Материалдар / Дислалия кемістігі бар балалардың дамуындағы ойын мен жаттығулардың әсері
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дислалия кемістігі бар балалардың дамуындағы ойын мен жаттығулардың әсері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дислалия кемістігі бар балалардың дамуындағы ойын мен жаттығулардың әсері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
610
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сәрсенбай.Б.И

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

Арнайы педагогика

Инклюзивті білім беру, магистрант


Дислалия кемістігі бар балалардың дамуындағы ойын мен жаттығулардың әсері

Адамның даму,жетілу процестері бала кезден – ақ қалыптасады. Бүлдіршін жастан бастап,яғни мектепке дейінгі жас деп аталатын шақта бала өзінің болашақ тұлға,өз өмір сүріп жатырған елінің болашақ азаматы ретінде негізін қалайды. Бала сөйлеуді үйренеді және артынша осы үйренген іс әрекеті арқылы айналадағы дүниені тану мүмкіндігіне ие болады. Көргенін, білгенін айналасындағы жандарға сөз арқылы жеткізіп және тілдесе алады. Осы кішкентай іс әрекетінің өзіне білім дағдысы толастап, күнделікті өмірден алған әсерін молайта түседі. Тіл – баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы барысында ақыл – ойын,адамгершілігін,тәрбиелік сезімін жетілдіру міндеттерін жүзеге асырудың ең басты құралы болып саналады.

Баланың тілін дамыту барысында,қалыптастыру әрекеттерінде ойынның алар орны, маңызы ерекше. Ойын арқылы баланың тілін дамыту жеңіл болып табылады. Ойын баланың оқуға деген және қоршаған ортаға деген қызығушылығы мен ынтасын арттыратын әдіс. Бүгіндесюжеттік, спорттық, шығармашылық ойындарды пайдалану маңызды. Ойындар баланың дұрыс, анық сөйлеуіне мүмкіндік береді. Балалардың тілін дамыту үшін ойын түрлері мен сөйлесу дағдыларын дұрыс қолдану керек. Ойын дегенді жалпы қалай түсінеміз?Ойын қоғамдық тәжірибені қалыптастыру мен дамыту барысындағы іс әрекеттің бір түрі,яғни тәртіпті және өзін өзі басқаруды жетілдіреді. Ойын арқылы бала бойына адамгершілік қасиеттер мен қоршаған ортаға деген құштарлықты қалыптастыру мен дамыту мүмкіндігін алады. Қазақ халқы ойынды балаға тәрбие берер бірден бір құрал деп тапқан. Ойын дегеніміз – баланың тілін дамытып,қызықтырып қана қоймай, қиялға қанат бітіріп, ойды алысқа жетелейтін нәзік құбылыс. Демек, ойын арқылы баланың ақыл – ойы, сөздік қоры молайа түседі. Ойынның тілді дамытудағы әсері ерекше. Мысалға,рөлдік ойындарда барлық балаларға бірдей рөл үлестіріледі де олар бір – бірімен сөйлесу мен тілдесу іс – әрекетіне сүйене отырып, қарым- қатынасқа түседі. Балалар бұл сәтте белсене жұмыс істей отырып, бір – біріне көмектесіп,жасап жатқан тапсырмаларын тиянақтап,өздерін ғана емес өзге оқушыларды да бақылайды,тәрбиешінің бұл уақыттағы негізгі міндеті бағыттаушылық қана. Балалар рөл берілген сәттен – ақ өздерін еркін,яғни ешкімнің ықпалынсыз отырғанын сезінсе, ары қарай ойындық рөлді қызыға ойнайтын болады.

Дислалиялық кемістігі бар балаларға да тілінің дамуына ойын мен жаттығулардың өзіндік әсері бар. Дислалия дегеніміз бұл есту қабілетінде дыбыс шығаратын ақаулық және сөйлеу аппаратының иннервациясы толық сақталмауы. Бұл патологиялық ақаулықтар мектеп жасына дейінгі балаларда немесе кіші мектеп оқушыларында кездеседі және ауызша сөйлеуде белгілі бір дыбыстардың жоқтығы, бұрмалануы, ауыстыру немесе ауыстыруымен көрінеді.

