Дикция- «Дұрыс сөйлеу кілті»

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дикция- «Дұрыс сөйлеу кілті»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дикция- «Дұрыс сөйлеу кілті»
Материалдың қысқаша нұсқасы

ТАҚЫРЫБЫ: Дикция- «Дұрыс сөйлеу кілті»

Күні:

Сынып : Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың оқу мақсаттары 0.1.1.1 Ілікпе сөз бен фразаларды айтуда тыныс алуды реттеу. 0.1.2.3 Интонацияларды ажырата алу және оларды айту. 0.2.1.2 Кеңістікте бағдарлау (ойластырылып құрылған сахна алаңында), түрлі қарқында қозғалу. 0.2.1.3 Өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіру, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезу. 0.3.1.6 Ым-ишара, дауыс ырғағы, ойын атрибуттарын қолданып таныс әдеби шығармалар негізінде кейіпкерлердің бейнелерін жасау.

Күтілетін нәтиже Барлық тәрбиеленушілер: кеңістікте бағдарлау, түрлі қарқында қозғалу дағдылары қалыптасады; ым-ишара қимылдарын орынды жасай біледі. Тәрбиеленушілердің көпшілігі: интонацияларды ажыратады және оларды айтады; дауыс ырғақтарын ажырата біледі. Кейбір тәрбиеленушілер: өз әрекетін серігінің әрекетімен үйлестіреді, оның қалай әрекет ететінін алдын ала сезе біледі.

Тілдік мақсат Тәрбиеленушілер: дыбыстарды, сөздерді дұрыс, нақты айтады; сөз тіркестерін дұрыс қолданады. Көптілділік: сөз – слово – word тіл – речь – speech дауыс – голос – voice дауыс ырғағы – интонация – intonation Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: дауыс ырғағы, дыбыстарды, сөздерді, сөз тіркестерін дұрыс айту. Сабақта диалог/хатта қолданылатын тіл:

Пікір алмасу сұрақтары: Дұрыс сөйлеу не үшін керек? Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айтуға, дыбыстауға не көмектеседі? Дыбыстарды, сөздерді дұрыс айту үшін не істеу керек?

Алдыңғы алған білімдері Сөз, сөз тіркестері, сөйлем туралы түсінік. Сөйлемнің эмоциялық бояулары туралы қарапайым түсінік.

Жоспар

Жоспарланған уақыт Жоспарланған іс-әрекет Ресурстар

І. Дұрыс әсерлі көңіл күй орнату. 0-1 минут II. Өмірлік тәжірибені маңыздандыру. Мақсатты болжам. 2-5 минут (Ұ) Педагог балаларды шаттық шеңберіне шақырып, амандасу рәсімін өткізеді. Біздің топта ұл-қыздар Тату-тәтті ойнаймыз. Әлемдегі бар адамға Тек жақсылық ойлаймыз. (Ұ, Ө) «Дыбыстар әлеміне саяхат» Қуаныш фонограммаға қоршаған ортадағы көптеген әртүрлі дыбыстарды жазып алып келгенін айтады: адамдардың, жануарлардың, музыка аспаптарының, табиғат құбылыстарының, көліктің т.б. Балалар көздерін жұмып, үнтаспадан түрлі дыбыстарды тыңдап, алған әсерлерімен бөліседі. (Ұ) Проблемалық жағдаят: Айсұлу кейбір балалардың сөздерді неге дұрыс айтпайтынын сұрайды. Үнтаспа, табиғаттағы түрлі дыбыстар

Сабақтыңортасы III.

Тақырып бойынша жұмыс

6-25 минут (Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 1-тапсырма. Артикуляциялық жаттығуларды айнаға қарап жасайды. (ПК) Сөздерді дұрыс айту үшін артикуляциялық жаттығуларды үнемі қайталап отыру керектігін айтып түсіндіреді. ( Ұ, Ө) Артикуляциялық жаттығу жасау. «Күрекше» – жалпақ тілді шығарып, астыңғы ерінге ұстап тұру керек. «Инеше» – ауызды кең ашып, тілді алға қарай сүйірлей шығарып, 10 – 15 секунд ұстап тұру керек. «Төбешік» – аузыңды жартылай ашып, тілдің екі жақ шетін жоғары азу тістерге жапсырып, тілдің ұшын астыңғы тіске тіреп ұстау. «Түтікше» – жалпақ тілді ауыз қуысына шығарып, тілдің бүйір жақтарын көтеріп түтікшеге үрлеу. Жаттығуды жайлап жасау керек. Жаттығу жасап болған соң терең тыныс алып, демді қалыпқа келтіру ( Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 2-тапсырма. Тіл ұстарту жаттығуларын қайталайды. Ыр-ыр-ыр – жаттап алдым жыр. Ыр-ыр-ыр – айтылмайды сыр. Ай-ай-ай – болсын көңіл жай. Жаңылтпаш Асқат пен Мақсат Жамап-жасқап, Әліппе-дәптер Айна Әліппе-дәптер

Жасапты он шақты аспап. Соның ішіндегі Ақ сапты аспабы Жап-жақсы аспап. (Ұ, Ө) «Тәтті сөздер» ойыны Сөздер қайда кездеседі: – адамдар бір-бірімен сөйлескенде, – ертегіде, – өлеңде, – әңгімеде, т.б. Педагог: Олай болса, бір-бірімізге «тәтті сөздер» сыйлайықшы. Тәтті сөздерге қандай сөздер жатады деп ойлайсыңдар? – Кәмпит, балмұздақ, бал, т.б.

Ал сөйлем дегеніміз не? – Сөйлем сөздерден құралады. – Кәне, осы тәтті сөздерді пайдаланып сөйлем құрастырып көрейік. – Мен кәмпит жедім. – Мен балмұздақты жақсы көремін. – Балды аралар жинайды, т.б. ( Ұ, Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 3-тапсырма. Суреттегілердің атын ата. Олардың дыбысын келтір. Мысалы: маса, ара, жылан, ұшақ, тамшы, краннан аққан су. ( Ө) Әліппе-дәптермен жұмыс. 4-тапсырма. Біліп жүр. Пантомима (pantmimos) – оқиғаны сөзді қолданбай, ым-ишараның немесе дене қимылдарының көмегімен беретін сахналық қойылым. Суретпен жұмыс. Сахнада актёр қандай өнер түрін көрсетіп тұр? (Ұ, Ө) ойын: «Ыммен көрсет». Сәлем, бері кел, тыныш, үндеме, күшті, жоқ, иә, сау бол, т.б. (Ұ) ойын-жаттығу: «Түзет». Педагог ортада тұрады. Шеңберде тұрған балаларға допты кезекпен лақтырып, бір сөзді бұзып айтады, бала сөзді түзетіп айтып, допты қайта педагогке лақтыру керек. ( Мітап – кітап, шөмке – сөмке, саушақ – саусақ ). (ПК) Үш тілде сөздерді қайталату: сөз – слово – word тіл – речь – speech дауыс – голос – voice дауыс ырғағы – интонация – intonation Әліппе-дәптер

ІҮ. Сабақтың қорытындысы.

Рефлексия

26-30 минут (Қ) Айсұлу балаларға сабақ барысындағы өздерінің жұмыстарын бағалауды ұсынады: 1. Өз жұмысына көңілі толса, көңілді бетперденің суретін бояйды. 2. Өз жұмысына көңілі толмаса, көңілсіз бетперденің суретін бояйды. Әліппе-дәптер, қарында



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
10.11.2024
172
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі