Материалдар / Дүкенбай Досжанның «Ай астындағы кездесу» атты әңгімесіне РЕЦЕНЗИЯ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүкенбай Досжанның «Ай астындағы кездесу» атты әңгімесіне РЕЦЕНЗИЯ

Материал туралы қысқаша түсінік
Резенция қазіргі қазақ әдебиетінде өзіндік орны бар Д.Досжанның "Ай астындағы" кездесу атты әңгімесіне жазылған. Философия мен психологияны тоғыстырып, әр дәуір адамының өзіндік болмысын көрсете білген әңгіме желісі кез келген оқырманға қызық болары сөзсіз.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Мамыр 2021
624
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Алия Асылбекқызы Аймишева

7М02313 «Қазақ филологиясы» мамандығының

1 курс магистранты


Дүкенбай Досжанның «Ай астындағы кездесу» атты әңгімесіне РЕЦЕНЗИЯ


Әңгіме – әдеби жанрдың бастау бұлағы, ол бір деммен айтылып, бір деммен оқылуға тиіс. Бұл жанр уақыт өте, заман оза сипаты өзгеріп, айтушының лексикасына ыңғайласа дамып, мейлінше оңтайлы, барынша ыңғайлы күйге еніп келеді.  ХХІ ғасырда қазақ әңгімесі бүгінгі ұрпақ жадында жаңаша стильмен жаңғырып, сонымен қатар, мифтік реализмге де бой алдырып келеді. Дүкенбай Досжан қаламынан туған туындылар өзінше өрнегі бар, ешкіммен салыстыруға келмейтін, адам мінезінің құбылысы мен мың құлпырған реңді бояуын қатар елестеткен ұлы шеберлік. Пәлсапалық оймен тізгін түйіп, өзіндік қолтаңбасы бар баяндау машығы Д.Досжанның жазу стилін көрсетеді.

«Ай астындағы кездесу» атты әңгімесінде баяғы керуенбасы мен бүгінгі түйешінің бетпе-бет ұшырасып, тілдесуінде ерекше философия бар. Д.Досжан әңгімесінің басты ерекшелігі – алуан мінездің метаморфозалық бояуының қанықтығы.

Темір заманының адамдары – мына ХХІ ғасырдың компьютер құлағында ойнайтын, заңмен жүріп-тұратын, күнделікті есеп-қисап әсерінен пейілі тарылып кеткен бүгінгі қоғамның адамдары болса, құм заманының адамдары – теңселдіріп керуен тартқан, көне жиһаз, қазынаны артып алған, алдына шолғыншы, жұлдызшы салған; соңына торғауыты, кірекеші, түйекеші ілескен, ай астындағы ығай мен сығай, кілең алпауыттар. Сөз саптасы, уәждесуі кереғар. Темір заманының адамдарына қаратып: «Неге шекелерің қушиып, пейілдерің тарылып кеткен» деп сауал тастайды. Темір заманының адамдары: «Заң жібермейді... заңмен жүріп-тұрамыз», – деп жауап береді. Құм заманының керуенін тартқан керуенбасының сөзі салмақты, әрі зілді. Астарында кекесін бар ма деп қаласыз. «Беделге, қызметке, ақшаға, абыройға, хан тағына таласып әуре-сарсаңға түсіп жүресіңдер. Бір-біріңді түтіп жеуден тайынбайсыңдар», – деп темір заманының адамдарына ауыр кінә тағады. Темір заманының адамы жалтарады, ашу қысып, керуен тартқан кісінің сақалынан алуға шақ қалады.

Кейіпкерлердің сөзіне құлақ ассақ, әңгіме философиялық ойға табан тіреген. Әр заманның адамдарына тән мінезіндегі артық-ауыс кінәратты автор тамыршыдай тап басып, таниды. Пейілдің тарылып, шекенің қушиып кеткенін шенеп-мінейді. Шынында, не болса соған шырт ете қалатын кірпияз, болып кетуімізге не себеп? Өзгеріп бара жатқан болмыс па, әлде мінез бе? Тұрмыс тауқыметі мына жүрген кісілерді шетінен күйрек етіп жіберді ме? Заманның, уақыттың илеуіне түскен адамның өзгеру метаморфозасы алақанда тұрғандай, сірә. Әңгімеде баба заман адамын қазіргі адаммен диалог жасату арқылы антитеза әдісімен терең ой қозғап, адам мінез-құлқындағы психологиялық толқындарды әшкерелеп береді.

Заманына сай адамы. Әр қоғамның өз жағымды, әрі жағымсыз кейіпкері болмақ. Автор қысқа әңгімеде құм заманының адамдарын жол айрығында ұшырасқан темір заманының адамдарына қарсы қоймайды, керісінше, әрбір дәуірдің өзіне тән мінез-құлқын, адамдардың ой-санасын, одан берідегі сөз саптасын ашып, таразыға тартуымен ерекше. Қай қоғамда болсын, өзіне тән ерекшелік, артық айтып, кем түсу кейіпкер әрекеті арқылы жүріп жатады. Құм адамдарының уәжі орнықты, байсалды, астарлап сөйлейді. Темір заманының адамдарының сөз саптасы келте, тақыл-тұқыл, жүйкесі жұқарған, қит етсе «заң жібермейді» деп кесіп-пішеді. Заңның нұсқауымен жүріп, сөзін ережемен түйіндеп, заңда көрсетілгендей жүріп-тұруға дағдыланған. Жоғарыдан нұсқау, пәрмен келмесе, өзіндік әрекет жасап, қимылдаймайды: бұйрық-әмірге санасы әбден кодыланған.

Заңға қайшы кеп қалмайық деп жүріп көшелерді құм басып, қыстау қаңырап бос қалады. Ел көшеді, жер тозады. Жас ұрпақ күнкөріс қамын жеп босып кетеді. Әлгі заңмен жүріп-тұратын, заңсыз аттап баспайтын адамдар ақыр соңында «Қалай ғана мынадай заманға тап болдық», – деп, қолдарын төбесіне қойып, тазы ашуын тырнадан алады дегендей, бар кінәні жолай ұшырасқан құм заманының адамдарына жауып, бас сауғалап, күнкөріс қамын ойлап бірі қалаға, бірі базар маңына көшіп жоғалмақшы. Осылайша жазушы кешегі әміршіл-әкімшіл советтік жүйе енгізген, өздігінен дербес ойлау мүмкіндігі, шығармашылық қарым-қасиеті жойылған, өмір сүруге құштарлығы шектелген кейіпкерлерге жетіспейтіні - ата-бабаның буырқанған қаны мен өмір сүру салты екенін, соны қазіргі күнге бейімдеу керек екенін ой таразысына салады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!