Дыбыстық өндірістің әртүрлі бұзылыстарының ішінде оның дыбыстық дизайнын сайлау кемшіліктері жиі кездеседі, ал басқа сөздері қалыпты күйінде қалып отыр. «Дыбыс шығармашылығы» ұғымы ауызша сөйлеу және сөйлеу моторикасының фонетикалық тұжырымдамасын қамтиды. Балалардағы дисплазия орталық жүйке жүйесінің немесе есту аппараттарының органикалық патологиясымен байланысты емес ең жиі кездесетін логопедиялық ақаулардың бірі екенін атап өткен жөн.


Драматизациялық деп аталатын ойын түрі бар. Бұл ойындар балаларға сөздер мен сөйлемдерді дұрыс айтуға және интонацияны дұрыс пайдалануға, мәнерлер оқуды меңгерте отырып дамыта түсуге көмектеседі. Бұл ойынның еретегілер мен әдеби шығармаларынан тұратындықтан, басқа тілді дамытуға арналған ойындар түрінен ерекше және күрделі. Ал егер бала бірінші рөлдік ойынды қолданса, бұл ойын түрі ешқандай қиындық туғызбайды. Мысалы, бұл драматизация деп аталатын ойынның түрін екі бағытта алуға болады:

  1. Еш өзгеріссіз, түпнұсқада ойнап шығу

  2. Өзгерістер енгізіп, сахнаға алып шығу

Бұл ойынның нақты тілдің мына түріне әсері бар деп аталатын мақсаттары бар:

1.Біздің төл дыбыстарымыз,яғни тек қазақ тілінде ғана қолданылатын дыбыстарды дұрыс дыбыстауға септігі мол. Және осы тіл арқылы қарым – қатынасқа түсу іс – әрекеттерін жүргізуге болады.

2.Естіген әңгімесін және болған оқиғасы туралы айту және оны өз іс –қимылымен көрсете алу.

Балалар сахнада шағын рөлдерде ойнай отырып,үлкендермен және өз қатарлы балалармен тіл табысып,сөйлеуді үйренеді. Ата – аналар мен тәрбиешілер әрқашан баланың тілін дамыту жұмыстарын жасаған кезде ойынның әсері мол екені есте сақтағаны дұрыс.

Сөйлесу,әңгімелесу әрекеті – белсенді және мақсаты бар үрдіс. Бұл іс – әрекетті толық орындап, жүзеге асыру үшін бала жанында серіктестің болуы қажет. Сол кезде ғана біріншісі сұрақ қойса, одан кейінгісі жауап беру мүмкіндігіне ие бола алады. Осы іс – әрекет арқылы балаларда диалогтық қарым – қатынас дами бастайды.

Бүгінгі техника дамыған заманда ата–аналарбалаларының мүмкіншілігінің көп екенінбілгені жөн. Теледидар арқылы берілген, көрсетілген ертегі мен ойындар балалардың тілдік дамуына әсерін тигізетіні сөзсіз.

Енді тілдің дамуына көмектесетін жаңа ойындарға кезек берейін:


Дем алу мен дем шығаруға арналған ойындар


Біз барлық сөзді дем арқылы шығарып,дыбыстаймыз және осы іс – әрекеттің арқасында дем алу жүйесі жаттығады. Ең қарапайым жаттығу түрі –үрлеу іс-әрекетіне сай жаттығулар: ысқырықпен ысқыру,сабынды көпіршіктер мен шарларды үрлеу.


«Жел» ойын түрі

Бір уыс мақта немесе қағазды үстел үстіне қоясыз. Ал сіздің бұл ойындағы міндетіңіз оларды алысырақ үрлеу. Кім алыс үрлесе, сол жеңімпаз атанады.

«Ату» ойын түрі

Бала «оқты» ерінмен қысады. Бұл жердегі оқ деп отырған заттың орнына ауа өткізбейтіндей қылып шарап немесе шампань секілді құтының тығынын пайдалану керек. Сосын іштен ауа шығару,яғни үрлеу арқылы тығынды атамыз. Және бұл ойында да қойылатын талап алысқа ату.


