ДҮНИЕТАНЫМ ҰҒЫМЫНЫҢ ШЫҒУ
ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫ
ОҚО, Шымкент
қалалық
№94 жалпы орта
мектебі,
тарих және құқық пәнінің оқытушысы
Жакипова Маржан Абубакирқызы
Қазіргі кезде білімнің
негізгі мақсаты - ақпараттық қоғамның жаңа құндылығымен анықталатын
жеке тұлғаның ақпараттық мәдениетін, соның ішінде ақпараттық
дүниетанымын қалыптастырып, оны өмірге дайындау болып табылады.
Ақпараттық қоғамның жағдайларын меңгеру жаңа бағдар мен таным
үдерісіндегі құндылықтардың қалыптасу қажеттілігі және адам
дамуының коэволюциялық және носфералық ойларының келісуі әлемнің
адаммен бейнеленуіне әкеп соқтырды.
Педагогтың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру
мәселесі философия, психология, педагогика зерттеулеріндегі
«дүниетаным» ұғымын қарастыруды талап етеді және оларда мағынасы
толық ашылмаған. Дүниетаным ұғымының мәні неде, оны қалай түсіну
керек, педагогикалық ерекшеліктері, дүниеге дұрыс көзқарас
қалыптастырудың белгілері қандай деген сауалдар әлі күнге дейін
шешімін таппаған мәселелер. Табиғат құбылысының терең тылсымына
үңілуде адамзат баласы талай-талай жолдардан өтеді. Сөйтіп, әрбір
адамның санасында аталған сауалдар жайында белгілі бір білім
жинақталып, бірте-бірте түрлі пікірлер мен көзқарастар қалыптаса
бастайды. Яғни, адамның дүниетанымы айқындалады. Дүниеге көзқарас –
адам қоғамымен бірге пайда болған қоғамдық тарихи-құбылыс.
Кез-келген тарихи кезеңдерде қоғам, оның түрлі кезеңдері туралы
адамның өзіндік көзқарасы, түсінігі болады.
Энциклопедиялық сөздік дүниетанымды «объективті
әлемге және ондағы адам орнына, оларды қоршаған ортасы мен
бір-бірінің қатынасына, сонымен қатар осы көзқарастармен олардың
сенушілігіне, мақсатына, болмысты тану үдерістеріне деген жалпы
көзқарастардың жүйесі» деп анықтаған.
Үлкен түсіндірмелі сөздік дүниетанымды «болмысқа
қатынасын анықтайтын үдеріс, көзқарас пен сенімнің жиынтығы», ал
Ожегов сөздігі табиғат пен қоғамға көзқарастың, орныққан пікірдің
жүйесі ретінде түсіндіреді.
Негізінде, дүниетанымды
қалыптастыру мәселесін философия, педагогика, психология сияқты
түрлі ғылымдар қарастырады.
«Дүниетаным» ұғымын ерте замандағы философтар –
Платон және т.б. қарастырған. Кейінірек ол Ф.Энгельс, К.Леви-Строс,
К.Г.Юнг және т.б. еңбектерінде зерттелген. Бұл ұғымды қазіргі
зерттеушілер М.Г.Ашманис, А.П.Горячев, М.С.Каган, Т.И.Ойзерман және
т.б. қарастырған.
Философ еңбектерінде
дүниетаным - әлемдік қатынас, әлемдік сезіну, әлемдік қабылдау,
әлемдік түсіну, әлемдік ойлану, әлемдік өзгеру секілді белгілері
бойынша қарастырылып, әртүрлі ғылым төңірегінде дүниетаным ұғымы
мазмұнды мағынаны білдіреді.
Әлемдік түсіну әлем туралы нақтылы білімнің
жиынтығын ұсынады және дүниетаным көзқарасының негізі болып
табылады. Осындай білім мен түсініктер негізінде адамның барлық
әрекетіндегі дәстүрлер туындап, қалыптасты және дамыды.
Дүниетанымға сонымен қатар
нақтылы мақсатын, модель мен ақиқат бейнесін білдіретін,
тәжірибелік өмірде, өнерде, әдебиетте, ғылымда, дінде қалыптасатын
әлемдік қабылдау да жатады.
Дүниетаным әрқашан сезімтал
қарым-қатынас - әлемдік сезінумен қаныққан. Бұл әлемнің
үндестігімен сезіну немесе онымен араздығы, болмыспен
қанағаттанарлық немесе қанағаттанарлықсыз болуы мүмкін.
Дүниетанымның маңызды бағасы оның ақиқат деңгейі болып
табылады.
Әлемдік түсіну мен әлемдік
ойлау, әлемдік сезіну мен әлемдік қабылдау, әлемдік қатынас пен
әлемдік өзгеру үдерістері арқылы жалпы қоғамның, адамның өмірлік
әрекетінің әлемге, әлеуметке және өзіне деген қатынасы қалыптасып,
дүниетанымның функциясы іске асады.
