Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дүниетану оқу процесін ұйымдастыру формалары
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті
«Дүниетану» пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары.Мақала
Жоспары:
І Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім:
2.1.Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру формалары
2.2.Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру нысандары
2.3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту
2.4.Дүниетану теориясы мен әдістемесі
ІІІ Қорытынды
ІV.Пайданылған әдебиеттер
І.Кіріспе
Қазақстан Республикасының басты міндеттерінің бірі жас ұрпаққа білім
беру.Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстан-2050" стратегиясын ел
болашағы жас ұрпақтың тәрбиесіне,білім игеруіне,біліктігіне елдің
болашағы байланысты екендігі және де оған мән берілуі маңызды іс екені
туралы айтқан болатын.
Сондықтан да,сапалы білім беріп,саналы ұрпақ тәрбиелеу-басты
мақсаттардың бірі.Соның ішінде халық "білім негізі-бастауышта" деген
тағлымды ойды дұрыс айтады.
Бастауыштан бастап күнделікті оқу,жүйелі дайындалу,сапалы болудың
бірден бір жолы дүниетанымы н арттыру.Оқушылардың ғылыми
көзқарастарын бастауыштан бастап қалыптастыру негізгі міндеттердің бірі
болып саналады.
Дүниетану пәні,яғни дүниеге көзқарас дегеніміз-айнала қоршаған
орта,тұтас дүние туралы,ондағы адамның ролі,тіршілік мәні,мағынасы
туралы көзқарастың,пікірлер мен түсініктердің бір тұтас
жиынтығы.Дүниетанымның көзі-білім. "Дүниетану пәнін оқыту"-
педагогикалық ғылым.
"Дүниетану"-оқу пәні.Оқушылардың қоршаған ортадан,табиғат аясынан
хабардар болып білім алуы.Оқыта отырып оқушыларды
тәрбиелеу.Қоршаған ортаға материалистік көзқараспен қарау.Балаларды
еңбек етуге,білімді болуға,жан-жақты өсіп-өнуге тәрбиелеу.
Дүниетану пәні қай кезеңде де болмасын бастауыш сынып оқушыларына
қошаған орта,табиғат,адам еңбегі,тұрмысы жайында білім беріп
келеді.Оқушылардың ойын,тілін дамыту осы қоршаған орта материалдарын
оқытып,білім беру барысында жүзеге асырылады.
І.Негізгі бөлім
Оқыту-тәрбиенің маңызды факторы. Оқыту-бұл әлеуметтік практика,
білім, білік, қабілет, қызмет түрлері мен әдістері процесінде дамыған жеке
адамға әлеуметтік-тарихи тәжірибені беру тәсілдерін ұйымдастыру жүйесі.
2.1.Дүниетану пәнін оқытуды ұйымдастыру формасы – оқыту
процесінің міндеттерін іске асырудағы мұғалім мен оқушылардың іс–
әрекеттерінің сыртқы көрінісі. Ұйымдастыру формасында оқытудың
мақсаты, мазмұны мен әдістері бірыңғай жүзеге асады.
Қазіргі таңда қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың
ұйымдастыру тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын
ұйымдастырудың тарихында, оның негізінен үш түрлі формасы
қалыптасқан: жеке –дара, топтық және сынып–сабақтық жүйе.
Мектептердің даму тарихында оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі
нысандары пайдаланылды. Оқыту нысандарының бірте-бірте өзгеруі
мұғалім мен оқушылардың іс -әрекетінің, өнеркәсіптің, ауыл
шаруашылығының және үдемелі ғылыми –техниканың өзгеруіне
байланысты болды.Ерте кезде оқытудың жеке, топтық т.б. түрлері болды.
Оқыту процесін ұйымдастыру нысандары дегеніміз арнайы
ұйымдастырылып белгіленген тәртіппен режимде жүргізілетін оқу
танымдық іс-әрекеттің процесі.
2.2.Оқытуды ұйымдастырудың нысандары (“форма” – латынша
сыртқы түрі, пішіні деген мағынаны білдіреді).Оқытудың жеке, топтық
түрлері кеңінен қалыптасқан.
Қоғамның даму тарихында жас ұрпақты оқытудың ұйымдастыру
тәсілдері де өзгеріп тұрады. Оқыту жұмысын ұйымдастырудың тарихында,
оның негізінен үш түрлі формасы қалыптасқан: жеке –дара, топтық және
сынып–сабақтық жүйе.
Дүниетану мақсаты, міндеті ,зерттеу әдістері басқа ғылымдар мен
байланысы.
Дүние тану пәнін оқуынын әдісі педагогикалық ғылымдар жүйесіне
жатқызылады.Бұл пәннің зерттейтін объектісі дүние тану пәнін оқыту және
тәрбиелеу процесі.Дүние тану пәнінің әдісі негізінен дедактикалық
принциптерге сүйенеді Басқа пәндерге қарағанда дүние тану пәнінің өзіндік
ерекшеліктері бар.