Артикуляцияны дамытуға арналған ойындар


Дыбыстарды дұрыс дыбыстауға және анық айтуға арналған артикуляциялық қажетті жаттығулар бар. Бұл ойын процесінде бет бұлшықеттері және бас миының сөйлеу аймағы қатысады. Бұл аймақ «тілдік дыбыстау органы» деп аталады,және бұған тіл мен ерін де қосымша қызмет атқарып көмектесе алады. Бала нашар сөйлегенде, оның дыбыстарды дұрыс айту үшіната-анасы артикуляциялық ойындар мен жаттығуларды орындатуға көмек береді. Баланы бұл жаттығуларды жасарда қинауға болмайды. Балаға ойын қызықты көрініп, ойынның негізгі формасы сақталса, тапсырма оң нәтижесін береді. Бірінші сабақта 2 – 3 тапсырмадан артық беруге болмайды. Келесі жаттығуға өту үшін оның алдында өтілген жаттығуларды қайталау керек. Сосын бір айта кететін жәйт, барлық жаттығулар айна алдында отырып, еш қиындықсыз, шынайы орындалуы керек. Енді жаттығулар түрлері жайлы айтайын:

«Қорған құру» жаттығуы

Тістердің астыңғы және үстінгі тістерді еш қиындықсыз көрсете отырып күлімдеу. Осы қалыпта 1 – ден 5 – 10 минутқа дейін тұрса жаттығу толық орындалды десек болады.

«Дөңгелектер жасау» жаттығуы

Ерінді «у» әрпіне ұқсатып алдыға дөңгелектетіп шығару қажет. Ал егер бала ернін дөңгелек қылып жасай алмаса, оның ернінен 1,5-2 см дей қашықтықта конфет қою керек. Сосын бала ол конфетке ернін созып, дөңгелектетіп оны алады.

«Тәтті тосап» ойыны

Тілдің жуан ұшымен еріннің жоғарғысында тұрған тосапты не оңға емес не солға емес тек үстінен жоғарыға қарай ғана жалау. Және бұл процесті орындағанда астыңғы ерін көмектеспеу керек.

«Ирелең» ойыны

Ауызды ашыңқырап жымию. Тілдің кең артқы жағын тіске қарай көтеру. Дәл солай 1 – 5 – ке санағанша ұстау. Бұл жаттығуда тіліңді кері артқа бұрғанда тілдің астын көргенде оны үстіңгі тіске көтеру керек.

«Тербету» жаттығуы

Мұнда тілді астыңғы тіске 1 – 4 – ке санағанша дейін ұстау сосын тілдің ұшын жоғары тіске дал солай ұстау. Бұл іс – әрекетті 4 – 6 рет қайталған дұрыс.

«Таңдай қақ»жаттығуы

Ашыңқырап тұрған ауызда тек тілдің көмегімен ғана таңдайды қағады жәймен сосын артынша жылдамырақ. Бірақ бұл іс – әрекет орындалып жатқанда астыңғы жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

«Барабан» жаттығуы

Ауызды ашыңқырап отырып жымию қажет.Сосын тілдің ұшымен үстіңгі тістерді д – д – д дыбысымен алдымен асықпай сосын тезірек ұру керек. Ауыздың ашық болуын, еріннің жымиюын және астыңғы жақтың қозғалмауын қадағалау керек.

«Күрекше» жаттығуы

Ауызды ашыңқырап отырып жымию. Тілді кең көлемді астыңғы еріннің үстіне шығару. Дәл сол қалыпта 1 – 5 санағанша тұру керек.

«Мысық созылысы» жаттығуы

Ауызды ашыңқырап жымию. Тілдің ұшын астыңғы тіске тигізе отырып, тілді мысық керілгендей қылып майыстыру керек.




Тілді дамытуға арналған жаттығулар мен ойындарды саусақ арқылы орындау

Саусақ ойындарын байланыстыра отырып ұсақ моториканы дамыту жұмыстарын жүргізу өте маңызды. Бұл іс- әрекет арқылы баланың бас миының жұмыс жасауын белсендіруге болады және баланың қолмен қағаз жазуы мен тілдің дамуын да арттырып, дамытуға болады.

Балалар 5 жастан бастап өзіне нақты тапсырылған тапсырмалар мен қол арқылы жасалатын іс-әрекеттерді орындауды үйренеді.

Барлық қолмен жасалатын жаттығулар алғашында өте баяу темппен басталғаны дұрыс сосын артынша жұмыс жасап тұрған қолдарды ауыстыру керек. Артынша жаттығуды дұрыс орындап отыру керек. Осы іс – әрекетті бірнеше минутқа созған жөн және күніне 2-3 рет орындаса, жаттығу толық орындалды десек болады.