Сонымен
бірге әлеуметтік-психологиялық және педагогикалық ғылымдарда
дүниетаным категориясының мазмұны жеке тұлғаның дүниетанымның
рухани құрамын айқындайды (көзқарас пен сенім, әрекеттің мақсаты
мен ұстанымы, тәрбиенің дүниетаным үдерістері мен қоғамдағы
субъектілер қатынасының мағынасы). Олар таным, қатынас және әрекет
тәжірибесінде ашылатын, оның шығармашылық белсенді өмірлік
бағытының негізі ретінде көрінеді.
Ортақ
пәндік гуманитарлық-ғылымдарда дүниетаным феномені қоғам мен жеке
тұлғаның рухани мәдениетінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде
қарастырылады. Ол кәсіптік білім мен еңбек жағдайында, адам
әрекетінің жеке тәжірибесінде таным әрекеті мен әлеуметтік
қарым-қатынас үдерістері адамдардың жалпы әрекеттерін рухани
тәжірибелік меңгеруіне себепші болады.
Антикалық әлемнің
философиялық оқуларында дүниетаным бағыты адам мен қоғамның өзара
қатынасы деп түсіндіріледі, жеке тұлғаның әлемдік қатынасының
сапалы құрамы болып сипатталады. Ертеде грек философы Платон
(427-347 б.э.д.) «Федон» диалогында жеке тұлғаның адамгершілік
қасиеті, оның ішінде ізгілік, шындық, парасаттылық қоғамдық өмірде
бір жағынан адаммен пайда болатынын, басқа жағынан қоғамда олар
адамның көмегімен әлеуметтің келісімді қарым-қатынасынан
туындайтынын бейнелі түрде көрсетеді. Бірақ, жеке тұлға одан да
жоғары рухани мәртебеге жету үшін оған адамгершілік қасиеттерін –
адамның жанын, оның ақылын, ақылды әлемдік пайымдауын біріктіру
қажет.
Көптеген зерттеушілер әр
түрліліктің болуын бір-бірінен сапалы айырмашылығы бар
дүниетанымның типологиясы деп қабылдаған. Әрбір типология негізінде
дүниетанымды орнымен, рөлімен, адам әрекетінің басымдылығымен
байланыстыратын, әлеуметтік топты немесе жеке тұлғаны ерекшелейтін
қандай да бір белгісі қарастырылған.
Әртүрлі авторлардың
еңбектерін талдауда біз дүниетанымның төмендегідей жіктелетініне
көз жеткіздік:
объект бойынша
қоғамдық-экономикалық
формациясы бойынша
-
алғашқы қауымдық;
-
құл иеленушілік;
-
феодалдық;
-
капиталистік;
-
коммунистік.
Қазіргі кезде технологиялық
өркениеттің дамуы әлеуметтік даму қарқынын жеңілдетіп,
қарым-қатынас түрінің өзгеруіне, мәдениеттің ауысымына әкелді. Жаңа
кезеңдегі ғылымдарда мәдениеттің әртүрлі құрамды бөліктерінің өзара
байланыс және ғылымның мәдениет жүйесінде көрініс табуының маңызды
түрі дүниетаным болып табылатыны қарастырылған, сондай-ақ ол ғылыми
білімді жүйелеудің жоғары деңгейі, оның құндылық алғы шарттарын
аңғару болып табылатынындығына көңіл аударылған. Сондықтан жоғары
оқу орындарында болашақ информатика мұғалімін оқыту барысында
олардың ақпараттық дүниетанымын қалыптастыру білім берудің әлем
кеңістігіндегі басым бағыттарының бірі ретінде қарастырылады.
Болашақ информатика мұғалімінің ақпараттық дүниетанымы туралы
мағлұматтарға келесі бөлімде толығырақ тоқталамыз.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ
-
Қазақстан Республикасының орта білімді дамыту
тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан, 2003ж. 26 желтоқсан.
-
Гендина Н.И. Информационная культура и
информационное образование/Н.И.Гендина // Информационное общества:
культурологические аспекты и проблемы: тез. докл. Междунар. науч.
Конф. – Краснодар, 1997. – С.102-104.
-
Антонова С.Г. Информационная культура
специалиста: Гуманитарные основания / С.Г.Антонова // Проблемы
информационной культуры: сб.ст. – М., 1994.-С.110-117.
-
Антонова С.Г. Информационное мировоззрение: К
вопросу о сущности определения понятия / С.Г.Антонова // Проблемы
информатизации культуры: сб.ст. – М., 1996.-Вып.3. –
С.23-28.
-
Антонова С.Г. Информационная
культура личности: Вопросы формирования / С.Г.Антонова //
Высш.образование в России. – 1994.-№1. –
С.82-89.