Пәні: Дене
шынықтыру
|
Сыныбы: 5
«Е»
|
Мерзімі:
23 қараша 2018
жыл
|
Пән мұғалімі:
Қосаяқова
Ләззат
Амангелдіқызы
|
Сабақтың
тақырыбы
|
Доппен қозғалу және
эстафеталық ойындар
|
Оқыту
нәтижесі
|
Оқушыларды эстафеталық
ойындарды ойнату арқылы сабақтың барысын
түсіндіру.
|
Оқыту
әдістері
|
Қауіпсіздік ережесін сақтау.
Эстафеталық ойын. Оқушылардың спортқа деген қызығушылығын
ояту.
|
Сабақтың мақсаттары мен
міндеттері
|
Білімділік: Оқушылардың бойындағы
спортқа деген қызығушылығы мен білімін
арттыру.
Дамытушылық: Оқушылардың денсаулығын,
қимыл қозғалысын, ептілігін, икемділігін
дамыту.
Тәрбиелік: Саламатты өмір салтына,
отан сүйгіштікке, ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа
тәрбиелеу.
|
Өтетін
орны
|
Спорт
зал
|
Қажетті
құрал-жабдықтар
|
Ысқырғыш, доп, секундомер,
кедергілер, таяқшалар, секіртпелер, кеглилер, шеңберлер, матрас,
т.б. заттар қажет
|
Жұмыс
түрі
|
Мұғаліммен оқушылар ұйымдасқан
түрде ойын ойнау, сабақ
өткізу.
|
Күтілетін
нәтиже
|
Оқушылар сабаққа дайындықтарын
көрсетеді
|
Кіріспе
бөлім
|
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу,
оқушыларды түгендеу, оқушылардың көңіл-күйіне назар
аудару.
|
1
минут
|
Жүгіру
жаттығулары
|
Жеңіл
жүгіріс
Оң жақ қырымен қолды алдыға
айналдыра жүгіру;
Сол жақ қырымен қолды алдыға
айналдыра жүгіру;
Қолды созып тізені жоғары
көтеріп жүгіру;
Қолды жамбасқа қойып аяқты
артқа серпіту;
Жай жүріп , демді қалыпқа
келтіру.
|
2
минут
|
Жүру
жаттығулары
|
Қолды белге тіреп, аяқтың
ұшымен жүру;
Қолды желкеге қойып өкшемен
жүру;
Қолды белге тіреп, аяқтың ішкі
қырымен жүру;
Қолды белге тіреп, сыртқы
қырымен жүру;
Қол
белде жартылай отырып жүру;
Қол
тізеде, толық отырып жүру.
Оқушыларды жәй жүргізіп сапқа
тұрғызу.
Оқушыларды сапқа
тұрғызып, 1-2-ге санату, 2-лер 2
қадам алға шығады, қолды созып арақашықтық
сақтау.
|
2
минут
|
Жалпы дамыту
жаттығулары
|
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды белде
ұстап басты оңға-солға, артқа-алға
бұру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды иыққа
тірейміз.
1-2
иықты алға айналдырамыз, 3-4 артқа
айналдырамыз.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды желкеге
қоямыз.
1-2
денені оңға бұрамыз, 3-4 солға
бұрамыз
-Бастапқы қалып. Қолды алға созып,
қайшылату;
-Бастапқы қалып. Қолды жанына созып, білек
буынын, шынтақ буынын, иық буындарын
айналдыру.
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып , қолды белде
ұстап белді оңға-солға
айналдыру;
-Осы қалыпта оң қолды жоғары көтеріп денені солға
иілдіру, сол қолды жоғары көтеріп денені оңға
иілдіру;
-Бастапқы қалып. Аяқ арасын ашып, қолды тізеге
қойып, аяқты ішке-сыртқа
айналдырамыз.