Мінекей,жоғарыда айтылған барлық жаттығулар мен ойындар баланың тілінің дамуына үлкен тигізер әсері мол. Жалпы қазіргі заманда тілді дамытуға арналған жаттығулардың қазақ тіліндегі басылымдары мен жинақтары жоқтың қасы.Сондықтан мұнда жазылған жаттығулардың ішінде өзіміздің қазақ тіліне тән дыбыстарды айтуға және анық шығаруға көмектесетіне сөзсіз. Бұл жаттығулардың барлығын баланың өзі орындалмайтыны анық,сондықтан ата-ана мен тәрбиешінің тәрбиеленушіге берер көмегі мол. Бұл көмекшілердің арқасында бала берілген тапсырмалар мен жаттығуларды мүлтіксіз орындап шығад алады. Және де әріптер мен дыбыстарды анық айтудан бөлек балалардың баяу немесе жылдам сөйлеуіне де көмектесетін жаттығулар бар. Көбінесе оларға қазақ тіліндегі жаңылтпаш тақпақтар көмектесе алады. Ал бұл жаттығулар баланың тез,жылдам сөйлегенде сөзінен тұтығып қалмауын,ойын толық жеткізуін қамтамасыз етеді және кекештіктің алдын алады. Дәл сол сияқты тіл мен тіске арналған жаттығулар да балалар сөйлегенде дыбыстардың анық шығуын,яғни қандай да бір кедергінің болмауын қамтамасыз етеді. Бұл мәліметтерді оқығанда тек теория жағдайында оқып қана қоймай, осы жаттығуларды балаларға тәжірибе жүзінде орындатқаны жөн. Артынша оның қандай натиже беретінін бақылағаны дұрыс. Бұл ойындар мен жаттығулар балаға толық оң әсерін беріп, баланың тілінің дамуына көмектесетіні сөзсіз анық.








Пайдаланған әдебиеттер:

1.Bilimsite.kz сайты М.Қиятовна «Баланың тілін дамытудағы ойын»

2.Mama.ruсайты Как развить речь ребенка с помощью игры ?

3.Ю.Б.Гиппемритер «Общаться с ребенком КАК ?»

4. Л.В.Соколова , Н.Г.Андреева Россия: Лань «365 секретов правильного развития» 2013

5. Олеся Жукова/Уникальная методика развивающих уроков/«Развитие речи малыша» 08.02.2013

6. Л.С.Выготский Баланың жас ерекшеліктері психологиясы және кемтар бала психологиясы туралы таңдамалы еңбектер. Алматы: Ы.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикалық баспа кабинеті


Сәрсенбай Б.И

Дислалия кемістігі бар балалардың дамуындағы ойын мен жаттығулардың әсері

Адаптама: Бұл мақалам арқылы мен балалардың тілін дамытуда ойын мен жаттығудың әсерін құрастырдым. Анығырақ, дислалия ауытқуы бар балалар ойын мен жаттығуды орындай отырып,дыбысты дұрыс және анық дыбыстайды. Мен бұл мақаламда жаңа ойындарды ойлап тауып, жаңашыл идеяға бағыттадым. Дәл осы мен ұсынған жаттығуларды орындаған жағдайда,балалар сөйлеуде, дыбыстауда,қарым – қатынасқа түскенде, сұхбаттасуда еш қиындықтарға жол бермейтін болады.


Сарсенбай Б.И.

Влияние игр и упражнений на развитие детей с дислалии

Аннотация:Я продемонстрировал важность игр и упражнении в развитии детского языка в этой статье. То есть, когда упражнения и игры играют, дети говорят правильно и без ошибок. Я поставил новую игру и наполнил идею инновационный идеей. Благодаря моим недавно разработанным играм и упражнениям дети смогут говорить без каких – либо помех.

Sarsenbai.B.I.


Influence of games and exercises in the development of children with dissalia

Summary: This article interprets the importance of games and tasks in improving the speaking skills of children. Tasks and games influence to speak fluently and accurant, to pronounce letters with any difficulty and not to speak with stutter. I imposed new games and contemporary ideas in my article. Children will have an opportunity to speak easily using my cutting edge games and tasks.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!