Материалдар / Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылардың өткен материалдарды қайталай отырып, Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы, елдердің басқару формалары, саяси-әкімшілік құрылымы туралы түсінік қалыптастыру. Топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
471
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Тараз қаласы

География ҚМЖ


Сыныбы:

10 сынып

Мерзімі

10.11.2016 ж

Сабақтыңтақырыбы

Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы

Жалпы мақсаттар:

Оқушылардың өткен материалдарды қайталай отырып, Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы, елдердің басқару формалары, саяси-әкімшілік құрылымы туралы түсінік қалыптастыру. Топпен  жұмыс  істеу дағдыларын қалыптастырып дамыту

Күтілетіннәтиже:

Оқушыларға оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін үйретіп, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдылары қалыптасады. Елдердің басқару формалары, саяси-әкімшілік құрылымын анықтауға дағдыланады.

Дереккөздер:

Интернет материалдары, оқулық, бейнекөрініс.

Қажетті құралдар

Маркер, постер, флипчарт, А4 парағы, кескін карта, стикер, конфеттер, интерактивті тақта, дүниежүзі саяси картасы.

Әдіс тәсілдер:

«Ойлан, жұптас, талқыла»,«Түртіп алу», «Өкіл», «Сиқырлы қалам» әдістері, «Айналмалы бекеттер», «Бармақ», «Бағдаршам»әдістері ашық сұрақ-жауап.

Сабақбойыншамұғалімніңжазбалары

Уақыт

Кезеңдері

Мұғалім іс-әрекеті

Оқушылар іс-әрекеті

5 мин

Кіріспе

Ұйымдастыру

1.Психологиялық ахуал қалыптастыру үшін мұғалім оқушылармен амандасады, зеіндерін сабаққа аудартады

2. Мұғалім оқушыларды табиғи нысандардың түрлері бойынша шағын топтарға бөледі.

1. Оқушылар мұғаліммен амандасып, сабаққа дайындалады.




2. Оқушылар табиғи нысандардың түрлерін таңдау арқылы топқа бөлінеді.

15мин

Тұсаукесер

Үй тапсырмасын сұрау

3 топқа үй тапсырмасы бойынша постер қорғату. Үй тапсырмасы «Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы және ондағы өзгерістер»


«Айналмалы бекеттер» әдісін пайдалану арқылы үй тапсырмасын пысықтау.«Бармақ» әдісі арқылы оқушылардың үй тапсырмасын қалай түсінгендерін білу.

Әр топ өздеріне үйге берілген «Дүниежүзінің саяси картасының қалыптасуы және ондағы өзгерістер»тақырыбын постерге сызады, «Айналмалы бекеттер» әдісі арқылы келесі топтарға барып пысықтайды, ортаға шығып постерді қорғайды.

Үй тапсырмасын қалай түсінгендерін оқушылар «Бармақ» әдісі арқылы көрсетеді.


20

мин

Негізгі

Бөлім

Жаңа сабақ


1. Жаңа сабақ мұғалімнің елдердің басқару формалары, елдердің саяси-әкімшілік бөліну түрлерін түсіндірумен басталады.


2. Жаңа сабақпен танысу үшін әр топқа оқулықтағы «Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы» тақырыбының ішінен елдердің топтастырылуы бөлімі беріледі.«Ойлан, жұптас, талқыла», «Түртіп алу», «Өкіл», «Сиқырлы қалам» әдістері арқылы жұмыс жасатады, постер қорғатады. Өздерін бағалау үшін «Бағдаршам» әдісі пайдаланылады.



1. Оқушылар жаңа сабақ бойынша елдердің басқару формалары, елдердің саяси-әкімшілік бөліну түрлерін жазып алады.



2. Оқушылар жаңа сабақ бойынша берілген мәтінді жеке оқып танысып шығады,

«Түртіп алу» әдісі арқылы дәптерлеріне терминдерді, маңызды тұстарын жазып алады. Келесі қадам «Ойлан, жұптас, талқыла» әдісі арқылы жұбымен талқылайды, жұппен талқылап болған соң топпен талқылап ойларын ортаға салады, топпен жұмыс барысында «Сиқырлы қалам» әдісі арқылы кезекпен сөйлейді. Топтағы талқылау аяқталған соң «Өкіл» әдісі арқылы топтың бір мүшесі келесі топқа барып түсіндіреді. Келесі қадам әр топ постерге мәтіннен түсінгендерін жазып, сызып қорғайды.«Бағдаршам» әдісін пайдалану арқылы жаңа сабақты түснігендерін пысықтай түседі.

5

мин

Қорытынды

Сабақты бекіту, Қорытындылау, Кері байланыс орнату

Мұғалім сабақты қорытындылайды, стикерге оқушыларға сабақ жайлы ойларын жаздырып кері байланыс орнатады. Үйге «Дүниежүзі саяси картасындағы елдердің түрлері мен типологиясы» тақырыбын және тақырып соңындағы дәптермен және картамен жұмысқа арналған тапсырмалар беріледі.

Оқушылар стикерге сабақ жайлы ойларын жазып кері байланыс орнатады. Үй тапсырмасын жазып алады.


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!