Алдыға иіліп, оң қолды сол аяқтың ұшына, сол
қолды оң аяқтың ұшына алма кезек
жеткізу.
Қолды жоғары көтеріп терең дем алып, қолды төмен
түсіру.
|
5
минут
|
Негізгі
бөлім
|
Оқушыларға бүгінгі сабақтың
барысын таныстыру. Оқушыларды екі топқа бөлу. Аталған топқа ат
қою.
1-топ-«Барыс»
тобы
2-топ- «Қыран»
тобы
|
25
минут
|
Мәреге кім
бұрын?
|
Мұғалімнің белгісі бойынша
секіртпемен секіріп шығып, белгіні айналып секіріп келу керек.
Секіріп келген ойыншы секіртпені келесі ойыншыға ұсынып саптың
артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске
жетеді.
|
3
минут
|
Допты екі аяқпен қысып
секіру
|
Мұғалімнің белгісі бойынша
допты екі аяқпен қысып алып секіріп кедергіден айналып секіріп
келіп келесі ойыншыға допты беру. Ойын аяқталғанша осылай
жалғасады. Кім ойынды бірінші аяқтайды сол жеңіске
жетеді.
|
3
минут
|
Картоп
отырғызу
|
Мұғалімнің белгісі бойынша
жүгіріп шығып, кедергілерден өтіп, қолдарындағы кішкене доптарын
шеңбер ішіне қалдырып, тік жүгіріп келеді. Келесі ойыншыға қол
береді, ойыншы жүгіріп барып допты алып жерге соғып келіп келесі
ойыншыға береді. Ойын осылай жалғасады. Жүгіріп келген ойыншы
саптың артына тұра береді. Ойынды қай команда бұрын бітірсе, сол жеңіске
жетеді.
|
3
минут
|
Қазан
ойыны
|
Жерде жатқан қазан тәріздес
қапқа тізерлеп кіріп, екінші бетінен бар жылдамдығымен шығып,
айналып өтіп командасына қол
береді.
|
5
минут
|
Шайба
добы
|
Шайба добын кедергілерден өтіп
алып жүру.
|
5
минут
|
Допты себетке
салу
|
Допты секіртіп барып себетке
түсіріп, секіртіп алып қайтадан допты келесі ойыншыға
ұсынады. Қай команда допты себетке көп түсірсе, сол
команда жеңіске жетеді.
|
4
минут
|
Арқан
тартыс
|
Қазақтың ұлттық
ойыны. Ойынға қатынасушылар тең екі топқа бөлінеді.
Мұғалімнің белгісі бойынша ойынды
бастайды.
|
2
минут
|
«Оқушылардың қызығушылығын
арттыру» мақсатында
сұрақ-жауап
|
Бүгінгі эстафеталық ойындар
сіздерге ұнадыма?
Ойыннан қандай әсер
алдыңыздар?
|
|
Рефлекция
(қорытындылау)
|
Сапқа тұрғызу, оқушылардың
жетістіктерін айтып түсіндіру. Сұрақтар қою арқылы оқушыларды
бағалау.
|
Сұрақтарға жауап беру арқылы
жаңа тақырыпты қаншалықты меңгергендігін
көрсетеді.
|
Бағалау
|
Оқушыларды көңіл-күйіне
байланысты смайликтермен
бағалау
|
Мұғалім оқушыларды сабақтағы
жетістігін айта отырып
бағалау.
|
Екі топқа мадақтама беру
арқылы бағалау
|
Критериалды
бағалау
|
5
9
бал
|
4
6
бал
|
3
4
бал
|
2
2
бал
|
|
Қорытынды
бөлім
|
Сапқа тұрғызу. Үйге тапсырма
беру. Үйге тапсырма эстафеталық ойындарды үй жағдайында қайталау.
Сабақты аяқтау. Сау болыңыздар. Сап бойынша киіну бөлмесіне жіберу.
Келесі сабаққа дайындалу.
|
5
минут
|