігін , сыныпқа тән негізігі ерекшеліктеріне мән беруді айқындайыд.
Дәлірек айтқанда, қойылған міндетті шешуде оқушының нақты шамасын , жас ерекшелігін, білімділік деңгейі мен мүмкіндігін есепке алады. Бұл танымдық қызығушылықты қалыптастырудағы шешуші айғақтың бірі.
Ақыл мен ақиқатты табу танымдық түсінікке де байланысты. Егер оқушы бір ғана деректің аясында шектеліп қалса , ойлау деңгейі тарылып , мәселені жан-жақты ұғына алмайды.Сондықтанда голографиялық әдіс, былайша айтқанда, бірнеше деректі , кемінде үш болмысты салыстыра қарау ақиқатты терең де дұрыс тануға мүмкіндік береді.Витагендік оқыту тәжірибесі голографиялық жүйеде құру тілдерінің танымдық негізін өрістетумен қатар оқушының шығармашылық ізденісін өркендетіп және оның күнделікті өмір талаптарына үйлесімді жетілуін қамтамасыз ететін сенімді жол екенін көрсетті.
Оқушыларды өнімді еңбекке үйретіп , өзінше әрекеттене білуге қалыптасытру- қазіргі мектеп жөніндегі реформалар жүргізу жөніндегі басты бағдарламаларының бірі.
Оқушылардың өз мүмкіндіктеріне үйлесімді еңбек дағдыларын меңгеріп, белсенділік көрсете білуге баулу-тек қайталаушылықты қолданып , өзіндік ізденістерін сырттатып жіберетін әдеттерден арылудың тиімді жолы.
Білім, тәрбие беру барысындағы іс-әрекетте оқушының тиісті сұрақтың жауабын ұстазымен бірге іздестіруі,немесе өзінше әрекеттеніп , оның ойлау мәдениетін жетілдірумен қатар самарқаулықтан, селқостықтан және рухани жұтаңдықтан айықтырудағы қолайлы тәсіл.
Оқулықтағы тиісті деректі ойланбастан, қайталап айтып беруді місе тұтпай , ондағы ақпаратты өзінше ойлануға дағдыландыру оларды ой белсенділігіне әкеліп , түрлі қиындықтарды жеіңп күрделі мәселелерді шешуге орай батыл пікірлер ұсынуға ынталандырады.
Сондықтан да оқыту үрдісін жобалағанда шәкірттің мүмкіндіктері мен мүдделерін бірлікте қарастыру шарт.
Өйткені әрбір тұлға өзінше ойлағысы келетіні жастық жалынымен бұла күші ізденіске бейім болатындығы ақиқат шындық екенін педагогтар мен психологтар ежелден бері-ақ дәлелдеген.
Олай болса , әрбір тұлғаның бойында бар шығармашылық қабілетін оятып , оларды өзіндік тұрғыда ойланып әрекеттен білуге баулу оқудағы белсенділікті көтерудегі тиімділікті арттырып , оның жетіле үсуіне игі ықпал етеді. Ал оқушының ізденіс барысындағы табысы оларды қуанышқа бөлеп ілгері ұмтыла түсуіне , кездескен кедергілерді жеңіп күрделі қиындықтардан құтылудың тиімді жолын табуға үйренеді. Ой еңбегі саласындағы белсенділік табысқа жетудің кілті екендігін мойындап, уақыт талабы тұрғысынан әрекеттену және оған машықтану дағдысы өркендейді.
Дидактикалық бірліктерді ірілендіру – технологияны Элиста қаласының ғалымы П.М.Эрдниев ұсынған. Ол дидактикалық бірлік ұғымын енгізген. Дидактикалық бірлік бір сабақта өтілетін мәселе немесе сұрақтар.
Дидактикалық бірлікті меңгеру оқу процесінің «негізгі клеткасы» болып табылады.
«Дидактикалық бірліктерді ірілендіру» технологиясының негізгі мақсаты, нақты жолдары:
«Электромонтер» мамандығына қатысты тақырыптарды игерту кезіндебірліктерді ірілендіру мазмұны төмендегідей ұстанымдарға негізделді:
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Пәні: Математика Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3С Теңдік және теңсіздік. Теңдеу. |
Мектеп: |
Мерзімі: Сынып : 1 |
Мұғалімнің аты-жөні: Қатысушылар саны: Қатыспаушылар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Кері есеп |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) |
1.5.1.3 Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептер шығару және талдау. Кері есептер құрастырып, оларды шығару. |
Сабақтың мақсаттары |
|
Бағалау критерийлері |
Қосынды мен қалдықты табуға арналған есептерді шығарады. Қосындымен қалдықты табуға арналған есептерді талқылайды. Кері есептер құрастырып оны шығарады. |
Тілдік мақсаттар |
Негізгі сөздермен тіркестер: кері есептер Талқылауға арналған сұрақтар: - есептің шешуін тексеру үшін қандай есептер құрастырамыз? -есептердің ұқсастығы мен айырмашылығын тап? - кері есеп құрастыруға болады? |
Құндылықтарды дарыту |
Қарым қатынас және ынтымақтық құндылықтарды қалыптастыру. |
Пәнаралық байланыстар |
Дүниетану, |
АКТ қолдану дағдылары |
Маноблок |
Бастапқы білім |
Мысалдарды, есептерді шығара алады. |
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы оқушылардың қызметі |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 5 минут |
Ұйымдастыру кезеңі Оқушылар мен сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау. «Ақ тілек» атты сергіту сәтін өткізу. Көңіл- күйлерін бағдаршам арқылы көрсету. Топқа бірігу. «Жемістер» арқылы топқа бөлу. 1 топ «Алма» 2 топ «Алмұрт» 3 топ «Өрік» Себетке салынған жемістерді алу арқылы топқа бөлеміз. Кім қай жемісті алса, сол жемістің суреті бар топқа жайғасады. ТЖ: Ширату жаттығуымен сабақты бастау. 1-топ. Әмиянда 10 теңгелік және 20 теңгелік екі монета бар. Әмиянда барлығы қанша ақша бар? 2-топ. Әмиянда екі монета жатыр. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-20 теңгелік монета. Әмияндағы екінші монета қандай? 3-топ: Әмиянда екі монета бар. Олардың қосындысы 30 теңге. Біреуі-10 теңгелік монета.Әмияндағы екінші монета қандай? Сабақтың тақырыбын ашу мақсатында мына сұрақтар қойылады.