Дүнитану оқуының әдісі басты кемелі оқушының жас ерекшелігін ескере
отырып оқыту материалының теориялық мазмұнын осыған байланысты
етіп береді.Басқа педагогикалық ғылым сияқты дүние тану әдісі оқу
тәрбиелеу процесін жетілдіру бағытындағы жұмыстар іске асыруда
бірқатар мақсаттарда негізделген.Алдымен дүниетану әдісі «қоршаған
дүниені танып білу не үшін қажет»деген сүраққа жауап береді.
1.Дүниетану пәні қоршаған ортаны танып ,білу тірі табиғатпен олі
табиғаттың баланысты түсіну ,оқуды табиғат құбылыстар жайлы білім мен
білік дағдыларды қалыптастыру.
2.Дүниетану әдісінің пәні дүниетану пәні нені оқытады.?Осылайша оқу
пәнінің мазмұны қалыптасады.Одан әрі дүние тану әдісі дунитануды қалай
оқыту қажет деген сұраққа жауап береді.
3.Бұл пәнді оқытқанда қандай әдіс тәсілдерді пайдаланамыз?Қалай
дамытамыз?Қандай тәрбие береміз?Бұл пәнді оқытуда қандай ерекшеліктер
бары көрсетіледі.
Дүниетану пәні негізі педагогикалық ғылым болып саналады одан ары бұл
пән теориялық мазмұны жағынан биология мен географиямен
байланысты.Сонда мұғалім бұл ғылым жетістіктерінде білу қажет
оқушыларға тұсіндіре ашу қажет.Тірі табиғатпен өлі табиғатты дүрыс
менгере түндіру білу қажет.Дүниетану әдісі оқуда оқушының
физиологиясы мен гигиенасы пәні мен тығыз байланыстыра түсіндіру
қажет.Бұдан басқа дүниетануды оқыту басқа коптеген ғылымдар мен
байланысты.Олар:
•Экология
•География
•Жаратылыстану
•Табиғатты қорғау
•Жер байлықтарын қорғау
•Валеология
•Синергетика т.б
Дүниетану пәнін оқыту негізінен соңғы ғылым жетістіктеріне қоғамдық
даму бағытына негізделетіндіктен бұл пәннің атының да ,мазмұнынын да
бұл пәннің озгертуінде осыған байланысты.
2.3. Бастауыш сыныптарда дүниетану пәні бойынша оқушылардың
шығармашылық қабілеттерін дамыту. Дүниетану пәні — жоғары
сыныптардағы биология, география, физика, химия, тарих пәндерінің
бастамасы. Ендеше, бұл пәндердің негізі бастауыш сыныпта қаланады да,
бастауыш сынып мұғалімдерінің мойнына ауыр жүк артылады. Осы себепті
дүниетану сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілетін
арттырып отыру қажет. Жалпы оқушылардың шығармашылығын дамытуда
Сын тұрғысынан ойлау» технологиясы мен «Дамыта оқыту» технологиясын
тиімді деп есептейміз және сабақтарымызда жиі қолданамыз.Одан бөлек
көптеген әдіс-тәсілдер арқылы баланың жан-жақты өсіп жетілуіне,білім
алуына арналған ойындар,тапсырмалар бар.Олар:
>«Миға шабуыл» әдісі
> « Өрмекші» әдісі
> «Шаттық шеңбері»сергіту сәті
> «Сұраққа жетіп ал» әдісі
> «Джигсо әдісі»
> «Кластер» әдісі
> «Үштік « әдіс,т.б
Жалпы бастауыш сыныптарда қолданылатын әдіс -тәсілдер өте
көп.Олардың саны 50 -ден астам.Бұл әдіс-тәсілдер баланың
қызығушылығын арттырып білімге деген құштарлығын оятады.
2.4.«Дүниетану теориясы мен әдістемесі» курсы бастауыш сынып
оқушыларына негізгі пәндердің бірі болып табылады. Болашақ маман
биосферада болатын құбылыстарды, олардың өлі табиғатпен тікелей
байланысын ұғынады.Өлі және тірі табиғаттың бір-біріне тигізетін әсерін,
тіршіліктің жер бетіне таралу ерекшеліктерін түсініп меңгереді. Осы
курсты оқу арқылы Жер туралы ғылымының дамуын, оны зерттеушілерді,
Жердің шар тәрізділігіне және оның Күнді айнала қозғалуына байланысты
жыл мезгілдерінің ауысуы себептерін, өсімдіктер мен жануарлар дүниесін,
олардың құрылысы, түрлерін, тіршілік әрекетін және тірі табиғат
тіршілігіне қажетті жағдайларды танып беледі. Табиғаттағы зат
айналымын, өсімдіктер мен жануарлар бірлестігін, бірлестіктің түрлерін,
оның қоршаған ортаға тигізетін әсерін ұғынады.
Дүниетану теориясы мен әдістемесі» курсының мақсаты студенттерге
дүниетану ғылымдары негіздерінен теориялық білім берумен қоса болашақ
мамандардың практикалық іс-әрекетін дамытып, біліктері мен педагогтық
дағдыларын дамытуға бағытталған болып табылады.
Оқытуды оқушының сыртқы және ішкі белсенділігін ынталандыру және
оны басқару процесі ретінде анықтауға болады, өйткені мұғалімнің әсері
алдын-ала қойылған мақсатқа жету кезінде оқушының белсенділігін
ынталандырады және осы әрекетті басқарады.
Оқу процесі-бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатты өзара әрекеті, оның
барысында мектеп оқушыларын тәрбиелеу міндеттері шешіледі (жеке
тұлғаның рухани және физикалық қалыптасуының бірыңғай процесі,
әлеуметтену және дүниетанымның қалыптасу процесі, белгілі бір идеалды
бейнелерге саналы түрде бағытталған, тарихи анықталған, қоғамдық санада
аз немесе аз анықталған стандарттар). Айта кету керек, тәрбие мен
оқытудың өзара байланысы (тәрбие мен дамудың, оқыту мен дамудың
арасындағы) объективті заңдылық болып табылады.
Табиғат, қоғам және таным туралы ғылымдардың негіздерін зерттеу
барысында жаһандық білім беру міндеті - тұтас дүниетанымды
қалыптастыру - құндылық-семантикалық нұсқауларға назар аудару
маңызды. Әрбір тірі ағзаның бірегейлігін білу, әлемнің бірлігі және оның әр
түрлі тіршілік формалары туралы идеяны дамыту негізінде студенттердің
барлық тіршілік иелеріне құндылық қатынасын дамыту міндеті маңызды
болып көрінеді. Оқу іс-әрекетіндегі ең бастысы-білімді игерумен қатар,
оқушының оларға деген жеке көзқарасы, пайда лану қабілеті мен
қажеттілігін қалыптастыру, өз көзқарастарын дәлелдеу және қорғау. Бұл
оқу мазмұнының құрылымына терең енуді қажет етеді, өйткені оның негізгі
мақсаты-бүкіл жеке тұлғаны дамыту. И. Ф. Харламов осыған байланысты
білімнің өзара байланысты үш жағын көрсетеді: нақты, практикалық және
дүниетанымдық. Ол оқытудың тәрбиелік тиімділігінің төмендеуінің
маңызды себебі "оқу процесінде көбінесе білімнің нақты және практикалық
жағына назар аударылады және әрдайым дүниетанымнан алыс"деп
санайды. Білімнің осы үш жағын ескере отырып, оқу материалына кешенді
көзқарас қажет.Сондай-ақ оқу просесінің жоғары деңгейде өтуі мұғалімге
де байланысты.Оқушы мен ұстаздығ өзара бірлесіп,ынтымақтасып
жасайтын ортақ іс-әректтері оқу мен оқыту.Оқыту мұғалімнің тәлім-тәрбие
берудегі басты әрекеті болса,оқу-шәкірттің дүниені танып білуге
бағытталған өзіндік әрекеті.Оқу да,оқыту да қалай болса солай жүзеге
асырылмайды,олар белгілі бір мақсат көздеп жоспармен жүелі түрде
ұйымдастырылып,жүзеге асады.Олардың өзіне тән әдістері,ұйымдастыру
формалары дәне әртүрлі нәтиделері болады.Бұл туралы жоғарыда толық
қарастырып өттік.
ІІІ.Қорытынды:Қортындылай келе әр мұғалім болашақ үшін қызмет
істейді. Ол әр оқушыны жеке тұлға ретінде көріп, оның өміріндегі өз орнын
табуына, сынып ұғымын қалыптастыруға, ата-аналармен ынтымақтасуға,
оқытуда қиындық көріп жүрген оқушыға көмегі тиері сөзсіз. Ол үшін
жалықпай жаңа инновациялық технологияларды өз жұмысымызда
пайдаланып, сонымен қатар оқушыларды мадақтап, ынталандырып
отырған орынды. Баланың қиялын дамыта отырып, ойын дамытамыз. Ойы
дамыған шәкірттеріміздің танымдық қызығушылығы арта отырып,
шығармашылық әрекеттері жоғары деңгейге көтеріледі.
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 2007 ж.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту
Б.А. Тұрғынбаева Алматы, 1999 ж. Математикадан қызықты тапсырмалар
Ш.Х. Құрманалина, С.Ш.Сәрсенбаева, Р.Қ. Өміртаева6, Бастауыш білім
журналы № , 2004 ж. Математиканы оқытудағы методикалық көмек М.
Сәтімбаева Бастауыш сыныпта оқыту журналы № 1, 2, 2008 ж. Мен және
бәрі, бәрі, бәрі Алматы, «Аруна», 2006 ж.
Авторлық түйіндеменің құрылымы,мазмұны мен көлемі
Авторы:_______Оралбай Феруза Нурланқызы______________________
Мақаланың тақырыбы:___Дүниетану оқу процесін ұйымдастыру______
_____формалары________________________________________________
Көлемі:______6-бет pdf форматында_______________________________
Лауазымы:_____3-курс___студенті_________________________________
Күні:______05.03.2021ж___________________________________________