|
Суреттер |
||||||
Сабақтың ортасы 20-25 минут |
Есептерді салыстыр Дескриптор:
Кері байланыс: Жарайсыңдар! Сергіту сәті. 2- тапсырма Саралау әдісі. ЖЖ: Шығарып көр. Оқулықпен жұмыс Сызбалар ішінен есепті шығар. Сәйкес келетінін анықта. Тура есепке кері есеп құрастыр. Дескриптор: Оқушы -Сызбалар арқылы есеп шығара алады -есептің жауабын сызбамен сәйкестендіреді -Тура есепке кері есеп құрастырып, шығара алады Кері байланыс: «Басбармақ» әдісі арқылы бағалау 3- тапсырма ҚБ. Жеке жұмыс Есепті шығарыңыз. Берілген есепке кері есеп құрастырыңыз және шығарыңыз. Наурыз мерекесінде 50 бала ән айтты және одан 20-сы артық бала би биледі. Наурыз мерекесінде неше бала би биледі? Дескриптор: Білім алушы - есептің шешімін табу үшін амалды дұрыс таңдайды; - өрнектің мәнін табады және сәйкес атауларын жазады; - есептің жауабын толық жазады; - берілген есепке кері есеп құрастырып, шығарады. Кері байланыс: жазбаша кері байланыс жасау |
Оқулық, түрлі-түсті қағаз,қайшы желім Суреттер |
||||||
Сабақтың соңы 10 минут |
Бағалау Смайликтер арқылы бағалаймын. Рефлексия. БББ кестесі.
|
Стикер
|
Глоссарий
Дидактика – білім беру, оқыту, тәрбиелеу теориясы; педагогиканың үйренушілерге білімді, машық пен дағдыны меңгерту және тәрбиелеу заңдылықтарын зерттейтін, әр кезеңде берілетін білім мазмұнының көлемі мен құрылымын айқындайтын, білім берудің әдістері мен ұйымдық формаларын жетілдіру жолдарын ғылыми негіздеумен айналысатын саласы.
Оқыту – бұл оқушы мен ұстаздың
мақсатты түрде өзара әрекет жасау процесі.
Оқу
бағдарламасы – оқу пәні бойынша
оқытудың мазмұнын, оқушыларға берілген білім көлемін айқындайтын
құжат. Оқу бағдарламасында пәнді оқыту мақсаттары мен міндеттері,
оқытуды ұйымдастырудың түрлерінің ерекшеліктері мен әдістемесі
құрылады.
Оқытудың
бірізділігі – жаңа оқу материалын
оқыту бұрынғы оқытумен қамтамасыз етілетінін көрсететін білім беру
мен оқытудың талабы.
Оқытудың
ғылымилығы – педагогика ғылымының
білім беру және оқыту теориясындағы оқытуға қойылатын талаптардың
бірі. Оқытудың ғылыми оқу бағдарламаларын, оқулықтар мен оқу
құралдарын жасауда жүзеге асырылады.
Педагогика — жеке адамды тәрбиелеп, қалыптастыру үшін белгілі мақсатқа бағытталған жүйелі тәрбие мен білім беру туралы ғылым; тәрбиені, білім беруді және оқытуды зерттейтін теориялық және практикалық ғылымдардың жиыны.
Психология — адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан−алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым.
Процесс - бір нәрсенің дамуы қалпындағы құбылыстардың кезегімен алмасуы; қандай да бір нәтижеге жету үшін әрекеттердің бірізді жиынтығы.
Технология – бұл қоғамдағы
практикалық процестердің техникамен реттеліп отыратын және
материалдық дүниені заңдылықтарымен анықталатын, техникалық
құралдар мен объектінің өзара әрекеттесуімен туындайтын
процес.
Оқыту
технологиясы – оқытушыға оқу үрдісін
жүзеге асыруға қажет болатын білім немесе мәліметтер жиынтығы, яғни
нақты оқу үрдісі, оның ұйымдастырылуы, құрылымы және қамтамасыз
етілуі.
Проблемалық
ахуал - оқушылардың игерген білімі
мен іскерлікті қалыптастырудағы қажетті ұғымдар мен фактілердің
арасындағы сәйкессіздік.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
-
Оразбаева Ф. Тілдік қатынас. Оқулық. Алматы: Сөздік-словарь, 2005. -72-б.
-
Эрдниев П.М. Укрупнение дидактических единиц в обучении математике. – Москва: Просвещение, 1986. -260с.
-
Лысенкова С.Н. Методом опережающего обучения. –Москва: Просвещение, 1988. -180 с.
-
Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. –Астана, 2004. -390-б.
Эрдниев П.М. «Укрепление дидактических единиц» Начальная школа. 1987. 15-16 бет.
-
Б.А. Тұрғынбаев «Дамыта оқыту технологиялары» Алматы, 2000 ж 63-68.